1525108
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
ИнфоурокМузыкаДругие методич. материалы" Жаса Қазақстан" ән байқауы

" Жаса Қазақстан" ән байқауы

Лабиринт
библиотека
материалов

«Жаса Қазақстан!»

атты патриоттық әндер сайысының бағдарламасы.


Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Жаса Қазақстан!» атты патриоттық әндер сайысына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.Тәуелсізідік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.Осы тәуелсіздікке қол жеткізуімізге өлшеусіз қызмет еткен адам ол біздің тұңғыш Президентіміз-Елбасымыз

Ендеше,Елбасы күні мен Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!


Жүргізуші: - Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан –елім менің-деп бүгінгі сайысқа қатысушылырды сахна төріне шақырайық.

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі ән додасына төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік:

1.Қасенов Мұрат Қапасұлы-тәрбие ісінің меңгерушіс

2.Елеусізова Анар Қырықбайқызы-мектеп тәлімгері

3.Слямбаева Тыныштық Жұмашқызы-мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы

Ондай болса сахнаға бірінші өнер көрсететін өнерпазымызды шақырайық:

Ән: «Жаса Қазақстан орындайтын: Асқарбеков Жақсылық-10 сынып

Жүргізуші:

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.


Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрам

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

  1. Ән: «Атамекен» әні:Е Хасанғалиев,сөзі: Қ Мырзалиев орындайтын:

Көшкінбаева Маржан-4 сынып

Ән: «Тәуелсіз ел ұланы» әні А Досмағамбет орындайтын:Нұржанқызы Құралай-

4 сынып


Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына

  1. Ән: «Солдат болам мен ертең» орындайтын: Аманғазыұлы Аян-шағын орталық

Ән: «Отырырдағы той» әні Ш Қалдаяқов орындайтын: Тоқташева Маржан-9 сынып

- Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегімді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Жүргізуші:


Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

  1. Ән «Жеңіс туы желбіреп» әні,сөзі: Б Бейсенова орындайтын: Маратқызы Жібек-

3 сынып

Ән: «Сапқа тұр» әні,сөзі Б Бейсенова орындайтын :Слямбеков Нұрасыл-11 сынып

  1. Жүргізуші:


Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.


Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

- Ендеше, Қазақстанның патриоты дегеніміз:

1.  Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.

2.   Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.

3.  Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.

4.   Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы

  1. Ән «Қазақ жастары» орындайтын: Аманғазыұлы Абзал

  2. Ән: «Отырардағы той» орындайтын:Санақбек Айтханым-3 сынып


  1. Жүргізуші:

Туындай қанат керген желді күнгі,

Таныттың кең әлемге кеңдігіңді.

Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,

Ұстай біл асқақтатып елдігіңді!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан- Гүлстан!

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына

  1. Жүргізуші:


Қазағым, Қазақстан өрле алға,

Надандықтың өмірін көрме алда.

Қасиетті тәуелсіздік ұраным,

Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға!


  1. Ән: «Отан» орындайтын :Ерғазықызы Іңкәр-2 сынып

  2. Ән: «Мәншүк апай» орындайтын: Айдынқызы Елнұры-даярлық сыныбы

  3. Жүргізуші:



Біздер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын, өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуымыз керек. Кез-келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады. Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Біздер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарымызды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруымызға тиіспіз! Ел болашағының баянды болмағы, баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

Сіздерге тілеріміз тәуелсіз мемлекетімізде желбіреген көк тудың астында бейбіт өмір тілейміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!



Сайысымыздың қорытындысын шығарғанша КВН шыларға кезек берейік



































Жаңа ғасыр Қазақстан

  1. Бақытты біз қазақ еліміз,

Жақұтты жазира жеріміз

Береке бастауы төріміз, елім менің,

Қазақстан –тыныштық тынысы

Ойысқан сансыз ұлт ұлысы

Жарасқан ынтымақ ырысы, елім менің.

Қ-сы:

Жаңа ғасыр ақ таңысын, Қазақстан

Жаңа ғасыр асқарысың, Қазақстан

Жаңа ғасыр мақтанышы Қазақстан

Елім менің, жерім менің

Ұлан байтақ дара туған Қазақстан

Дархан болып жаратылған Қазақстан

Әлемге атың таратылған Қазақстан

Елім менің, жерім менің, Қазақстан



  1. Егемен еркін ел өркені,

Жайқалған жерұйық көркемді

Мақтаныш етемін өлкемді, елім менің

Қазақтың нұр болып ғасыры

Ел бастап ерекше асылы

Атағын әлемге асырған елім менің.



  1. Гордость моя и твоя Қазахстан

Мира и дружбы одно Казахстан

Сердце Евразии наш Казахстан

Счастье, страна, моя земля

Песни поем для тебя Казахстан

Миру примером ты стал Казахстан

Предка великих земля Казахстан

Родина ,дружба, гордость моя, мой Казахстан!

Жаңа ғасыр Қазақстан

  1. Бақытты біз қазақ еліміз,

Жақұтты жазира жеріміз

Береке бастауы төріміз, елім менің,

Қазақстан –тыныштық тынысы

Ойысқан сансыз ұлт ұлысы

Жарасқан ынтымақ ырысы, елім менің.

Қ-сы:

Жаңа ғасыр ақ таңысын, Қазақстан

Жаңа ғасыр асқарысың, Қазақстан

Жаңа ғасыр мақтанышы Қазақстан

Елім менің, жерім менің

Ұлан байтақ дара туған Қазақстан

Дархан болып жаратылған Қазақстан

Әлемге атың таратылған Қазақстан

Елім менің, жерім менің, Қазақстан



  1. Егемен еркін ел өркені,

Жайқалған жерұйық көркемді

Мақтаныш етемін өлкемді, елім менің

Қазақтың нұр болып ғасыры

Ел бастап ерекше асылы

Атағын әлемге асырған елім менің.



  1. Гордость моя и твоя Қазахстан

Мира и дружбы одно Казахстан

Сердце Евразии наш Казахстан

Счастье, страна, моя земля

Песни поем для тебя Казахстан

Миру примером ты стал Казахстан

Предка великих земля Казахстан

Родина ,дружба, гордость моя, мой Казахстан!















Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

        Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

          Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысынқалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

        

         Жүргізуші:  - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және  қадірменді қонақтар!

1 желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мен тәуелсіздік күніне  орай ұйымдастырылып отырған «Жаса Қазақстан!»  атты патриоттық әндер сайысына қош келдіңіздер!

        Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.Тәуелсізідік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.Осы тәуелсіздікке қол жеткізуімізге өлшеусіз қызмет еткен адам ол біздің тұңғыш Президентіміз-Елбасымыз

     Ендеше,Елбасы  күні мен  Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!

 

Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.