Инфоурок Другое КонспектыАқиқат нұры ешқашан өшпейді

Ақиқат нұры ешқашан өшпейді

Скачать материал

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

 

 

 

Тақырыбы: 

 Ақиқат нұры ешқашан өшпейді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:  Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Родниковка орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Боқырова Аяжан Болатбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жоспары:

 

1.Кіріспе бөлім.

 

1.1 Ақиқат тереңде

 

2.Негізгі бөлім.

 

 2.1.Ақиқат – сізді еркін етеді.

 

 

3. Қорытынды. Ақиқаттың өз нұры бар.

 

4.  Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, алдамдарға өте қажет десем болады . Құндылықтар адам бойында бар және ол нәсілге, ұлтқа, адамның жынысына қарамайтын құнды жаратылыс деуге болады. Құндылықтар адамның өміріне, шығармашылығына, еңбегіне баға беріп отырудан тұрады. Оқу бағдарламасына құндылықтарды оқытуға арналған «Өзін – өзі тану» пәнін енгізу арқылы адамның жан дүниесінің рухани дамуына жол ашамыз.  Мәңгілік құндылықтар ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау  құндылықтары білімнің негізгі өзегі болып табылады. Адамның жақсылық жасауы, ақиқатты танып, шынайы сөйлеуі және айналасына қамқор болуын бойында бес құндылықтың сәулесі бар рухани бай тұлға деп есептеудің негізі бар емес пе? Құндылықтар — қасиет, ал қасиетсіз адам болмайды. Олар бізге  бала кезден, ананың  сүтімен бірге, өз тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрлерін игеру арқылы қалыптасып адам  бойына дариды. Құндылықтарды танудағы ең қиындығы – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.

Жас ұрпақтың бойына құндылық қасиеттерін  күнделікті  өмірде  қолданатын жіне  шынайылықпен, қателіксіз, уайым - қайғысыз, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз.

 Егер адамды бәйтерек ағашына теңесек оның адам болып дүниеге келгенін, болмысын, тамырын - ақиқат деп танысақ, ағашты сумен суарып, суды сүйіспеншілікке теңейміз,осы мәңгілік болмысыңды ақиқатты сүйіспеншілікпен суарсақ, дұрыс әрекет танытамыз,бәйтерек діңі берік болса, ішкі тыныштығымыз орнап, ешкімге қиянат жасамай, көзімізбен жайдары, шуақты өмірді ғана көреміз,көзіміз шуақты көргеннен кейін ағашымыз тәтті жемісін береді. Осы мәңгілік құндылықтардың ішіндегі ақиқат құндылығына тоқтасам, адамның дүниеге келуіне себепші жаратушымыздың бар екенін мойындау және оның барлық адамның өсуі мен өну ықпалдығына шынайылықпен қарау, өмірдегі ақиқаттың барын мойындай білуі керек .Барлық қоршаған әлем мен айналаға ақиқатпен қарау және ақиқат бар, ол әр жерде екенін мойындай алу.

Ақиқат тереңде – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы, барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән.Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

   Ақиқатты тануға ұмтылыс адамға өзіне кім екенін түсініп, өмірдегі өз мақсатын ұғындыруға жол ашатын, өмір сүрудің қаншалықты маңыздығы бар екенін түсініп, ішкі жан дүниесіндегі ізгі ойларын жүзеге асыруға ықпал етеді. Ақиқат– адамның ойларының өзгермейтін қасиеті деп есептеймін, оны жарыққа шығару адамның шынайы болмысын түсінуге, тануға көмектеседі, шындығында адамның болмысын түсіне алмай жатамыз, өйткені қазіргі қоғамдағы сыртқы күштердің, адамдардың арасындағы алаауыздық, бір – біріне деген сенімсіздіктің әсерлерінен адам өз мінезі мен табиғи болмысын тани алмай жатады.

     Ақиқатты тану бір күндік шаруа емес. Отбасынан басталып тәрбие мектеп табалдырығында өз жалғасын табуы керек. Осы мақсатта мұғалімнің бала тәрбиесінде алар орны маңызды.Мұғалім сабақта   оқушыны ақиқатқа, шынайылыққа  тәрбиелеу жолдарына түрлі, мағыналы  аңыз -  әңгімелер, мысалдар мен өлеңдер,  оларға құндылықтарды ашу арқылы  сұрақтар қойып, үздіксіз еңбектенсе  нәтижесін көреміз. Өз бойымдағы мәңгілік  жалпыадамзаттық құндылықтар  туралы  алған әсерім,бойымдағы күн сайын өзгеріп жатқан  ойларым мен іс –әркет пен қасиеттерім арқылы тәжірибемді күнделікті толтырып  отырсам, сонда ғана шәкірттерімнің жүрегіне жеткізе  аламын деп  ойлаймын. Осы пән бойынша біліктілік арттыру курсына 2010 жылы келген болатынмын, одан бері біраз жыл болып кетті,осы оқу жылының  екінші тоқсанында «Өзін – өзі тану» пәнінен жаңартылған бағдарламамен курс болғанда таң қалдым, 2010 жылы өткен курстағы білімім мен осы кезге дейін бұл пән бойынша берген сабақтарым үшін қатты ұялдым,сол курста тәлімгер болған Айжан Серикбаевның айтуы бойынша ойнап жүріп сабақ беру әдістері үшін қатты күлдім және өзіме жан –жақты сәулелі ойлар келіп, осы курсқа келуге талпындым. Курсқа ойланбастан  келісімімді бердім, себебі  пәнге  деген  қызығушылым, білмеген  сұрақтарымның жауабын сол  курстан  алатыныма  сенімді  боған  едім. Күндер өте тренеріміз әр түрлі тақырыптарға байланысты,өз өмірімен  байланыстырып жағдаяттарды  талдағанда, оның арасында әртүрлі әндер орындап, видиороликтерді  өмірді танымастай, жаңа дүние есігін ашқан сәбидей жан дүниемде өзгеріс жасаудың ойланып отырдым.                                            Оқып жатқан курсымыз мені  жақсы жақтарға өзгертіп жатыр,оны қоғамдық көлікке мінгенде, айналамдағы адаидарға көзқарасымнан аңғарып жүрмін.

    «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұны адамды және оқушыларды  адамгершілікке, мейірімділікке, азаматтыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге негіз болатын жалпыадамзаттық  құндылықтардан тұрады.  Бірінші «Жүректен – жүрекке» кезеңінде дәріс пен модульді қорғау барысында,   менің  көңіл-күйімді, сезімімді,   сабақтан   алған әсерімді, анықтауға жол ашты. Пәндегі барлық   тақырыптарды өткенде мен  оларды өмірдегі болып жатқан жағдаяттармен салыстырып , қандай қателіктер жібергенімді немесе қандай жетістіктерге жеткенімді аңғардым және сол арқылы алдағы атқаратын жұмыстарыма, сол жетістікке қайта жетуге ұмтылдым, қателікті түзеуге  талпындым.  Сабақ барысында шынайы ойландым , жүрегіме түйіп, сол тақырыптағы, мәтіндегі  кейіпкерлермен бірге өмір сүргендей болып қиналдым, нәтижеге жеткенде қуанып  та алдым.  Бұл  өз-өзіңді танудағы менің алғашқы  қадамым, алғашқы өзгеріске деген ұмтылысым. Осындай жағдайларда  ақиқатты тану, ақиқатпен , шынайылықпен шешім қабылдауға ,ешкімге қиянат жасамай ,сүйіспеншілігін аямай бізге  көмектескендей, тренеріміз Лаззат Аймағанбетованың  ерен еңбегі зор болды.Өмірде  жаны жайдары жақсы адамдардан   білім алып, жанымдағыларға сүйіспеншілік нұрын жаудырып отырсам,өзім және оқушыларым    көптеген  жетістіктерге жеткен болар еді.  Сол кезде біздің қазақ  халқы  ең мәдениетті, әділетті, ынтымағы мол, нағыз тәуелсіз ел болар еді. Сабақта оқытушымызбен бірге көрген сабақ жоспарлаудағы қиындықтарымыз бен сәтті күндеріміз менің  жұмысыма шабыт берді, құндылықтардың түрлерін біліп, өз бойымызға жаңалықтар  аштым. Бұл курс мені өзін - өзі тану пәніне деген құштарлығымды арттыра түсті, шабытымды шыңдай түстім, өмірімнің жаңа қырларын танытты.

     «Ақиқаттың өмірдегі маңыздылығы не?»деген сұрақтарға ішкі дауысыммен жауап бердім.Адам әрдайым жаман ойдан арылып, жарқын ой ойлауы керек. Себебі, нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатады, ойын еркін етеді, Мен - ақиқатты танып, дұрыс әрекет етуге талпынып, қиянат жасамауға ұмтылып, айналамдағы оқушыларыма, отбасыма, туыстарыма, айнала қоршаған ортаға, бүкіл әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын болдым, себебі мен ішкі тыныштығымды, бойымдағы сабырлылық деген қасиетімді таптым. Айналаңда жүрген адамдардың қайсысы шын дос, қайсысы адал екенін ажырата алмаймыз , кейбір  адамдар жалғандықты жанына серік етеді,өтірік сөйлеуге дағдыланған, сол жалғандығымен тапқан пайдасына мастанып жатады,кейін оның залалы тиетінін ескеріп, елемейді де.Соның нәтижесінде ақылы мен санасындағы өтірігінен адасып, алданады, шынайылықтан, шындықтан адасады,ондай жағдайда адам өзін тар,әрі қараңғы бөлмеде қалғандай сезінеді. Менің сабақ жүргізуімнің барысында әріптестерімнің арасындағы маған деген сенімсіздігі және Өзін – өзі тану пәніне деген мойындамаушылық сезімдері кедергі жасады, бірақ өзімнің бойымдағы құнды қасиетім сабырлылық танытуымның,шынайылығымның нәтижесінде деп ойлаймын, айналамдағылардың сөзін жоққа шығарып, сабағым сәтті өтті, оқушыларым қатты қуанды, сабаққа қатысқан әріптестерімнің ойын өзгерттім.

ізбенАқиқатты ерекше атап өтуіміз  керек. Себебі, ақиқат адамды шыңдап  дұрыс әрекетке   тәрбиелейді. Сондай-ақ ақиқат  ол шын сөйлеу, өзгені  келеңсіз жағдайға қалдыру емес ,сүйіспеншілікпен ықыласпен сөйлеу,  қоғамға сай әрекет ету, барлығына қолынан келгенше көмек беру, дұрыс әрекет жасау, өтірік өрнегіне шырмалмау. Осылардың барлығы үйлесім ді болса,  адам шынайылықта өмір сүреді. Мен сабақтарымда тәрбиелік мақсатты тек жазып қана қоюға дағдыланған едім, ал  бүгінде мен адамгершілік құндылықты, рухани – тәрбиені  алғашқы орынға қойып, осы қасиеттерді баланың бойына  сіңіру деп түсіндім. Тәрбиелеп отырған оқушылардың барлығының жүрегіне жол тауып, ақиқатқа бағыттап, шынайылыққа үйрету үшін  мұғалімнің  шеберлігі  - шабытқа толы шығармашылықты  қажет  етеді. Өзімнің педагогикалық тәжірибемді жоққа шығара алмаймын, бірақ ол уақыттар менің бала тәрбиесіндегі нәтижесіз жұмыстарым деп ойлаймын, осыдан кейінгі тәжірибемді  шуақты, шабытты кезеңдер күтуде деп елестетемін. Менің  негізгі ұстанымы – баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдыру. Осы курс барысындағы дәрістер әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды . Мен өте күйгелек , бір шаруаны бастап оны бітіргенше  мазасыз болатынмын,осы курстың нәтижесі деп есептеймін және отбасымда  бойымдағы қасиеттерімді байқап маған ризашылығын білдірді. Адам әлемді өзгертуі мүмкін емес,ең алдымен өзгерісті өзіңнен баста дегендей, бүгін мен өзім өзгерсем,  ертең менің қасымдағы әріптесім, менің шуақты шәкірттерім өзгеретін болады деп сеніммен айта аламын.  Бұл жолда маған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы  көмектесті, курста үйренген сабақтағы әдіс-тәсілдерді , өмірлік мәні бар құнды тәжірибелерді алда тиімді қолдана отырып, балаларымды, туыстарым мен отбасымда, сүйікті оқушыларымның бойына ақиқатты тани алуға. шынайы болып, адамдардың арасындағы бір – біріне деген сенімдерін арттыра  алатыныма сенімім мол. Бойымдағы кемшіліктерімді уақыт өте келе  жойып, жүрегі мейірімге толы нұрлы  Жан, Ана,Әйел,Әпке,Ұстаз атына лайықты болуды  мақсат етемін. Мақсатымның орындалуы үшін ,  жүрегімдегі қойын дәптеріме барлығын қайта жазып, өмірлік ережелер кестесін жасаймын!Ол менің қолымнан келеді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. - Алматы. 2001

2.     Мұғалімге арналған нұсқаулық.

3.     Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. 2010

4.     10 сыныпқа арналған әдептану оқулығы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақиқат нұры ешқашан өшпейді"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2017 753
    • DOCX 63.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боқырова Аяжан Болатбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боқырова Аяжан Болатбайқызы
    Боқырова Аяжан Болатбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33596
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой