Инфоурок Другое ПрезентацииАбай Құнанбаев қара өздері

Абай Құнанбаев қара өздері

Скачать материал
Скачать материал "Абай Құнанбаев қара өздері"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ашық сабақ
Топ: Қаржы-11
Оқытушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы...

    1 слайд

    Ашық сабақ

    Топ: Қаржы-11
    Оқытушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Макаева Алтынгуль Сапарбековна
    Семей, 2018
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    «Innovative College» мекемесі
    Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың қарасөздері: «Бірінші сөз», «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз», «Он тоғызыншы сөз», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз»

  • Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ, қайтып келіп ойнап-күлмес.
Мені мен,...

    2 слайд

    Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
    Ол бірақ, қайтып келіп ойнап-күлмес.
    Мені мен, менікінің айырылғанын,
    “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

    Көп адам дүниеге бой алдырған,
    Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
    Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

  • Ақпанның бесі
Абай Құнанбаевтың қарасөздері: 
«Бірінші сөз», «Алтыншы сөз»...

    3 слайд

    Ақпанның бесі
    Абай Құнанбаевтың қарасөздері:
    «Бірінші сөз», «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз»,
    «Он тоғызыншы сөз», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз»
    Сабақтың ұраны:
    Білімдіден шыққан сөз,
    Талаптыға болсын кез.
    Нұрын, сырын көруге
    Көкірегінде болсын көз.
    Абай.

  • Сабақтың мақсаты:білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмір жолы, шығармаш...

    4 слайд

    Сабақтың мақсаты:
    білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмір жолы, шығармашылық қыры
    туралы мағлұмат беру. Өскен ортасы жайлы ақпараттандыру. Өлеңдерінің
    қыры мен сырына қанықтыру. Абай жырларына арқау болған негізгі тақырып-тарды ашу. Өнер, білім-ғылым тақырыптарында жазған өлеңдері мен табиғат лирикаларын талдау. Қара сөздерінің тәрбиелік мәнін анықтау. Поэтикалық шеберлігін дәріптеу;

    тәрбиелік: Оқушыларды өнер, білімге шақыру. Ғылыммен дос болуға баулу. Туған жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу. Ата-бабалардың жазып қалдырған өсиеттеріне үмітпен қарап, «жамандықтан жиреніп, жақсыдан үйрене білуге дағдыландыру. Абай атамыз айтып кеткен «талап, еңбек, терең ой, қанағат пен рақым» атты бес асыл іске асық болып, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сынды бес жат қылықтан қашық жүруге баулу;

    дамытушылық: оқушылардың өлең оқу мәнерін, сөйлеу шеберлігін, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру. Ұйқас түрлерін ажырата білуге баулу, шығарма-шылық қабілеттерін шыңдау. Қазақтың қара өлеңіне деген көзқарастарын жетілдіру, өнер-білімге деген құштарлықтарын дамыту. Ой-өрісін дамытып, қиялын ұштау, тілін байыту.

  • Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: топтастыру, сұрақ-жауап,...

    5 слайд


    Сабақтың түрі: бекіту сабағы

    Сабақтың әдістері: топтастыру, сұрақ-жауап, өлең құрылысына талдау

    Көрнекілік құралдары: интербелсенді тақта,
    Абайдың портреті, үлестірме
    қағаздар, Абай Құнанбаевтың
    кітаптары, шарлар, нақыл сөздер, плакат, фломастер.

    Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, музыка, әдеп.


  • Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- аудитория таза...

    6 слайд

    Сабақ барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі:
    - оқушылармен сәлемдесу;
    - аудитория тазалығына назар аудару;
    оқушыларды түгендеу.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

    ІІІ. Жаңа тақырып

    ІҮ. Үй тапсырмасын беру

    Ү. Бағалау

    ҮІ. Қорытынды

  • Алғашқы кезең: «Сәлем сөздің анасы» (топтарды таныстыру) – 6 минут

Екінші ке...

    7 слайд

    Алғашқы кезең: «Сәлем сөздің анасы» (топтарды таныстыру) – 6 минут

    Екінші кезең: «Абайды оқы ерінбе!» (үй тапсырмасы сұралады) – 9 минут

    Үшінші кезең: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» («Қыс», «Күз», «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңдерін өлең құрылысына талдау) – 9 минут

    Төртінші кезең: «Болмасаң да ұқсап бақ» (шығармалар сайысы: өлең шығару немесе эссе жазу) – 9 минут

    Бесінші кезең: «Полиглот» (Абай өлеңдерінен берілген мысалдарда көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, қойған сөзді үш тілде айту)-9 минут

  • І топқа: 
... киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үс...

    8 слайд

    І топқа:
    ... киімді, денелі, ақ сақалды,
    Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
    Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
    Басқан жері сықырлап келіп қалды.

    Дем алысы үскірік, аяз бен ....,
    Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
    Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
    Аязбенен қызарып ажарланды.
    ІІ топқа:
    Сұлу аттың көркі жал,
    Азаматтың көркі мал.
    … сүрген кісіге
    Дәулет қызық, … бал.
    ІІІ топқа:
    Ақырын жүріп, анық бас,
    ... кетпес далаға.
    ... еткен жалықпас
    Үйретуден балаға.

  • Желсіз түнде жарық-ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны терең сай Тасыған...

    9 слайд

    Желсіз түнде жарық-ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны терең сай Тасыған өзен гүрілдеп.
    Қалың ағаш жапырағы, Сыбдырласып өзді өзі Көрінбей жердің топырағы Құлпырған жасыл жер жүзі.

    Сергіту сәті

  • Абайдың бар өмірі өзі   туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұры...

    10 слайд

    Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

  • Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бал...

    11 слайд

    Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

  • Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жа...

    12 слайд

    Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим.

  • Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай...

    13 слайд

    Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында туған. Шыққан ортасы ауқатты, тобықты руының ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде қайтыс болған), Ысмағұл деген 7 бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен ерекше көзге түсіп, болашағынан зор үміт күттірген. Сырт көзге момын, сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен бастап өлең жырға әуес болып өседі, ертегі – аңыздарды құмарта тыңдайды. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-Жаппардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзі қатарлас балалардан анағұрлым үздік оқып, мектепте өтілетін дін сабақтарын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы Шығыс классиктерінің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алады. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп 3 айдай орысша оқыған. 13 жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, өз қасына алады, ел билеу ісіне араластырып, баулиды.

  • Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуғ...

    14 слайд

    Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталады.

  • Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. ш...

    15 слайд

    Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

  • Туған елінің, Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын...

    16 слайд

    Туған елінің, Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

  • Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңыз...

    17 слайд

    Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.
    «Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
    Пайдасын көре тұра тексермедім.
    Ер жеткен соң түспеді уысыма
    Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
    Баламды медресеге біл деп бердім,
    Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім»-деген өлең жолдарында құр өкіну емес, келешекте жастардың өзі сияқты опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын сезініп, жастық шағын бос өткізбей еңбектенуіне жол сілтеу.

  • 18 слайд

  • Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. 
Көкірегі с...

    19 слайд

    Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
    Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
    Көкірегі сезімді, тілі орамды
    Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
    Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
    Көңіліңнің көзі ашық, сергек үшін.

    Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
    Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
    Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
    Өскен соң, мұнда сөзді бұрын көрмей.
    Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
    Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
    Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз»,
    Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».
    Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
    Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
    Әсіре қызыл емес деп, жиренбеңіз,
    Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

    Батырдан барымташы туар даңғой.
    Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
    Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
    Елермелі маскүнем байқалған ғой.
    Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
    Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой!

    Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге
    Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
    Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
    Есіл өнер қор болып кетер түзге...
    Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

  • Білімдіден шыққан сөз	Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез.  Нұрын, с...

    20 слайд

    Білімдіден шыққан сөз
    Білімдіден шыққан сөз
    Талаптыға болсын кез.  
    Нұрын, сырын көруге
    Көкiрегінде болсын көз.
     
    Жүрегі — айна, көңiлі — ояу,  
    Сөз тыңдамас ол баяу.  
    Өз өнері тұр таяу,
    Ұқпасын ба сөзді тез?  

    Әблет басқан елерме
    Сөзге жуық келер ме?  
    Түзу сөзге сенер ме
    Түзелмесін білген ез?  

    “Айтшы-айтшылап” жалынар,  
    Ұққыш жансып шабынар.  
    Ұқпай жатып жалығар
    Ұйқылы-ояу бойкүйез.

    Жас баладай жеңсік қой,
    Байлаулы емес ақыл ой,
    Ойлағаны — айт пен той,
    Ыржаң-қылжаң ит мінез„
    Сұлу қыз бен я батыр  
    Болмаған соң, тәңірі алғыр,
    Шығып кетер, я қалғыр,
    Оған ақыл — арам без.
    Жақсыға айтсаң, жаны еріп,  
    Ұғар көңіл шын беріп,  
    Дертті ішіне ем көріп,
    Неге алтынды десін жез.
    “Ой, тәңір-айшыл” кер есек,  
    Қулық, сұмдық не өсек  
    Болмаған соң, бір есеп — 
    Мейілі қамқа, мейілі бөз.

  • 1886 жылы жазылған «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлең...

    21 слайд

    1886 жылы жазылған «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерін артында қалар ұрпақтарға өсиет түрінде жеткізген. Бұл өлеңдерде ғалым болудың, ғылым жолын меңгерудің қыры мен сырын айтып, жастарды білімге баулиды.

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде халықты жүдетіп, ш...

    22 слайд

    «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде халықты жүдетіп, шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді, олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады. Заман мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.
    Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
    Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
    Жақсы менен жаманды айырмадың,
    Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
    Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
    Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
    Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
    Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
    Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
    Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
    Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
    Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
    Бас-басына би болған өңкей қиқым,
    Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
    Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
    Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
    Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
    Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
    Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
    Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
    Баста ми, қолда малға талас қылған,
    Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
    Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
    Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
    Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
    Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
    Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
    Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
    Ұғындырар кісіге кез келгенде,
    Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

  • Абай Құнанбаев қай тақырыпта жазбасын терең мағыналы сөздермен, жастарға үлгі...

    23 слайд

    Абай Құнанбаев қай тақырыпта жазбасын терең мағыналы сөздермен, жастарға үлгі-насихат бере отырып, мәдениетті тұрғыда, қара сөзден әдемі өрнек өріп, өрелі ой мен ұшқыр қиялының жетегінде, қара өлеңнің құдіретін сезіне отырып, жас ұрпаққа зор тәрбиелік құндылығы бар мұра қалдыра білді.
    Соынмен қатар, Абай қазақ өлең құрылысына көп жаңалық қосқан ақын. Абайға дейінгі қазақ өлеңдері 11 және 7-8 буынды өлшеммен келіп, көбінесе қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас деп аталатын ұйқас түрлерімен жазылатын. Абай буын, бунақ жағынан да, ұйқас жағынан да бұрынғы қазақ өлеңіне көп өзгерістер енгізді. Ол таза 8 бунды, 6 буынды, аралас буынды өлеңдердің бірнеше түрін, ұйқас жүйесінде шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас түрлерін кіргізді. Мысалы: «Есіңде бар ма жас күнің, - А
    Көкірек толы, басың бос. – Б
    Қайғысыз, ойсыз, мас күнің - А
    Кімді көрсең бәрі дос. – Б
    6 буынды: Қара көз, имек қас, - А
    Қараса жан оймас. - А
    Аузың бал қызыл гүл – А
    Ақ тісің кір шалмас. – А

  • Абай өз шығармаларын таза қазақ тілінде жазып, өлеңге керекті бар бейнелі сөз...

    24 слайд

    Абай өз шығармаларын таза қазақ тілінде жазып, өлеңге керекті бар бейнелі сөздерді, нәрді, кестені түгелдей халық тілінен тапты. Сондықтан да ол өлеңге: «Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» - деген талап қойды. Сонымен қатар, мазмұнына ғана емес, мақсатына, тіліне де «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп шарт қойды. Ақынның «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» - деген сөзінің де өлең тіліне тікелей қатынасы бар.
    Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
    Қиыннан қиыстырар ер данасы.
    Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
    Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

    Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
    Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
    Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
    Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

    Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
    Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
    Қисынымен қызықты болмаса сөз,
    Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

  • Абайдың поэмаларыМасғұтӘзім әңгімесіЕскендір Абай Құнанбаев 3 поэма жазған. О...

    25 слайд

    Абайдың поэмалары
    Масғұт
    Әзім әңгімесі
    Ескендір
    Абай Құнанбаев 3 поэма жазған. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғы поэмасы аяқталмай қалған. Поэмаларының бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындағыдай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісі ретінде жазылған. Оқуғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын көбінесе өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.

  • «Масғұт» атты поэмасын кейіпкер іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парасаты мол...

    26 слайд

    «Масғұт» атты поэмасын кейіпкер іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парасаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағынан көбірек көңіл бөлінеді. Поэмада суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Оқиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан, айтайын деген ой үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэма түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуында да зор мағына жатыр.
    Масғұтқа келді әлгі шал көзін тіктеп,
    Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.
    Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші
    Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:
     
    - Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,
    Көргейсің ерлігіңнің берекесін.
    Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,
    Маған қылған қарызыңды алла өтесін!
    Бай емен, батыр емен, хан емеспін,
    Атақты артық туған жан емеспін.
    Себеп болып айырдың мені ажалдан,
    Жақсылықты білмейтін шал емеспін…
    Я, Алла, құрметіне достың Махмұт,
    Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт.
    Аруан-Рашид халифа заманында
    Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
     
    Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
    Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
    Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
    Кез болды бір бишара шал байғұсқа.
     
    Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
    Айырып алған жан жоқ оны барып.
    Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
    Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.
     
    Масғұтты ұры шапты қылышпенен,
    Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.
    Есен-аман шал дағы құтылыпты,
    Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.

  • Абай поэмалары арасындағы елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңіре...

    27 слайд

    Абай поэмалары арасындағы елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатын да – «Ескендір» поэмасы. «Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Поэмада аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Оқиға бір түйінге – әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне құрылады да, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір, бүкіл оқиға бойында арқау болып, шығармада бастан аяқ аталады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады. Поэмада жақын суреттер мен қажетті баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс орынды қолданылған. Бұл Абайдың шағын поэма жасаудағы шеберлігін танытады.

  • «Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазы...

    28 слайд

    «Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамның аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.
    Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген,
    Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.
    Болыпты ағайынды екі жігіт,
    Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.

    Екеуі жетім еді әкесі өлген,
    Талаптан жетеміз деп, бос жүрмеген.
    Тігінші, кестеші еді кіші інісі,
    Мұстапа суретшілік ғылым білген.

    Екеуі екі айрылмақ қамын жеген,
    Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген.
    Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып,
    Серт қылып, бір-біріне уәде берген.

    Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген
    Жандар емес қатерден әсте именген.
    Шынмашынға1 Сапасы кете тұрсын,
    Мұстапа Балсураға2 бұрын келген.

    Мұстапа - бойдақ, кедей біраз тұрған,
    Кәсібін күннен-күнге тәңрі оңғарған.
    Аздан соң қатын алып, үй салғызып,
    Шаһарда сенімдінің бірі болған.

    Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған,
    Қағазға өрнек жасап, сурет ойған.
    Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп,
    Молдалар оның атын Әзім қойған…

  • Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінг...

    29 слайд

    Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, филосо-фиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштас-тырады. Абай-дың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін ту-ралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қа-зақ халқының философиялық концеп-циясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж. Семей-де шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

  • Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай ө...

    30 слайд

    Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
    Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
    Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
    Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
    Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
    Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
    Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
    БІРІНШІ ҚАРА СӨЗ

  • Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұй...

    31 слайд

    Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
    Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
    Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі- ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
    Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
    ЖЕТІНШІ ҚАРА СӨЗ

  • Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ тү...

    32 слайд

    Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
    Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
    «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
    «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
    «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек
    ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАРА СӨЗ

  • Абайдың отыз бірінші қарасөзіЕстіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп ба...

    33 слайд

    Абайдың отыз бірінші қарасөзі
    Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі-көкірегі байлаулы болмақ керек. Екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек. Үшінші-сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.

  • Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алум...

    34 слайд

    Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
    Абайдың аударған
    орыс әдебиетінің өкілдері

    Абай және Крылов

    Абай және Лермонтов
    Абай және Пушкин

  • Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін ем...

    35 слайд

    Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А.С.Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» – шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны – романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу – чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.

  • Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан...

    36 слайд

    Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жатық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Сөйтіп, мысалдың көздеген нысанасына дәл тиюін қатты ескерген. Бұл жөнінде Абай аудармалары ақынның мақсаты мен негізгі идеясын жеткізе білуге зер салғандықты көрсетеді. Мысалы, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесуінен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ:
    Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
    Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
    Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,
    Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы…» -деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен есектің тойып, көңілі тасып, өзіне-өзі риза болып, ерекше бір мамыржай күйде ерігіп келе жатқанын білдіру арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына көз жеткізіп алады. «Қарға мен түлкі» – Абайдың 1898 жылы И.А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімалаған. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына ұғымды етіп, оп-оңай жеткізеді.

  • ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз с...

    37 слайд

    ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз», «Альбомға» т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. «Теректің сыйы» («Дары Терека») атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау – Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.
    «Қараңғы түнде тау қалғып…» – Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең – Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. «Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ» деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.
    Абай «Жолаушының түнгі жырын» – қазақ тіліне аударып қана қойған жоқ, оған әуен де берді және «Қараңғы түнде тау қалғытпай» данагөй, асқақ әуезді әнді білмейтін қазақ баласын табу мүмкін емес те шығар.
    Шаң шығармас жол-дағы,
    Сілкіне алмас жапырақ.
    Тыншығарсың сен-дағы,
    Сабыр қылсаң азырақ.
    Гете жолаушысы бақытты болып шықты. Оның түнгі жырын ұлы ақындар Лермонтов пен Абай естіп, әрі қарай көтермелей жөнелді. Бұл ән бейбітшілік пен тыныштықты дәріптейді. Абайдың Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар, азамат ақынның образын беретін өлең-жыр жайындағы шығармалар, жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар. Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізді. Абай Лермонтов оригиналын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызды.

  • Бекіту сұрақтары:

Абай Құнанбаев өмір сүрген уақыт? 

Абайдың білім-ғылым та...

    38 слайд

    Бекіту сұрақтары:

    Абай Құнанбаев өмір сүрген уақыт?

    Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы жазылған шығармалары?

    Абай Құнанбаевтың неше поэмасы бар?

    Аяқталмай қалған поэмасын ата?

    Қанша қара сөзі белгілі?

    «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деп басталатын өлең жолдары қай шығармасынан алынған?

  • Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстети...

    39 слайд

    Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің
    сәулесі ғана.

  • Абайдың әнге деген сүйіспеншілігіҚұлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті...

    40 слайд

    Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі
    Құлақтан кіріп бойды алар,
    Әсем ән мен тәтті күй.
    Көңілге түрлі ой салар,
    Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген

  • Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық...

    41 слайд

    Көзімнің қарасы

    Көзімнің қарасы,
    Көңлімнің санасы.
    Бітпейді іштегі,
    Ғашықтық жарасы

    Жылайын жырлайын,
    Ағызып көз майын.
    Айтуға келгенде,
    Қалқама сөз дайын

    Жүректен қозғайын,
    Әдептен озбайын,
    Өзi де бiлмей ме,
    Көп сөйлеп созбайын?

  • Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін с...

    42 слайд

    Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

  • Ұлы Абай жазған кітаптар

    43 слайд

    Ұлы Абай жазған кітаптар

  • 1891 жылдан бастап Абайдың басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы...

    44 слайд

    1891 жылдан бастап
    Абайдың басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.

  • Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топт...

    45 слайд

    Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды.

  • Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан ке...

    46 слайд

    Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді.

  • Қазақтың классик жазушысы М.О.Әуезовтың бас кітабы-”Абай жолы” ұлы ақынға арн...

    47 слайд

    Қазақтың классик жазушысы М.О.Әуезовтың бас кітабы-”Абай жолы” ұлы ақынға арналған.1993 жылы ”Абай жолы” эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

  • Өлең тақырыбы: 
Идеясы: 
Лирикасы:

    48 слайд

    Өлең тақырыбы:
    Идеясы:
    Лирикасы:

  • 1-тапсырма:Топтастыру стратегиясы

Абай Құнанбаев
Абай аудармалары

Абайдың ә...

    49 слайд

    1-тапсырма:
    Топтастыру стратегиясы


    Абай Құнанбаев

    Абай аудармалары


    Абайдың әндері

  • Суретке ат қойыңдар. Шағын әңгіме құраңдар.

    50 слайд

    Суретке ат қойыңдар. Шағын әңгіме құраңдар.

  • Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын....

    51 слайд

    Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
    Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
    Өлеңі бізге рухани азық секілді,
    Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?

    Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
    Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
    Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
    Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

    Абай - дана, Абай - дара қазақта,
    Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
    Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
    Абай теңдес ақын болмас қазақта.

    Енші болып Абайға ерек мол дарын,
    Қайда барсаң қамтып кеткен ол бәрін.
    Тілге жеңіл, жылы тиген жүрекке,
    Кімдер жатқа айтпайды өлең жолдарын.

    "Қаламқастан" авторы бар тарайды ән,
    Аударма да басталады Абайдан.
    "Ғақылия" қарасөздің қайнары,
    Той тарқамас Абай соққан сарайдан.

    Болса деді өмірдің әр сәті ізгі,
    Халық құптап, одан үміт жат үзді.
    Әулиеден артық көріп пір тұтты,
    Фердаусиды, Низамиды, Хафизді.

    Кемеңгердің болмайды деп бөтені,
    Таныстырған Лермонтовты, Гетені.
    Әр заманға айтары бар сарқылмас, 
    Айтыңдаршы, Абайға кім жетеді. 
    1-оқушы:
    2-оқушы:

  • Үйге тапсырма:1. 1-топ: «Алтыншы қара сөз» жаттау;

2. 2-топ: «Жиырма бесінші...

    52 слайд

    Үйге тапсырма:
    1. 1-топ: «Алтыншы қара сөз» жаттау;

    2. 2-топ: «Жиырма бесінші қара сөз» жаттау;

    3. 3-топ: «Отыз бірінші қара сөз» жаттау;

    4. «Қазақтың бас ақыны» тақырыбына эссе жазу.

  • 53 слайд

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қаржы мамандығының І курс студенттеріне арналған Презентацияда Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылық қыры, өскен ортасы жайлы мол ақпарат берілген.

жидебай, Семей топырағындағы Абай Құнанбаевтың сүрлеу соқпағы бейнеленген. өлеңдер мен қара сөздері көрсетілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 235 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2018 3123
    • PPTX 13.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбаева Сабира Халметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбаева Сабира Халметовна
    Козыбаева Сабира Халметовна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18132
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек