Инфоурок Другое КонспектыҚанатты достар (5 сынып)

Қанатты достар (5 сынып)

Скачать материал

         Маңғыстау облысы  Жаңаөзен қаласы

№ 18 орта мектебі мемлекеттік мекемесі.

Математика пәні мұғалімі:  Орынбаева Салтанат Ахметовна

                           Сабақтың тақырыбы:  Қанатты достар!

Сабақтың мақсаты: құстардың адам өміріне пайдасы маңыздылығы және көп түрлілігі туралы білімдерін толықтыру. Құстарды қамқорлыққа алуға, табиғатты сүйюге, адамгершілікке, имандылыққа үйрете отырып экалогиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі: құстардың суреттері.

Сабақтың барысы: ертедегі жоңғар шапқыншылығында ел жерінен босып қаша жөнеоген кезде Төле бидің үйін жықпай, жұртта отырғанын көріп, қалмақтың әскербасы оның себебін сұраған екен. Данышпан ата шаңырағына қарлығаштың ұя салып, балапан шығарғанын және сол қызылшақа балапандарды қырып алмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады. Мұны естіген әскербасы ақсақалдың адам баласы сүйсінер қасиетіне разы болып, оның өзіне де, қарлығаш балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар. Сондықтан да Төле би атаны қастерлеп,«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп күні бүгінге дейін құрметтейді.

Таңмен бірге оянып,

Қызғалдақтар құлпырды.

Жасыл түске боялып,

Қызықтырып қыр тұрды.

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Жатқан көлгге мөлдіреп,

Жатырқамай қаз қонды.

 

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып,

Тоқ, тоқ, тоқ соғады.

 

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтанда тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

 

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Балалар құстарға арналған қандай болжамды білесіндер?

-         Құс жүнін үрпейтсе, жаңыр жауады, ауа-райы өзгереді.

-         Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

-         Сары шымшық ысқыра шынымен күз болады.

-         Қарға қарқылдасы, қар жауады.

-         Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

Мақалдар

·        Бұлбұл үнді, жылан тілді.

·        Құсқа аяз қатар емес, аштық қатар.

Тыйым сөз

·        Құстардың ұясын бұзба.

·        Аққуды атпа.

             «Құстарға ұя жасайық» ойыны

                  Жұмбақ шешу

                  Қызығып әр адам

                   Ұстап ап даладан,

                   Жүнінен жұлып ап

                   Бесікке қадаған

                   Бұл қай құс?

                                    (Үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәс тігемін, бұл шыным.

Құрт, қоңыз, ауоап жарысым,

Орман дәрігері боп табылам.

                                    (Тоқылдақ)

 

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

                                    (Қарлығаш)

 

Биікке салған ағаш үй,

Солғой оның мекені.

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алысқа кетеді.

                                    (Қараторғай)

 

 

Он екі айдың біреуі

Сірә оның атында

Өге ұяға із тастап,

Мен деп жар сап жүреді.

                          (Көкек)

 

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді майпаңдап.

                          (Қаз)

 

Көз жүзінде жылжып жай,

Керуен құрған тізіліп.

Ілгек-ілгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзіліп.

                          (Тырна)

 

Құс- табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, құс сұлуын аққуға теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздірген, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.

Ал, балалар бүгінгі сабағымыз сендерге үлкен ой салады деп ойлаймын. Құстармен дос болып, оларды өз қамқорлықтарыңа алып жүріңдер.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қанатты достар (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2017 1388
    • DOCX 17.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбаева Салтанат Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынбаева Салтанат Ахметовна
    Орынбаева Салтанат Ахметовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40996
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой