Инфоурок Начальные классы Конспекты«Ару ана, бүлдіршін қыз» атты ертеңгілік

«Ару ана, бүлдіршін қыз» атты ертеңгілік

Скачать материал

Тақырыбы: «Ару ана, бүлдіршін қыз» атты ертеңгілік
Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.


Шарттары: 1). Қыздың сыртқы бейнесі, киім киісі, шаш үлгісі, жүріс-тұрыс мәдениеттілігі.
2). Өзін таныстыру(тегі, туған жері, әуесқойлық ісі т.б.).
3). Білім деңгейіне көңіл бөлу.
4). Өнерге бейімділігі.
5). Қолынан іс келетіндігі, шеберлігі.
Осы шарттарға басты назар аударып көңіл бөлу.
МАРАПАТТАУЛАР:
І-орын-1
ІІ-орын-1
ІІІ-орын-1 және арнайы номинациялар( «Білімді ару», «Өнерлі ару», «Сүйкімді ару»)
1). «Ана-біздің күніміз»
2). «Қыз-өмірдің қызғалдағы»
3). «Қыз-өссе елдің көркі, Гүл-өссе жердің көркі»
4). «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ»
5). «Оқыған жетер мұратқа» т.б.
6). Суреттер, шарлар, гүлдер т.б.

Барысы:

 І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. «құрметтесек
, ананы құрметтейік» дегендей, мереке қарсаңында біз де осы аяулы ата-аналарымыздың басын қосып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.

     -Келесі кезекте осы аналарға арнаған шағын бейнеролигіміз бар еді. Соны  тамашалаңыздар!

- Бүгінгі ертеңгілігіміздің жүргізушілері: сыныбымыздың ұлдары

Оралханов Жігер мен Ғали Естай


1-жүргізуші
:-Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі 8 наурыз мерекесіне арналған «Ару ана, кішкентай бүлдіршін!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:- Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

1-жүргізуші:

Жаным анам, жүзіңнен нұр шашылған,
Қысылғанда табыласың қасымнан.
Талай-талай шаршатқаным еркелеп,
Көрініп тұр қырау шалған шашыңнан.


2-жүргізуші:

 Қуанышпен күлім қағып қарайсың,
Сәбиіңді шаттығына санайсың,
Тілегіңді жүрегіңнен сыйлайсың,
Сен – мен үшін аппақ таңсың арайсың – дей отырып кезекті аналарға арналған «әдеби монтажға» береміз. (Оқушылар тақпақтарын айтады.)

1-оқушы:

 Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

2-оқушы:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

 Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

 Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

3-оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

4-оқушы:

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

5 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
6 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
7 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
8 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
9 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!

10-оқушы:

 Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
11- оқушы:

 Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз

 

(Ата-аналарға оқушылар сыйларын табыстайды)
ІІІ. Негізгі бөлім.

1 - жүргізуші.

 Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші.

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1 - жүргізуші.

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2 - жүргізуші.

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
-Бүлдіршіндерімізді ару аналарымен бірге қарсы алайық!

1-жүргізуші:

Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
1). Тәрбие ісінің меңгерушісі-Сапанова Ш.А.
2). Бастауыш бірлестігінің жетекшісі-Берикболова Б.Т.
3). Оқу ісінің меңгерушісі-Абышева Б.Б.
2-жүргізуші:

Сайысқа қатысушы қыздар бір-бірден келіп реттік номерлеріңізді алыңыздар.

(Әр алған номер бойынша қатысушы қыз бен анасының атын айтып тұру керек)

1 - жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алды.Осы номерлер арқылы өнерлерін  көрсетеді. Сайысымыз 4 турдан тұрады.
1. Таныстыру

2. Өз өнері
3. Сұрақтар (салт - дәстүрге байланысты және мақал - мәтелдер)
4. Шаш үлгісі

1-жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныттыршы өзіңді.
(Қыздар реттік нөмірлері бойынша өздерін, ортаға шығып таныстырады.)


2-жүргізуші:
-Әділқазылар алқасы әділ баға берсеңіздер екен!

 

1-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда - дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
(Қыздар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)
-Ортаға №1-ші аруымыз бен анасын шақырамыз!

 

1-жүргізуші:

-Әділқазылар алқасы әділ баға берсеңіздер екен!

 

2-жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне - деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.
(Қыздар аналарымен бірге сандықшадан екі сұрақ алып жауап береді.)

1-жүргізуші:

-Әділқазылар алқасы әділ баға берсеңіздер екен!

 

2-жүргізуші:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті «Әсем шаш үлгісі» сайысына берейік.
(10 минутта өз қолымен шаш үлгісін жасайды , таныстырады)

 

1-жүргізуші:

Енді шаш үлгілері дайын болғанша көрініс тамашалап, ойын ойнайық.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2-жүргізуші:

-Қане, аналарымыз рет-ретімен өздерінің шаш үлгілерін таныстырсың!

1-жүргізуші:

-Әділқазылар алқасы әділ баға берсеңіздер екен!

 

IV. Қорытынды.
2-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

 

2-жүргізуші:

-Енді, қазылар алқасының шешімі дайын болғанша шағын би кешін ұйымдастырайық! Ортаға балаларды шақырамыз! Шеңбер жасап тұра қалайық! «Қара жорға», «Қызыл өрік», «Ханшайым» әндері беріледі.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар мен аналары марапатталады.
3. Сыныбымыздың қоғамдық жұмыстарына араласып жүрген аналар марапатталады.
4. Қорытынды сөз (тәрбие меңгерушісі, ата-аналарға беріледі.)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ару ана, бүлдіршін қыз» атты ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Ару ана, бүлдіршін қыз» атты ертеңгілік
Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.


Шарттары: 1). Қыздың сыртқы бейнесі, киім киісі, шаш үлгісі, жүріс-тұрыс мәдениеттілігі.
2). Өзін таныстыру(тегі, туған жері, әуесқойлық ісі т.б.).
3). Білім деңгейіне көңіл бөлу.
4). Өнерге бейімділігі.
5). Қолынан іс келетіндігі, шеберлігі.
Осы шарттарға басты назар аударып көңіл бөлу.
 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2015 1097
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметкалиева Бакытгуль Нихыметоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6064
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе