Инфоурок Другое Другие методич. материалыАнашым асыл қазынам атты мерекелік іс шара

Анашым асыл қазынам атты мерекелік іс шара

Скачать материал

 

 

Тақырыбы: «Анашым асыл қазынам»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. 

 

1-жүр.-Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан-Ана.Бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны ,жылы жүзі,ыстық құшағы менмейірімін,махаббатын бере білген аналар үшін дүние жүзіндебір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол-8 наурыз мерекесі.

2-жүр. 8 наурыз адамдар да,тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!

 

1-жүр. Бұл күн біздің елімізде әйел –ананың,отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтеді.Ана махабаты адамға қанат бітіреді,күш береді рухтандырады.

 

2-жүр. АнА!Бұл сөз әрбір халықтың ішінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік те мейірімді жылы естіледі.

 

1-жүр. Ана-көркі көгімнің,

             Ана -нұры жерімнің.

             Ана- бағы баланың,

              Мақтанышы елімнің!!!

 

2-жүр.  Аналарды сүйеміз,

              Сөзін ойға түйеміз.

              Әжені де ардақтап,

               Әдеппен бас иеміз-дей отырып бүгінгі кешке

1-2-жүр.   Қош келдіңіздер!

1-жүр. Шарапат пен шапағатты тең көрген,

             Мейірім мен махаббатты тең көрген

             « Ана » деген жарық күннің өзіндей,

             Өмірге де,өңірге де өң берген.

2-жүр.  -Иә, Нұрбол ,ана деген өмірдің шуағы.Жұмақ ананың табанының астында ,-дейді ғой халқымыз.

1-жүр. -Дұрыс айтасың , Нұрсултан Олай болса сол аналарымыздың бірі мектеп директоры және орыс тілі пәнінің мұғалімі Дюсекова Айна Ертайқызына       сөз кезегін берейік.

Күй: Аманқосов Арыстанбектің орындауында «Түрмеден қашқан»

1-жүр.  Міне, осындай егеменді еліміз,

            Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

            Туған елін,туған жерін сүйетін,

      

 

  

  Бұл қазақтың азаматы,еріміз – дей келе ортада 5 «Б» сыныбының ұл,қыздарын қарсы алыңыздар. Досымжан, Әсем,Шоқан,Бекзат.

2-жүр. Құлақтан кіріп бойды алар,

           Әсем ән мен тәтті күй,

           Көңілге  түрлі ой-салар,

           Әнді  сүйсең менше сүй,-дей отырып «Анашым қартаймашы»  әнімен ортада Михраев Диас, Аманқосов Арыстанбекті қарсы алыңыздар.

              

1-жүр.  Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

             Аналардан туған небір даналар.

             Ана деген тіршіліктің тірегі,

             Сөз кезегі өзіңде  балалар!

Мәнерлеп оқу:  5 «Б» сыныбының оқушыларын қарсыалыңыздар.

Досымжан,Нұрбану,Нұрсұлтан,Арсен,Көркемай.

 

2-жүр.   Ана деген қасиетті үш әріптен құралған бұл сөздің өзі түп нұсқасы өте кең.Ана-бұл бір қолымен бесік тербетсе,бір қолымен әлемді тербететін жан.

Күй: Аманқосов Арыстанбек «Құс қайтару»

 

1-жүр   Ерлік еңбек атқарған,

            Еңбегімен мақталған

            Ел сенімін ақтаған

             Айналайын ақ анам!

 

2-жүр. -Иә, Нұрбол ,қаншама ақын, қаншама жазушы осы аналарымыз туралы ән,жыр да жазған.

Қыздар би.    Ортада «Өзбек биі»

 

2-жүр. Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

             Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.

             Әлемде сен болмасаң осылайша

             Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!

Қобыз: Темірханова Әсем

 

1-жүр.  –Иә, бүгінгі айтылғандардың бәрі шындық ,бәрі шын,жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды,ақындарды,ерлерді тауып беретін аналар.

Барлық  жақсылықты себетін де  аналар.

Сөз кезегі Жакипова Альбина Сериковнаға беріледі.

2-жүр. Ананы да, мені де әлпештеген,

            Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

           Ниетің қабыл болсын,аналарым,

           Өркендеп өсе берсін,бала-шаға ,немерелер.

Ата-аналарға сыйлық сыйлау сәті.

 

 

 

 

1-жүр.  Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

               Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

                Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,

                Сонда біз кісілікке теңесеміз.

5 «Б» сыныбы «Флешмоп»

Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

1,2-жүргізуші: Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№2 Бадамша орта мектебі»

 

 

 

 

 

«Анашым асыл қазынам»

 

( Мерекелік іс-шара)

 

 

 

 

5 «Б» сыныбы

Орындаған: Жакипова А.С.

 

 

 

 

 

Бадамша 2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Анашым асыл қазынам атты мерекелік іс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2016 1104
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакипова Альбина Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакипова Альбина Сериковна
    Жакипова Альбина Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17917
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой