Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ халқының күйшілері. Құрманғазы, Дина Нұрпейісова. 9 сынып

Қазақ халқының күйшілері. Құрманғазы, Дина Нұрпейісова. 9 сынып

Скачать материал

Қостанай қаласы әкімиятының Білім беру бөлімі

А.М. Горький атындағы гимназия

Қазақ халқының күйшілері.

Құрманғазы. Дина Нұрпейісова.

Ашық сабақ

9 сынып

Қазақ тілі

Мұғалім: Ақышева Б.Ж.

Қостанай қаласы

2011 жылы

Тақырып: Қазақ халқының күйшілері. Дина Нұрпейісова.

Мақсаттары: білімділік:  қазақ халқының күйшілері туралы мәлімет беру, әңгіме құру; сөз қорларын молайту;  салалас құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау;

Дамыту: мақал – мәтелдерді талдау арқылы оқушылардың тілдерін дамыту; өз сөз  қорымен тиімді пайдалану қабілеттерін нығайту;  әңгіме құру барысында қазақша сауатты ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта нығайту;

Тәрбиелік: өз елінің музыкасын, күйшілерін тану, білу, құрметтеуге  тәрбиелеу;  музыканы ажырата білуге үйрету;  музыканы сүюге тәрбиелеу;

Көрнекілік: тақта, интерактивті тақта, аспаптар суреттері, компьютер, қанатты сөздер, Абай, Дина нұрпейісова, Құрманғазы портреттері

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

Технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, модульдік, дамыта оқыту, ойын.

Әдіс – тәсілдер: қайталау, ауыз екі сөйлеу, әңгіме, салыстыру, талдау, ойын.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезені.

2.     Сабақ тақырыбын, мақсаттарын хабарлау.

3.     Үй жұмысын тексеру. 

-         Жалпы музыка: қазақ жерінде музыка зерттеуі  қашан басталды?  Кім алғаш рет музыканы зерттеді? Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? (музыкалық аспаптар көрмесіне назар аудару)

-         Музыка бағыттары (анықтау: рок, поп, халық, джаз, классика, тағы басқа бағыттар.)

-         Сұхбат алу. Бұл аспап қалай аталады?  Бұл саксафон.  Бұл аспапта үйрену үшін қанша уақыт сен жұмсадың?  2 жылдай уақыт кеткен шығар.  Қандай шығармаларды сен орындай аласың?   Көбінесе әлемге танымал туындылар.  Мысалы ... (ойнайды) Бұл Ұлы Синатраның туындысы. Жақсы. Біз сенімен мақтан етеміз.

-         Салыстыру: симфония мен күй. Ауызша талдау. Симфония қандай халықтардың музыкасы, ал, күй кімдікі? Симфонияны қандай аспаптара орындайды, ал, күйді қандай аспапта?  Симфонияны неше адам орындайды, ал, күйді ше?

4.     МАБ – қа дайындық аясында жұмыс: синонимдер, антонимдер, көп мағыналы сөздер: музыка – әуен, ырғақ – қимыл,  ән – өлең - жыр, орындау – тарту,  тәрізді – ұқсас, орындаушы – айтушы, автор – шығарушы;

5.     Жаңа тақырып

-         Әңгіме (жалпы сөз)

"Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй", - деген ұлы Абай.

 Қазақ халқының ең сұлу, сырлы мұрасы - сан-салалы, көп жанрлы дәстүрлі музыкасы - күй - халқымыздың сол ұлан-ғайыр музыкалық қазынасының ең бір мол саласы, құрылымы, мазмұны, басқа да көп сипаттары жөнінен кемел дамып, биік өреге жеткен жанрларының бірі.

«Күй» сөзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин ретінде пайдаланылады. Түпкі, төркін мағынасы «хал, жағдай, көңіл ауаны» сияқты психо-эмоциялық ұғымды білдіреді. Осы атаудың өзінен-ақ күйдің табиғатына жан толқынысының әуендік баламасы іспетті айқын психологизм тән екендігін аңғарамыз. Әлбетте, бұл күй жанрының өзге сипатын: баяндаушылық, суреттеушілік, кейіптеушілік қасиетін жоққа шығармаса керек. Жинақтай айтқанда, күй - құрылымы жағынан шағын болғанмен, мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық формасы кемел, жанрлық заңдылық, белгілері әбден тәптіштелген аспаптық пьеса.

Күйлер, негізінен, үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған.

Домбыра - тым ертеде пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған, екі ішекті, шертпелі хордофон типіндегі аспап. Осы үлгідегі және атауы да, көп ретте, осы «домбыра» сөзіне ұқсас аспаптар татар, башқұрт, өзбек, алтай, қырғыз, түрікпен, мұңғыл, қалмақ, тәжік халықтарында да сақталған (думбыра, думбара, думбрак, домбр, комуз). Типологиялық және лексикалық ұқсастық аталмыш музыка аспабының әлмисақтан мәшһүр екендігінің және Орталық Азия халықтарына түгелдей дерлік табиғы болғандығының дәлелі ретінде де айтылады. Ал қазақ домбырасы - жұмсақ, қоңыр үнімен ерекшеленетін, дыбыстық диапазоны 1,5 октавадан 2 октаваға дейін жететін, мүмкіндігі мол, сонымен қатар ел-жер, орындаушылық дәстүр ыңғайына қарай сыртқы пішіні де сан түрлі болып келетін, заманында әр қазақтың дерлік үйінің төрінде тұрған аспап. Осыншама кең таралғандығы себепті, қазақтың дәстүрлі әндері түгелге жуық домбыраның сүйемелімен айтылады. Алайда, домбыра аспабының тембрлік, диапазондық мүмкіндіктерін шегіне жеткізе ашқан жанр - көне ықылымдарда қалыптасып, ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген күй жанры еді. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жіктеледі.

Домбыра, мұнша  шешен болдың неге?

 Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе

-Таныстыру  (Құрманғазы, Дина Нұрпейісова туралы презентация)

 Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған.

 Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Куғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және " Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген. 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менегай, Менкдра, Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан. "Байжұма", "Бозқаңғыр" туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. "Итог" атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады. Құрманғазының күйлері қазақ хатады шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

-         Театралдық қойылым (Құрманғазының Динаға бата беруі)

-         Ауыз екі сөйлеу: бұл қойылымда басты кейіпкерлері кім?  бұл оқиға тарихымыздың қай уақытын көрсетіп отыр?  Құрманғазы Динаға не сыйлады?  Қандай  себеппен берді домбыраны? Не деді? Қандай бата берді?

-         Күй тыңдау (Дина Нұрпейісова күйінің үзіндісін)

6.     Грамматикалық тапсырмалар. Құрманғазы мен Дина, музыка, күй  туралы мәліметтерді алып салалас құрмалас сөйлем құру. Синтаксистік талдау жасау. (интерактивті тактада)

7.     Мақалдармен жұмыс жасау.  Бұл мақалдардың басқа тілдегі баламалары қалай болады? (ағылшын, франсуз, неміс, украин, беларус, татар тілдерінде)   

-         Ата өнері балаға мұра.

-         Саусағы ұзын биші болады,

 құлағы ұзын күйші болады.

   Күй қазақ халқының ұлттық мұрасы. Ал, басқа ұлттарда осыған ұқсас ұлттық мұра бар ма?

8.     Үй жұмысы: 82 бет, 3 тапсырма

9.     Қорытынды.Мағынасы әр түрлі «күй» сөзімен тамырлас сөздерді еске түсіріп көрейік:

-         Күй – қазақтың аспапты музыкасы.

-         Күй – адамның белгілі бір сезімі.

-         Күй – бұйрық райдағы етістік.  Мысалы, «отқа күй»

-         Күйлі – адамның тұрмыс – жайының жақсы екенін білдіретін сөз.

-         Күйіну – қайғыру, таусыла ренжу.

-         Күйе  - от жалын шарпыған заттарға жұққан ұлпа дақ.

-         Күйгелек – қызу қанды, тағатсыз адам.

-         Күйдіргі – адамның қызуын көтеретін жара.

-         Күйдіргі – кісілерді бір – біріне айдап салатын, жаман кісі.

-         Күйші -  казақтың аспапты музыкасын шығарушы және музыкалық аспаптарда күй тартушы адам.  

10.  Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халқының күйшілері. Құрманғазы, Дина Нұрпейісова. 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырып: Қазақ халқының күйшілері. Құрманғазы, Дина Нұрпейісова.

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2014 4883
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акишева Балайым Жансеитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акишева Балайым Жансеитовна
    Акишева Балайым Жансеитовна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 54823
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек