Инфоурок Другое Рабочие программыҚазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Күні:

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

          арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі ой бөліктері

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың «Фонетика тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау. Ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

2.     Теориялық материалды шығармашылықпен баяндауға баулу, ауызша-жазбаша сауатты талдауға машықтандыру.

3.     Көркем әдебиеттен тілдік материалды талдауға алынған мысалдар арқылы оқушылардың бойына танымдық, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

1.    Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

2.  Үй тапсырмасын тексеру.

3.  Жаңа сабақ.

-         Тіл білімінің қандай салаларын білесіңдер?

-         Фонетика ғылымы нені қарастырады?

-         Дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.

-         Тасымал дегеніміз не?

-         Буын дегеніміз не?

-         Буынның қандай түрлерін білесің?

1 тапсырма: Асыл сөз – рухани азық.

1 топ: Алаш арыстарының айтқан асыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, асты сызылған сөздерді буынға бөлу.

   Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.

                                                                                                      Мұхтар Әуезов

   Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз жұртына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

                                                                                                  Ахмет Байтұрсынұлы

2 топ: Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың.

                                                                                                         Ғұмар Қараш

3 топ: Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді.

Мұстафа Шоқай

2 тапсырма: Өлең – сөздің патшасы

   Берілген өлең шумақтарының жалғасын тауып, толық жатқа айту, авторларын анықтау.

3 тапсырма: Даналар сөзі – ақылдың көзі

   Ата-бабаларымыздың шешендік сөздерінің шешімін тауып, жалғастырыңыздар. Анықталған жауап сөздің сөздің біріне фонетикалық талдау жасаңыздар.

1 топ: Өте ертеде бір дана қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:

-         Балам, менің бұл дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқсатып қолдан, - дейді.

   Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қарт адамнан ақыл сұрайды. Қарттың пайымдауынша дана қарияның асыл қазынасы не екен?

 

2 топ: Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді?» деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

   Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып, қандай ұтымды да өткір жауап береді?

3 топ: Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көрісіпті. Хан Үргеніш шешен мен Сырымды айтыстырыпты. Үргеніш шешен:

Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? – деп сұрайды.

   Сонда Сырым не деп жауап береді?

4.  Сабақты бекіту.

   Тест тапсырмасы беріледі.

5.  Үйге тапсырма.

   Фонетика, лексика, морфология саласы бойынша ережелерді қайталау.

6.  Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 02.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

          арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Əдеби тіл жəне мəтін», Қазақ тілінің əдеби тіл  

                                         ретіндегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

4.     Оқушыларға казақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тілі екендігі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

5.     Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

6.     Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, өлеңдер жазылған парақ, т.б.

Сабақтың барысы:

7.    Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

   Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

8.  Өткен материалдарды пысықтау.

   Сөздерге фонетикалық талдау жасау.

   Лексика саласына шолу (кәсіби сөз, диалект сөз, термин сөз, кірме сөз, көнерген сөз, неологизм, табу сөз, эвфемизм, дисфемизм, тұрақты тіркес, мақал-мәтел, синоним, омоним, антоним, т.б.)

9.  Жаңа сабақ (әліппе өлең арқылы сабақтың тақырыбын шығарып аламын)

-         Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқьлы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді.

   Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы игеріледі. Демек, тіл, яғни ана тілі— білімнің негізгі құралы. Сондықтан ана тілінің осындай қасиетін ерекше бағалап, оны қадірлей білу керек. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйрену де жеңіл. Сонда ғана адамзат білімді меңгеріп, ғылымды игеріп, сол арқылы халқына, еліне пайда келтіре алады. Бұл айтылғандарды ақындардың өлеңдері мен халыктың өзі тұжырымдап шығарған мақал-мәтелдері де дәлелдей түседі.

Балалар, бұл – жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналык – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

                                                     (А. Байтұрсынұлы)

- Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар.

- «Даналық, өшпес жарық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

- Бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?

- Ахмет, Сұлтанмахмұт, Ыбырай аталарыңның осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан ойлары қазір қалай дәл келіп тұрғанын түсіндіріп көріңдер.

- ...Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды,

Аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды.

Теңізде жүзді балықтай, - деген пікірлердің әрқайсысына бүгінгі өмірден нақты мысалдар келтіріңдер.

Қосымша мәлімет

Халықаралық тілдер

 

Араб, ағылшын, қытай, француз, испан, орыс тілдері

Мәртебелі тілдер

 

Мемлекеттік мәртебеге ие болған тілдер тобы. Қазақ тілі осы топта

Жасанды тіл

 

Эсперанто (1887 жылы варшавалық дәрігер Заменгоф Еуропа тілдері негізінде жасап ұсынған)

Сырқат тілдер

 

Айн, эскимос және т.б. қолданыс аясы тар тілдер

10.Оқулықпен жұмыс

v 1-жаттығу. «Тіл – елшінің қылышы» (Ж.Баласағұн), «Сөздің ең ұлысы – тарих» (А.Байтұрсынұлы) деген нақыл сөздерге байланысты қандай пікір айтар едің? Өз ойларыңды жазыңдар.

 

·                3-жаттығу. Топтарға бөлініңдер. Мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, «Мың бір мақал» тақырыбында жұмыс жасаңдар.

 

11. Сабақты бекіту.

 

-                   Әдеби тіл дегеніміз не?

-                   Тіл – қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?

-                   Қазақ халқының мемлекеттік тілі қандай тіл?

12. Үйге тапсырма.

1)    Қазақ тілінің əдеби тіл ретіндегі қызметі туралы оқу.

2)    7 беттегі 2-жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығып, мазмұнын айту. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.



Күні: 03.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

          арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Əдеби тіл нормалары

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды әдеби тіл нормаларымен таныстыру, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды меңгерту, тақырыпты бекіту үшін жаттығу жұмыстарын орындату.

2.     Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту. Сауаттылықты қалыптастыру.

3.     Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

   Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

-         Тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік қызметін не реттейді?

-         Мемлекеттік тіл қандай орындарда қолданылады?

-         Қолданылуына қарай тілдердің қандай түрлері болады?

·        2-жаттығу тексеріледі.

Сөзде – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс, 2 буын; сөз – бітеу, де – ашық буын

С – дауыссыз, қатаң

Ө – дауысты, жіңішке, ашық, еріндік

З – дауыссыз, ұяң

Д – дауыссыз, ұяң

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік

 

3.     Жаңа сабақ.

   Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл деп аталады. Әдеби тілдің нормалары арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті, әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі — бәрі де әдеби тілде жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әртүрлі.

Әдеби тіл

Лексикалық норма

Грамматикалық норма

Фонетикалық норма

Сөздің мағынасына сәйкес қолданылуы

Грамматикалық тұлғалардың орынды жұмсалуы

Дыбыстардың дұрыс қолданылуы

Үлкен (дәу, әйдік, нән), т.б

Аға-лар-ым, бара жатыр (баратыр)

жамбай – жанбай

Ағнұр – Ақнұр

лашшыз – лажсыз

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі – ауызша тіл, екіншісі – жазбаша тіл. Ауызша тіл үй іші, отбасында ғана емес, телерадио хабарларында, жиын-жиналыстарда сөйлеу, адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі, диалог арқылы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының жауабы және т. б. арқылы көрінеді. Жазбаша тіл ойды қағазға жазу арқылы көрінеді. Әр түрлі кітаптар, көркем шығармалар, оқулықтар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер және т. б. жазбаша тіл арқылы беріледі. Ауызша, яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады. Ауызша тілдің нормалары орфоэпиялық нормалар деп аталады. Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік, үндестік сақталып отырады. Мысалы, Талдан таяқ жас бала таянбайды – талдан тайағ жас пала тайамбайды. Дыбыс үндестігі заңына сәйкес ұяң және қатаң дыбыстардың айтылу барысында өзара үндесе (кейінді, ілгерінді ықпал: тайағ, пала, тайамбайды) өзгеріске ұшырайды.

v «Білімдіден шыққан сөз» айдарындағы ғұламалардың сөздерін талдау.

4.     Дәптермен жұмыс.

Ø 4-жаттығу. Әдеби тіл, оның мәні мен маңызы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар. Сөздердің айтылу нормасы сақталды ма?

Ø 5-жаттығу. Төмендегі диалект сөздердің әдеби тілде қолданылатын нұсқасын жазыңдар.

 

1.     Леген – шылапшын (табақ)

2.     Діңке – қауын

3.     Кеуірт – сіріңке (күкірт)

4.     Сым – шалбар

5.     Беймарал – жайбарақат

6.     Қоңсы – көрші

7.     Пәс – төмен

8.     Шаппа – шот немесе кішкентай кетпен

5.     Сабақта бекіту.

-         Әдеби тіл дегеніміз не?

-         Әдеби тілдің нормалары дегеніміз не?

-         Орфоэпиялық, орфографиялық нормалар дегеніміз не?

6.     Үй тапсырмасы.

10 беттегі 6-жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазып, әдеби тілге жатпайтын сөздердің астын сызу.

5 сөзге фонетикалық талдау жасау.

7.     Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 05.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

          арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл және мәтін байланысы. Сөз байлығы және мәтін

Сабақтың мақсаты:

1)     Оқушылардың әдеби тіл мен мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру,  жазба әдеби тілдік мәтіндер мен ауызша тілге қатысты мәтіндердерді салыстыру, саралау.

2)     Балаларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

3)     Балаларды жинақылыққа, байқампаздыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

-         Әдеби тіл дегеніміз не?

-         Әдеби тілдің қандай нормаларын білеміз?

-         Орфоэпиялық нормалар дегеніміз не?

-         Орфографиялық нормалар дегеніміз не?

·        6-жаттығу тексеріледі.

   Әдеби тілге жататын сөздер: қайың, асық, жасық, жала, қазы, әдемі, қаракит, көл, шалқар, сыңаржақ, мұра, дәптер, шақалақ, ада болу.

   қайың – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс, 2 буын; қа – ашық бітеу, -йың – бітеу буын

қ-дауыссыз, қатаң

а-дауысты, жуан, ашық, езулік

й-дауыссыз, үнді

ы-дауысты, жуан, қысаң, езулік

ң-дауыссыз, үнді

...

3.     Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Әдеби тіл

ауызша

жазбаша

Отбасындағы, теледидардағы әңгіме

Сұхбаттар, дәріс сабақтар

Көркем шығарма, ғылыми еңбек, баспасөз материалдары, т.б.

   Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты. Жазба әдеби мәтіндердің сөздік құрамы, қолданыстағы сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен өзіндік сипаты жалпыға түсінікті жүйеге негізделген. Бірізділік пен нормаға сәйкес болатынын да байқаймыз. (оқулықта берілген мәтінді талдау, қарамен жазылған сөздердің әдеби тілде қолданылатын нұсқасын тауып жазу)

4.     Дәптермен жұмыс.

Мәміле-келісім

Шырыңке пұлға-төлемақы

Кәнігі-тәжірибелі

Бәдбақ-бейшара

Пошымымен-түрімен

Дардай-әйгілі

Мәтін – сөйлем – сөздер – дыбыстар

   Мәтін (латынның textus сөзі) – «байланысу», «бірігіу» деген мағынаны білдіреді.

Мәтін

         Тақырыбы

                          Сөздерден, сөйлемдерден,

                          абзацтан тұрады

                                                      Әртүрлі мазмұнға

                                                      құрылады

                                                                       Газет-журнал материалы,

                                                                       өлең шумақтары, ережелер,

                                                                       әртүрлі сөйлесулер жатады

                                                                                                    Негізгі ой мен

                                                                                                    тақырып, әдеби                      

                                                                                                    тілдік сипат өзара

                                                                                                    бірлікте болады.

5.     Оқулықпен жұмыс.

7-жаттығу. Жұптасып мәтіннің ауызша түріне мысал құрастыру (диалог, монолог, т.б.).

8-жаттығу. Өзге пән оқулықтарынан термин сөздер кездесетін шағын мәтінді көшіріп жазып, әдеби мәтінмен  салыстырып, сөздердің қолданылуерекшеліктерін түсіндіріп беріңдер.

6.     Сабақты бекіту.

11-жаттығу. Мәтін стилін анықтау.

Қақ –

 

Қақ –

 

Қақ –

 

-         Мәтін дегеніміз не?

-         Жазба әдеби мәтіндерге не жатады?

-         Ауызша әдеби тілге қатысты мәтін дегеніміз не?

-         Мәтіннің ерекшеліктерін ата.

7.     Үй тапсырмасы.

1.     «Әдеби тіл мен  мәтіннің байланысы» тақырыбын оқып, ережелерді жатқа айту.

2.     9-жаттығу. Берілген мәтінге тілдік талдау жасау. Құстың сипаттамасын теріп жазып, суретін салу.

3.     10-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.

Күні: 14.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237 бет)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөз мағыналарын білудің мәні

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

2.     Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

3.     Балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.      Сәлемдесу.

2.      Кезекші мәлімдемесі.

3.      Журнал бойынша түгелдеу.

4.      Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-         Мәтін дегеніміз не?

-         Белгілі көлемдегі шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.

 13-жаттығуды тексеру. Сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Мал – 3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын (бітеу буын)

М – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Л – дауыссыз, үнді

Өнсін, бөлмек, өзіндей, сөзің.

ІІІ. Жаңа сабақ.

   Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін, мысалы, нормалық, жүйелік сипаттарын, дамуын, қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екенін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырмын. Ол мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді мәтін деп атайды. Яғни, мәтін деп айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың (жазушының, ғалымның, зерттеушінің жэне т. б.) белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми еңбек те болуы мүмкін. Ғылыми еңбек әр түрлі ғылым саласына, мысалы, биология, астрономия, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, техника жэне т. б. қатысты болып келеді.

   Мәтіннен әдеби тілдің сөздік құрамын, сөз байлығын, сөз қолданылуының мағыналық ерекшеліктерін, арнайы сөздердің, терминдердің, жаңа сөздердің, жергілікті сөздердің, басқа тілден сөз алу, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылу сипатын көріп, айқындаймыз.

   Тілдің негізгі мағыналы бөлшегі сөздер (лексика) екені, ал оның өзі жеке дыбыстардан тұратыны белгілі. Дыбыстардың қолданылу ерекшеліктері мен сипаты да, дыбыстық (үндестік) заңдылықтарының қолданылу шеңбері де мәтіннен және содан алынған жеке сөйлемдер мен сөздердің қолданылуынан көрініп отырады.

   Тіл ойды білдірумен байланысты болса, ойды білдіре алатын ең кіші тілдік бөлшек — сөйлем. Сөйлемнің құрылымы мен құрылысы, сөздердің бір-бірімен байланысқа түсіп барып сөйлем құрауы, жеке сөздердің сөйлем ішінде синтаксистік қызмет атқарып, сөйлем мүшесі болуы, сөйлемнің түрлері, төл сөз, сөздердің жасалуы мен оның жолдары және т. б. тілдік құбылыстар мәтіннен, мәтінді құрайтын жеке сөйлемдерден көрініп отырады да, солар арқылы түсініліп айқындалады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

14-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын баяндау. Мәтіндегі қарамен берілген тіркестерге, сөздерге лексикалық талдау жасау. (түсіндірмелі сөздікті пайдаланамыз)

І. Теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің – мағыналы, мәнді, бай, көркем әдебиетіміздің деген мағынада

ІІ. Ауыспалы мағына

ІІІ. Тұрақты тіркес (теңеу)

І. Ұшқындары – оттан шыққан ұшқындар

 

15-жаттығу. Өлеңді оқып, ондағы айтылған тапсырмаларды орындау.

А-на а - ашық буын, на - ашық буын

Ал – тұйық буын

Көл – бітеу буын

 

16-жаттығу. Асты сызылған сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырату.

І-ңір-де: і-ашық, ңір-бітеу, де-ашық буын

Дом-бы-ра-ның: дом-бітеу, бы-ашық, ра-ашық, ның-бітеу буын

Сү-йей: сү-ашық, йей-бітеу буын

Жа-зу-ға: жа-ашық, зу-ашық,ға-ашық буын

Е-кен: е-ашық, кен-бітеу буын

Ө-мір: ө-ашық, мір-бітеу буын

Те-ңіз-ден: те-ашық, ңіз-бітеу, ден-бітеу буын

Сүй-сі-ніп: сүй-бітеу, сі-ашық, ніп-бітеу буын

Жа-ра-уы: жа-ашық, ра-ашық, уы-ашық буын

17-жаттығу. Топта ақылдаса отырып, тасымалданбайтын сөздерге 10 мысалдан жазу.

Мысалы: ана, тарт, ат, шөл, кент, шат, қарт, шал, тал, бұлт, т.б.

Ү. Сабақта бекіту.

18-жаттығу. Мәтінде айтылған ойды мақалмен тұжырымдау. Үндестік заңына мысалдар теріп жазу.

Кейбіреулер, тозады, топшылайды – ілгерінді ықпал,  

...

Үйге тапсырма: 19-жаттығу. Үлгі бойынша сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Бағалау.


Күні: 21.09.2016

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015, 237)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша әдеби тілдің нормалары

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың әдеби тілдің қолданылуы мен тілдік заңдылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойды дұрыс түсініп, өзіндік қорытынды жасауға үйрету.

2.     Балалардың ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, қорытындыны мәтін мазмұны мен идеясына сәйкестендіріп айта білуге үйрету.

3.     Балаларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, кестелер, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-  Лексика дегеніміз не? (белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы)

-  Қолданылу аясы тар лексикаға қандай сөздер жатады? (кәсіби, диалект, термин, кірме, көнерген, неологизм, табу, эвфемизм, фразеологизм, т.б.)

23-жаттығу. Берілген сөздерге сөйлем құрастыру.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында кеден орналастырылған.

Қазір нарықта мұнай бағасы шарықтап тұр.

Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге.

Дүрия – ертедегі мата атауы.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын. 

                                                                                                            (М.Мақатаев)

Тайшық хандай ханына,

Алпамыс берен айқасты.

Қарсыласып қалысты,

Тайынбай найза салысты.

«Алпамыс батыр» жыры

Концерттің өтуін ауатком мүшелері бақылады.

Ауатком – ауылдық атқарушы комитет

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

24-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстыру. Қарапайым сөздерді тұрақты  тіркестермен өрнектеп айтуға өз беттеріңмен тапсырма дайындаңдар.

   Ауылдан қалаға көзді ашып-жұмғанша келдім. Ағайындар бір-бірімен майлы қасықтай. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Түнімен көз ілмедім. Ол қараңғы көшеде  зәресі зәр түбіне жетті. Хан еліне бас ал десе, шаш алатын қатал болыпты. Далаға шықсам, көзге түртсе көргісіз.

27-жаттығу. Берілген омонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Адамның басы – алланың добы. Кішкене сәби аяғын басты.

Көктем өтіп, жаз келді. Жаттығу жұмысын көшіріп жаз.

Ара – ағаш кесетін құрал. Ара гүлге қонды.

Бала қарияның жолын кеспеді. Анасы қамыр илеп, кеспе кесті.

Дүкенде сатылатын айранның қоспасы көп екен. Екі сыныптың оқушыларын қоспады.

Сурет үйірмесіне балалар бар ынтасымен қатысады.

 

28-жаттығу. Мәтіндегі синоним, антонимдерді табу. Әдеби тілдің сипатына тоқталу.

   Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ, түсінікті болып келеді.

синонимдер

антонимдер

Рақымдылық, мейірбандық

Ашқарақтық, өзімшілдік, менмендік, мақтаншақтық, күншілдік

Дос – дұшпан

Батыр – қорқақ

Ұзын – қысқа

 

 

 

ІҮ. Сабақты бекіту.

Тұрақты сөз тіркестері

Мақал-мәтелдер

Көп мағыналы сөздер

Тура мағына                                      

Ауыспалы мағына                    сөз мағынасы

Синоним

Антоним

Омоним

 

Ү. Үйге тапсырма

25, 26-жаттығу. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Көп мағыналы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар.

Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады.

...

Әңгіменің басынан оның қалай аяқталатыны түсінікті болды.

Иненің көзінен өткендей пысық еді.

Пышақтың жүзі өткір болады.

...

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Пәні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға сөз құрамы жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалык материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу.

2.     Үй тапсырмасын сұрау.

  Оқушылардың берілген сөздерге жасап келген фонетикалық талдауларын тексеру.

3.     Жаңа сабақ.

-         Сөз дегеніміз не? Заттар мен құбылыстардың атауы. Жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады.

   Оқушыларға сөздер мен қосымшалар жазылған кеспе қағаздар таратып береміз. Жұппен жаңа сөз құрастырып шығарады. Дана+лық+қа, ой+лы, ел+ші+лік, біл+гіш, т.б.

   Сөздерді тұлғасына қарай жіктеу.

Сөздер

Тұлғасына қарай                                           Құрамына қарай

           Түбір сөз     Туынды сөз                            Дара сөз

                                                                              Күрделі сөздер: Қос сөз

                                                                                                        Біріккен сөз

                                                                                                               Қысқарған сөз

                                                                                                        Тіркесті сөз

                                                                    

30-жаттығу. Дара сөздер мен күрделі сөздерге мысал келтіріңдер. Әр оқушы өз бетімен орындайды.

Дара сөз

Күрделі сөз

Түбір сөз

Туынды сөз

Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

 

ұш

Ұш+қыш

Ағалы-інілі

Айнұр

ұжымшар

Ауа райы,

он бес

ел

Елші

Ел-жұрт

Гу-гу

Нұрай

Нұргүл

ҰБТ, КТК, ТЖО, ЕО

Қанық қызыл, оқып отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-жаттығу. Түбір мен қосымшаны бөліп көрсетіңдер.

   Ел, ел-ші, елу, ел-ім, көр, көр-ші, көйлек, көйлек-шең, ақыл-ды-лық, сүт-тей, көг-ер, берік, аудан-дық, ас-хана, құр-ыл-ыс, жаңа-лық, тасы-мал, жет-кіз-бе-у, көр-сет-кіш, сен-ім.

32-жаттығу. Сөзжасам ережесін еске түсіріп, мысалдарыңды жазбаша түрде келтіріңдер. Қандай ереже шығарар едіңдер?

-         Сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жаңа сөз пайда болады.

-         Түбір – сөздің бастапқы мағынасы. Ой, мал, ай, жер, дала, жас, бала, т.б.

33-жаттығу. Бірінші, екінші қатардағы сөздерден мағынасына қарай күрделі сөз жасаңдар.

І. Алабұға, баспасөз, балабақша, бозбала, демалыс, қолжазба, кәсіпорын, сөзжұмбақ, асқабақ.

ІІ. Ел-жұрт, күш-қуат, ар-намыс, жақсы-жаман, күн-түн, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, оқу-ағарту, үгіт-насихат.

ІІІ. Мақтау қағазы, асық жілік, тіл білімі, оқу орны, мал дәрігері, қара өлең, ақ көңіл, он бес, балақ бау, беріп жібер, сары ала, қол шапалақтау.

4.     Сабақты бекіту. 35-жаттығу. Жұрнақты сөз бен жалғаулы сөздерді екі топқа бөліп жазу.

Жұрнақты сөз

Жалғаулы сөз

Ұш-қыр

Айт-қан-дай

Жал-ы-на

Ұт-ым-ды

Ұста-ланып

Ой-ға

Шешен-дік

Өнер-де-гі-дей

Тағдыр-ын

Ажар-лы

Айт-қан-дай

Кім-нің

Жүйе-лі

Сөйле-ген-і

Жұлын-нан

Қорша-ған

Ти-ер

Ақын-нан

Біл-іп

Тап-қыр

Өз-і-н

Тайсал-ма-й

Әлеумет-тік

Орта-ның

Біл-у-ді

Өзек-ті

Көкірег-і-ндегі

 

 

Сауал-дар-ға

 

 

Білу-ді

5.     Үйге тапсырма: 34-жаттығу. Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Ақымақ мақта-н-са, аяқ-ын сын-ды-р-ар.

Ой-шыл ой ой-ла-ған-ша,

Тентек іс-і-н біт-ір-ер.

Сана-лы адам сағы-ң-ды сын-ды-р-ма-с,

Сана-сыз адам жағ-ы-ң-ды тын-ды-р-ма-с.

Өтірік-ші алды-мен өз-і-н алда-р.

Ел ал-ғыс-ы-н ал-са-ң, еле-у-лі-сі бол-ар-сың.

 

36-жаттығу. Бірігу жолымен жасалған кісі есімдеріне мысалдар келтіріңдер.

 

6.     Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

 

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. Қайталама қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның түрлері, қайталама қос сөздер
жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауатты жазуға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, бекіту, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, т.б..

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу.

2.     Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.             (күн)

Күн шуақтары сияқты бізден де жылылық, мейірімділік тарайды.

Шаттық шеңбері. Оқушылар дөңгелене тұрып, әрқайсысы бойындағы бір жақсы қасиеттерін айтады, ал қалғандары бұл кезде «өте жақсы екен» дейді.

Оқушыларға біріккен сөздер жазылған парақшаларды үлестіріп, екі топқа бөлу.

1 топ: тасбақа, қырықаяқ – зоологиялық атау, жәндіктер

Қозықұйрық, қырықбуын, күнбағыс – ботаникалық атаулар, шөп түрлері

Ақүйек, аққала – ойын атаулары

Мүйізтұмсық, аққұтан –

Айгөлек, көкпар, соқыртеке


2 топ: Қызылқұм, Сарыағаш, Жезқазған – географиялық атаулар

Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Асылзада -

Жайлаукөл, Шиліөзен -

Жетісу, Сырдария, Күйгенкөл -

Боранбай, Ботагөз, Амангелді – кісі аттары

Жетіқарақшы, Темірқазық – жұлдыз атаулары

1)  Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

2)  Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

3)  Тест (ауызша)

1.  Қай қатардағы сөздер кіріккен сөздерге жатады?

А. Темірқазық, Сарысу; Ә. Биыл, жаздыгүні; Б. ГАЗ-51, ТУ-154;

В. Бозторғай, қараторы; Г. Үлкен-кіші, аяқ-табақ

2. Қос сөзді тап:

А. Жетідей; Ә. Бесеу; Б. Екі-үш; В. Үш-ақ; Г. Он шақты

3. Кіріккен сөздердің құрамындағы сөздер қандай өзгеріске ұшырайды?

А. Мағынасы толық сақталады; Ә. Дыбыстық өзгеріске ұшырайды; Б. Сөз мағынасы кеңейеді; В. Сөздер қысқарады; Г. Ешқандай өзгеріске ұшырамай, бір ұғымды білдіреді

4. бірге жазылатын сөздерді көрсет.

А. Күні бойы, әдемі қыз; Ә. Жылы су, жарқын болашақ; Б. Талды қорған, сабақ кестесі; В. Сынып бұрышы, кәсіп орын; Г. Ит мұрын, түйе табан

5. Біріккен сөздердің емлесін тап.

А. Әрқашан бірге жазылады; Ә. Қосымша арқылы жазылады; Б. Сызықша арқылы жазылады; В. Үлкен әріппен жазылады; Г. Тіркесіп жазылады

 

3.     Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазу.

Оқулықпен жұмыс. Қарамен жазылған қос сөздерге назар аударыңдар.

   Әке-шешең – дүниедегі ең қымбат адамдардың бірі. Олар барда көңілің шат-шадыман. Сенің құрбы-құрдасыңмен күліп-ойнап жүргенің де – ата-анаңның арқасы.

·        Сөздердің қосарланып немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады.

Қос сөздер

Қайталама                                                               қосарлама

Үлкен-үлкен, биік-биік                                          үлкенді-кішілі, ағайын-туыс

асқар-асқар, белес-белес                                         орман-тоғай, қызыл-жасыл

тұп-тура, дұп-дұрыс                                               жол-жөнекей, хабар-ошар

жал-жұлт, сатыр, сұтыр                                          қиян-кескі, күш-қайрат

 

зат есім: азық-түлік, тау-тас, аяқ-табақ

сын есім: жақсы-жаман, дәлелді-дәлелсіз

сан есім: он-жиырма, үш-төрт

есімдік: онша-мұнша, одан-бұдан

үстеу: оқта-текте, күні-түні

еліктеу сөздер: бұрқ-сарқ, шатыр-шұтыр

 

·        Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Олардың жасалу жолдары мынадай:

Қосымшасыз түбірдің түгелдей қайталануы

тау-тау, қамба-қамба астық, көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы

ауызба-ауыз, төрт-төрттен, көзбе-көз айтты, өз-өзінен қысылды

Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

өзді-өзіне, аузы-аузына, жөнді-жөнсіз, жылдан-жылға айтты

Сөздің екінші сыңарына м, п дыбыстары қосылып қайталанады

Ет-мет, ол-пұл, шай-пай, жігіт-мігіт, ат-мат

Еліктеу сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады

Тарс-тұрс, тасыр-тұсыр, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт

Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтулуы арқылы жасалады

үп-үлкен, қып-қызыл, әп-әдемі, тап-таза

Оқулықпен жұмыс.

 

1 топ: Мәтіндегі қос сөздердің астын сызыңдар.

2 топ: Төмендегі сөздерден қос сөздер жасаңдар. Қалай жасалғаны жөнінде ой бөлісіңдер.

67-жаттығу.

1 топ. Берілген қос сөздерден синонимдік қатар үзіңдер.

Дау-жанжал – ұрыс-керіс, талас-тартыс, дау-дамай

Тып-типыл – тап-таза

Дәлме-дәл – тұп-тура, нақпа-нақ

Ағыл-тегіл – лай-батпақ

Сыбыр-сыбыр – пыш-пыш, күбір-күбір, тым-тырыс

Бала-шаға – жігіт-желең, қыз-қырқын

Дәп-дәмді – тәп-тәтті

Сай-сала – тау-қырат

 

2 топ. Антонимдік қатар түзіңдер.

тұп-тура – қисық-қыңыр

ұрыс-керіс – береке-бірлік

...

4.     Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.

1 топ. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөзді қойып, көшіріп жазыңдар.

Тамшыдан ...-... дария болар. (мақал)

...-... жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата. (төрт түлікке арналған жыр)

...-... көсем болады,

...-... шешен болады. (мақал)

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін ...-... жай бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра. (Қ.Мырза Әлі)

2 топ. Қос сөздердің сыңарын табыңдар.

бара-                              көзбе-                        өз-

жақсылы-                       қолма-                       бірімен-

бірді-                              қараптан-                   тектен-

лек-                                шығар-                       көл-

 

Семантикалық картамен жұмыс.

       түрлері

 

мысал

 

Түбір немесе қосымшалы түбірдің сөздердің қайталануы

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы

Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

Сөздің екінші сыңарына м, п дыбыстары қосылып қайталанады

Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтулуы арқылы жасалады

Сай-сала

 

 

 

 

 

Ұры-мұры

 

 

 

 

 

Біріне-бірі

 

 

 

 

 

Ұзақ-ұзақ

 

 

 

 

 

Алуан-алуан

 

 

 

 

 

Тарс-тұрс

 

 

 

 

 

Түйе-мүйе

 

 

 

 

 

Бетпе-бет

 

 

 

 

 

Тектен-текке

 

 

 

 

 

Аз-аздап

 

 

 

 

 

 

5.     Үйге тапсырма.

68-жаттығу. Ертегіні аяқтаңдар. Мәтінді жазу барысында қос сөздерді пайдалану мүмкіндігін қарастырыңдар.

74-жаттығу. Қайталама қос сөздерді пайдалана отырып, «Жыл мезгілдерінің қазіргі суреттері» тақырыбында шығарма жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Қос сөздер

 

Сыңарлары синонимдес

Сыңарлары антонимдес

Бір сыңары мағынасыз

Екі сыңары да мағынасыз

Сыңарлары әртүрлі сөздер

Алпыс-жетпіс

 

 

 

 

 

Тату-тәтті

 

 

 

 

 

Құда-жекжат

 

 

 

 

 

Ел-жұрт

 

 

 

 

 

Ағайын-туған

 

 

 

 

 

Сый-құрмет

 

 

 

 

 

Апақ-сапақ

 

 

 

 

 

Апай-топай

 

 

 

 

 

Апыл-ғұпыл

 

 

 

 

 

Әуре-сарсаң

 

 

 

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Қос сөздер

 

 

Сыңарлары синонимдес

Сыңарлары антонимдес

Бір сыңары мағынасыз

Екі сыңары да мағынасыз

Сыңарлары әртүрлі сөздер

Әлек-шәлек

 

 

 

 

 

Алақ-жұлақ

 

 

 

 

 

Аралас-құралас

 

 

 

 

 

Аңғал-саңғал

 

 

 

 

 

Оқта-текте

 

 

 

 

 

Қант-шай

 

 

 

 

 

Сегіз-тоғыз

 

 

 

 

 

Келін-кепшік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші жэне одағай сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың такьірыбы: Сабақтың мақсаты:

а)      білімділік: оқушыларға сөздің түрлері, атауыш, көмекші және одағай

сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)      тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөз-дікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)      Үйымдастыру кезеңі.

1.      Сэлемдесу.

2.      Кезекші мэлімдемесі.

З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

б)      Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші жэне одағай сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір үғымның атауы болады да, жеке түрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде басқа бір сөздің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасынтолықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Бу_л сөйлемдегі бес сөздің төртеуі жеке түрып белгілі бір мағынаны білдіреді:

мен—айтушы адам,

жазбаймын—қағаз бетіне сөзді түсіру (түсірмеу),

өлеңді—белгілі бір үйқаспен айтылатын сөз;

ермек—уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.

Ал үшін дегеннің мүндай мағынасы жоқ. Бү_л сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мэн үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.

Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сүраққа жауап бере алады. Ал көмекші сөздер жеке түрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір сүраққа да жауап бере алмайды. Демек, сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды.

Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мэн үстейді не ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып түрады. Жоғарыдағы сөздерді талдасақ, былай болар еді:

Кім жазбаймын дейді?—мен—бастауыш,

Мен не істеймін?—жазбаймын—баяндауыш,

 

1_

Нені жазбаймын?~өлеңді—толықтауыш,

Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?—ермек үшін—пысықтауыш.

Үшін деген сөзге жеке сүрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке түрып сөйлем мүшесі де бола алмайды.

Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сү_раққа да жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 114-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып шығып, қүрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар. Мэтіндегі антоним сөздерді табыңдар. Оның автор ойын білдірудегі мэні қандай екеніне назар аударыңдар.

Келесі тапсырма: 115-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Мэтінді оқып, оған ат қойыңдар. Қарамен жазылған сөздердің атауыш екеніне назар аударыңдар.

Келесі тапсырма: 77-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін дэлелдеңдер. I жэне II мэтіндердегі автор-лардың ойын ортақ тақырыпқа тоғыстырып, білім, ғылым туралы эңгімелеңдер.

Сабақтың қорытындысы:

1.      Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

2.      Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3.      Үйге тапсырма: 117-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып түрғанын дэлелдеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға сөз таптары және зат есім жайлы толық мәлімет

бере отырып, олардың ой-пікірін калыптастыру.

2.     Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

3.     Балаларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

      I.            Ұйымдастыру кезеңі.

   II.            Үй тапсыпмасын тексеру.

97-жаттығу. Балалардың «Астана символы – бәйтерек» тақырыбында жазған ойтолғауларын тексеру, талдау. Одағай, атауыш, көмекші сөздерді тапқызып, ережелерін сұрау.

98-жаттығу.  96-жаттығуда берілген мәтіннен одағай, атауыш, көмекші сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылғанын айтады.

Атауыш сөздер

Көмекші сөздер

Одағай сөздер

Ауыл, желкесі, тақыр, қызыл, кезең, төрт, атты, қатты, желіп, келіп, шыққында, Құлыншақ, төбе басында, бес қасқа, балалардың, ортасында, отыр

Деген, еді, деп, ...

Жә, е.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.

Хат.

Құрметті оқушылар! Егер менің қызметімді білгілерің келсе, алдымен менің отбасымды зерттеңдер. Сәлеммен ЗАТ ЕСІМ патша.

   Ал, патшаның отбасы туралы деректі қайдан табамыз.Әрине, компьютерден сұраймыз. Компьютерден Зат есім фаилын таптық.Одан төрт сурет және тапсырма шықты.

  Тапсырма. Бұл суреттегі адамдар менің өмірімнің жалғасы олар кімдер және қызыметін анықтаңдар.

   Оқушы. Меніңші бұлар     

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға сын есімнің мағыналық түрлері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

2.     Балалардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

3.     Оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

1)    Ұйымдастыру кезеңі.

2)    Үй тапсырмасын тексеру.

-         Сын есім қалай жасалады?

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:

1) -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т.б.

2) -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, атш-сыз, т.б.;

3) -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі, т.б.;

4) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, т.б.;

5) -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т.б.;

6) -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т.б.;

7) -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей, т.б.;

8) -кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): та-быс-кер, найза-гер, әуес-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, жең-імпаз, т.б.;

9) -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, түрк-і, қалмақ-ы, т.б.

Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:

1) -ғак, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қақ, тай-ғақ, үр(і)к-ек, қор(ы)қ-ақ, бөл-ек, т.б;

2) -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік, т.б.

3) -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш, т.б.;

4) -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, үш-кір, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір, т.б.;

5) -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ, т.б.;

6) -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т.б.;

7) -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, құра-нды, түй-інді, т.б.;

8) -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т.б.;

9) -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т.б.;

10) -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т.б.;

11) -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;

12) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, ес-пе, боя-ма, т.б.

Ескерту.

1.     Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т.б.; -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайын-дады, тоты-дай сайрады,

3)    Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сын есімнің мағыналық түрлері жайлы түсіндіремін.

Сын есім

Сапалық сын есім              Қатыстық сын есім

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып,     Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз

заттың сынын, түр-түсін тікелей анық-      таптарына сын есім тудыратын

тайтын түрі                                                    жұрнақтар жалғанып жасалған                           

                                                                        түрі

заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей      заттың сын-сипатын, әр түрлі

анықтайды (шырай жұрнақтары жалғ.)     белгісін басқа сөз табының қатысы

                                                                        арқылы білдіреді

 

 

4)    Оқулықпен жұмыс.

Жаттығу жұмыстары орындалады.

 

 

5)    Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.

Венн диаграммасы.

Сапалық сын есім

ұқсастығы

Қатыстық сын есім

айырмашылығы

 

айырмашылығы

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайды.

Екеуі де сын есім. Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Қатыстық сын есімнің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасына байланысты болады. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады.

қызыл (бояу), ащылау (қымыз)

 

өнерлі жігіт – өнердің неше түрін білетін жігіт екенін                     

 

6)    Үйге тапсырма:

 

 

 

7)    Оқушыларды бағалау.

 

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а)      білімділік: оқушыларға сөз таптары, етістік туралы түсінік, етістіктің

құрамына қарай түрлері: негізгі жэне туынды етістіктер, құрылысына қарай түрлері: дара және күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)      тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

       I.            Ұйымдастыру кезеңі.

    II.            Өткен материалды қайталау.

 III.            Жаңа сабақты түсіндіру.

Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу

Аяғы жоқ жүреді, сық-сылқ күледі.

Су

Сөз үйретсең қайталайды, өздігінен айта алмайды.

Тотықұс

Тілдерімен жүреді, уақытты біледі.

Сағат

-         Қимылды білдіретін сөздер бар ма?

-         Етістіктерді тауып, құрамына қарай ажыратыңдар.

-         Етістік туралы не білеміз?

 

 

 


Етістік

 

 


-         Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т.б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістік деп аталады.

   Етістік тұлғасына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, т.б.

   Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп, т.б. деген етістік-тер: ойын, шеге, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жапғану арқылы жасалған етістіктер.

   Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:

1)      -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та, т.б.

2)      -а, -е: ойн-а, бос-а, түн-е, т.б.

3)      -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й, т.б.

4)      -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р, т.б.

5)      -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер, т.б.

6)      -ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік, т.б.

7)      -ыра, -іре,: жарқ-ыра, желб-іре, т.б.

Оқулықпен жұмыс.

194-жаттығу. Етістіктерді көшіріп жазып, тұлғасына қарай талдаңдар.

Шығар – туынды етістік, шық – түбірі, -ар – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ.

...

195-жаттығу. Етістіктерді тауып, түбір мен қосымшаны ажыратыңдар. Айтпай – айт – түбір, -па – болымсыз етістіктің жұрнағы, -й – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ.

Алатын – ал – түбір, етістік, -а – етістіктен етістік тудырушы немесе сөз түрлендіруші жұрнақ, -тын – жіктік жалғауының 3 жағының жалғауы.

...

...

196-жаттығу. Төмендегі етістіктерге сөз түрлендіруші жұрнақ жалғаңдар.

Босат – босатар күрес – күресе  ауна – аунат          домала – домалат

Ки – кигіз           сыз – сыздыр    аудар – аударыс   секір – секірт

Сабақты бекіту.

-         Етістік дегеніміз не? заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табы.

-         Қандай сұрақтарға жауап береді? Не қылды? Не істеді? Қайтті? Не істепті? Не істемек? Не қылған? Қайтпек? Қайтіпті?

-         Тұлғасына қарай қандай түрге жіктеледі? Негізгі және туынды.

-         Негізгі етістік дегеніміз не? Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер. Кел, бар, айт, жүр, кес, шап, қал, т.б.

-         Туынды етістік дегеніміз не? басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалатын етістіктер. Шегеле, аяқта, ойна, басқар, т.б.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

1)    197-жаттығу. Төмендегі зат есімнен туынды етістік жасаңдар.

2)    Туынды етістіктері бар мақал-мәтел жазып келу.

 

Күні:

Пәні: Қазақ тілі (Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына  

          арналған А.А.Қасымбек, А.К.Шыныбекова Арман-ПВ, 2015)

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың дара және күрделі етістіктер туралы білімдерін толықтыру.

2.     Теориялық материалды шығармашылықпен баяндауға баулу, ауызша-жазбаша сауатты талдауға машықтандыру.

3.     Көркем әдебиеттен тілдік материалды талдауға алынған мысалдар арқылы оқушылардың бойына танымдық, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық дәптер, тақта, бор, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

1)    Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

2)    Үй тапсырмасын тексеру.

-         Етістік дегеніміз не? Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

-         Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Екіге, негізгі және туынды.

-         Туынды етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады? –ла, -ле, -та, -те, -да, -де, -а, -е, -ай, -ей, -й, -ар, -ер, -р, т.б. Көгер, жасар, шегеле, тағала, парақта, молай, т.б.

·        197-жаттығуды оқытып, талдау.

-          

3)    Жаңа сабақ.

Дара етістік – бір ғана сөзден тұратын негізі және туынды етістік

Күрделі етістік – екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіреді. Бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Өркенің өссін!

Өрісің кеңейсін!

Бақ берсін, бас берсін,

Өміріңе ұзақ жас берсін!

Үлкен адамға бірінші өзің сәлем бер.

Жұрт жұмысқа жұмылып жатқанда жәрдем ет.

«Абай жолы» романын тағы да бір рет оқып шықты.

Айсәуле осы оқиғаны тебірене айтып берді.

 

4)    Оқулықпен жұмыс.

*    198-жаттығу. Етістіктерді құрамына қарай талдаңдар.

Әр істе әділ бол.

Әділ бол – күрделі етістік, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Болсаң, боласың – дара етістік, баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Жек көреді – күрделі етістік, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.

*    199-жаттығу. Дара етістіктерді зат есіммен бірге тіркестіріп, көшіріп жазыңдар немесе сызба түрінде беріңдер.

 

Тау мен тасты жел бұзар,

 

Адамзатты сөз бұзар

 

    Зат е.   Ет.              Зат е.   Ет.

Білім өседі, білім өшеді.

    Зат е.   Ет.                        Зат е.         Ет.

Сөз сыймайды, адам сыйлайды.

 

5)    Сабақты бекіту.

*    200-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазыңдар, қарамен берілген етістіктердің жұрнағын ажыратыңдар.

Дара етістік

Күрделі етістік

Ет-кен – түбірі – ет, -кен – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ

Еңбек еттік

Қал-ып-ты – түбірі – қал, -ып – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ, -ты – жіктік жалғауының 3 жағы

Шығып еді

Жыр-ла-сын – түбірі – жыр, зат е., -ла – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ, -сын – жіктік жалғауының 3 жағы

Ашып қара

Ашып – түбірі – аш, -ып – етістіктен етістік тудырушы жұрнақ

 

Басып қара

-         Етістік дегеніміз не?

-         Құрамына қарай етістік қалай жіктеледі? Дара және күрделі.

-         Күрделі етістіктерге мысал келтір. Жазып отыр, айтып қалды, бара жатыр, сәлем айтты, көмек етті, т.б.

6)    Үй тапсырмасы. 201, 202-жаттығулар. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Сөздерге толық морфологиялық талдау жасау.

7)    Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 660 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2017 8751
    • DOCX 117.4 кбайт
    • 24 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Мейрамгул Абатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратова Мейрамгул Абатовна
    Муратова Мейрамгул Абатовна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22427
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек