Инфоурок Начальные классы КонспектыҚабілетті оқушылармен атқаратын жұмысты талдау

Қабілетті оқушылармен атқаратын жұмысты талдау

Скачать материал

Қабілетті оқушылармен атқаратын жұмысты талдау

 

         Елбасымыз 2030 жылға қарай Қазақстан өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің  жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпақтарының өрісі биік, денсаулығы  мықты өкілдері  болады",-дейді. Ендеше ұстаздар қауымы уақыт  талабына сай оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Мұндай өзіндік жұмысының негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіріп, білімге құштарлығын оятады.

     Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

      Көбінесе “қабілетті оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.Психологтардың  зерттеуі  бойынша білімді балалардың  барлығы дерлік дарынды болмайды. Мысалы 100 баладан 3 пайызы ғана дарынды болып тұрса ,біздің мақсатымыз сол 3 пайызды тауып, оның ары қарай қабілетін жетілдіре білу.
Қабілетті  оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру болдып табылады.

             Осы мақсатта  жылда  мамыр айында бастауыш  сыныптарда  1-сыныпқа келетін  балалардың арасынан әртүрлі жұмыстар арқылы  тексеріп  қабілетт, бар деген  оқушыларды  бір сыныпқа  жинап  гимназия сыныптарын ашамыз. Қазіргі таңда  6 гимназия  сыныптарында  133оқушы  білім алуда. Бұл сыныптардың  үлгерімі 100%,сапа 81% .Осы  оқу  жылынан  бастап таңдау  пәні  ретінде  бұл  сынып  оқушыларына  ағылшын, риторика,  өлкетану,  математикалық  логика, экономика, информатика пәндері  енгізілді. Бұл  пәндердің бағдарламасы  оқушы  қабілетіне  сай  құрастырылды. Басқа сыныптарға қарағанда бұл сыныптың оқушылары жан-жақты дамытылып, ойлары ұшқыр болады.Өлкетану пәні   арқылы  3-4-сынып оқушыларына  туған  өлкеге деген қадір-қасиетті  оята  отырып, сол арқылы туып-өскен  өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті  қалыптастырса, сонымен бірге өз өлкеміз Маңғыстаудың қатал да тартымды табиғаты, тарихи- мәдени ескерткіштері, өлкеміздің өсімдіктері мен жануарлар әлемін сақтау- басты мәселелердің бірі екенін ,өзі өмір сүріп отырған өлкені жетік білу, қорғау қазіргі жастар үшін басты міндет екенін 3-4-сыныптан бастап меңгере біледі.Ал  риторика пәні бойынша оқушыларды тапқырлыққа, шешендікке баулып, мейірімді болуға  тәрбиеленеді. Шығарма, мазмұндаманы, басқа сынып оқушыларына қарағанда оңай және шебер жаза біледі.Осы  пән  арқылы олардың  ойлауын және қиялы дамиды. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып сөйлеуге  үйретеді.Буын және буын түрлері, дыбыстық талдауды жете меңгереді.Математикалық  логика пәні бойыншатүрлі  әдістемелік тәсілдер, шығармашылық  тапсырмалар , ойды  сергітуге арналған жаттығулар, бала бойындағы алғырлық, зеректікті  оятады.Бұл сабақта математикадан алған білімдері мен логикалық есептер, тапсырмаларды орындау, геометриялық тапсырмалардан мағұлмат беріп , фигуралар туралы жетік меңгеру қарастырылды. Оқушылар математикалық  тілмен сөйлей біледі.1-сыныптың өзінде фигуралардың периметрін табуды меңгерсе, 2-сыныптың ортасында үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды меңгереді.Меніңше, оқушыны танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

         Бұл  сыныптардың оқушыларына  мұғалім күнделікті сабақтың тапсырмасын басқа  сынып  оқушыларына  қарағанда қарағанда күрделі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отыр. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.

       Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.Қабілетті  балалармен  жұмыс  істеу  арқылы  биылғы  оқу  жылында  мектепішілік  тапсырмалардан басқа қала , республика көлеміндегі жарыстарға қатысып жүлделі орындар алуда. Мәселен  4-сыныптар арасында    « Ақбота»  республикалық интеллектуалды  марафонында  18 оқушы 3-орынға  ие  болса, Тәуелсіздік мерекесіне  орай  ұйымдастырылған қалалық  мәнерлеп  оқу  сайысында 4а-сынып оқушысы  Қорабаева  Мөлдір  3- орынға ие  болды.бастауыш  сыныптар  арасында  ұйымдастырылған  қалалық   пәндік  олимпиядада  4а-сынып  оқушысы Таджимурадова Гүлбану 3- орын  иеленсе,1ә-сынып оқушысы қалалық оқу бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген Менің қуанышымды менімен  бөліс» атты сурет салу жарысынан 3-орынға ие болды. Сонымен бірге  оқушыларымыз  республикалық  Кенгуру сайысына 22 оқушы , русский   медвежонок  жарыстарына   бірнеше оқушы  қатысып  қатысып ,өз  білімдерін  көрсете  білді.

Бала бойында жүйелі түрде білім қалыптастыру үшін мұғалім оқушыға берген әр тапсырманы тексеріп отыруы шарт. Тексерудің мақсаты-жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылар біліміндегі сол қылықтарды дер кезінде байқап,қатесін түзейді және кеңес бере алады.

  Қабілетті оқушылармен  жұмыс жасағанда мына  талаптартарды ескеруіміз керек:

1. Қабілетті  баланы анықтау.

2.Қабілетті  балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.

3. Сабақты жаңа технологиямен өту.

4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.

5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.

6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.

7. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.Ал қабілетті  оқушылар басқа  балаларға  қарағанда  шапшаң  ойлайды ,  кең көлемде меңгереді, және  ұмытпайды. Снымен  бірге қабілетті  оқушылардың ішкі  сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ынта қойған  нәрсені негізгі мәселе  етіп  қояды. Бастауыш  сыныптарда  қабілетті  оқушылар  аз  емес,  бірінің білімге  деген қабілеті  зор   болса екіншісінің әнге,  биге, сурет  салға  қабілеті  жақсы болады. Сондықтанда  балаларлы  танып, жұмысты жоспарлап, нақты  жүргізу- мұғалімдер  қауімінің  міндеті  дер едім.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қабілетті оқушылармен атқаратын жұмысты талдау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

      Көбінесе “қабілетті оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. 

Дарындылықтың қайнар көзін ашу, талантты баланы алға жетелеу, қабілетті баламен жұмыс жасау - мұғалімнің басты міндеті. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 2838
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шалхарова Дина Кырыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шалхарова Дина Кырыкбаевна
    Шалхарова Дина Кырыкбаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28578
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе