Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Адам жанының бағбаны (эссе)

Адам жанының бағбаны (эссе)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:



Жамбыл орта мектебі









Эссе


Тақырыбы:Адам жанының бағбаны





Мектеп психологы:

Шаңбаева Қарлығаш

Сарсенбайқызы












Адам жанының бағбаны

(эссе)


Мамандық таңдау әр адамның ең маңызды шешімдерінің бірі. Осыдан бірнеше жылдар бұрын менің алдымда мыңдаған мамандықтар ішінен өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды. Өз мамандығыма таңдау жасауда Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл-жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген нақыл сөзін өзіме бағыт сілтер темірқазық қылып алдым. Мені не қызықтырады, жаным нені қалайды, неге икемім бар деген сауалдарға жауап алдым да, «жантану» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар жолға шығуға дайындық жасадым және сол жолмен әлі жүріп келемін.

Психолог,- ол кім? Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан – дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған, мен игерген мамандықтың ғажайып тылсым сыры.

Осы уақытқа дейінгі еңбек жолымда жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, кездескен қиындықтардан шыға білу дағдысының қалануы, келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «мені» бар , көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті, саналы боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланатынын білдім.Ал, түсінгенім- нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде қарай отырып, олардың жан дүниесіне бойлай білу. Әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екенін әр парағын ашқан сайын жаңалық тауып, қызығу, таңырқау, қиналу, қынжылу болатынын аңғардым.

Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Диқанбыз біз жерге емес жүректерге,

Ұлан- асыр өлшеусіз тілектерге.

Дән орнына төзім мен сенім егіп,

Ық боламыз пана іздеген үміттерге - деп ақын жүрегінен шыққан осынау бір өлең шумақтары мамандығыма деген махаббатымды күшейте түседі.

Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен, ата-анамен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйтқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады. Психолог сөзі -жан азығы, жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, шаттыққа бөлейді, өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді,түңілу тұңғиығын өшіреді. Әр маман иесінің өз мамандығына деген қарым-қатынасын мына бір аңыз әңгімемен толықтырғым келеді

Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатсың?» деген дананың сұрағына: «Көрмей тұрмысың, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арба сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «не сітейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»- дейді.Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» -деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқаны мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі...

Міне, жақсы, жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймыз.Ол сенің өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.... Әсіресе, психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа тек ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып жұмыс жасауы бұрыс әрекет деп ойлаймын. Алдыма келген немесе рухани құлдыраған адамға қайткен күнде де қол ұшын беріп, дұрыс таңдау жасауына кішкене болса да бағыт –бағдар беруге тырысамын. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып мектебімдегі әр оқушыға, ата-анаға, мұғалімге, қызметкерге қолымнан келгенше білімім мен тәжірибемді, рухани құндылықтарымды ұштастыра отырып, көмегімді тигіземін деген ойдамын және жұмыс барысында кездескен қиындықтарда М. Мақатаевтың мына бір өлеңін ұраным етіп жүремін, басқаларға да басшылыққа алуға ұсыныс беремін.

Өмір, өмір !

Болмайды түңілуге ,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

































Кәсіптік қызметке өзіндік талдау


Білім көтеру курстары:


Курс, семинар тақырыптары

Уақыты, куәлік номері және беруші мекеме

  1. ЭЕМ операторы

452 Куәлік №0045699 . 2001 жыл 24 желтоқсан

  1. «Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы

035466 2010 жыл

  1. Жалпы білім беретін мектептерде психологтың қызметін ұйымдастыру

Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты 2010 жыл 18-23 қаңтар №103

  1. Өзін-өзі тану пәнінің оқыту ерекшеліктері мен әдістемесі

2848 /26 маусым

  1. «Жаңа формация мұғалімі оның қазіргі жағдайдағы ғылыми-әдістемелік қызметі»

8992012 жыл 12-17 наурыз№ 899

  1. «Жасөспірімдер арасындағы суицид пен қатерге бейім мінез-құлықтың алдын алу»

Сертификат. «Келешек» психологиялық орталығы 2012 жыл. Астана қаласы

  1. Стресске төзімділікті қалыптастыру және эмоционалды күйзелісті алдын алу дағдыларын дамыту.

Сертификат. «Келешек» психологиялық орталығы 2013 жыл. Астана қаласы




Мамандығым бойынша жетістіктер:


Байқау атаулары

Нәтижесі

  1. Облыстық педагогикалық оқу - 2013 жыл

ІІІ орын

  1. Қалалық педагогикалық оқу - 2013 жыл

І орын

  1. Жылдың таңдаулы психологы - 2008 жыл

І орын

  1. «Қазақстандағы психология ғылымының көкейтесті мәселелері: теориясы, тәжірибесі және болашағы» республикалық ғылыми –практикалық конференцияның материалдар жинағы- 2008 жыл

«Бала қорқынышын ойындар арқылы түзету


Қоғамдық жұмыстар бойынша жетістіктер:


Байқау атаулары

Нәтижесі

  1. Қалалық келіндер сайысы - 2010 жыл

ІІІ орын

  1. Атырау селолық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай

Алғыс хат

Мектептегі психологиялық қызметтің тақырыбы: Психология ғылымының тиімді әдіс тәсілдерін пайдалана отырып мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық саушылығына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әр-түрлі қиыншылықтарды түзету. Мұғалімдер ұжымында психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялықсауаттандыру жолдарын қарастыру.

Жамбыл орта білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері айқындалып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 желтоқсан №528 бұйрығы мен Орта білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын басшылыққа ала отырып, білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылар оқушылармен, мұғалімдермен ата-аналармен психологиялық диагностикалау, кеңес беру, алдын алу, ағарту және түзету-дамыту, әлеуметтік-диспечерлік бағыттары бойынша жұмыс жасайды.

2011/12 оқу жылы

2012/13 оқу жылы

2014/15 оқу жылы

Жалпы оқушы саны - 374

383

425

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары

Көп балалы – 64

Жартылай жетім -15

Аз қамтылған -25




44

15

25



46

26

6

Тасымалданып оқитын оқушылар саны - 48

60

82

Диспансерлік есепте тұрғаны - 58

78

78

Үйден оқитын оқушы саны -2

2

-

ПМПК апарылғаны -

10

8

Мектепішілік тәртіпсіздікке бейім оқушы есебінде тұрғаны - 2

2

1

Әртүрлі тақырыптарда оқушыға, мұғалімге, ата-анаға психологиялық кеңес берілді және топтық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді


2010/11 оқу жылы

2011/12 оқу жылы

2012/13 оқу жылы

2014/15 оқу жылы

Психологиялық кеңес – 85 адамға

87

125

І ж/ж - 92 адам

Психологиялық топтық түзету-дамыту, анықтау жұмысы - 80

70

120

І ж/ж - 76

Әр оқу жылының ішінде мектепке жаңадан келген оқушы және жас мұғалімдердің ұжымға бейімделуіне көмек көрсету, ұжыммен қарым-қатынасты нығайту, тәжірибелі мұғалімдермен әдістемелік көмек алу мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылып отырады. Жылына екі рет және кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысында және тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысында түрлі тақырыптарда бала тәрбиесіне байланысты тренинг-сабақтар, психологиялық кеңестер, ағарту жұмыстары жүйелі жүріп отырады.

1,5 сыныптардың психологиялық саулығын қалыптастырудың бір бөлігі жеке тұлғаның мектепке, орта буынға бейімделуі кезінде қиыншылықтарын анықтап,түрлі анықтау -түзету,жұмыстары жүріппедагогикалық кеңесте, директор жанындағы мәжілісте қаралып, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне ұсыныстар беріліп отырады.Оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы барысына психологиялық көмек көрсету, болашақ білім алу бейімі мен мамандығын таңдау, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау мақсаттарына сүйене отырып, кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бойынша әр оқу жылының ақпан-сәуір айларында апталық өтіп, онда психологиялық тренингтер, ашық тәрбие шаралары, маман иелерімен кездесу кеші, түрлі көрме- байқаулар және апталық қорытындысыретінде оқушыларға бағыт –бағдар беру мақсатында арнаулы оқу орындарының өкілдерімен кездесу кеші, психодиагностикалық жұмыс түрлері т.б. жүргізіледі. Мысалға:

Д. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тестін откізу барысындағы 9-11 сынып оқушыларының әр оқу жылындағы көрсеткіші


2011/12 оқу жылы

2012/13 оқу жылы

2014/15 оқу жылы

Реалистік тип - 3 %

15 %

17%

Зияткерлік тип - 3 %

3,2%

10%

Конвенциалды тип -18 %

10%

10%

Әртістік тип - 18 %

25%

20%

Әлеуметтік тип - 21,2

22,5%

27%

Іскер тип – - 33,3

32,2%

30%


Мамандық таңдаудағы дайындық деңгейлері


2011/12 оқу жылы

2012/13 оқу жылы

2014/15 оқу жылы

Жоғары - 3%

20 %

22%

Орташа- 60%

58%

60%

Төмен - 36,3%

26%

18 %


ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, 11 сынып оқушыларын психологиялық тұрғыда дайындауға жұмыс жоспары жасалған. Соның негізінде оқушының ҰБТ-ге дайындық деңгейі анықтауға байланысты ата-анаға оқушыға сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша психологиялық кеңестер беріліп, түзету жұмыстары жүргізіліп келеді. Мысалы : «Әр күн жақсылық әкеледі, Өз-өзіңді тәрбиеле, біз және ҰБТ, Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?, Танымыңды зерделе» тренинг- сабақтары.

Қазіргі таңда өзекті мәселе ретінде қаралып отырған дәстүрлі емес діндердің жастар психологиясына әсері және суициалды мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түрлі сауалнамалар жүріп , қорытындысы бойынша «Мен бақытты баламын», «Мен өмірге ғашықпын», «Алынбайтын асу жоқ», «Жарасымды қарым-қатынас», «Ата-анаң асыл тұғырың», «Жастарға діни тәрбие немесе дәстүрден тыс діни ағымдардағы сананың улануы туралы мәселелер» тақырыптарында тренинг-сабақтар, пікіралмасу кештерін өткізіп тұрамын.

Мектеп бойынша тәртіпсіздікке бейім оқушылар психологиялық бақылау есебіне алынып, күнделік жүргізіліп, ата-анасымен байланыс жасалып отырады.


Сонымен қатар,оқу-тәрбие үрдісіндегі психологиялық ахуалды анықтау бағытында әр сыныптың сабақтарына аптасына 5-6 рет қатысылып, кеңестер, ұсыныстар жасалады. Мектеп психологы кабинеті жабдықталып, әр түрлі бағыттағы психологиялық диагностикалық және профилактикалық әдістемелік материалдар барынша жинақталған. Өз білімін көтеру жоспары бойынша білім көтеру семинар -тренингтерден, курстардан өтіп, тәжірибе жинақтау мақсатында түрлі облыстық, қалалық ағарту жұмыстарына қатысылып отырады.
























Шығармашылық есеп


Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің тәжірибесінде мектеп жасындағы балалардың психологиялық саулығы өзекті мәселе деуге болады. Мұндай мәселелер әр уақытта кездесе беретін және балалардың онтогенездік дамуының барлық кезеңдерінде балалармен психологиялық жұмыстың тәжірбие деңгейінде қарастырып, әрі терең зерртеуді талап етеді. Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп, «өзіңді өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының да өзектілігі артып келеді. Оқу тәрбие үрдісіне қосар үлесі мол екенін педагогтар мойындап, психология ғылымына ден қойып, бет бұра бастады. Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинский. Оның көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым қатынаста екендігін дәлелдейді.

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі тағы да – ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшін жеке тұлғаны толығымен танып білу керек. Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайын психологиялық ерекшеліктерін, бейімделуін ескермегендіктен педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасында кикілжіңді жағдайлардың туындауы , оқушы қызығушылығының төмендеуі, қарым- қатынастың шиеленісті жағдайлары, мазасыздық, күйзеліс, оқшаулану т.б тиімсіз жағы пайда болуда.

Психологиялық саулықты бір кең құбылыстың яғни психологиялық бір бөлігі ретінде баланың жеке дамуымен жеке бастың адамдық көріністерімен тығыз байланыта қарастыру керек. Еңбектің қай түрінде болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырса ғана жақсы нәтиже берері хақ. Адамның жан дүниесі мен сырласып, оның психологиясын зерттеу және сапалы, жан жақты психологиялық көмек беру психолог маманның жетістігі, жемісі.

Жоғарыда айтып өткендей оқушылардың психологиялық саулығын қалыптастырудың бір бөлігі жеке тұлғаның мектеп өміріне бейімделу кезіндегі мазасыздығын,қорқынышын, үрейін анықтау және түзету. Бұл көтеріп отырған мәселе күрделі, әрі жан-жақты. Әрбір тірі жан дүниеге келгеннен бастап, өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы беімделуге тырысады. Соның ішінде мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін мектеп өміріне, бастауыш сыныпты аяқтаған оқушы, оқытудың екінші сатысы орта буынға, оқытудың үшінші сатысы негізгі мектепке және мектепке қабылданған әр жаңа оқушы, жаңа ортаға, сонымен қатар түрлі мектеп жағдайындағы өзгерістерге (жаңа мұғалім, жаңа орта, емтихан, т.б) бейімделу сатысынан өтетінін атап өтуге болады.Бейімделу процесі әр тұлғаның жеке ерекшелігіне байланысты әртүрлі өтеді. Осы жағдайларды ескере отырып, «Жеке тұлғаның орта буынға бейімделу кезіндегі мазасыздығын анықтау және жою жолдары» тқырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап келемін.Мақсатым: Әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін сақтай және дамыта отырып,орта буынға бейімделу үрдісіндегі қиншылықтарды анықтау кезінде көмек көрсету, психологиялық саулығын қалыптастыру. Міндеттері: Оқуға , пәнге деген қызығушылығы мен қарым-қатынасын арттыру; Мұғаліммен, оқушымен, ата анамен қарым-қатынасын қалыптастыру; Жеке тұлға бойындағы үрей, қорқыныш, мазасыздықтарын жою.

Бастауыш мектептен ортаңғы буынға көшу балалықтың ең бір тұрақты даму кезеңнің аяқталуымен тұспа тұс келеді. Бала үлкен өмірге өтуге, балалықпен қоштасуға дайын ба? Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, балалардың көпшілігі бұл оқиғаны өмірдегі ең басты қадамы сияқты қабылдайды. Бастауыш мектептен ортаңғы буынға өту оқушының психикасына әсер ететін жүктеменің ұлғаюымен байланысты. Яғни, орта мектепте оқыту жағдайы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші, пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге ауысады. Әртүрлі таныс емес пәндер қосылады. Оқу шарттарының күрт өзгеруі, әрбір мұғалімнің оқушыға қоятын талаптарының әртүрлілігі мен сапалық күрделігі, тіпті бастауыш, мектепте «ең үлкендері», ал қазір ортаңғы буында «ең кішілері» болып қалуының өзі оқушы психикасына едәуір күш түсіреді. Бейімделу кезеңінде баланың ауру сырқауы көбейеді. Бұл ауру сомматикалық түрде болады. Бір балалар жасқаншақтап, үрейленіп жүретін болса, екінші біреулері шамадан тыс улап-шулап, жыбырлақ, тынымсыз болып кетеді. Олардың жұмыс қабілеті төмендеп, салдыр салақ бола бастайды, ұйқылары бұзылып, тәбеттері тартпайды, сылтаулары көбейіп, шағым айту басталады.Аталған мәселелер оқушының өмірін қиындатады дегенмен де айырмашылықтардың ,қарама-қайшылықтардың кейде пайдалы, жарқын жақтары да бар. Оқушы алғаш рет әртүрлі талаптардың ортасында қалып,оларды ескеріп,соған байланысты туындаған қиындықтардан шығуды үйренсе, болашақ өміріне қажетті дағдыларды меңгере бастайды. Бұндай ауытқушылықтар шамамен балалардың 70-80% на тән құбылыс. Балалардың көпшілігінде бұндай ауытқушылықтар оқу басталғаннан кейінгі 1 ай немесе ай жарым уақыттан соң өте бастайды. Ал кейбір балалардың бейімделуі 2-3 ай немесе одан көпке созылып кетеді. Қазіргі мектепке үйренісудің маңызды критерийлерінің бірі - бала денсаулығы және оқу жүктемесінің әсерінен денсаулық көрсеткішінің өзгеруі

Осы айтып өткен қиынщылықтарды анықтау және түзету мақсатында, оқушымен, мұғаліммен, ата-анамен кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.Онда мына әдіс -тәсілдер пайдаланылды:

1. Оқу –тәрбие процесіндегі ахуалды анықтау . (Сабаққа қатысу)

2.Мектептегі мазасыздық анықтау. (Филипс)

3. Социометриялық әдіс.(Морено)

4. Темперамент типі (Айзенк)

5. Өзін-өзі бағалау әдістемесі

6. Оқу пәндеріне деген қарым қатынасы мен қызығушылығы

7. Мұғаліммен қарым қатынас әдістемесі

8. Мектептегі іс-әрекеттер (аяқталмаған сөйлем)

9. Әлемде жоқ жануар әдістемесі.

10. Таным үрдістерін анықтау

11. Баланың жағдайын бақылау картасы

Соңғы үш жылдағы 5 сыныптардағы мектептегі мазасыздық деңгейінің көрсеткіші.

2011/12 оқу жылы


2012/13 оқу жылы

2014/15оқу жылы

Жоғары деңгей– 11,1 %

Орташа деңгей – 9%

Жоғары деңгей– 9,3%

Орташа деңгей– 91%

Жоғары деңгей – 8%

Орташа деңгей– 92%


Сонымен қатар орта буынға аяқ басқан әр жеке тұлғаның өмірін мұғаліммен қарым –қатынассыз елестету мүмкін емес. Кейде мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасқа түсуі қиындық туғызады. Оның себептері:

  • Әр баланың психологиясын жетік білмеуі

  • Баланың жанын жаралайтын сөздер айтуы

  • Мұғалім этикасының төмендігі

  • Авторитарлық стильді пайдалану

  • Әлеуметтік жағынан бөлуі

  • Іс-әрекет, ойын, сөзін әділ бағаламауы т.б.

Мектептегі іс-әрекеттер атты аяқталмаған сөйлемдер әдісі де жүргізіліп, оқушылардың мектеппен, оқушылармен, мұғаліммен қарым-қатынасы, мектеп өміріндегі іс-әрекеттер, қысым көрушілік, мазасыздық , қорқынышы анықталды.Әдістеме қорытындысы бойынша әңгімелесу әдісі жүргізілді. Оқушылардың жеке ерекшелігін зерттеу мақсатында «өмірде жоқ жануар» әдістемесі жүргізіліп, жеке оқушыларға сипаттама беріледі.

Барлық жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы талданып, жеке оқушыға мінездеме беріліп, сынып жетекшілеріне таныстырылды және педагогикалық кеңесте қаралып, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне ұсыныстар берілді. Оқу үлгерімі жәй оқушыларға қарағанда оқу озаттары мен екпінділерінің білімді тексеруден үрейлену, айналасындағылар күткен нәтижеден қорқуы жағдайындағы мазасыздығының жоғары болуы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының да мазасыздығы жоғары болатыны және оқу үлгерімдерінің төмендеуі, денсаулығына үнемі шағымданатыны, шамадан тыс тынымсыз, ұқыпсыз немесе тұйықталғандығы байқалды. Мазасыздығы жоғары, бейімделуі қиын жеке оқушылардың оқушылармен, мұғалімдермен, қарым-қатынасын нығайту, өз-өзіне сенімділігін арттыру, тұлға бойындағы жағымсыз мінез –құлықты жою,мазасыздығын, қорқынышын жою, мақсатында «Көңілді балақай, таным үрдісін дамыту, менің сыныптағы көңіл-күйім » т.б. психологиялық тренинг өткізілді.Балалардың ойын қозғау мақсатында бастауыш сыныппен 5 сыныптың қандай айырмашылығы бар?, 5 сыныптағы қандай қиыншылықтар мен қызықтарды айта аласың, 5 сыныпта оқу саған ұнай ма?, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасың қандай? т.б.сұрақтар беріліп, әңгімелесуден басталды.Трнингтің жүру барысында әртүрлі жаттығулар қамтылды.Танысу, мақтану, сынып жетекшіге хат, жарнама, сыңарыңды тап, менің 4 сыныптағы кезім мен қазіргі кезім, зоопарк, құлақты массаждау т.б. Әр оқушы өз ойын ашық айтып, жаттығуларға белсене араласты.

Жүргізілген зерттеу және түзету жұмыстарының нәтижесінде: оқушы үшін

  • мінез -құлқы реттелді

  • мазасыздығы, қорқынышы қалыпқа келтірілді

  • мектеп өміріне бейімделуі бірқалыпқа түсті

  • жеке қабілеттері мен қасиеттері ашылды

  • оқу пәндеріне қызығушылығы артты

  • өз-өзіне сенімділігі қалыптасты

  • қиын жағдайдан шығу іскерлігін үйренді

  • мұғаліммен қарым-қатынасы жақсарды

  • денсаулығы жақсарды

  • сыныппен қарым-қатынасы жақсарды

Мұғалім үшін

  • Кәсіби шеберлігі шыңдалды

  • Оқушылармен қарым-қатынасы жақсарды

  • Ата-анамен тығыз байланыс орнады

  • Ұжыммен қарым-қатынасы нығая түсті

  • Педагогикалық әдеп нормаларын сақтауды үйренді

  • Жеке тұлғаның ерекшеліктері ескерілді

  • Өз пәнінің беделі үшін күреседі, еңбегіне сеніммен қарай бастады.


Ата-ана үшін

Мектеппен,мұғаліммен, психологпен тығыз байланыс орнады

Педагогикалық,психологиялық сауаттылығы артты

Балаларының оқу-тәрбиесіне көңіл аудара бастады

Тән саулығымен қатар жан саулығының маңыздылығын ұқты

Мектеп өміріндегі өзгерістерге ден қоя бастады


Психолог үшін

Оқушы, мұғалім, ата-ана алдында беделі көтерілді

Практикалық, теориялық тұрғыда кәсіби шыңдалды

Мамандығына деген қызығушылығы артты

Әдістемелік қор жинақталды

Қорыта келе,мынаны айтқым келеді. Балалармен жүйелі жұмыс жасау психолог шығармашылық ізденісінің туындысы. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға тырысатыны сияқты, әрбір психолог баланың даму барысындағы мазасыздықты дер кезінде тауып түзету енгізіп, мұғаліммен, ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасаса нәтижесі өнімді болмақ. Әр мұғалімде тәуіптің көзі, ақынның жүрегі, суретшінің қиялы болса, әр шәкірттің жүрегіне жол тауып, жан дүниесі мен дені сау бала тәрбиеленеді. Ал, жан дүниесі мен дені сау бала әрқашанда білімге құштар, өмірге көзқарасы түзу жан-жақты бейімделген тұлға болатыны сөзсіз.











Жамбыл орта мектебінің педагог-

психологы Шаңбаева Қарлығаш

апайға 11 сынып оқушысы

Туралиева Гауһардың



Пікірі


Мен үшін, өзім оқитын Жамбыл орта мектебі ұлағатты ұстаздарға толы. Солардың бірі педагог психолог мамандығын өз деңгейінде атқарып жүрген және өзін-өзі тану пәнініен дәріс беретін Шаңбаева Қарлығаш ұстазымыз. Апайды біздің сынып түгелімен сыйлайды, жақсы көреді. Ол кісінің әр сабағы өте қызықты, өмірлік мәні бар дәрістерге толы. Өзін-өзі тану сабағы өткен сайын шыншылдықты, тазалықты, сыйластықты бір сөзбен айтқанда адам өміріндегі қарым-қатынастағы адамгершілік құндылығын бойымызға сіңіріп келеміз. Осындай керемет пәнді бізге тамаша түсіндіре алады. Биылғы оқу жылы біз үшін аса маңызды. Себебі, бізді Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы көрсеткіш көрсету жауапкершілігі күтіп тұр.Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындауда біздің сыныппен етене араласып, көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Мысалға: «Әр күн жақсылық әкеледі», «Біз және ҰБТ» тақырыптарында тренинг-сабақ, «Ар-ұждан –адамдық өлшемі», «Ата-анаң –алтын тұғырың» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, қыз бала тәрбиесі, қиыншылықтан шығу жолдары, төзімділік, сабырлық, жас ерекшелік кезеңдеріне, қоғамдағы келеңсіз жағдайларға және жеке басымыздағы жағдайларға байланысты психологиялық кеңестер беріп отырады. Апайымыздың бойынан сабырлықты, мейірімділікті, жауапкершілікті көруге болады. Қандай жағдайда болмасын әр оқушының ішкі жан дүниесіне үңіліп, түсіне алады. Мен апайыма барлық сырымды жасырмай айта аламын және сенім білдіремін.



11 сынып оқушысы : Туралиева Г


Жамбыл орта мектебінің

педагог –психологы

Қ. Шаңбаеваға ата-ана

Л. Какимовадан


Пікір


«Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез сияқты қасиеттермен озады" деген ұлы Абай сөзі қай уақытта да өз мәнін жойған емес. Озық ойлы , білікті мамандар заманның, қоғамның дамып-өзгеруіне өз үлесін қосатыны сөзсіз. Осындай өз кәсібінің білікті маманы- Қарлығаш Сәрсенбайқызы менің ұлдарым Мұрадым Құралбек және Мұрадым Диас оқитын Жамбыл орта мектебінде біраз жылдан бері педагог-психолог мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда білім ордаларында бұл мамандықтың аса қажет екенін білеміз.Мынау әлемдік жаһандану заманында Қарлығаш Сарсенбайқызы үнемі балаларымызбен де, ата-анамен де тығыз қарым –қатынас жасап , нәтижелі іс тындырып жүргенінің куәсі болып жүрміз. Мектепішілік жалпы және сыныпаралық ата-аналар жиналыстарында “Жақсы әкенің даналығы – балаға мың жылдық азық”, «Құлыным –мен сенің әрқашан жаныңдамын», «Өмір -теңіз жүзем демеңіз, тәрбиеден жасалмаса кемеңіз» т.б. тақырыптарында түрлі тренингтер өткізіп, кеңестер берсе, балаларымыздың міне-құлқын, қызығушылығын, қабілетін анықтауда сауалнамалар жүргізіп, дамыту жұмыстарын жүргізіп отыратындығы педагог –психологтың өз кәсібіне жауапкершілікпен қарайтынын байқатады. Балаларымыздың жан дүниесіне үңіліп, олардың күнделікті сабаққа келгендегі көңіл-күйімен танысып, балаға психологиялық тұрғыдан көмек беруде, шәкірт бойына адами құндылықтарды сіңіру жолында аянбай тер төгіп жүрген Қарлығаш Сарсенбайқызына ата-аналар қауымы дән риза. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін жауапкершілігі мол еңбек жолына шығармашылық табыстар тілеп, шәкірт жүрегіне жол тауып, жемісті еңбек ете берсін деген ата-аналық тілегімді білдіргім келеді.


Ата-ана: Какимова Л


Жамбыл орта мектебінің педагог –

психологы Қ. Шаңбаеваға

мектеп әкімшілігінен


Пікір


Қоғам дамуының күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы балалардың денсаулығына , мінез-құлқына, оқу үшін әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді туындатып отыр.Аталған қиындықтарды ретке келтіруде мектеп педагог-психологының орны ерекше. Еңбектің қай түрінде болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырса ғана жақсы нәтиже берері хақ. Мектебіміздің педагог –психологы Шаңбаева Қарлығаш Сарсенбайқызы көп жылдардан бері нәтижелі қызмет атқарып келеді. Мектеп Адамның жан дүниесі мен сырласып, оның психологиясын зерттеу және сапалы, жан жақты психологиялық көмек беру психолог маманның жетістігі, жемісі. Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп, «өзіңді өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының да өзектілігі артып келеді. Оқу тәрбие үрдісіне қосар үлесі мол екенін педагогтар мойындап, психология ғылымына ден қойып, бет бұра бастады.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Адам  жанының бағбаны

 (эссе)

         Мамандық таңдау әр адамның ең маңызды шешімдерінің бірі. Осыдан бірнеше жылдар бұрын менің алдымда мыңдаған мамандықтар ішінен өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды. Өз мамандығыма таңдау жасауда Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне  икемділік қажет, бұл-жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген нақыл сөзін өзіме бағыт сілтер  темірқазық қылып алдым. Мені не қызықтырады, жаным нені қалайды, неге икемім бар деген сауалдарға жауап алдым да, «жантану» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар жолға шығуға дайындық жасадым және сол жолмен әлі жүріп келемін.

Психолог,- ол кім? Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін  ізгі жан. Психолог – өзін терең  түсіне  жүріп, өзгелердің жан – дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа  іздейді.  «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп  Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған, мен игерген  мамандықтың ғажайып тылсым сыры.

Осы уақытқа дейінгі  еңбек жолымда жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, кездескен қиындықтардан шыға білу дағдысының  қалануы, келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «мені» бар , көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті, саналы боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланатынын білдім.Ал, түсінгенім- нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде қарай отырып, олардың жан дүниесіне бойлай білу. Әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екенін әр парағын ашқан сайын жаңалық тауып, қызығу, таңырқау, қиналу, қынжылу болатынын аңғардым.

Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Диқанбыз біз жерге емес жүректерге,

Ұлан- асыр өлшеусіз тілектерге.

Дән орнына төзім мен сенім егіп,

Ық боламыз пана іздеген үміттерге - деп ақын жүрегінен шыққан осынау бір өлең шумақтары мамандығыма деген махаббатымды күшейте түседі.

Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен, ата-анамен  мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйтқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады. Психолог сөзі -жан азығы, жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, шаттыққа бөлейді, өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді,түңілу тұңғиығын өшіреді. Әр маман иесінің өз мамандығына деген қарым-қатынасын мына бір аңыз әңгімемен толықтырғым келеді

Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатсың?» деген  дананың сұрағына: «Көрмей тұрмысың, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арба сүйреген  кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «не сітейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»- дейді.Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» -деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқаны мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген  жұмысы  бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі...

Міне, жақсы, жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға   жауап тапқандаймыз.Ол сенің өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген  қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.... Әсіресе, психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа тек ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып жұмыс жасауы бұрыс әрекет деп ойлаймын. Алдыма келген немесе рухани құлдыраған адамға қайткен күнде де қол ұшын беріп, дұрыс таңдау жасауына кішкене болса да бағыт –бағдар беруге тырысамын. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып мектебімдегі әр оқушыға, ата-анаға, мұғалімге, қызметкерге қолымнан келгенше білімім мен тәжірибемді, рухани құндылықтарымды ұштастыра отырып, көмегімді тигіземін деген ойдамын және жұмыс барысында кездескен қиындықтарда М. Мақатаевтың мына бір өлеңін ұраным етіп жүремін, басқаларға да басшылыққа алуға ұсыныс беремін.

Өмір, өмір !

Болмайды түңілуге ,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 15.02.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1134
Номер материала 389484
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх