Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚайырымдылық -адам жанының нұры тәрбие сағаты өзін-өзі тану

Қайырымдылық -адам жанының нұры тәрбие сағаты өзін-өзі тану

Скачать материал

Қайырымдылық - адам жанының нұры, имандылықтың белгісі

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулып, олардың бойында жанашырлық , жомарттық, кеңлейілділік сезімдерін дамыту.

Міндеттері;     

- оқушыларға  қайырымдылық, жанашырлық  ұғымы туралы түінік беру;

- оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

- оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:  әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер:  интербелсенді тақта, видеороликтер

Сабақтың барысы: «Нұрға бөлену» (баяу музыка қойылады)

   Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.  Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық – адам жанының нұры, имандылықтың  белгісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.

Қайырымды  адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп баретін адам – жомарт адам .

Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

Ахмед Иүгінеки

Жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді, қайырымды адам өз ортасында сыйласымды, жарасымды өмір сүреді.

Адамның өзге адамдарға шын пейілімен жақсылық жасауынан жомарттықты, қайырымдылықты байқауға болады. Адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық қасиеттер риясыз көңілмен өзінде барымен бөлісуге жетелейді, зәру адамдарға қол ұшын беру - кеңпейілділіктің , қайырымдылықтың белгісі.

 

 

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).

Видеоролик тамашалау

 

2. Ойын   «Күн көзін  бұлттан  ашу»

 

1-ші  бұлттың  тапсырмасы:  Мәтінмен жұмыс

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

     Айдос мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

 

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ? 

Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

 

2-ші  бұлттың  тапсырмасы : 

Дәйексөз

  Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

                                                                          Сара Алпысқызы

3-ші  бұлттың  тапсырмасы

Видео роликті көріп, өз ойларын айтып, әңгімелеу.

 

4-ші  бұлттың  тапсырмасы.

 Қайрымдылыққа кластер құру

 Ең мейірімді жан  кім деп ойлайсың?- өз ойын жеткізіп айту. сахналау

 Мен  қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?

 

      Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді. «Сөздің көркі мақал» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екендеріңізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.

Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,

Үйреніңіз жақсы мінез ідеппен.

Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.

 

  1. Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/
  2. Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/
  3. Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/
  4. Отбасында ата-аналар, мектепте ұстаздар баланы неге баулиды?/тәрбие/
  5. «Өкпелемеңіз» сөзіне мағыналас сөз?/ренжімеңіз/
  6. Қазақ халқында қыз балаларды қандай мінезді болуға тәрбиелеген?/инабатты/
  7. Қиын жағдайда досыңа не істеуің керек?/көмектесу/
  8. Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?/талапты/

Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 

Қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау,

Мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік

Борышы деп есептейді. Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі

Ретінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті

Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға

Қол ұшын беріп, аялы алақанына ұсынуда.

 «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне біліу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек» деген сөзінде шынайы адам баласына деген жанашырлықтың ең басты құндылықтарымыз екендігін жеткізеді

Жалпы жақсылықты, қайырымдылықты қандай адамдар жасайды?

Сабақты бектіту: ән «Жақсы адамдар

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қайырымдылық -адам жанының нұры тәрбие сағаты өзін-өзі тану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2017 2398
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтымова Айкерим Сансызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтымова Айкерим Сансызбаевна
    Айтымова Айкерим Сансызбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99618
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой