Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тіліі сабағынан "Менің бір күнім" тақырыбында сабақ жоспары

Қазақ тіліі сабағынан "Менің бір күнім" тақырыбында сабақ жоспары

Скачать материал

Маған бүкіл қала әлі де тәтті ұйқыда жатқанда, күн нұры көрінбеген кезде ерте ояну ұнайды. 6-7 лердің кезінде терезені айқара ашып, суық ауамен құшырлана дем алсаң, бірден бойың сергіп қалады. Айналаң тып-тыныш, жан адам көрінбейтін бұл мезгілде тек алыста машиналардың зуылдап бара жатқан даусы естіледі. Мұндайда сұрғылт аспанға, алдымдағы көп пәтерлі қабатты үйдің шатырына, араның ұяшығындай орналасқан терезелерге қарап тұру ұнайды. Біраздан соң әр үйдің шатыр-шатырларын жалынымен жалап күн де шығады. Алғашқы күн сәулесіне шомылу қандай керемет десеңші... Әдеттегідей құлағыма ұялы телефонның құлаққабын салып, сергек музыкаға ере күндізгі тіршілік қамына еніп кетемін. Жылы індерінің арасынан ақырындап басқа үй мүшелері де жыбырлай бастайды. Жуынып-шайынып жүргенше, олардың әрқайсысы өзінше бір әдепкі қалпымен «ұйқыдан ояну» рәсімдерін жасап жүреді. Біреуі билеп, таңғы жаттығулар жасаса, енді біреуі таңғы ас әзірлейді. Ал кейбір сәтті күндері ваннадан шығып бара жатып, залда анаң мен әкең қосылып алып билегенін көріп қалсаң, көңіл күйің күні бойы көтеріңкі жүрері сөзсіз. Бәріміздің шулап жүріп таңғы ас ішуіміз, әзілдесуіміз, жоспарларымызбен бөлісуіміз – бәрі де жүрегіме жылу сыйлайтын бағасыз бақыт. Әсіресе үйдің кенжесі болсам да, анам да, әкем де, Баян да (әпкем) менің назарымды, көңілімді талап етуі сүйсіндіреді. Біздің үйді «Айжан, анау қайда, мынау қайда», «Айжан ананы қалай істейді», «Айжан, мынаған не болған», «Айжан, былай киінсем қалай» деген сөздерсіз елестету мүмкін емес. Кейде мұның бәрінен шаршап кетсең де, өмірде біреуге керек екеніңді сезіну сені бақытты қылады. Иә, менің өмірімдегі ең жақын достарым да, тіренішім де осылар... Күн сайын әкемнің «сабағыңа кешігіп қалма»-сымен, анамның «ең бастысы, қарның тоқ, жылы жүр, жолың болсын»-ымен, ал Баянның «Күнтәй, кетпеші» деп еркелеуімен сабаққа шығамын. «Ойсыз күнім жоқ» демекші, ойымда қарбаласып жататын сан мың ойларды ретке келтіру басталады. Олар болмашы нәрседен басталып, фәлсафа мен фарабилік дәрежедегі ой тереңдігіне дейін жетеді. Осылай миым мен санамды «қинай-қинай», білім ордасына да жетемін. Бұл жерге шабыттанып кіресің, ал қалай шығуың салған сәтіне байланысты. Кей мұғалімдердің сабағынан кейін қанаттанып, рухтанып шығасың. Кейбірінен түңіліп, ұнжырғаң түсіп кетеді. Ал енді кейбірінен «уһ, құтылдық па» деп қашып шығамыз. Иә, иә...сабағында өткізген уақытыңа жаның ашитын мұғалімдер де болады. Кейбір сабақтар санаңды кеңейтіп, өмірге деген көзқарасыңды аша түссе, кейбірінде керісінше, барлығымыздан бірдей ойлайтын роботтар дайындап жатқандай бірдей ойлауға итермелейді.  Кейде тезірек үлкен өмірге аяқ бассақ деп, ал кейде осындай жайбарақат кездер бітпей-ақ қойса ғой деп білім ошағынан кете барамыз. Үйге ертерек оралғанда, әрқашанда есіме мектепте оқып жүрген кезімдегі студенттерге қызыға қарайтыным еске түседі. «Бүгін 2 пар болды» деп келіп жататын аға-әпкелеріме қызғана қарап, 6-7 сабақтан шаршап мен келетінмін. Ал енді бүгін өзім студентпін, автобустағы ауыр сөмкелері өздерінен үлкен оқушыларға қарап, уақыттың зуылдап бара жатқанын ойлаймын. Болашақ өміріме арман құрып, үйге де жетемін. Менің күнімді теориялық-методолгоиялық-сараптамалық әдіспен 2-ге бөліп қарастыруға болады. Бірінші бөлігі қоғамда қалыптасқан жүйе бойынша, қалып бойынша міндеттерді орындау болса, екінші бөлігі жанымның қалауы бойынша әрекет етуден тұрады. Әрине маған екінші бөлік ұнайды. Кейде жұмыс бабымен түрлі шығармашылық адамдарынан сұхбат аламын. Оның ішінде суретшілер, дизайнерлер, ақындар немесе жай ғана өмірге көпшілік көзімен қарамайтын, өзінің жеке ойы, дара сөзі бар адамдар кездеседі. Мұндай маңайы шуақ, жаны жайсаң адамдардың арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп жүру рақаттың рақаты... Ал кейде жай ғана үйде отырып кітап оқимын немесе киноға барамын. Бұл нәрселер адамды итжығыс тіршіліктен бір уақыт алыс әкететін, жаныңды жаймашуақтап, тігісін жатқызатын дүниелер ғой. Келешекте өмірімді осы әдебиет, кино, мәдениет саласымен байланыстырсам екен деп қиял құсын құшырлана ұшырып ұйқыға батамын.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тіліі сабағынан "Менің бір күнім" тақырыбында сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2018 849
    • DOCX 16.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шахамова Замира Ильясовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шахамова Замира Ильясовна
    Шахамова Замира Ильясовна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1801
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 663 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 561 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек