Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / 5 сынып Қазақ тілі Омонимдер
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

5 сынып Қазақ тілі Омонимдер

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Омонимдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: омоним сөздерді бір – бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру , көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің айырмашылығын ,ұқсастығын анықтау.

Тәрбиелік : аталар тарихын , дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың танымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдіс –тәсілі: сұрақ –жауап, талдау жұмысы, СТО стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, кесте, суреттер , кеспелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі .

  1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Жаңа сабақ өту

  1. Ақты жерге, суға төкпе.

Құбырдан су сарылдап ақты.

2. Жас өміріңді босқа өткізбе.

Жасыңды тый, көрсетпе оны ұлыңа!

Бос ыдысты орнынан жылжыту оңай.


Сұрақ:

1. Тақтада жазылуы, дыбысталуы бірдей қандай сөз жазылған?

2.Ол сөздің мағыналары жақын ба?

3.Бұл сөздер қай сөз табынан?

4.Осыдан қандай ой түйдіңдер?


Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер омонимдер деп аталады.

(Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді ажырата білеміз бе? )

Балалар, бүгін бізге қонаққа Тазша бала мен Қаңбақ шал келіпті. Олар мына тұрған сөздердің мағыналарын ажырата алмай қиналып жатыр екен. Келіңдер, қонақтарға көмектесейік.

Кеспе қағаздарға омоним сөз тіркестері мен көп мағыналы сөз тіркестерін жазып, тақтаға ілу. Оқушылар кеспе қағаздарды алып, омоним сөздерді қонаққа келген Тазша балаға, ал көп мағыналы сөздерді Қаңбақ шалға бере-ді.

Мысалы:

сөздің басы

қалың киім

көздің жасы

сөздің төркіні

құпия сыр

жолдың басы

қалың қол

мүшел жас

істің төркіні

сырлы бояу

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы ажырату.

Омонимдер

Дыбысталуы біркелкі,

бірақ мағыналары әр түрлі.

Бір сөз табына да, басқа сөз табына да қатысты.


Ұқсас

Дыбысталуы жағынан

ұқсас.

Көп мағыналы сөздер

Мағыналары бір –біріне жақын, ұқсас болып келеді.

Бір ғана сөз табына жатады



ІІІ Жаңа сабақты бекіту.

Қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әли ағамыздың өлеңдерін

барлығымыз да сүйіп оқимыз. Ол кісінің өлеңдері түрлі тақырыптарға жазыл-

ған. Келіңдер, ақын ағамыздың туындыларын талдап көрейік.


Ара

Қызғалдақтың қасына

Қойып едім қондырмай,

Бізін суғып басыма,

Шақты ара оңдырмай .


Енді тимен оған мен.

Ісіп кетті бас, шекем.

Балы тәтті болғанмен,

Тілі өзінің ащы екен.

Тапсырма: өлеңде омоним бола алатын сөздерді табу және оларды қатысты-

рып сөз тіркесін құрау.

Мысалы: қасына бару, қара қас, қас болу;


Баланың сөзі анық, тілі ширақ болу үшін оған жаңылтпаш айтуды үйрету қажет. Қадыр ағамыздың туындыларының бірі – жаңылтпаш. Қане, жаңылтпаш

айту сайысын өткізейік.


Алма алма, бал ал!

Жая алма, жал ал!


Атпақ ек бір – бір құр,

Қу екен құр құрғыр

Таптырмай қырдан құр

Қайттық біз құрдан құр.

Ал, балалар, жаңылтпаштардың ішінде омоним болып тұрған сөздер бар ма?

Олар қандай сөздер? Қай сөз табынан болып тұр.

Оқулықпен жұмыс

62 – жаттығу . Тыйым сөздерді оқушыларға оқыту.


Адамға саусағыңды шошайтпа. Адамды санама. Тамақты асығып ішпе.

Ас қайырмай дастарқан басынанан тұрма. Ауруға күлме. Әдепсіз болма.

Бас киімді айналдырып киме. Босағаға сүйенбе. Бір қолмен нан үзбе.


Тыйым сөздерді кімдер шығарған?

Тыйым сөздерді есте сақтап, орындау қажет пе ?

Әдептілікке қандай қасиеттерді жатқызамыз?

Сөйлемдерден омоним және көп мағыналы сөздерді табыңдар.


63 – жаттығу Дәптерге жазып, омоним сөздерді табу.

Пышақ пен Қайшы бірге өсті.

- Менің жүзім екеу! – деп мақтанды Қайшы.

- Екі жүзді болғанның несі жақсы дейсің ? – деді Пышақ.

( Омоним болатын сөзді тауып сөйлем құрастыру)

Жүз – қайшының жүзі;

  • суға жүз;

  • жүз жылқы;

  • жүзге бөлінді;

  • жүз көрісу.

Қайшының жүзі күнге шағылысып жарқ –жұрқ етеді. Ағам маған суда жүзуді үйретті. Жүз жылқы бір мезгілде құлындап, ауыл адамдары қымызға

қарқ болды. Абылай хан -қазақтың үш жүзінің басын қосып, елдің ынтымағын

нығайтқан қайраткер. Досыңмен жүз көріспестей болудың қажеті жоқ.

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

  1. деңгейлік тапсырма .

Асанның жасы 11 –де. Көз жасы мөлтілтеп тұр. Жас дәуіріңде өнер-білім үйрен. ( Берілген сөйлемнен омонимді тап).

2 –деңгейлік тапсырма.

Жаз, жастық, ара сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрап жазу.

3 – деңгейлік тапсырма.

Сурет бойынша мәтін құрау

4 – деңгейлік тапсырма.

«Менің әжем», «Ата салтым» тақырыбына шығарма, өлең жазу (ішінде омоним болуы шарт)

Топтастыру стратегиясы



Әр түрлі сұрақтарға Дыбысталуы

hello_html_m4b96931b.gifhello_html_7db23afa.gifжауап береді бірдей

hello_html_m5bd48a6e.gif

hello_html_2bfb5b79.gif

hello_html_m3ee93b42.gifhello_html_31561f6f.gif



Мағыналары Әр сөз табынан

әр түрлі болады

Сабақ қорытындылау.

Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма : Омоним сөздері бар өлең шумақтарын жазып келу.



Астана қаласы





Қазақ тілі





Сабақ тақырыбы: «Омонимдер»

(5 –сынып)











Өткізген:

Өтепова С.Қ.

Краткое описание документа:

  5 сыныптың қазақ тілі пәніне арналған "Омонимдер"  сабағының мақсаты көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ерекшеліктнрі мен сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге бағытталған. Оқушылар көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің ерекшеліктерін ажырату мақсатында ережемен жұмыс істеуге, жаттығу, талдау жұмыстарын орындауға, ұмбақтардың шешуін табуға,  сөздерді дұрыс айту мақсатында жаңылтпаштарды айтуға дағдыланады, достықты қадірлеуге үйренеді. Венн диаграммасы арқылы көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің ерекшеліктерін талдау арқылы сабақты бекітеді. Өздігінше жұмыс істеу дағдысына шыңдалады.

Общая информация

Номер материала: 572385

Похожие материалы