Инфоурок Другое Другие методич. материалыАтадан мал қалғанша, тал қалсын.

Атадан мал қалғанша, тал қалсын.

Скачать материал

 

 

 

«Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Атадан мал қалғанша тал қалсын

/8 «б» сынып/

 

 

 

 

Похожее изображение           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       Өткізген : Жумагалиева Э.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын. (презентациясымен)
Мақсаты:Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғындыру.
Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.

Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, жасыл желек өсімдік,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Оқушыларды отырғызу,сабаққа зейіндерін аудару.

 




Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.
Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер - Ананы аяласаң жан - тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға
Жайқалған даланы
Табиғат ананы
Көруге сағынып
Келген біз балаңыз.



ЖОБА:
Тақырып бойынша топтық ізденіс жұмысын жүргізу
1 – топ:Ағаштардың пайдасы:    табиғатта ылғал сақтайды, ұстайды, топырақтың құнарлы қабатын
жасайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден, суықтан сақтайды, адамды, жан – жануарларды күннің аптабы, жел шаңнан қорғайды,
2 – топ Экологиялық жағдайы:жердің ыза суының деңгейін төмендетеді, топырақтың тұздануын азайтады,шаң – тозаңды, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазартады,
3 - топҚызықты мәліметтер  ағаш құрылыс, жиһаздар материалы, құстар мен аңдардың мекені, отын, елдің, жердің, ауылдың, қаланың, даланың көркі.

Әй, табиғат!
Шеберсің – ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің.
Ұлан – ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің мынау, жерің міне.
Ау, адамдар.
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын
Асырайды ол сені, мені, елді де…
«Бiздiң елiмiздiң, жерiмiздiң көркiн арттыру үшiн орман егуiмiз керек. Жерiмiз көп, даламыз кең болғанымен, дүниедегi жалпы ауқымына шаққанда орманы ең аз ел - бiзбiз. Басқа мемлекеттерде бiр ағашты кессе, екi ағаш отырғызады. Қазiр заң бойынша бiз оны қабылдадық. Елге орманды көп егетiн болсақ, халықтың денсаулығына, ауаның тазалығына, тек өз елiмiздiң ғана емес, күллi дүние жүзiнiң экологиясын жақсартуға қосқан үлесiмiз болып саналады» (Н. Назарбаев)
“Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр”
Әлемдегі ерекше ағаштар (слайд көрсету)

 


1-топ – «Жасыл желек»
2-топ – «Ақ қайың»
3-топ – «Шипалы шөп»
Қай топ шыршаның бүрін көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады.
-Енді топтардың атымен таныстық,топ жетекшілерін сайлап алайық.

1-тапсырма «Білімді мыңды жығады»
Сұрақтарға жауап беру.
-Табиғат дегенді қалай түсінеміз?
-Ол қалай бөлінеді?
-Өсімдікті неге тірі табиғат дейміз?
-Өсімдік мүшелерін ата.
-Өсімдікке ең қажетті жағдайлар?
-«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді ата.

2. Постер құрау. «Топтастыру» стратегиясы
1-топ -Тірі табиғатқа не жатады?  Тірі табиғат Адам жануар өсімдік
2-топ -Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?Мысал келтір. Өсімдік Ағаш Бұта Шөп емен итмұрын жусан
қайың қарақат,т.б өгейшөп
3-топ -Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар? Оттегі Баспана ӨСІМДІК Тамақ Киім, жиһаз Жауарлар азығы
-Өсімдік мүшелерін атаңдар. (тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым)


Дидактикалық ойын «Өсімдік дәрігері»
Оқушыларға гербарийлар таратылады. Дайындалған гербарийде өсімдік бар да, кейбір мүшелері жоқ,соны әр оқушы ойлана отырып,қай мүшесі жоқ екенін қарындашпен кел-
тіріп береді.

«Дәрілік өсімдіктер»
Әр топ дәрілік өсімдік туралы дайындап келген мағлұматтарын айтады.
-1-оқушы -Мен-жолжелкенмін,көп жылдық өсімдікпін.Жол жиегінде өсемін.Сондықтан жолжелкен деп атаған.Мамыр қыркүйек айларында гүлдеймін.Емдік мақсатқа жапырағымды ,дән-
німді,тамырымды қолданады.
2-оқушы: Мен қара Мендуанамын.Күй таңдамай өсе беремін .Мамыр,тамыз айларында гүлдеймін.
Тілің ауырса емдеймін.ерареаннр,мен өте улымын.Мені тергенде,вненркеин ересектер мен
дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
3-оқушы Мен –кәдімгі жусанмын.Маусым,шілде айларында гүлдеймін.Сырқатты емдеу үшін менің түбірім мен тамырымды қолданады.
4-оқушы


Білмейтіні жоқ елдің,-
Дейді әжейім-Ал ұғып,
Қабығында еменнің
Қасиет бар дәрілік.
Өзімде ішіп көргенмін,
Ішектің емі қашаннан
Қайнатынды Еменнің
Қабығынан жасалған
Мақал-мәтелдер айтысу
• Көлдің көркі-құрақ ,таудың көркі-бұлақ.
• Бір тал кессең,он тал ек.
• Орман көп болса,олжаң көп.
• Дана көптен шығады ,дәрі шөптен шығады.
• Еменнің шілгені –сынғаны,
• ердің екі сөйлегені-өлгені.
• Атадан мал қалғанша,тал қалсын.
• Тірі нәрсе шөп деген,
• Шипалы қасиетті көгал деген.
• Көкті жұлма-обал деген.
• Ер –елдің көркі,
• Орман –тоғай-жердің көркі.
Мәнерлеп оқу
Әр топтың оқушыларына тақырыпқа


байланасты жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
Жұмбақтар шешу
Өсіп тұрған бұл не? Қалың киімді ұнатады,
Жаз болса,жайнап, Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
 

Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)
Аспай піскен , Іші жұмсақ,сырты қатты,
Қайнамай түскен. Еті жұмсақ,сүті тәтті.    (Жеміс) (Қарбыз)
Дөңгеленіп өседі, (Қаңбақ)  Қырға кілем жайдым. Желге еріп көшеді. (Қызғалдақ)
III. Сабақты қортындылау кезеңі
Сонымен,балалар өсімдік адам өміріне пайдалы ма әлде ...
Өсімдік: дәрі,сусын,тамақ,отын,көлеңке,ауа т.б.
Әр топтың жинаған бүршіктерін санап, ұпайларын анықтау.
«Жүректен жүрекке»
Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
-Гүлдей бер, Жер-Ана!
-Аспаның ашық болсын!
-Аспаныңды бұлт торламасын!
-Тоғайың аң мен құсқа толсын!
-Суың мөлдір, таза болсын!
-Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
-Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
-Күнің жарық болсын!т.б.
Тәрбие.орг сайтынан Жасыл желек әлемінде Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Атадан мал қалғанша, тал қалсын."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 519 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2017 4522
    • DOCX 29.9 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Эльмира Жумагалиева Садыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Эльмира Жумагалиева Садыковна
    Эльмира Жумагалиева Садыковна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19324
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой