Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Скачать материал

 Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөзді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: сөйлем және сөз тақырыбы  бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру

Дамытушылық мақсаты:  сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру                                                             

Тәрбиелік мақсаты: байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға қажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап, жаттығу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

 Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Қайталау сабағы.

·        Алғашқы сабақт ы мектеп, білім, сыныптас оқушылар, жазғы демалыс тақырыбына арнаймыз. Оқулықта берілген жаттығулар да осы тақырыптың мазмұнын ашуға арналған. Сендермен әңгімелесе отырып, сөздің заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын еске түсіреміз.

      ІV. 1-жаттығу. Суретте бейнеленген заттардың атауын сұрау. (гүл, мұғалім, оқулық, оқушы, мектеп, т.б.). содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алу. Жауапты сөйлем құрастырып береді. Оқушыларға сұрақ қою арқылы әңгіме құрастыру.

2-жаттығу. «Жазғы демалысты қалай өткіздім» тақырыбына әңгіме жүргізу. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. Өлеңді бірнеше рет іштей қайталап, жатқа жазу.

3-жаттығу. Берілген сөздерді оқу, жеке сөйлем құрастыру. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.

4-жаттығу. Сөйлемдердің ара жігін ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы  балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатынын еске түсіреді.

5-жаттығу.  Мақалдың жалғасын іздеп табу, түгел көшіру міндетті емес. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған. Осы мақалдардың мазмұны арқылы білімнің қажеттілігі туралы ой-пікірлер қорытындылайды.

6-жаттығу. Әр сөйлемге бір сөзден қосылып оытрады. Оқушылар әр сөз қосылған сайын сөйлемнің мағынасы кеңірек ашыла түсетінін байқайды. Үйге берілген жаттығуды мұғалім сынып оқушыларының деңгейін ескере отырып, өзі таңдайды.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қойылады:

·        Сөйлем дегеніміз не?

·        Сөйлемнің қандай түрлері бар?

·        Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар?

·        Сөйлем неден құралады?

·        Сөз дегеніміз не?

·        Сөз неден құралады?

·        Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріппен жазылады?

·        Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

Ү. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсір, қайталау

Дамытушылық мақсаты:  дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету

Тәрбиелік мақсаты: буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапсымасын тексеруде үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

ІІІ. Қайталау сабағы.

Бұл күнгі сабақтың жаттығулары оқу құралдары, оны күтіп үстау  тақырыбына арналады. Жаттығу жұмыстары арқылы бірінші сыныпта өткен материалдарды қайталаумен бірге  мұғалім оқушылардың оқу құралдарын күтіп ұстауы, оның білім берудегі маңызы туралы әңгіме жүргізе отырып, сабақтың тәрбиелік мәнін ашады.

       Буын карточкаларымен жұмыс. Балалар буындардан сөздер құрап жаттығады. Суреттер бойынша заттардың атауын атап, ол сөздерді буынға бөледі, буын санын  анықтайды. Буын санының дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне түсіреді. Екі, үш, төрт буынды сөздер құрайды.

  Сөздерді  дұрыс тасымалдауды еске түсіру. Ол үшін оқушылар бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсетеді. Мысалы: оқу-шылардың, оқушы-лардың, оқушылар-дың. Жалғыз әріптен тұратын сөздердің тасымалданбайтынына назарларын аудару.

     ІV. Оқулықпен жұмыс.

     1-жаттығу. Буын, буындардың дыбыстардан құралатыны туралы оқушылар  бірінші сыныпта алған білімдерін қайталауға арналған. Әр буынның неше дыбыстан тұратынын санайды.

2-жаттығу. Берілген өлеңді іштей оқып, мазмұнымен танысқаннан кейін, бірнеше оқушы өлеңді дауыстап, буынға бөліп оқиды. Буын құамымен жұмыс жүргізіледі. Бір дауысты дыбыстан ғана тұратын  буындарды тауып, оның дауысты дыбыс екенін  өздері анықтап айтулары тиіс.

3-жаттығу.  Алдымен буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстырады. Берілген буындардан сөз құрауға, берілген сөздерден сөйлем құрастыруға болатынын айтады. Буындардан сөз құрауды жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.

4-жаттығу. Үш, төрт буынды сөздерді әртүрлі тәсілмен тасымалдап үйренуге дағдыландырады. Тасымалдауға болмайтын сөздердің неге тасымалданбайтынын дәлелдейді.

5-жаттығу.  Оқушылардың өз беттерінше орындауларына болады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың білімінде олқылықтар бар тақырыптар бойынша бекіту сұрақтарын қою, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар мен әріптерді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дыбыс және әріп туралы алған білімдерін еске түсіру, жаттығу

Дамытушылық мақсаты: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білу

Тәрбиелік мақсаты: сөздердің неше дыбыстан, неше әріптен тұратынын анықтай алу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығуды тексере отырып, оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергендіктерін анықтау. Үш, төрт буынды сөздерді, бір дыбыстан тұратын буындары бар сөздерді дұрыс тасымалдау дағдыларын бекіту.

      ІV. Қайталау сабағы.

Дыбыс және әріп туралы 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Мынадай сұрақтар қойылады:

·        Дыбыс дегеніміз не?

·        Әріп дегеніміз не?

·        Дыбыстардан не құралады?

Суреттермен жұмыс. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атап, олардың неше дыбыстан тұратынын табады.

1-жаттығу. Ауызша орындалады. Жұмбақтың шешуін тауып, оның неше дыбыстан құралғанын анықтайды. Жұмбақтың шешуін тақтаға жазғызып, оның қандай әріптермен белгіленгенін көрсетулеріне болады.

2-жаттығу. Өлең-жұмбақты оқып, оның жауабын дәптерлеріне жазады: борсық – торсық, сазан\қазан, ұшақ\ошақ. Өзгерген дыбыстардың астын  сызады, барлық сөздердің бірінші әріптерінің өзгергенін айтады. Қатар тұрған екі сөзді салыстыра отырып, бір әріптің өзгергенінен сөздердің мағынасының да өзгергенін байқап, өз беттерінше қорытынды жасаулары керек.

3-жаттығу.  Өлеңнің мазмұнын талқылап алғаннан кейін қарамен жазылған сөздерді баған түрінде жазады.

Ен                                           жасау

Ден                                         асау

Еден                                       сау

Неден                                     ау

Әрбір әріп қосылған сайын немесе қысқарған сайын сөздің де мағынасының өзгергеніне назарларын аударады. Әр сөздің мағынасын түсіндіреді. Сөздің мағынасының өзгеруіне бір дыбыстың өзінің алатын орны ерекше екенін ұғынады.

4-жаттығу. Оқушылардың сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдыларын арттыруға арналған. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы кейбір әріптердің қосарлы дыбыстан тұратынын еске түсіреді. Мысалы: лагерьде (8 әріп, 7 дыбыс), сарғая (6 әріп, 7 дыбыс), үюге (4 әріп, 5 дыбыс), подъезде (8 әріп, 7 дыбыс). Бұл жаттығу жазбаша орындалады.

5-жаттығу. Әріптердің орналасу ретін пысықтау үшін берілген. Сөздерді әліпби ретімен орналастыра білудің күнделікті өмірдегі қажеттілігі туралы әңгіме жүргізуге болады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Сөздердің жуан, жіңішке айтылуын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу

Дамытушылық мақсаты: сөздердің жуан, жіңішке айтылуынынң дауысты дыбыстарға байланысты екенін ұғыну

Тәрбиелік мақсаты: олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіне білу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау сабағы.

   Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ейбір дыбыстардың еркін созылып, кейбір дыбыстардың кедергіге ұшырап айтылатынына назарларын аудары. Осындай жұмыстардан кейін дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіреді. Барлық дауысты дыбыстарды хормен дауыстарын созып айту тапсырылады. Оларды айту кезінде дыбыстардың да созып айту тапсырылады. Оларды айту кезінде дыбыстардың кедергіге  ұшырап шығатынына көздерін жеткізеді. Оқулықта бұл сабаққа берілген жаттығулардың барлығы сөз ішінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды таба білуге арналған. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды бөліп көрсетеді. Жұмыс жүйелі жүрген жағдайда оқушылар алғаш алған білімдерін ары қарай дамыта алады.

Сөздердің жуан, жіңішке айтылатынын байқату мақсатында алдымен балаларға тақтаға жазылған сөздерді дауыстап оқу тапсырылады. Олардың қайсысы жуан, қайсысы жіңішке  айтылып тұрғанын ажыратады. Жуан-жіңішке жұп дауыстылары бар сөздер берілген 2-жаттығу арқылы оларды салыстырады (а\ә, о\ө, ұ\ү, ы\і). Қатар берілген сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тауып, оларды салыстырады, содан кейін жуан дауысты дыбыстары бар сөздердің жуан айтылатындығы, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздердің жіңішке айтылатындығы туралы қорытынды жасайды. Сондай-ақ жіңішке айтылатын сөздерге жалғанатын бөлшектердің жіңішке, ал жуан айтылатын сөздерге жалғанатын бөлшектердің жуан болатынын байқайтындай да жаттығулар беріледі.

      ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.

Сабақты қорытындылау кезінде дауысты, дауыссыз дыбыстарды, жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды сөз ішінен табу сияқты жұмыстар жүргізіледі.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақтың тақырыбы:  Заттың атын білдіретін сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: заттың атын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білімдерін қайталау, пысықтау

Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу

Тәрбиелік мақсаты:  сауатты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: заттық суреттер, күз көрінісін бейнелейтін суреттер, карточкалар

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап, жаттығу, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  Жуан, жіңішке айтылатын сөздер жазылған карточкалар үстел бетіне теріс қаратып жайылады. Тақта алдына шақырылған оқушылардың әрқайсысы бір карточкадан алады. Оларға сөздердің жуан, жіңішке айтылуына қарай екі топқа бөлініп тұру тапсырылады. Қай топ дұрыс, тез жинақталса, сол топ жеңеді. Содан соң әр топ сөздердің неге жуан немесе жіңішке айтылып тұрғандығын дәлелдейді.

      ІІІ. Қайталау сабағы.

       Бұл күнгі сабақ күз мезгіліне арналған. Сондықтан күз көрінісін бейнелейтін немесе күзгі еңбек туралы суреттермен жұмыс жүргізуге, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үшін әңгіме  құратуға болады. Сурет бойынша әңгіме құрастырмас бұрын ол жерде қандай заттардың бейнеленгенін айтып, оларғы сұрақтар қояды. Сөйтіп, осы тақырыпқа қатысты берілген ұғымдарды еске түсіреді. Олар затардың атауларын атай оырып, зат есімнің тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін аңғарулары тиіс. Сөйлемдер құрастырған кезде де олардың ішінде заттың атын білдіретін сөздердің көп екенін байқайды.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

      1-жаттығу. Берілген суретте әртүрлі заттар бейнеленген және суреттерге қарап ойланып тұрған балалардың  суреті берілген. Балалар бұл суреттерде тек қана заттар бейнеленгенін байқауы тиіс және осы заттардың әрқайсысының өзіне тән атауы бар екенін айтады. Ол атаулардың заттың атын білдіретін сөздер екенін естеріне түсіреді. Әр заттың атын атап, сұрақ қойғаннан кейін ол заттардың атын  топқа бөліп жазады. Ары қарай тағы қандай топқа бөлуге болатынын ойланады. Балалар әртүрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін. Оқушылар өзері кімнің нұсқасы дұрыс екенін анықтайды. Сол арқылы заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? Сұрақтарының қойылатынын қайталайды.

       Бұл қайталау сабағында балалар нақты заттардың атын атау арқылы ғана заттың атын білдіретін сөздерді табады. Құбылыстың, көңіл күйдің т.б., яғни абстрактілі зат есімдерді сөйлем ішінен табу сияқты тапсырмалар берілмейді. 

2-жаттығу. Өлең жолдарынан заттың атын білдіретін сөздерді табу қиындық келтіре қоймайды. Жаттығу арқылы не? Деген сұрақтың қандай сөздерге қойылатыны тағы бір рет анықталады. Сабақтың жаттығулары күз  тақырыбына арналған, мұғалім кіріспе бөлімде айтылған күз мезгілінің ерекшеліктері, күзгі еңбек туралы әңгімелерді қорытындылайды.

3-жаттығу.  Оқушылар өз беттерінше орындай алады.

4-жаттығу. Жұрнақ, туынды сөз туралы ешнәрсе  айтылмайды, не? Деген сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасына сүйене отырып, кім?  деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып жазады.

5-жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздердің жекеше, көпше түрлері болатынына назарларын аудару үшін берілген. Жекеше, көпше түрде берілген сөздерге сұрақтардың қалай қойылатынын анықтайды.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Күні...................................Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздерді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: жер-су, адам, хайуанаттар аттарының бас әріптен жазылатынын қайталау, еске түсіру

Дамытушылық мақсаты: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап, жаттығу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақтың материалдары бойынша сұрақтар қою арқылы балалардың білімдері анықталады. Білімдеріндегі олқылықтар жаңа сабақта ескеріліп, қайталанып отырады.

      ІІІ. Қайталау сабағы.

Тақтаға бас әріппен және кіші әріппен жазылған сөздер ілінеді. Оқушылар ол сөздерге сұрақ қойып, заттың атын білдіретін сөздер екенін анықтап, олардың неге үлкен әріппен немесе кіші әріппен жазылып тұрғанын өз беттерінше түсіндіреді. Тағы қандай сөздердің бас әріппен жазылатынын еске түсіреді.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

      1-жаттығу, 2-жаттығу.  Адамның аты-жөні, тегі бас әріппен жазылатынын еске түсіреді. Сөйлемдердің алғашқы сөзінің де бас әріппен жазылғанына назарларын аудару керек. Өлең жолдарының да бас әріптен  басталып жазылатынын байқайды.

3-жаттығу.  Оқушылардың тілдерін дамытуға, ойларын жүйелеп жаза алуды үйретуге бағытталған. Қысқаша әңгіме жазу барысында үй жануарлары мен хайуанаттарының да аты бас әріппен жазылатынын біледі.

4-жаттығу, 5-жаттығу.  Жер-су аттарының жазылуымен таныстыруға арналған жаттығу.  Берілген жер-су аттарын топтап жазуға үйренеді.

6-жаттығу. (ерекше назар аударуды қажет етеді). Оқушылар екі бағандағы берілген сөйлемдерді салыстырады. Олар қарамен жазылған түлкі сөзінің бірінші бағанда кіші, екінші бағанда бас әріппен жазылғанын бірден өздері анықтағаны дұрыс.  Бірінші сөйлемде жалпы түлкі деген аң туралы айтылады, ал екінші сөйлемде Түлкі ертегінің кейіпкері ретінде алынып тұр. Оқушылар ертегілерді көп оқиды, олардың мазмұнын жазады, сондықтан бұл жөнінде білгені дұрыс.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: заттың қимылы туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, толықтыру

Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу

Тәрбиелік мақсаты:  сауаттылыққа тәрбиелеу, жолда өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейі тексеріледі. Білімінде өткен таөырып бойынша олқылықтары бар балалармен жұмыс жүргізіледі.

     ІІІ. Қайталау сабағы.

      1-жаттығу. Берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Әркімнің қандай қимыл түрін атқарып жатқанын айтады. Ол сөздерге сұрақ қояды. Берілген торкөзге әріп саны сәйкес келетін сөзді табады. Мысалы: 1. Секірді. 2. Ішті. 3. Жүргізді. 4. Пісірді. 5. Тепті. 6. Ілді. 7. Киді.

2-жаттығу, 3-жаттығу.  Мазмұны жолда жұру ережесімен байланыстырылған. Оқу жылының басынан жолда өздерін дұрыс ұстауларын балалардың құлағына құйып отырған дұрыс. Оқушылар мәтіннің мазмұнын талдай отырып, сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып отырады. Қимылдың иесі кім немесе не екенін анықтайды. 

4-жаттығу,  5-жаттығу. Оқушылардың өздеріне орындауға тапсыруға болады. Мұғалім қай жаттығуды үйде орндауға беретінін өзі шешеді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорыту кезінде балалар өздері мысалдар келтіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін жүйелейді.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білісдерін еске түсіру

Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың сынын  білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу

Тәрбиелік мақсаты: бейнелі сөйлеуге үйрету

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  Оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздерге мысалдар келтіреді. Ол сөздерден сөйлем құрастырады. Заттың қимылын білдіретін сөздің қандай сөзбен байланысып тұрғанын табады. Үйге берілген тапсырманы қалай  орындағандары тексеріледі. Жеке оқушылардың білімін карточкалар арқылы да тексеруге болады.

      ІІІ. Қайталау сабағы.

1-жаттығу. Екі бағандағы  берілген сөйлемдерді салыстыру арқылы бірінші бағанға қарағанда екінші бағанда түлкінің толығырақ суреттелгенін айтады. Бірінші бағандағы сөйлемдерге екінші бағанда қандай сөздердің қосылғанын көрсетеді. Ол сөздердің түлкінің құлағын, құйрығын, түсін суреттеу үшін қолданылып тұрғанын байқайды. Ол сөздерге сұрақ қою арқылы олардың заттардың түрін, түсін білдіріп тұрғанын біледі. Заттарды жан жақты сипаттауда заттың сынын білдіретін сөздердің мәні зор екендігі туралы қорытынды жасайды.

              Оның құлағы,                                    Оның ұзын  құлағы,

              құйрығы, терісі бар.                         Терісі жазда сұр түске  өзгереді. 

2-жаттығу. Заттың түсін білдіретін сөздерді табумен бірге түстерді ажырата білуге үйренеді. Сол түстерді өздерінің сөздік қорларында пайдаланып үйренеді.

            Түрлі түстер.

Қызыл, жасыл, көк ...

Түрлі түстер көп.

Ақ түсім - сүт,

Бозғылт түсім - бұлт.

Жасыл бояу - шөп,

Сары бояу - сөк.

Қара түсім - қас,

Сарғылт түсім - тас.

Көгілдір бояу - су,

Көкшіл бояу - ту.

3-жаттығу.  Сынды, түр-түсті білдіріп тұрған сөздің қандай затқа қатысты екенін таба білуге арналған. Сын есімді өзі байланысып  тұрған зат есіммен қатар атап үйренеді.

Тоғайда.

Балалар ауыл жанындағы тоғайға барды. Түрлі өсімдіктің жұпар иісі мұрныңды жарады. Аласа бұталардың арасынан сұр торғай, көк шымшықтар пыр-пыр ұшады. Анадайдан ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі. Тоғай іші көңілді.

4-жаттығу. Заттаң атын білдіретін сөздер мен заттың сынын білдіретін сөздерді сәйкестендіре білуге үйретуді кзөздейді. Бұл жерде  алдыңғы жаттығуды алған білімдерін пайдаланады.

5-жаттығу.  Өтілген материалдар бойынша білімдерін бекітуге арналған. Екі рет кездесіп тұрған ала сөздерінің мағынасын ашуға ерекше көңіл бөлу керек. Оның қай жерде сынды білдіріп тұрғанын анықтау үшін ол сөздерді өздері байланысып тұрған сөзімен бірге қарастырған дұрыс. Мысалы: ала қарбыз; ала бар. Қандай? Деген сұрақтар қою арқылы заттың сынын білдіріп тұрған қай сөз екенін өздері анықтайды.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Тақтаға бірнеше заттың сынын білдіретін сөздер жазылады. Осы сөздерді сәйкес келетін заттың атын білдіретін сөздермен тіркестіріп айтады.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: заттың санын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта білімдерін еске түсіру, толықтыру

Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу

Тәрбиелік мақсаты: байқағыштыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға бірнеше сөз жазылады:

Жирен, шырайлы, компьютер, жасырынды, күлкілі, аспан, қоңырау, ағаш, көгілдір, пайдаланды, биіктеді, қысқа, т.б.

Үш оқушы сөздерді үш топқа бөліп жазады. 

      ІІІ. Қайталау сабағы.

Сыныптағы, партаның үстіндегі заттарды санату арқылы заттардың саны анықталады. Заттың санын білдіріп тұрған сөздерге сұрақтар қояды. Басқа сөз таптарына қарағанда сан есім  тақырыбын оқушылар жеңіл меңгереді. Бұл жерде көбінесе оқушылардың өздерінің білімдеріне сүйенген дұрыс.

Оқулықта берілген материалдар олардың білімдерін толықтыра түсуге көмектеседі.  Оқушыларға заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоюға үйретумен бірге реттік сан есімдерді оқып үйренуге дайындық жаттығулары да беріледі.

           5-жаттығу ойнауға беріледі. Бұл жерде өлеңнің әр жолына мән беріп оқымаса,  малшының неше қойы бар екенін дұрыс таба алмай қалады. Жалқы қойы былтырғы жылы егіз қозы туды, онымен бірге былтыр туған екі қозы есейіп, олар да бір-бір қозы туды, сонда барлығы малшының жеті қойы болады (1+2+2+2). Сондай ақ жалқы (бір), егіз (екі), қос (екі) деген сөздердің орнына қандай сын есім қоюға болатынын табады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау,бұл сабақ қайталауға берілген он сағаттың ең соңғысы болғандықтан барлық тақырыптар бойынша жалпылама сұрақтар қойылады, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.    Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасауында сөйлеудің маңызын, сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру

Дамытушылық мақсаты: сөйлеу арқылы көп нәрсені білетіндіін түсіну

Тәрбиелік мақсаты: дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  Бірінші сыныпта өткен материалдарды қайталау тарауының аяқталуына байланысты алдыңғы сабақтың материалдар бойынша жалпылама сұрақтар қойылады. Балалардың білім деңгейін тест жұмыстарын ұйымдастыру арқылы тексеріп шығуға болады.

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгімеде адамдардың бірін бірі қалай түсінетіндігі, оларға сөйлесу кезінде тілдің қандай көмегі бар екені жөнінде айтылады. Сұрақ қою арқылы адам бір бірімен сөйлесу кезінде қандай сөйлеу түрлерін қолданатындығы анықталады.

Бұл тақырыпқа екі сағат берілген. Осы сабақтарда адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатындығын, сөйлеудің адамдардың бір бірімен қарым  қатынас жасау қажеттілігінен туындағанын, адамдардың сөйлеу арқылы ақыл ойының, санасының дамығандығын, үлкен жетістіктерге  қол  жеткізгендіктерін түсінуі тиіс. Оқулықта осы түсініктердің бәрін алуға  мүмкіендік туғызатын  жаттығулар жеткілікті берілген. Сол сияқты әртүрлі тілдердің болатындығы, өз ана тілін құрметтеуге, Отанын сүюге, дұрыс сөйлеу сәдениетіне тәрбиелеу же жүзеге асырылады.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.  Суретпен жұмыс.

2-жаттығу. Әр адамның өз Отаны бар. Отан сенің туып өскен жерің, елің. Сенің Отаның Қазақстан. Ол жер бетіндегі үлкен мемлекеттің бірі. Еліміз өзінің бай табиғатымен мақтана алады. Онда биік таулар, көлдер, өзендер, ормандары бар. Жер қойнауында қазба байлықтардың түрі өте көп. Бірақ еліміздің ең басты байлығы оның адамдары.

3-жаттығу.  Өлеңді көшіріп жаз.

Адамзатқа дүниеде

Өмір ау десем ең қымбат.

Дарқан тілдік мекенім, ойланады, өз ойларын

Бәрінен, Отан, сен қымбат!

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және  қызықты нәрселерді  біледі.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Ауызша  тіл және жазбаша тіл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ауызша тіл мен жазбаша тілдің бір бірінен айырмашылығын түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: жазбаша тілдің пайда болуы туралы түсінік беру

Тәрбиелік мақсаты: жаэбаша  хабар беру құралдарымен таныстыру, сауатты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: суреттер

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тіл және сөйлеу туралы не білгендерін еске түсіру арқылы жаңа сабақты қабылдауға көпір салынады. Адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатынын айта отырып, олардың ауызша, жазбаша хабарлау арқылы жүзеге асатынын  қайталайды. Үйден орындап келген тапсырмалары арқылы жаңа сабақты меңгеру деңгейлері анықталады.

      ІІІ. Жаңа сабақ.

 Тақырыпты оқып үйренудің алғашқы сабағында ауызша және жазбаша тілді ажырата білуге үйрету көзделеді.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.  берілген суреттер бойынша  қимыл иесінің қандай сөйлеу түрін қолданып тұрғаны анықталады. Ауызша тіл мен жазбаша тілдің қай кезде қолданатыны пайымдалады.

 2-жаттығу. талдау барысында бала өзінің мектепке білім алу және жазуды үйрену үшін келетіндігін  айтады. Жазуды үйренудің өз өміріне қандай жеңілдіктер әкелгенін сезінеді.

3-жаттығу. суреті бойынша жазба тіл пайда болмай тұрған кезде адамдардың хабарды от жағу, кернейме дыбыс беру, орамал бұлғау арқылы болатындығы сұралады. Мұндай хабар берудің тиімсіз жақтары сөз болады, сол арқылы жазудың шығуына  байланысты адамдардың алыспен қарым қатынас жасауының қаншалықты жеңілдегендігі туралы қорытынды  шығарады. Ерте  кездегі хабар беру мен қазіргі хабар беру тәсілдерін  салыстырады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама жазып үйренеміз. (2-сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға мазмұндама жұмысын орындау барысында жоспар құру мәтінді тереңірек түсінуге, ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетіндігін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: жазбаша тілдің пайда болуы туралы түсінік беру

Тәрбиелік мақсаты: жаэбаша  хабар беру құралдарымен таныстыру, сауатты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

·        Мазмұндама дегеніміз не?

·        Мазмұндаманың шығармадан айырмашылығы қандай?

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Бұл жұмыс мұғалімнің тікелей басшылығымен және сыныптағы оқушыларды толық қатыстыра отырып жүргізіледі.

·        Берілген «Алтын тамшылар» мәтіні  оқылады.

·        Сөздік жұмысы жүргізіледі

·        Сұрақтарға жауап беру.

·        Мәтінге жоспар құру

·        Мәтіннің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? Осы бөлімге ат қойыңдар.

·        Екінші бөлімі не жайлы? Оған ат қойыңдар

·        Әр бөлімге қойылған ат мәтіннің несі болып табылады?

·        Мәтіннің мазмұнына сөйкес мақал мәтелдер айтқызу.

Өздік жұмысы.

Сурет бойынша «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі ауызша мазмұндалады.

Балалар, енді жоспар  бойынша әңгіме құрастырып, оған ат қойыңдар. Әңгімені дәптерлеріңе жазыңдар.

Сендер осы баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

«Орман сағаты» әңгімесін оқыту.

                                                     Орман сағаты

Мен әр демалыс сайын ауылға атама барамын. Менің атам орманшы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім.

Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай сағатта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты.

·        Әңгімедегі негізгі ойды тапқызу.

·        Сұрақтарға жауап беру

·        Жоспар құру

Мазмұндама туралы алған білімдерін бекіте отырып, олардың өзіндік белгілері сараланып көрсетіледі.

·        Мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеп айту

·        Берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар  қайтару

·        Жоспар жасау

·        Мәтіннің негізгі түйінін табу

·        Мәтінді қысқартап, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

3-жаттығу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі.

·        Сөйлеу тілінің түрлерін айт.

·        Қай тіл бірінші пайда болды?

·        Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылды?

·        Жазбаша тіл қалай пайда болды?

·        Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтірді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді. Сөз ішінде айтылып тұрған у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын анықтауға талпындыру.  Оқушылар у дыбысының кейде дауысты, дауыссыз  болып айтылып тұрғанын байқаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарды у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын  айтады.

У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. 1,2-жаттығулар жаңа сабақтың ережесін өздері қорытындылап айтуға желейді.  У дыбысы бар сөздері сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұғанын анықтағаннан кейін, дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.

Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады.  Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады.

У дыбысы бар  сөздері буынға бөлуде оқушылар көп шатасады.  Сондықтан 3-жаттығу сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Бұл жаттығуда  берілген сөздерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай ақ әр сөздің қандай мағына  беретінін түсіндіреді.

Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. Жаттығуларды орындау барысында у дыбысының дауыстыдан кейін келгенде және сөздің басында дауыстыдан бұрын  тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі.

Сөздік диктант.

Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.

5-жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіріледі.

      ІҮ. Жаңа сабақты қорыту

Сабақты қорытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып  келетін сөздерге мысалдар келтіріледі, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздері буынға  бөлінеді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай у дыбысының жуан және жіңішке айтылатынын түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: сөздің жуан, жіңішке айтылуы құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке болуына басланысты екенін ұғындыру

Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға үйрету

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Топтар арасында у дыбысы дауысты болатын сөздер мен дауыссыз болатын сөздерді тауып айтудан жарыс ұйымдастыруға болады. соңынан әр топ өздері айтқан сөздерде у дыбысының неге дауысты (дауыссыз) болып тұрғанын дәлелдейді. Үйге берілген тапсырманы  тексеру арқылы өткен сабақты қалай меңгергенліктері анықталады.

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Алдымен жуан, жіңішке сөздеді салыстыру жұмысы ұйымдастырылады.

от-өт                      ал-әл                        ұру-үру                           ыс-іс

тор-төр                  сан-сән                     тұр-түр                            тыс-тіс

тоқ-төк                   ақ-әк                         ұқ-үк                               ытық-істік

Бағандағы сөздерді салыстыру арқылы бір әріптің өзгеруінен сөздің мағынасы өзгергенін және дауысты дыбыстың жуан жіңішкелігіне байланысты  сөздердің де жуан жіңішке айтылатынын қорытындылайды.

Тақтаға у дыбысы бар бірнеше сөз жазылады.

Сулық, әуе, туырлық, сусын, елігу, күлу, жылауық, қулық, көру, куәлік, сауатты, екеуі, әуре.

Балаларды екі топқа бөліп, бір топ у дыбысы жуан айтылатын сөздерді, екіншісі у дыбысы жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазады. Содар соң әр топ ол сөздердің жуан (жіңішке) айтылып тұруы неге байланысты екенін айтады. У дыбысы жуан естілетін сөздерде жуан, жіңішке айтылатын сөздерде жіңішке айтылатынына көздерін жеткізеді.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1, 2-жаттығулардың ішіндегі у дыбысы бас сөздердің жуан не жіңішке естілетінін анықтай отырып, оның  кейде жуан, кейде жіңішке айтылуы сөздің жуан жіңішкелігіне байланысты деген қорытындыға келеді.

4-жаттығуда  берілген сөздерді көшіріп жазып, у, ұ, ү әрпі бар сөздердің жазылуын салыстырады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді. Бұл дыбыстардың  қандай буында, қалай айтылып тұрғанын ажыратады.

3, 5- жаттығуларды оқушылар өз беттерінше орындауларына болады.

Жаңа сабақты қорыту.

У дыбысы жуан, жіңішке айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Олардың жуан, жіңішке айтылуы неге байланысты екенін дәлелдейді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру

Дамытушылық мақсаты: ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын түсіндіру

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақ материалдары бойынша сұрақтарға жауаптар алынады. Сөздік диктантын жазғызуға болады.

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Бұл тақырыпқа бөлінген екі сағаттың біріншісі у дыбысының алдында сөздің жуан, жіңішке болуына байланысты –ұу, -үу дыбыстарының естілетіндігіне арналады.

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу бойынша алдымен өлеңнің мазмұны талданады. Өлең ішінен «жу» сөзі бөлініп алынып, балалар жаймен бұл сөзді созып айтып көреді, у дың алдында қандай дыбыс естіліп тұрғанына назарларын аударады. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреді, оларға дыбыстық талдау жасайды.

2-жаттығу у дыбысы бар сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстыру арқылы  –ұу, -үу дыбыстарының жазылмайтындығын қорытындылайды. 

3-жаттығулар жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекітуге арналған.

Келесі жаттығуды орындау арқылы у дыбысынан басталатын сөздерді дұрыс буынға бөліп үйренеді.

У әріпінің жазылуының екінші сабағында ы, і әрпіне аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынымен танысады.

Бұл ережені түсіндіру жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Екі бағандағы сөздерді салыстыра отырып, у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын байқайды. Осы жаттығу арқылы өздері қорытынды жасайды.

2, 3, 4-жаттығулар жаңа сабақ туралы алғын білімдерін бекітуге, жаттығуға арналған.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау,у әрпінің жазылуына басланысты ережелерді оқушылар мысалдар келтіре отырып қорытындылайды, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

5-жаттығу.

ҮІІ. Бағалау.

Күні_______________        Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: и және й әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету

Дамытушылық мақсаты: олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

У дыбысының қай кезде дауыты, қай кезде дауыссыз болатынын, олардың жуан не жіңішке болып айтылуы неге байланысты екенін сұрау. У дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлулеріне ерекше көңіл аудару

      ІІІ. Жаңа сабақ.

И және й әріптерінің жазылуына үш сағат бөлінген. Алғашқы сабақтың 1-жаттығуында екі қатардағы сөздердің жазылуын салыстыру арқылы бірінші бағандағы сөздерде и әрпі, екінші бағанда й әрпінің жазылғанын байқайды. Оларға осының себебін анықтау тапсырылады. Оқушылар буынға бөлу арқылы и дыбысының созылып айтылатынын және дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын, ал й дыбысының созып айтуға келмейтінін және дауысты дыбыстан кейін тұрғанын анықтаулары тиіс.

 2-жаттығуда берілген «Инелік» өлеңін оқығаннан кейін и дыбысының сөздің басында да жазылатынына көздерін жеткізеді.

Осы  жаттығуларды орындағаннан кейін оқушылар и мен й дыбыстарының қай кезде жазылатынын қорытындылап айтады.

Екінші сабақта и дыбысының алдында ы, і естілгенімен олардың жазылмайтынығы туралы ережемен танысады. Бұл сабақта ұйы, байы, кейі, жерй сөздеріне и әрпін қосып жазғанда ы, і әріптерінің жазылмайтындығы ерекше жағдай ретінде қаралады (ұйы\ұйиды, байы\байиды).

Үшінші сабақта сый, тый, сөздерінен тараған сөздерде ый әрпі сол қалпында жазылатынымен танысады. Сол сияқты й әрпінің шетелден енген кейбір сөздерде  басында жазылатыны жайында айтылады. Сондай сөздерді жазып үйренеді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау кезінде и мен й әрпіне қатысты танысқан жағдайдайлардың бәрі қайталанады. Өз беттерінше қорытынды пікірлерін айтады.

Мұғалім өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, икемді, мұхит, айқай, т.б.), онда и мен й әріптерінің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; и дің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылатынын, ал й дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің ортасында, аяғында келе беретінін байқатып, и мен й дің ұқсастық қасиеттерін (екеуі де ый дыбысының таңбасы, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) және бір бірінен ерекшеліктерін ( и дауысты дыбыстардан кейін келмейді, й дауысты дыбыстардан кейін келеді, и буын құрайды, й буын құрай алмайды, и дауысты дыбыс, й дауыссыз дыбыс, и сөздің басында келеді, й сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы қорытынды шығарылады.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: я әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йа дыбыстары естілгенімен я әрпі жазылатындығын түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: олардың ерекшеліктерін ажырата білу

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

      ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе бөлім.

Жұмбақ шешіледі.

Қоянда бар,

Қайыңда жоқ.

Қиярда бар,

Қиында жоқ.

Жұмбақтың шешуі: я әрпі.

Қоян, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Қоян екі буын, төрт әріп, бес дыбыс.

Қ-дауыссыз дыбыс

О-жуан дауысты дыбыс

Я-дауысты дыбыс

Н-дауыссыз дыбыс

Проблемалық сұрақ:

Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр?

-  Қоян және қияр сөздеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.

2. Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.      Өлең оқылып, мазмүны ашылады.

Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралғаны айтылады.

2-жаттығу.      Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер көшіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.

Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру. Мысалы:

Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді.

Мұғалім я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды.

Ережені пысыктау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

1. Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

2. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.

3. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.

Шығармашылық тапсырма:

Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады.

Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.

IV. Сабақты қорытындылау.

а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Я дыбысы қандай дыбыс?

2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

ә) Сөздік диктанты алынады. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады.

Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.

Айтылуы                                                          Жазылуы

Айан тайау байау                                            Аян таяу баяу

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

V. Үйге тапсырма беру.

4-жаттығу.

Күні______________Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ

1.  Кіріспе бөлім

а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады.

Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Аю - екі буын, екі әріп, үш дыбыс.

А - жуан дауысты дыбыс.

Ю - дауысты дыбыс.

ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

-  Қай әріп артық қалды?

Ю әрпі.

Неліктен?

Ю - дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) тұрады.

2.  Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

1. Жұмбақтар шешу.

Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?

Ұзын құлақ, қысық көз

Орғып-орғып сай кезген.

Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.

Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.

Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?

-  Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

2. Оқулықпен жұмыс.

Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.

3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.

4. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.

Сурет бойынша не айтуға болады?

Балаға не болды?

Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).

Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?

Сабақты қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дыбыстардың дұрыс жазылу бойынша алған білімдерін тиянақтау

Дамытушылық мақсаты: сөз арасындағы дыбыстардың өзара ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға баулу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

      ІІІ. Қайталау сабағы.

Таяқ, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Таяқ екі буын, төрт әріп, бес дыбыс.

т-дауыссыз дыбыс

а-жуан дауысты дыбыс

Я-дауысты дыбыс

қ-дауыссыз дыбыс

Проблемалық сұрақ:

Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр?

Таяқ және қияр сөздеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.      Өлең оқылып, мазмүны ашылады.

Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралғаны айтылады.

2-жаттығу.      Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер көшіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.

Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру. Мысалы:

Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді.

Мұғалім я, ю дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа, йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды.

Ережені пысыктау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

1. Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

2. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.

3. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.

Шығармашылық тапсырма:

Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады.

Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.

IV. Сабақты қорытындылау.

а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ю дыбысы қандай дыбыс?

2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

ә) Сөздік диктанты алынады. Я, ю әрпі кездесетін сөздердің астын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады.

Баспалдақ, ою, шытырман, шаю, қоян, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.

Айтылуы                                                          Жазылуы

Айан тайау байау                                            Аян таяу баяу

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

V. Үйге тапсырма беру.

4-жаттығу.

Күні................................Пәні Қазақ тілі

Тақырыбы: Б, п әріптерінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

1) Кіріспе бөлім.

«Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы.

Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.

көсі...                    қалы...                     клу...

мекте...                 ғажайы...                 шта...

Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады).

Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.

Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп түр. Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әріптерін жаздыңдар?

Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтірту.

Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб).

Б мен п әріптері туралы не айтуға болады?

Б - үяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс.

-   Олай болса, бүгінгі сабақта «Б, п әріптерінің жазылуын» есімізге түсіреміз.

Негізгі бөлім.

1-жаттығу.      Өлең оқылып, мазмұны ашылады. П әрпіне аяқталатын сөздер көшіріліп жазылады.

2-3-4-жаттығулар     орындатылады.

Мектеп, сынып, танып, зерттеп сөздерінде п әрпі, ал араб, клуб сөздеріне б әрпі жазылады.

Клуб, араб сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

клуб - үйірме

араб - үлт

Тағы кандай сөздердің соңына б әрпі жазылады? Неліктен бұл сөздердің соңына б әрпі жазылады?

Штаб, куб. Бұлар - басқа тілден енген сөздер. Осы сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек.

Берілген сөздердің қайсысына ы, қайсысына і әрпін жалғаймыз? Сыныбі немесе мектебы деп жазуға бола ма?

Сабақты қорытындылау.

Тақтаға төмендегідей сызба ілінеді.

С

 О             А                                  П                              Р

 Е                   Т              К                               У

Ә          І                                   Ы         С                                                                                            

Сызба бойынша оқушылар сөз (мысалы: торап, кәсіп, теп) құрайды. Ол сөздерге ы, і, у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әрпінің б әрпіне өзгеру себебін түсіндіреді.

Б дыбысына аяқталатын қандай сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек?

Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер.

Үйге 5-жаттығуды беруге болады.

Күні............................Пәні Қазақ тілі

0 К ә ы

П

Е А і

Р

Т С У

Сызба бойынша оқушылар сөз (мысалы: торап, кәсіп, теп) құрайды. Ол сөздерге ы, і, у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әрпінің б әрпіне өзгеру себебін түсіндіреді.

Б дыбысына аяқталатын қандай сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек?

Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер.

Үйге 5-жаттығуды беруге болады.

Күні........................... Пәні қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Қ, ғ дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

·        Кіріспе әңгіме.

Ғ әрпі сөз соңында жаэылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ – орағы, шақ – шағы, құлақ – құлағы.

2. Негізгі бөлім.

1-жаттығу.

Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта. Осы сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Жазу барысында байқалған өзгерісті айт. Қ, ғ дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

Құрақ, қабық, жапырақ, қорық, торсық, топырақ, жапырақ, лақ.

2-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен қ, ғ дыбыстары бар сөздерді тап. Олар нешінші буында тұр?

Мыңдаған жылдар адамдар жануарларды қолға үйретті. Олар еті мен сүті тамақ, жүні киім болатын жануарларды таңдады. Осылайша асырауға бейім жануарлардың ұрпақтарын таңдады.

Тауық тропикалық орманда тіршілік ететін құстардан тараған. Күркетауық Солтүстік Америкадан әкелінді. Үй мысығының арғы тегі – африкалық жабайы мысық. Мысық адамдардың үй-жайын тышқан мен егеуқұйрықтардан қорғайды.

3-жаттығу.

Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі әріптердің ұршығы жатыр. Қазандағы сүт бетіне қалың қаймақ түсіпті. Дәптердің он екі парағы бар. Қыста дала ақ мамық қар жамылады. Жапырақ бетіндегі шық моншақ тәрізді. Борсықтың ізі адамның ізіне ұқсас болады екен.

4-жаттығу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Керекті сөздер: құрық, асау, тай, бұйрық, берді, таяқ, ұстаған қария, жылқышы, сақ қимылдаймы,  құрақты жапыру.

5) Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Үйге тапсырма: 6-жаттығу

Күні...............................Пәні Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Қ, ғ дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сабағы.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз. Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Топырақ, шырақ, жолағы, жорық, қуыршағы, аяғ, балағы, лағы.

2-жаттығу.

Жаңылтпашты жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін тастап оқы. Қандай өзгерістер байқадың?

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

3-жаттығу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қ дыбысына аяқталған қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге –ы әрпін қосып жаз.

4-жаттығу.

Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.

·        Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.

·        Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.

·        Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.

·        Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.

Диктант.

Түлкінің пайдасы.

Түйе - байлық,

Қой - мырзалық,

 Ешкі - жеңілдік,

Жылқы - сәндік,

Сиыр - ақтық.

   Қ әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

5) Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Күні...................... пәні Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз К мен Г

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. К, г дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

Г әрпі сөз соңында жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады. Мысалы: түлік-түлігі, ирек-ирегі.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К, г қандай дыбыстар?

Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.

Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.

2-жаттығу.

Санамақты жатқа оқы. К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз. Саусақтардың атын біліп ал. Оларды тағы қалай атайды?

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

3-жаттығу.

Суреттегі заттардың атын жаз. Сөздерге і дыбысын қосып айт. Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналады?

4-жаттығу.

Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз. Сөздерді үлгіде көрсетілгендей түрлендіріп оқы.

Төк, ек, тік, бүк, сөк.

Диктант.

Жаңбыр жауады себелеп,

Жонға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек.

Атқа қонар ебелек.

5) Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Күні..........................  Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз л, р дыбыстары.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

1) Кіріспе әңгіме.

Казақ тілінде дауыссыздар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Оқушылардың осы жайлы алған білімдерін пысықтау үшін тақтаға төмендегідей кесте ілініп, оқушылар оны толтырады. (Кестені дәптерге толтыртудың қажеті жоқ. Жұмыс тақтада орындалады).

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: б,...

Үяң дауыссыз дыбыстар: л,...

2. Негізгі бөлім.

Бүгін үнді дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесіне тоқталамыз. Үнді дауыссыз дыбыстар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар. Ң әрпі сөз басында келе ме? Осыған мысал келтіре аласыңдар ма? (Аң, жаңғақ,...).

-  Ң әрпі сөз басында еш уақытта жазылмайды. Сөздің ортасында, соңында келеді.

Л, р дыбыстарына сөз ойлаңдар. Бұл дыбыстар сөз басында келетін болсын. (Рұқсат, лай,...).

Рұқсат, лай сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей ме? Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр? Бүл сөздер естілуі бойынша жазыла ма?

Оқушыларға мысалдарды келтіргізе отырып, үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктерді өздеріне айтқыздырту.

Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, айтылуында олардың алдында ы, і, ұ, ү дыбыстары қолданылады. Сондықтан жазуда оны елемейміз.

1-жаттығуда берілген сөздерді оқыту. Л, р әріптерінен басталып жазылатын сөздердің айтылу ерекшелігіне тоқталу жөн.

5) Сабақты қорытындылау.

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-  Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?

Күні....................................  Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз н, ң дыбыстары.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

3. Өздік жұмыс.

2-жаттығу бойынша суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшірту. Жаттығу орындалғаннан кейін сурет орнына қойылған сөздердің жазылуы мен айтылуы тексеріледі.

Л, р дыбыстарының сөз басында келген жағдайдағы жазылу емлесі пысықталады.

3-жаттығу орындатылады.

Бұл дыбыстарды қалай жаздыңдар? (Қалай естілді, солай жаздық).

«Кел, ойланайық» айдарымен берілген 4-жаттығудағы жұмбақ шешіледі. Қарамен жазылған сөздердің (лезде, іліп) жазылуы салыстырылады.

Дауыссыз н мен ң

Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.

Оқушылардың келтірген мысалдарынан н, ң дыбыстары сөздің басында, ортасында келетіндігі анықталады. Оқушылардың айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: қаң-бақ, қо- ңыз. Кейбір оқушылар қоң-ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есіңде болсын» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады.

4. Терме диктант.

Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар олардың ішінен ң әрпі кездесетін сөздерді ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады.

Жазылуы

леп белгісі

радио

лимон

Айтылуы

ілеп белгісі

ырадио

ылимон

Аңызық, қарындас, жаңғак, баспалдак, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес.

Аңызық сөзінде ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келіп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап тасымалдауға бола ма?

Бұл жерде сөздің а-ңы-зық деп буынға бөлінетіндігі, бірак а-ңызық деп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а-ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады.

5) Сабақты қорытындылау.

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-  Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?

-  Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөздерді қалай тасымалдаймыз?

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялык білімдерін бекіту: қатаң, үяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: кесте.

Әдісі: сүрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын еске түсіру.

Терме диктанты. Берілген сөздердің ішінен н мен ң әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Мәтел, мән, Маңғыстау, майлық, мұнара, Маңғышлақ, марал, машина.

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Н мен ң дыбыстары дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

2.  Н мен ң дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3. Мен, мең, кен, кең, сен, сең сөздері пайдаланылып, өлең құрастырылады. Бұл сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.

Мең - адам денесінде болатын дақ.

Сең - өзендегі қатып жатқан мұздың бұзылып жүруі.

Кен - пайдалы қазба.

Үлгі:                                   

Мына тұрған - мен,

Бетім толған - мең.

Білесің бе, сен?

Өзенде жүрді сең.

Дала толы - кен,

Дүние неткен - кең.

Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту.

4.   «Адасқан дауыссыздар» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, үяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: ғ, д, ж, з, (у), ң, р, й.

Үяң дауыссыз дабыстар:    к, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в,

Үнді дауыссыз дыбыстар:  б, г, н, л, ш, щ, ц, ч.

5. Оқулықтағы жаттығулар орындатылады. Жазба жұмыстары арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

•  Дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазады.

•  Б дыбысына аяқталатын сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

П, қ-ға аяқталған сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазады.

• 5-жаттығуда берілген сөздердің алдына бір әріп қосып, басқа сөз құрайды. Мысалы, өрік, көрік, бөрік, есік, тесік, бесік, т.б.

Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайтындығы еске түсіріліп, 6-жаттығу орындатылады.

Сабақты қорытындылау.

Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады:

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

а) к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

ә)      б, в, г, ғ, д, ж, з.

б) л, м, н, ң, р, й, (у).

2. Қатесіз жазылған сөздер қатарын көрсет.

а) Танғы, түңгі, таншы.

ә)      Таңғы, түнгі, тамшы.

б) таңғы, түңғі, таңшы.

3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөзді белгіле.

а) жауабі

ә) жауапы

б) жауабы

4. Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

а) Қатаң

ә) Үнді

б) Ұяң

Қатесіз жазылған сөзді көрсет.

а)ілеген

ә) ылеген

б) леген

Үйге тапсырма беру.

Мұғалім өзінің қалауы бойынша үйге тапсырма ретінде 4-ші немесе 6-жаттығуды беруіне болады.

Күні.................................  Қазақ  тілі.

Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

Сабақтың барысы:

·       Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.

Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтаны сипап, әденені айтқандай болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтың өлеңі. Бұл алма ағашын Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты.

Мәтін – дегеніміз жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

·       Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу. Оқы. Қай санның тұсында жазылғандардан толық мәлімет алуға болады деп ойлайсың?

·       О

·       Отан

·       Отан оттан да ыстық.

·       Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол – оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаың да, бүкіл жер – сенің Отаның, туған елің. Сен оны мақтанышпен:    - Менің елім – Қазақстан Республикасы! – дейсің

2-жаттығу. Мәтінді көшіріп  жаз.  Мәтін  неше сөзден  құралған.

Жұмахан  атасын  алмаағашының көлеңкесіне  ертіп  келді.  Атасы  қолымен   ағашты  ұстады.  Бұтаны  сипап,  әлденені  айтқандай  болды.   Жұмахан  құлағын  тосты.  Атасы  өлең  оқып  тұр.  Жамбыл Жабаевтың   өлеңі. Бұл  алмаағашын  Жамбыл  ата  өз  қолымен   отырғызыпты.

3-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған?

Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын  тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.

Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.

4-жаттығу. Оқып шығып, мәтінді тап және дәлелде. Мәтінді көшіріп жаз.

·       Бір күні мектепте спорт ойыны өтті. Астанада жаңа үйлер көбеюде. Су бетінде мұз қатты. Нұрлыбкек жарыста екінші орынды иеленді.

·       Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оны тақтасы өзгешелеу болады. Ертеде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін болған.

Тоғызқұмалақ – математикалық ойын.

·       Нан – дастарқанның берекесі.

Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.

4.Сабақты қорытындылау.

5.Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ.

Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.

Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.

3.  Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын әңгімелеп айт. Өлең неге «Боксшы» деп аталған? Олимпиада жүлдегері болған боксшылардан кімдерді білесің?

               Боксшы.

Қашаннан-ақ шаршы алаң

Кіл мықтыны таңдайды.

Тамашалар барша адам –

Бокс десе, қалмайды.

Ұпай жиып алғасын,

Құлап қалмай оқыста,

Асырса кім айласын,

Жеңіп шығар бокста.

Келсең келші үміт қып,

Әркім жетпес өресі –

Сынға түсер жігіттің,

Бокс – спорт төресі.

Сергіту сәті.

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Онда не туралы айтылған? Мәтінді қалай атар едің?

Мырзабек кішкене болса да, шебер-ақ. Ойнағысы келетін ойыншықтың бәрін өзі істеп ала қояды. Бірде ол шырпы қораптарынан әдемі ойыншық үй жасады. Құрдасы Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» - деп ойлады.

Келесі күні Мырзабекке әдемі ала добын ұсынып:

·        Мә, мен саған добымды берейін, сен маған ойыншық үйіңдң берші, - деді.

·        Үйге қызықсаң, - деді Мырзабек, - сен ала ғой. Мен өзіме тағы да жасап аламын. Добың да өзіңе болсын.

·        Рақмет! – деп жымиды Иманбек.

4-жаттығу.

«Достық», «Қыс көрінісі», «Менің мектебім» тақырыптарының біріне мәтін құрастырып жаз.

4.  Сабақты қорытындылау.

5.  Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Мәтін құрылымы.

Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

Сабақтың барысы:

1. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.

Кірпі.

Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.

Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы).

Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).

Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан).

Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.

1) Жаралы кірпі.

2) Балалардың қамқорлығы.

3) Қолға үйренген кірпі.

Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?

Мәтінге жоспар құрдық.

Жоспар не үшін керек?

Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.

3. Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы, мәтін аяқталған ба?осы сөйлемдердің қайсысымен мәтінді аяқтауға болады? Мәтін мазмұнын әңгімелеп айт.

Нан асықтан алынады. Астықты өсірген адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан  жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады.

2-жаттығу. Мәтінді оқы, мәтіннің құрылымын анықта. Мәтінді қалай атауға болады? Мәтіндегі негізгі бөлімді көшіріп жаз.

Азамат, Ернар, Талғат көрші балалармен футбол ойнауға шықты. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат йынға қатыспады.

Балалар оынды қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай, допты өз қақпасына  қарай теуіп жіберді. Доп қақпаға кіріп кетті.

Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.

4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Мәтін түрлері.

Сабақтың мақсаты: мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың барысы:

1. Тақтаға төмендегідей плакат ілінеді.

Балықтың неше түрі бар. Балалар көл жағасында ойнап жүр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.

Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады.

С. Мұқанов

Өркеннің сүп-сүйкімді қо- зысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра. Бойы кішкентай.

1.  Жаздың келуі.

2.  Оқушылардың демалысы.

3.  Лагерьде.

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін ӘҢГІМЕЛЕУ мәтіні деп аталады.

Оқушылардың назары 1-бөліктегі сөйлемдерге аударылады. Оларды оқиды. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. Осылайша 2-3-бөліктегі мәтіндер оқытылып, оларды салыстырады. Екі мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы әңгімелеу мәтіні екені анықталады.

Енді 4-бөліктегі берілгенді оқыңдар. Мәтін деуге бола ма?

-   Бұл - жоспар. Жоспар бойынша мәтін құрастыруға болады.

4-бөліктегі жоспар бойынша мәтін құрастырту. Құрастырылған мәтін мәтіннің қай түріне жататындығын айтады.

Оқулықтағы жаттығулар орындатылып, мәтін туралы алған білімдері пысықталады.

Сабақты қорытындылау.

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Абзац дегеніміз не?

3. Жоспар қалай құрылады?

4. Мәтіннің түрлерін айтыңдар.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні......................................Қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтіннің жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетіндігін түсіндіре отырып, оның бірнеше сөйлемнен, ол сөйлемдердің мағына жағынан бір-бірімен байланысып тұратындығын білдіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялау.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

1. Кіріспе бөлім.

Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.

Бүгін сыныпта Нұржан кезекші. Асқар атасымен бірге қой бақты. Жанар бос уақытында кітап оқиды.

Мәди, Әли, Әсем, Гүлсім.

Бүгін мектепте жүгіруден жарыс болады. Жарысқа Айдын, Ілияс және Сырым қатысады. Жарысқа Әсел көрермен болып барады.

Үш бағанда берілгендерді бірнеше оқушы дауыстап оқиды.

Бірінші бағанда не берілген?

Бірінші бағанда үш сөйлем жазылған.

-  Әр сөйлемде қандай ой айтылған? Олар бір-бірімен байланысты ма?

-   Бірінші сөйлемде Нұржанның кезекші екені айтылған. Екінші сөйлемде Асқардың атасымен қой баққандығы, ал үшінші сөйлемде Жанардың бос уақытында кітап оқитындығы жазылған. Үш сөйлем бір-бірімен байланыспайды.

- Екінші бағанда ше?

- Екінші бағанда сөздер берілген.

- Үшінші бағанда ше?

-   Үшінші бағанда сөйлемдер жазылған. Бірінші сөйлемде мектепте жарыс ететіндігі, екінші сөйлемде жарысқа кімдер қатысатындығы, үшінші сөйлемде жарысқа Әселдің көрермен болып баратындығы хабарланып тұр. Бұл сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр.

2. Негізгі бөлім.

а) 1-жаттығу орындатылады. Сөйтіп, кестемен жұмыс және 1-жаттығудың тапсырмасын орындау арқылы оқушылар мәтіннің ауызша және жазбаша ойды жеткізетіндігін, мәтіннің бірнеше сөйлемнен құралатындығын және олардың бір-бірімен байланысып тұратындығын түсінеді.

ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы өздерінің жауаптарының дұрыстығына көздерін жеткізеді.

б) Оқушыларға ауызша мәтін құрастыруға тапсырма беріледі. Құрастырған мәтіндеріне ат қойғызуға да болады.

в) Оқулықтағы 2-жаттығу жазбаша, ал 3-жаттығу ауызша орындатылады.

IV. Сабақты қорытындылау

Тақтаға төмендегі үлгідегідей сұрақтар жазылған плакат ілінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін құрастырылады.

Терек, шырша, қайың нелер?

Олар нені тазартады?

Сондықтан нелерді кесуге болмайды?

Сабақ соңында оқушылардың жауаптары жинақталып, мәтін жайында білімдері пысықталады:

1. Мәтін дегеніміз - ойды ауызша және жазбаша жеткізу.

2. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады.

3. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың мәтін туралы алған білімдері бекітіледі; тақырып мәтінде не айтылатынын көрсететінін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялау.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме.

Үнтаспадан Е. Өтетілеуұлының «Футболшылар» өлеңі тыңдатылады.

-  Өлең не туралы?

Футбол ойыны туралы.

Осы өлеңді қалай атауға болады?

Футболшылар.

Неге?

-   Өйткені өлеңде футбол ойыншылары туралы айтылады. Сондықтан өлең «Футболшылар» деп аталуы тиіс.

2. Негізгі бөлім.

1. Оқулықпен жұмыс.

Балалар, 1-жаттығудағы өлеңнің аты қалай аталады?

-  «Боксшы».

-  Өлеңде кім туралы айтылады?

Боксшы.

Олай болса, өлең шынымен боксшы туралы екеніне көзімізді жеткізу үшін, бәріміз бір рет іштей оқып шығайық.

Оқушыларға 1-жаттығудағы Ш. Әлдибекұлының «Боксшы» өлеңін іштей оқуға тапсырма беріледі. Өлеңнің мазмұны сұралады.

а) Өлеңнің аты арқылы оны мазмұны не туралы екенін білуге болатындығын анықтайды.

ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы мәтін атауы тақырып деп аталатындығын және тақырып арқылы мәтінде не туралы айтылатынын меңгереді.

2-жаттығу орындалады.

а) Мәтінді түсініп оқуға тапсырма беріледі.

ә) Мәтіннің мазмұны айтылады.

б)  Мәтіннің тақырыбы қойылады. Мәселен, «Айырбас», «Нағыз дос», т.б.

в) Мәтін неше бөліктен тұратындығы табылады (екі бөліктен).

Бірінші бөлікте не туралы айтылған?

Бірінші бөлікте Мырзабектің шеберлігі, оның қораптан үй жасағандығы жөне оған құрдасы Иманбектің қатты қызыққаны туралы жазылған.

Екінші бөлік не туралы?

-   Екінші бөлікте Иманбек үйді допқа айырбастап алғысы келетіндігі және Иманбектің жауабы берілген.

-   Балалар, мәтіннің екі бөліктен тұратындығын қайдан білдіңдер?

Екі бөлік те абзацтан басталады.

Дұрыс айтасыңдар. Мәтін бірнеше бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім жаңа жолдан, яғни абзацтан басталып жазылады.

3-жаттығуды орындатуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

а) Мәтінді түсініп оқыңдар.

ә) Мәтін неше абзацтан құралған? Бірінші абзацта не туралы айтылған? (Орман және орманның пайдасы туралы). Екінші абзац ше? (Орман бағбаны туралы). Үшіншісі ше? (Орман бағбанының атқаратын еңбегі туралы).

б) Мәтінге ат қойыңдар.

в)  Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жазуға тапсырма беріледі.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

Үйден 4-жаттығуды орындап келу тапсырылады.

Сабақтың тақырыбы: Шығарма жазып үйренеміз,

Сабақтың мақсаты: шығарма жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мазмұндамада автордың ойын айтып беруге үйрететін болса, шығармада өз ойыңды  жүйелі түрде дұрыс жеткізуге даңдыланасың.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Суретке қарап, сұрақтарға ауызша жауап бер.

·        Иттің түр-сипаты қандай?

·        Адам итті не үшін асырайды?

·        Иттің ерлігі туралы әңгімеле.

·        Иттің тағы басқа қандай көмектері бар?

2-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып, қысқы табиғат көрінісін суреттеп жаз.

Тірек сөздер: ақ ұлпа, шыңылтыр аяз, көңілді балалар, жылтыр мұзайдын, таза ауа, жылы киім.

3-жаттығу. «Менің досым» тақырыбына шығарма жаз.

4-жаттығу. Мектептен үйге жеткенше жол бойы жан-жағыңды бақыла. Жолдан көргендерің туралы үйден жазып кел.

Жаңа сабақты қорыту.

Шығармашылық диктант.

·        Концертке, дайындалды, оқушылар.

·        Әсел, айтады, ән, Отан, туралы.

·        Тақпақ, жаттадым, мен.

·        Болат, тартады, домбыра.

·        Концерт, қоясыңдар ма, сендер.

·        Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.

·        Сыныптың, өнерлі, оқушылары.

·        Ән, Әсемнің, ғажап, айтуы.

·        Қандай, керемет, даусы.

·        Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.

Сабақты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: Шығарма жазып үйренеміз,

Сабақтың мақсаты: шығарма жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта шығарма туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.

1-жаттығу. Ілиястың жазған шығармасын түсініп оқы.

Бірде мектеп кітапханасында отыр едім. Артымда отырған екі оқушының әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім.

·        Жасик, представляешь, бүгін қызық кино болады.

·        Ой, мен оны көре алмаймын. Бүгін в бассейн собираюсь.

Ана тілімізді шұбарлап отырған құрдастарыма ренжідім. Әрине, басқа тілді білген де  жөн. Бірақ ең бірінші өз тіліңді құрметтеуің керек қой. Сонда ғана тілге деген қамқорлық болады.

Сондықтан замандастарыма айтарым, ана тілімізді шұбарламай таза сақтайық, ардақтайық!

Шығармаға төмендегі тақырыптардың қайсысы сәйкес келеді?

·        Екі достың әңгімесі.

·        Ана тілін ардақтайық!

·        Туған жер.

«Менің ана тілім» деген тақырыпта ойыңды қысқаша жаз.

2-жаттығу. Өз Отаның туралы үш жақсы сөз ойла. Туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді жаз. Мақалды оқып, мағынасын түсіндір.

Ел іші – алтын бесік.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.. «Менің анам» тақырыбына шығарма жаз.

Ана.

Сенің ең бір жақының бар. Сенің ең бір жақын досың бар. Сенің ең бір жақын ұстазың бар. Ол -  ана! Сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінін бір-ақ жан. Ол – ана!

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.

1-жаттығудың тапсырмасын орындай отырып, оқушылар сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасайды. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйлемдерді ғана көшіріп жаздыртуға болады.

2-жаттығу       бойынша оқушылар кішкентай Айжанның жазған қағазын оқып көруге тырысады. Оны оқудың неге қиын болғанын, оның қандай ережелерді білмейтіндігін санамалай отырып, сөйлемді дұрыс құрау үшін қажетті талаптарды өздері айтады. Содан кейін осы талаптарды оқулықта берілген ережемен салыстырады.

3-жаттығу        бірінші сыныпта танысқан сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді еске түсіруге арналған.

Жаттығу жұмысын жан-жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады.

4-жаттығу оқушылардың сөйлем туралы алған білімдерін тексеруге берілген. Сөйлемдердің аражігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойғаннан кейін тексеріліп, жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері анықталады. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, ауызша да сөйлемдердің аражігін ашып көрсетеді.

5-жаттығу арқылы берілген сөздерден байланысын дұрыс сақтап сөйлем құрастыруға дағдыланады.

Жаңа сабақты қорыту.

Сөйлемді жазудың ережелерін өздері құрастырып көреді.

1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2. Сөйлем сөзден құралады.

3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

5. Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру; сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Сурет бойынша мәтін құрастырғаннан кейін, мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. Хабарлы сөйлем туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

2-жаттығу бір нәрсе жайында хабарлай айтылған сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын байқатуды көздейді. Сөйлемді дұрыс ырғақпен оқуға үйренеді. Әр сөйлемнен кейін сәл тоқтап тыныс алады. Осы екі жаттығуды орындап болғаннан кейін хабарлы сөйлем, оған қойылатын тыныс белгі туралы қорытынды ережені айтады.

3-жаттығуда   сөздер жазылған карточкалар берілген. Ол сөздерді қатыстырып, жеке сөйлемдер құрастырады. Содан кейін осы сөйлемдерден не жайында мәтін құрастыруға болатынын айтқызуға болады. Балалар мәтіндегі әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады.

4, 5-жаттығулар оқушылардың хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтай түсуіне көмектеседі. Мазмұнына қарай мақалдың жалғасын табады және аяқталған ойды білдіріп тұрған толық сөйлемді іздейді.

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушыларға сөйлем жөне оның түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайтын сұрақтар қойылады.

·        Аязды күні торғайлар

·        Біздің сынып

·        Алмат сабақтан кешікпейді

·        Жексенбі күні

·        Болат күшікті үйге әкелді

·        Жалғыз аяқ жолмен

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Хабарлы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі. Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін, әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып, олардың мағынасы мен тұлғасына назарларын аудару керек. Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп, сұраулы сөйлем туралы дерек бергеннен кейін, оның мынадай өзіндік белгілері барын айту керек:

1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.

2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.

3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің негізгі белгісін арқау етіп, оған мынадай анықтама беріледі:

Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады.

Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.

2. Берілген әңгімені оқу, ондағы сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемдердің оқылуын аңғарту. Сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу.

3. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге, керісінше, сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыру.

4. Тыныс белгісі қойылмай жазылған мәтіндердегі сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін қою, т.б.

Осы тәрізді басқа да жұмыстарды орындату арқылы оқушылардың бойына сұраулы сөйлемнен мынадай дағдылар қалыптасады: ауызекі сөзде, мәтіндерде кездесетін сұраулы сөйлемдерді таба білу; олардың интонациясын сақтай отырып, оқуға, айтуға жаттығу; тыныс белгілері қойылмай берілген сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыстап қою; мазмұндама, шығарма жазған кезде сұраулы сөйлемдерді дұрыс қолдана білу; ойдан сұраулы сөйлемдер құрастыра білу, т.б.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Хабарлы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі. Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұраулы сөйлем жасайтын ба, бе, ма, ме, па, пе бөлек жазылады: Олар қаладан келді ме?  Тапсырманы  жаздың ба?

1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.

2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.

3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.

2. Берілген әңгімені оқу, ондағы сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемдердің оқылуын аңғарту. Сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу.

3. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге, керісінше, сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыру.

4. Тыныс белгісі қойылмай жазылған мәтіндердегі сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін қою, т.б.

1-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлемнің соңындағы тыныс белгілердің қойылуын түсіндір.

Бүгін киноға барма.                  Сенде қарындаш бар ма?

Ініңнің қасынан кетпе.              Олар кетіп пе?

Сабаққа кешігіп келме.             Бүгін досың келе ме?

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлем соңындағы қосымша сөздер бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?тиісті жерге сұрау белгісін қой.

Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның көңіл күйі, қуанышы, екініші, реніші, т.б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту.

Көрнекілігі: кесте, сурет.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме

Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды.

Сабақ үнтаспадан төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады.

1. Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

2. Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!

3. Қане, күнделігіңді берші!

4. Шіркін, Айға самғап ұшсам ғой!

Оқушылардан әр сөйлем қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сұралады. Мұғалім оқушы жауаптарын пайдалана отырып, төмендегідей кестені толтырады.

2. Негізгі бөлім.

а) 1-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. «Футбол ойыны» тақырыбына әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен лепті сөйлемдерді тапқыздырылады. Лепті сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі еске түсіріледі. Мәселен:

1. Алақай, біз жеңдік!

2. Жарайсың, Марат!

ә) Ереже оқылып, лепті сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері түсіндіріледі:

Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран, т.б.) білдіреді.

Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықтағы жаттығуларды орындату арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

1. Сөйлемді сазына келтіріп оқуға дағдыландыру.

2.  Лепті сөйлемнің қандай мағына (қуану, өкініш, реніш, ұран, бұйыру) білдіріп тұрғандығын анықтату.

3. Лепті сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоя білуге жаттықтыру.

4. Оқушыларға лепті сөйлемдерге мысалдар келтірту.

5. Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтқызу.

IV. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың лепті сөйлемді қалай меңгергендігін пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар:

1. Лепті сөйлем дегеніміз не?

2. Лептік сөйлем қандай мағынаны білдіреді?

3. Лепті сөйлем қалай оқылады?

4. Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сондай-ақ оқушылар лепті сөйлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім-білік дағдылары қалыптасады. Сабақта ұнтаспаны пайдаланып, лепті сөйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады.

V. Үйге тапсырма беру.

5-жаттығу беріледі.

Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның көңіл күйі, қуанышы, екініші, реніші, т.б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту.

Көрнекілігі: кесте, сурет.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме

Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды.

Сабақ үнтаспадан төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады.

1. Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

2. Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!

3. Қане, күнделігіңді берші!

4. Шіркін, Айға самғап ұшсам ғой!

Оқушылардан әр сөйлем қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сұралады. Мұғалім оқушы жауаптарын пайдалана отырып, төмендегідей кестені толтырады.

·        Негізгі бөлім.

1-жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

2-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқыңдар. Өлеңді көшіріп жаз. Көтеріңкі дауыспен оқы.

3-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқыңдар. Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жаз.

IV. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың лепті сөйлемді қалай меңгергендігін пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар:

1. Лепті сөйлем дегеніміз не?

2. Лептік сөйлем қандай мағынаны білдіреді?

3. Лепті сөйлем қалай оқылады?

4. Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сондай-ақ оқушылар лепті сөйлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім-білік дағдылары қалыптасады. Сабақта ұнтаспаны пайдаланып, лепті сөйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады.

V. Үйге тапсырма беру.

5-жаттығу беріледі.

Күні.................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр. Сөйлем құрастыру үшін не істедің?

Өсімдіктер, өседі, жайқалып. Ғарышкерлер, әлемін, аспан, зертейді. Ана тілін, құрметтеу керек, әрбір, адам. Жусан - , иісті, жұпар, өсімдік. Біздің, шежірелі, жерлер, елімізде, көп.

2-жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.

Балалар тоғайға барды. Әсет адасып қалды. Балалар үйлеріне қайтты. Олар болған жайды Әсеттің анасына айтты. Анасы Әсетті тоғайдан тауып алды. Анасын көрген Әсет қатты қуанды.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын гі бойынша сұрақ қойып анықта.

Үлгі: балалар циркке барды.

·        Балалар не істеді?

·        Балалар барды.

·        Қайда барды?

·        Циркке барды?

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерге сұрақ қой. Сызба бойынша сөздерге сұрақ қой.

Түн болды. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұмысшылар зауытқа келді. Арманның анасы тамақ пісірді.

5-жаттығу. Суреттер бойыншасөйлемдер құрастыр. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Жаңа сабақты қорыту.

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады ма?

Сөзбердеің байланысын не арқылы анықтаймыз?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні...................................  Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сабағы.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі өздердің байланысын сызба арқылы көрсет

Керекті сөздер: түсті, бақта, Әлижан, қызықты, күшікті.

2-жаттығу . Өлеңді түсініп оқы. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықта. Туған ай мен жауған қарды неге ұқсатқан? Себебін түсіндір.

Туған айға қарашы:

Жүзі өткір орақтай.

Жауған қарға қарашы:

Тап-таза, ақ парақтай.

3-жаттығу. Дұрыс құрастырылмаған сөйлемді тауып, қатесін түзеп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. Қандай сөйлем түрлерін жаздың?

Шахтерлер бұрғылап көмірді қазып алады. Дәрігер адамды ауырған емдейді. Менің жасасын Қазақстаным! Шопан бақты қой қора-қора. Ағасы есіктің қарды алдыңғы күреді. Жалғасқа Мұрат не берді?

4-жаттығу. Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, байланысын тап.

·        Ертеде қалың тоғай ішінде үш аю ... .    арайлайды екен

Олар түнімен тоғайды ... ... .                                     тұрыпты

·        Армен ... ... биік үйде тұрады.                                  әпкесіне

·        Дина ... көмектеседі.                                                   бес қабатты

·         ... парақтарын жыртпа.                                            Асан

·        Үйірмеден келді.                                                        кітап

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні .......................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сабағы.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыр. Құрастырған сөйлемдеріңдегі сөздердің байланысын сызбалар арқылы көрсет.

Әке, ана, көмек, бала, ақыл, отбасы, ұстаз, мектеп.

2-жаттығу   . Мақалдарды көшіріп жаз. Мақалдардың мағынасын аш. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.

Жақсының сөзі ақыл шақырады,

Жаманның сөзі ашу шақырады.

Жамандық пайда ерпейді,

Жақсылық зая кетпейді.

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.

·        Сенің жасың нешеде?

·        Сен нешінші сыныпта оқисың?

·        Досыңның аты кім?

·        Досыңа көмектесесің бе?

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлеңді көшіріп жаз. Нені? деген сұраққа жауап беретін сөздердің асытн сыз. Өлеңді өзің жалғастырып аяқта.

Керекті сөздер: терек, ара, тікен, шопан, шағала, ер жігіт, егінші.

... бүрін қорғайды,

... гүлін қорғайды,

... балын қорғайды.

... көлін қорғайды,

... төлін қорғайды.

... жерін қорғайды,

... елін қорғайды.

Жаңа сабақты қорыту.

         Ойнауға беріледі. Бұл жерде өлеңнің әр жолына мән беріп оқымаса,  малшының неше қойы бар екенін дұрыс таба алмай қалады. Жалқы қойы былтырғы жылы егіз қозы туды, онымен бірге былтыр туған екі қозы есейіп, олар да бір-бір қозы туды, сонда барлығы малшының жеті қойы болады (1+2+2+2). Сондай ақ жалқы (бір), егіз (екі), қос (екі) деген сөздердің орнына қандай сын есім қоюға болатынын табады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Күні.................................. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Ертегіні түсініп оқы. Сұраулы және лепті сөйлемдерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз. Ертегінің мазмұнын айт. Адамды қиындықтан не құтқарады? Ақыл не үшін қажет?

Кірпі мен Қоян.

Бір күні Қоян келіп:

·        Сені тоның қандай жаман, ылғы тікенек. Менің тонымды айтсаңшы, жұп-жұмсақ! – деп мақтанады.

Сонда Кірпі:

·        Жаман болса да, тоным мені Ит пен Қасқырдың тісінен сақтайды. Сенің әдемі тоның солай сақтай ала ма? – дейді.

·        Солай екен-ау, бірақ мені сақтайтын тоным емес, аяғым, - деп, Қоян жорта жөнелді.

2-жаттығу . Адасқан тыныс белгілерін орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сұраулы сөйлем қандай мақсатпен айтылады?

Марат жазық далада қой жайып жүр! Менің атым бәйгеден озып келді, алақай? Қыста аю не істейді? Қарағанды – шахтерлер қаласы? Ақбөкендер кең далада жайылып жүр? Мереке құтты болсын.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қанат, есікті қатты жапшы. Қанат, есікті жаптың ба? Рұқсатсыз біреудің затын алма. Алма алма сатып алды ма? Мерует пен Маржан қайдан келді? Бұл қай бала?

4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

5-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр. Қошақанның атынан балаға жауап жаз.

Қошақан.

Қарның ашып қалды ма?

Кел, көрейін, қошақан.

Жата қойшы алдыма,

Жем берейін, қошақан.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін екі түрлі сызба арқылы өткен сабақ қайталанады.

Мысалы, Қалың орманның ішінен тәтті жидектің исі аңқиды.

Осы сөйлемдерге синтетикалық сызба жасау.

Бұл сызбалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс көрсетіледі. Біріншісінде сөздердің байланысы сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз сызықтар бағдаршамен көрсетіледі. Бірінші сызбада сөздердің байланысы қайсысы қайсысымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал екінші сызбада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға бірнеше сурет ілінеді. Оқушылар сол заттардың атауларын айтады. Осы заттар туралы әңгімелейді, осы арқылы әр сөздің мағынасы болатынына көздері жетеді. Сөздер жазылған карточкамен жұмыс жүргізуге болады. Сөздерді мағынасына қарай топтау ұсынылады. Мысалы, түсі бойынша; заттың атауын білдіретін сөздер; қимылды білдіретін сөздер; заттың санын білдіретін сөздер, т.б.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу сөздің мағынасын ашуға арналған. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атауын айтады. Әр заттың атауының мағынасы болатынына назарларын аударады. Ол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздердің дыбыстан құралатынын және ол сөздердің мағынасы болатындығы туралы қорытынды жасайды.

2-жаттығу сөйлемнің мағынасы болу үшін қандай сөзді таңдау керек екенін анықтауға арналған. Көп нүктенің орнынан неге осы сөзді таңдағанын өздері дәлелдейді.

3-жаттығуға    берілген жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін оқушылардың күнделікті сөздік қорларында кездесе бермейтін жар, кірді ашады сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады. Оқушылар түсіндіре алмаған жағдайда мұғалім мысалдар келтіре отырып, осы сөздердің мағынасын ашуға көмектеседі. Жар - түсінік беру. Кірді ашады - кірін кетіреді.

4-жаттығуда   берілген сөздерді мағынасына қарай топтап жазу арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдері бекітіледі.

5-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазғаннан кейін, қарамен жазылған сөздердің мағынасын оқушылар өздері түсіндіреді. Әр сөздің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылар мағынасы жоқ сөздердің болмайтындығын ұғынады.

Түсіндірме сөздік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға болады. Сөздікте барлық сөздерге түсініктеме берілетіні туралы айтып, сөздікпен жұмыс істеу ретімен таныстыру. Кейбір сөздерді сөздік ішінен тауып, олардың мағынасы қалай түсіндірілгенімен таныстыру. Осылайша оқушылардың сөздіктермен жұмыс істеуінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа сабақты қорыту.

Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар ол сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мысалы, қадірлі, орашолақ, қолапайсыз, сүйкімді, ауыл-аймақ, т.б.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.......................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер.

Сабақтың мақсаты: мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөзге мәндес сөздерді таба білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы 1-жаттығу арқылы орындалады. Алдымен екі мәтіннің мазмұнын салыстырады. Мәтіннің мазмұнында айырмашылық жоқ екенін байқайды. Салыстыру жұмысы ары қарай жалғасады. Екі мәтіннің әр сөйлемін салыстыру арқылы өзгерген сөздерді тізіп жазады: жақында, жуырда; анасы, шешесі; бөпені, нәрестені; балбырап, рақаттанып. Осы сөздердің мағынасын салыстырып, ол сөздердің қайсысын қолданса да, сөйлемнің мағынасының өзгермегенін айтады. Ол сөздерді бірінің орнына бірін қолдана беруге болатынына назарларын аудару керек.

Жаттығу толық талданғаннан кейін мұндай мағынасы бір-біріне жақын сөздердің мәндес сөздер деп аталатыны айтылады.

2-жаттығу жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекіту үшін берілген. Оқушыларға бірден берілген сөзге мәндес сөз тауып жазу берілмейді. Жаттығуда берілген мәндес сөздерді мағынасына қарай топтап жазады. Мысалы: абайлау, байқау: ақылды, есті; ағайын, туыс; ақсақал, қария; жүлде, сыйлық.

3-жаттығуға берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып жазады. Әңгімені құрастырып жазуға дайындык ретінде алдымен жаңа жыл мерекесі туралы сұрақтарға жауап береді. Әңгімені ауызша құрастыру немесе оны дәптерге жазуды сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өзі таңдап алады. Әңгіме құрастыруға қажетті тірек сөздер берілген. Осындай жаттығулар арқылы әңгіме жазғанда мазмұнын ашу үшін мәндес сөздерді дұрыс қолдана білуге үйренеді.

4-жаттығуда   мәндес сөздерді теріп жазса, 5-жаттығуда қарамен жазылған сөздерге сәйкес келетін мәндес сөздерді табады.

Сабақты бекіту.

Тақтаға бірнеше сөздер жазып, ол сөздерге мәндес сөздерді табу тапсырылады. Мысалы, жуырда, сұлу, көп, ізетті, таза, кішкентай, т.б.

Сөздік диктант.

Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні..................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты: қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз және оның мағынасы, мәндес сөздер туралы алған білімдері тексеріледі. Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалу барысын тексере отырып, оқушылардың білім деңгейі анықталады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Үстелдің үстінде әртүрлі үлкен, кіші, жуан, жіңішке, ұзын, қысқа, қалың, жұқа заттар қойылады. Оқушылардан заттарды салыстыра отырып, сипаттама беру сұралады. Осылайша қарама-қарсы мағынадағы сөздердің мағынасы ашылады.

1-жаттығу бойынша салыстыру жұмысын жүргізеді. Берілген қарама-қарсы мағынадағы сөздердің суретке сәйкес келетінін табады.

Оқулықта бұл тақырыпты меңгеру үшін екі сабақ берілген. Бұл сабақтардың материалдары жаңа тақырыпты жан-жақты меңгеруге жеткілікті берілген. Оқушылар берілген сөздерге қарсы мағыналы сөздер табады, сөйлемдердің ішіндегі қарсы мағыналы сөздерді теріп жазады, қарсы мағыналы сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрайды, сурет бойынша қарама-қарсы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Осы жаттығуларды орындау арқылы оқушылар сөз мағынасы туралы білімдерін толықтыра береді.

Суреттегі заттарды салыстыра отырып, сөйлем құрастыру.

2-жаттығу. бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Тар                                          қону

Жас                                         қатты

Қалың                                     қысқа

Кіру                                         жұқа

Көшу                                       кәрі

Жұмсақ                                   кең

Ұзын                                        шығу

Жаңа сабақты қорыту.

Қарама-қарсы мағыналы сөздерге оқушылар мысалдар келтіру арқылы сабақ  қорытындыланады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты: қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Көп нүктенің  орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Шие тәтті жеміс, ал пияздың дәмі ащы. Қыста күн суық болады, жазда ыстық болады. қаланың көшелері кең, ұзын, ауылдың көшелері тар, қысқа. Қанаттың үйінде жуас ат бар, Ерболдың аты асау екен.

2-жаттығу.

Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Үлгі: айлакер адам – аңқау адам.

Алыс жер - …

Қымбат киім - …

Айлакер адам- …

Батыр бала- …

Биік ағаш - …

Суық су- …

3-жаттығу.

Мәтелді көшіріп жаз. Қарма-қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.

Ерте шықсаң, адыңнан күн шығар,

Кеш шықсаң алдыңнан түн шығар.

4-жаттығу.

Сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жаз.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарма-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.

         Жамбыл ата.

Сыйлады кәрі,

Жас демей

Халқының осы әз ұлын.

Жаңа сабақты қорыту.

Қарама-қарсы мағыналы сөздерге оқушылар мысалдар келтіру арқылы сабақ  қорытындыланады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................................. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бірнеше мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты: сөздерді бірнеше мағынасы бойынша ажырата білуге үйрету; сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында колдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қарама-қарсы мағыналы және мәндес сөздер бойынша алған білімдерін тексеру. Мынадай тапсырмалар беруге болады.

1.   Мәндес сөздерді тап.

Бұлыңғыр күн, кір, алыс, айсыз түн, әдепті, тіршілік, қашық, бұлтты, лас, қараңғы, ізетті, өмір.

2.  Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ 1-жаттығу негізінде түсіндіріледі. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атауларын айтады. Олардың атауларының бірдей айтылатынына назарларын аудару. Содан соң әр сөздің мағынасы жеке түсіндіріледі. Ара - ағаш кесетін құрал. Ара - жәндік. Құрт - сүттен алынатын тағам түрі. Құрт - жәндік. Оқушылар сөздердің дыбысталуы бірдей болғанмен мағынасының әртүрлі екендігі туралы қорытынды пікір айтады.

2-жаттығуда   үй сөзінің екі түрлі мағынасы түсіндіріледі. Үй - адамдардың баспанасы. Үй - құмды, топырақты үю.

3-жаттығу    түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге үйрету мақсатын көздейді. Алдымен оқулықтың соңында берілген түсіндірме сөздіктен баспа, мақта сөздерінің мағыналарын тауып оқиды. Ол сөздердің бірнеше мағыналары бар екенін көреді. Осы сөздерді әртүрлі мағыналарда жұмсап, сөйлемдер құрастырады. Содан кейін мүмкіндік болса түсіндірме сөздіктің өзімен жұмыс істеуге болады. Оқушылар түсіндірме сөздіктің қызметімен танысады. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының бай екеніне көздері жетеді.

4-жаттығу бойынша дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, түсіндірме сөздік арқылы немесе өз беттерінше түсіндіреді. Жеңіл - салмағы жоқ. Жеңіл - біреуден күресте, т.б. жеңілу. Көрші - іргелес қоныс тепкен адамдар. Көрші - бір затты көру. Бұл жерде сөздер екі түрлі мағына берумен бірге бірінің заттың атын, екіншісінің заттың қимылын білдіретінін байқауға жетелеу.

жеп-жеңіл - білімді - ... сауатсыз - ...

ақылды — ащы - ... тікенді - ...

5, 6-жаттығулар да жаңа сабаққа байланысты білімдерін тереңдете түсуге арналған.

Осы тақырыпқа берілген екінші сабақта да бірнеше мағыналы сөздердің мән-мағынасын аша түсуге арналған жаттығулар беріледі. Екінші сабақта тапсырмалардың көп бөлігін оқушылардың өз беттерінше орындауына көңіл бөлген дұрыс. Сондай-ақ сөздер тек екі мағынада ғана емес, бірнеше мағынада да қолданылатынына көздерін жеткізу.

Жаңа сабақты қорыту.

Ою, шоқы, тоқы, ата, жақ сөздерінің бірнеше мағыналарын анықтауды тапсыру. Мағыналарын анықтау қиындық келтірсе, түсіндірме сөздікке жүгінген жөн.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Бірнеше мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты: сөздерді бірнеше мағынасы бойынша ажырата білуге үйрету; сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында колдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қарама-қарсы мағыналы және мәндес сөздер бойынша алған білімдерін тексеру. Мынадай тапсырмалар беруге болады.

1.   Мәндес сөздерді тап.

Бұлыңғыр күн, кір, алыс, айсыз түн, әдепті, тіршілік, қашық, бұлтты, лас, қараңғы, ізетті, өмір.

2.  Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.

Қайталау сабағы.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді тап, түсіндір.

Негізгі дәм сезімі төрт түрлі болады: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл. Жылқышы – сулы жерде өмір сүретін, тұмсығы ұзын және төмен қарай иілген, сұрғылт түсті құс. Дастарқан үсті дәмге толы. Әлидің жылқышы ағасы ауылдан келді.

2-жаттығуда   үй сөзінің екі түрлі мағынасы түсіндіріледі. Үй - адамдардың баспанасы. Үй - құмды, топырақты үю.

3-жаттығу    түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге үйрету мақсатын көздейді. Алдымен оқулықтың соңында берілген түсіндірме сөздіктен баспа, мақта сөздерінің мағыналарын тауып оқиды. Ол сөздердің бірнеше мағыналары бар екенін көреді. Осы сөздерді әртүрлі мағыналарда жұмсап, сөйлемдер құрастырады. Содан кейін мүмкіндік болса түсіндірме сөздіктің өзімен жұмыс істеуге болады. Оқушылар түсіндірме сөздіктің қызметімен танысады. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының бай екеніне көздері жетеді.

4-жаттығу бойынша дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, түсіндірме сөздік арқылы немесе өз беттерінше түсіндіреді. Жеңіл - салмағы жоқ. Жеңіл - біреуден күресте, т.б. жеңілу. Көрші - іргелес қоныс тепкен адамдар. Көрші - бір затты көру. Бұл жерде сөздер екі түрлі мағына берумен бірге бірінің заттың атын, екіншісінің заттың қимылын білдіретінін байқауға жетелеу.

жеп-жеңіл - білімді - ... сауатсыз - ...

ақылды — ащы - ... тікенді - ...

5, 6-жаттығулар да жаңа сабаққа байланысты білімдерін тереңдете түсуге арналған.

Осы тақырыпқа берілген екінші сабақта да бірнеше мағыналы сөздердің мән-мағынасын аша түсуге арналған жаттығулар беріледі. Екінші сабақта тапсырмалардың көп бөлігін оқушылардың өз беттерінше орындауына көңіл бөлген дұрыс. Сондай-ақ сөздер тек екі мағынада ғана емес, бірнеше мағынада да қолданылатынына көздерін жеткізу.

Жаңа сабақты қорыту.

Ою, шоқы, тоқы, ата, жақ сөздерінің бірнеше мағыналарын анықтауды тапсыру. Мағыналарын анықтау қиындық келтірсе, түсіндірме сөздікке жүгінген жөн.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: сөздерді бірнеше мағынасы бойынша ажырата білуге үйрету; сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында колдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сабағы.

1-жаттығу. Өлеңі оқы. Қарамен жазылған сөздерге мәндес сөздерді тауып жаз.

Қар жатыр аппақ,

Ойнауға жақсы-ақ.

Осындай шақта

Кім үйде жатпақ?

Әп-әйбат қана

Жасадым шана.

Жасауға шана

Келеді шама!

2-жаттығуда   мәндес сөздерді топтап жаз.

Қайталау, жығылу, дымқыл, болашақ, құлау, ылғалды, пысықтау, келешек.

3-жаттығу    . Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тап.

Ең ыстық қай планета?

Венера Күнге жақын планета емес. Алайда, ол өте ыстық. Оның үстіңгі қабатының ыстықтығы 500 градусқа жетеді. Жалыны Жер бетіндегі ең ыстық өңір Сахара шөлінен сегіз есе жоғары.

4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Қарама –қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.

Жасықтар қорқақ атанған,

Намысы аз ғой өйткені.

Батылдар қорғайды Отанды,

Отанды қорғау – абырой.

жеп-жеңіл - білімді - ... сауатсыз - ...

ақылды — ащы - ... тікенді - ...

5, 6-жаттығулар ай, ата сөздерінің бірнеше мағыналарын жаз және сөйлем құрастыр.

Жақ сөзінің отты жақ деген мағынасы бар. Бұдан басқа бұл сөздің қандай мағыналарын білесің?

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жаз. Ол сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын қалай түсінесің?

·         ... – суда жақсы жүзетін, мойны ұзын жабайы және үй құсы.

·         ... – жерді бір нәрсемен ою, шұңқырлау.

·         ... – тамақ пісіруге арналған ыдыс.

·         ... – күз айларының бірі.

Осы тақырыпқа берілген екінші сабақта да бірнеше мағыналы сөздердің мән-мағынасын аша түсуге арналған жаттығулар беріледі. Екінші сабақта тапсырмалардың көп бөлігін оқушылардың өз беттерінше орындауына көңіл бөлген дұрыс. Сондай-ақ сөздер тек екі мағынада ғана емес, бірнеше мағынада да қолданылатынына көздерін жеткізу.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы.

Сабақтың мақсаты: сөз және оның қүрамы туралы алғашқы түсініктерін калыптастыру; сөздің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден күралатынына көздерін жеткізу; сездің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз және оның мағынасы туралы түсініктері толық қайталанады.

Жаңа сабақты тексеру.

1-жаттығу талданады. Мәтінді оқып, Алматы сөзінің неше рет кездескенін айтады. Осы сөздер тақтаға жазылады: Алматы, Алматының, Алматыға, Алматыда, Алматыны, Алматыдан, Алматымен. Алдымен Алматы сөзіне дыбыстық талдау жасалады, сөздердің дыбыстардан құралатынын естеріне түсіреді. Осы сөздің өзгерген бөліктерін көрсетеді. Сөздерді өзгерту үшін бұл бөліктерді қосудың қажеттілігі қанша екенін өз беттерінше түсіндіріп көреді.

Еңбек ер атандырады.

Еңбектің түрі – рақат.

Ыдыс таза болса, асы дәмді.

Тазалық – денсаулық кепілі.

2-жаттығуда   енді өздері сөйлемдегі сөздер дұрыс байланысу үшін жақшаның ішіндегі сөздерді өзгертіп жазады.

Балық                                     балықшы

Сурет                                      суретші

Домбыра                                домбырашы

Зер                                          зергер

Дәрі                                        дәрігер

3-жаттығуда сөздердің өзгерген бөлігін жеке сызық арқылы бөліп көрсетуге үйренеді. Мысалы, көмір-дің, көмір-мен, көмір-ді.

Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

4, 5-жаттығуларда сөздерді өзгертудің не үшін қажет екенін ұғынуға жетелейді. Осылайша сөздердің басқа да бөлшектерден тұратындығы туралы қорытынды жасайды. Бұл сабақ оқушыларға түбір мен қосымша туралы түсінік беруге дайындайды.

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар!

Мәтінді көшіріп жаз. Түбір мен қосымшасын тап.

Астана – демі де көрікті қала. Астананың құрылыстары жаңа үлгімен салынған. Мен жазда Астанаға бардым. Менің ағам Астанада тұрады. Мен Астанадан Алматыға жүрдек пойызбен келдім.

Жаңа сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау кезінде сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беруге болады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................... Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: түбір және қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сөз құрамына талдай білуге үйрету; сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беріледі. Өткен сабақты еске түсіруге ерекше көңіл бөлінуі тиіс, өйткені бұл     сабақты қабылдауға дайындық болып табылады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз: қала, орман, көше, жұлдыз.

Түбір сөздің белгісі -

Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қалаға, орманға, көшемен, балықшы.

1-жаттығуда   берілген мақалдарды оқып, мазмұнын талдағаннан кейін, қарамен жазылған сөздерді салыстырады. Еңбек — еңбектің, таза - тазалық. Сөздерді салыстырып, ерекшелігін айтады. Сөздің өзгерген бөлігін табады.

Осыдан кейін сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігі түбір деп, ал түбірге қосылған бөлігі қосымша деп аталатыны айтылады.

2-жаттығуда екі бағандағы сөздерді салыстыру арқылы екінші бағанда жаңа сөздің пайда болғанын анықтайды. Бұл сөздердің өзгеруіне себепші болған қосымшаларды айтады.

3-жаттығуда   сөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазады. Осы жерде сөздер жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынына көңіл аударған дұрыс.

4-жаттығуда   түбір сөздерді тауып жаттығады. Түбір сөздің белгісін қойып үйренеді.

5-жаттығуда бір сөздің бірнеше түрлі өзгеруімен таныса отырып, қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін түрленіп жалғанатынын байқаулары тиіс.

«Түбір мен қосымша» тақырыбына берілген сабақтардың жоспарын сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз қалауынша құра алады.

Жаңа сабақты қорыту.

Әртүрлі қосымшалар жалғанған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу арқылы жаңа сабақ қорытындыланады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні..................................... қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: түбір және қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сөз құрамына талдай білуге үйрету; сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беріледі. Өткен сабақты еске түсіруге ерекше көңіл бөлінуі тиіс, өйткені бұл           сабақты қабылдауға дайындық болып табылады.

Қайталау сабағы.

1-жаттығуда  берілген мақалдарды оқып, мазмұнын талдағаннан кейін, қарамен жазылған сөздерді салыстырады. Еңбек — еңбектің, таза - тазалық. Сөздерді салыстырып, ерекшелігін айтады. Сөздің өзгерген бөлігін табады.

Самал желге шайқалтып,

Ауласына мектептің.

Биыл тағы жайқалтып,

Аққайыңдар екпекпін.

Оған бұл қыс өткенде,

Нұрын төгер қызыл күн.

Келер жылы көктемде,

Жұрттың бәрі қызықсын!

2-жаттығуда  екі бағандағы сөздерді салыстыру арқылы екінші бағанда жаңа сөздің пайда болғанын анықтайды. Бұл сөздердің өзгеруіне себепші болған қосымшаларды айтады.

Күйші інім биші ініме:

·        Бетімнен сүйші, інім, - деді.

Биші інім:

·        Сүймеймін.

Билеймін, бишімін, - деді.

3-жаттығуда сөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазады. Осы жерде сөздер жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынына көңіл аударған дұрыс.

4-жаттығуда түбір сөздерді тауып жаттығады. Түбір сөздің белгісін қойып үйренеді.

5-жаттығуда  бір сөздің бірнеше түрлі өзгеруімен таныса отырып, қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін түрленіп жалғанатынын байқаулары тиіс.

«Түбір мен қосымша» тақырыбына берілген сабақтардың жоспарын сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз қалауынша құра алады.

Жаңа сабақты қорыту.

Әртүрлі қосымшалар жалғанған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу арқылы жаңа сабақ қорытындыланады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні................................ Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: түбір және қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сөз құрамына талдай білуге үйрету; сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беріледі. Өткен сабақты еске түсіруге ерекше көңіл бөлінуі тиіс, өйткені бұл     сабақты қабылдауға дайындық болып табылады.

Қайталау сабағы.

1-жаттығу.

           Ақыл сөз.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.

Осыдан кейін сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігі түбір деп, ал түбірге қосылған бөлігі қосымша деп аталатыны айтылады.

2-жаттығу. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып оқы.

Суретші, дәріхана, өнерлі, қалалық, достық.

3-жаттығуда сөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазады. Осы жерде сөздер жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынына көңіл аударған дұрыс.

Мен ғарышкер боламын.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын...

Мен ғарышкер боламын!

4-жаттығуда   түбір сөздерді тауып жаттығады. Түбір сөздің белгісін қойып үйренеді.

5-жаттығуда бір сөздің бірнеше түрлі өзгеруімен таныса отырып, қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін түрленіп жалғанатынын байқаулары тиіс.«Түбір мен қосымша» тақырыбына берілген сабақтардың жоспарын сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз қалауынша құра алады.

Жаңа сабақты қорыту.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Күні...............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.

Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады;

ә) Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі;

б) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

1-жаттығуда берілген жаңылтпаштарды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.

      Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен қосымша жалғанғаннан кейінгі мағынасын салыстыру арқылы сөздің мағынасының өзгергенін айтады. Оқушылар кейбір қосымшалардың түбірге жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетінін байқайды. Мұғалім ондай қосымшалардың жұрнақ деп аталатынымен таныстырады. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөздің туынды сөз деп аталатыны айтылады.

2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.

3-жаттығуды   орындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.

4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.

Жаңа сабақты қорыту.

Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.

Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру.

Бекіту сабағы.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады;

ә) Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі;

б) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

1-жаттығуда берілген жаңылтпаштарды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.

Тау\ таулы, сыпыр \ сыпырғыш, ойын \ ойыншық, ем \ емхана, біл \ білгір.

2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.

Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды.

Үстінде есігі,

Өзі орындық, өзі үстел,

Оқушылар бесігі.

3-жаттығуды   орындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.

4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.

Жаңа сабақты қорыту.

Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................. қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.

Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. жұмбақты оқып, шешуін тап. Туынды сөзді тауып, түбірі мен қосымшасын белгіле.

Ақ шатырлы бір қала

Суда жүзіп жүр дара.

2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.

Көп нүктенің орнына –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Алматыда бокстан болған жарысқа елімздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: мен – астаналық, Ерлан – алматылық, Үсен – ақтаулық, Айбар – атыраулық, Сержан – шымкенттік, Ернұр – тараздық, Арман – өскемендік, - деп айта бастады.

3-жаттығуды   орындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.

Өлеңді жатқа айт. Туынды сөздерді тап.

             Құлыншақ.

Құлын, құлын, құлыншақ.

Желкілдейді тұлымшақ.

Құйрығында құндызы,

Маңдайында жұлдызы.

4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.

Жаңа сабақты қорыту.

Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................. қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалғау.

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

1-жаттығуда қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды. Ол сөздердің түбірі мен қосымшасын табу арқылы түбір сөздің мағынасының өзгермегенін байқайды. Жалғаудың сөйлемдегі сөз бен сөзді байланыстырып тұрғанына көздерін жеткізу керек. Осыдан кейін сөздің мағынасын өзгертпей сөз бен сөзді байланыстыру үшін жалғанатын қосымшаның жалғау деп аталатыны айтылады.

2-жаттығу       арқылы оқушылардың алған білімдерін алғашқы бекіту жұмысы жүзеге асырылады. Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тапқаннан кейін оны өзіне тиісті белгімен белгілеуді үйренеді.

3-жаттығуда   сөйлемнің сөздері жалғаусыз берілген. Оқушылар жалғаусыз сөйлемдердің бір-бірімен байланысы болмайтынын                                                                                                       айтады. Сөздерге тиісті жалғауларды дұрыс жалғап, сөйлем құрастыруды үйренеді.

4-жаттығуда   сөздерді сөз құрамына талдау дағдыларын арттыруға арналған. Бұл жаттығуды өз беттерінше орындауға ұсынуға болады.

5-жаттығуды   орындауда сөйлем ішінен жалғауы бар сөздерді табады.

Жалғау туралы алған білімдерін жетілдіруге, жалғау мен жұрнақты қайталауға келесі сабақтарда да осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.

Түбір сөз

Жұрнак жалғанған сөз

Жалғау жалғанған сөз

Жұрнақ және жалғау жалғанған сөз

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................ қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалғау.

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Жаңбыр тамшыларынан өшірілген жалғауларды тауып жаз.

·        Ернар шахматтан жеңімпаз атанды.

·        Пияз адамның денсаулығына пайдалы.

·        Сулы жерде көкөніс жақсы өседі.

·        Үсен ауылдан  пойызбен келді.

2-жаттығу    арқылы оқушылардың алған білімдерін алғашқы бекіту жұмысы жүзеге асырылады. Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тапқаннан кейін оны өзіне тиісті белгімен белгілеуді үйренеді.

Ақмарал сабақтан келсе, үстел үстінде күнтізбенің жыртылған бір беті жатыр. Есіне түсе кетті. Бұл күн анасының туған күні. Сыйлық алуға ақшасы жоқ.

Анасы жұмыстан келді.

- Бүгін сабақтан қандай баға алдың? – деп сұрады.

- Екі «бес», апа!

- Менің туған күніме мұнан артық сыйлық бола ма?!

Анасы Ақмаралдың бетінен сүйді. Ақмарал қуанып кетті.

3-жаттығуда сөйлемнің сөздері жалғаусыз берілген. Оқушылар жалғаусыз сөйлемдердің бір-бірімен байланысы болмайтынын айтады. Сөздерге тиісті жалғауларды дұрыс жалғап, сөйлем құрастыруды үйренеді.

4-жаттығуда   сөздерді сөз құрамына талдау дағдыларын арттыруға арналған. Бұл жаттығуды өз беттерінше орындауға ұсынуға болады.

Жақсыдан үйрен,

Жаманннан жирен.

5-жаттығуды         орындауда сөйлем ішінен жалғауы бар сөздерді табады.

Жалғау туралы алған білімдерін жетілдіруге, жалғау мен жұрнақты қайталауға келесі сабақтарда да осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Күні................................. қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалғау.

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Жалғаулы сөздерді белгіле. Жұмбақты шеш, жаттап ал.

   Жарықта жағалайды,

Қараңғыға жоламайды.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Екі аққу көл... жүзіп жүр. Мәлік кітапхана... келді. Өзен... жағасында қалың қамыс өсіп тұр. Мектеп басшысы сыйлық... Дәуренге табыс етті.  Орман... құстардың даусы естіледі.

3-жаттығуда сөйлемнің сөздері жалғаусыз берілген. Оқушылар жалғаусыз сөйлемдердің бір-бірімен байланысы болмайтынын айтады. Сөздерге тиісті жалғауларды дұрыс жалғап, сөйлем құрастыруды үйренеді.

Берілген сөздерге –ның, - нің, - дың, - дің жалғауларының бірін жалғап, сөйлем құрап жаз.

Астана, Ақтөбе, Алатау, Есіл.

4-жаттығу. Берілген сөздерге жалғаулар жағап, сөйлемдер құрастырып жаз.

·        Жамбыл, қазақ, ақын.

·        Әже, ауыл, Айжан, тұрады.

·        Қала, Арман, кетті.

·        Үсен, ағаш, ара, кесті.

5-жаттығуды         орындауда сөйлем ішінен жалғауы бар сөздерді табады.

Өлеңді мәнерлеп оқы. –тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

Тік жартастан аунайды,

Асау өзен сарқырап.

Ақ моншақтан аумайды,

Ақтарылған жарқырап.

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Күні................................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Мәтінді  түсініп оқы.  Қосымшалы  сөздерді  теріп жазып, ажырат.

2-жаттығу.

Туынды  сөздерге жалғаулар қосып  жаз.

Өріс, жеңіс, батыс, суреткер, үміткер, бірінші.

3-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.

Менің ағаларым.

Баптаған егінін,

Халқына ұнаған,

Мақтаны елінің

Егінші бір ағам.

Барады алдына

Балалар, кәрілер.

Адамның бағына

Бір ағам дәрігер.

Бір ағам жылқышы,

Үйреткен тай-құлын.

Өткізді бұл кісі

Қырда сан ай-күнін.

Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: талапты, дәрігермін, татулыққа.

4-жаттығу.

Жұмбақтарды  көшіріп жаз. Жұрнақ, жалғау  жалғанған сөздерді  тауып,  белгіле.

Күндіз ізетті,

Түнде  күзетте.  (Ит)

Тал басында ағаш үй,

Терезесіз  тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа  кетеді. (Құс)

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 5-жаттығу.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің туынды екенін дәлелде.

   Кім болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар

Кенші болғым келеді.

Достық сәлем апарар

Елші болғым келеді.

Бармағынан бал тамған

Аспаз болғым келеді.

Алар орын, бәйгені,

Әнші болғым келеді.

2-жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақ шешуі болған сөздің түбірі мен қосымшасын тап. Сол сөзге сөйлемдер құрастырып жаз.

Оның тіккен бұйымы

Аяғыңды қаптайды.

Шыға қалса жұлымы

Әдемілеп баптайды.

3-жаттығу.

Тұсындағы жалғауларды тиісті сөзге қосып жаз.

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Темірді қызған кезде соқ.

Туған жердің жуасы да тәтті.

4-жаттығу.

Өлеңді оқы. Өлең жолдарындағы түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.

Жап-жасыл ағашы

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар

Алматы қаласы.

Ақындар ағасы

Тұр Абай данасы

Көшесі көрікті

Алматы қаласы.

5-жаттығу.

Сөздерге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін жалғап, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді. Жаңа мекенге көшпейді, алыс жолға шықпайды.

Жұма – қасиетті күн. Бұл күні  жақсылық болсын деген ниетпен халқымыз жаман әдеттерден сақтанған.

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: бұрынғы алған білімдерін кеңейту; бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, сөздердің әртүрлі сөз таптарына бөлінетімен таныстыру; сөйлем ішінен сөз таптарын анықтай білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз таптары жаңа тақырып ретінде емес, бұрын берілген білімді кеңейтіп, бекіте түсу мақсатында ұсынылады. Оқушылардың заттың аты, сыны, саны, қимылы туралы алған түсініктеріне сүйене отырып, олардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сөз таптарына бөлінетінімен танысады.

Берілген жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөздердің білдіретін мағыналарына, сұрақтарына, сұрақ арқылы өзгеру жүйесіне қарай әртүрлі топқа бөлінетінін саналы түрде ұғынады, әрі өтілген сөз таптарын еске түсіреді.

1-жаттығуда   заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын еске түсіреді.

2-жаттығуда   сөздердің мағынасына қарай топтарға белінгенін айта отырып, мағынасы бойынша сол топқа жатпайтын артық сөзді табады. Әр топтағы сөздердің қандай сұрақка жауап беретінін анықтайды. Артық сөзді неге алып тастағандарын дәлелдейді.

Осы жаттығулардан кейін мұғалім ол топтардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталатынын және олардың бір сөзбен сөз таптары деп аталатынын айтады.

Қалған жаттығуларды орындау арқылы оқушылар заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды, алдыңғы сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

Жаңа сабақты қорыту.

Тақтаға бірнеше сөз жазылады. Ол сөздерді оқушылар кестеге орналастырады.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні..................................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты: зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру; зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз таптары туралы алған білімдері тексеріледі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бір мәтінді ұсынып, зат есімдерсіз оқып көру тапсырылады. Тапсырманы оқу барысында оқушылар зат есімдерсіз мәтін мазмұнын түсіну мүмкін еместігін, өйткені кез келген сөйлем құрамында міндетті түрде зат есім сөз болатынын аңғарады. Осылай зат есімнің тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін, оның сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын байқатқан жөн. Осы уақытқа дейін кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді заттың атын білдіретін сөздер деп атап келсе, осы сабақтан бастап, зат есім деп атайтын болады.

Оқулықта берілген жаттығуларды орындау арқылы зат есімнің сөз табы ретіндегі мәні ашыла түседі. Жаттығуларды орындау барысында зат есім сөздеріне сұрақтар қояды, кім? деген сұрақтың адамға, қалған зат есімдерге не? деген сұрақ қойылатынын, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін еске түсіреді, сөйлем ішінен зат есімдерді табады.

1-жаттығу.

Сөздерді оқып, кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Биік, ұқыпты, ұшқыш, алмұрт, күшті, қызғалдақ, әдемі, әкелді, қайшы, келді, суретші.

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.

2- жаттығу. 

Суреттегі бейнеленген заттардың атауларын жаз. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

3- жаттығу. 

Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жаз.

Торғай, дәрігер, дала, оқушы, кеме, биші, өзен, зейнеткер. 

5- жаттығу.  Өлеңді мәнерлеп оқы. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Бал арасының жыры.

Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Бағалау

Күні..........................қазақ тілі                                                                                                                                                       

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты: зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру; зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.

Сабақтың барысы:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз таптары туралы алған білімдері тексеріледі.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Өлеңді оқы. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Бағында бұл балалар,

Іні,

Әпке,

Аға бар.

Ойыншықтар мол онда:

Машина,

Арба,

Шана бар.

Адамға кім? жануарлар мен заттарға не? деген сұрақтар қойылады.

2- жаттығу. 

Сөздерді оқы. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жаз.

Ата, кірпіш, шыны, сағат, ағатай, қант, інішек, тауық, кептер.

3- жаттығу. 

Жаңылтпашты оқы. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Аралда бар аралар,

Қалай бара алар балалар?

4- жаттығу. 

Сұрақтардың орнына зат есімдерді тауып жаз.

(Кім?) ... отын жарды. (Кім?) ... көйлек тікті. Аспанда (нелер?) ... көрінеді. Орманда биік (нелер?) өседі. (Кімдер?) ... серуенге жиналды.

5- жаттығу. 

Мақалды көшіріп жаз. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Дәурен сөздерді төмендегінше топтап жазды. Оны топтауында қате болса, түзет.

Жаңа сабақты қорыту.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні...........................қазақ тілі

Тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім

Мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Қазакстан картасы, батырлардың портреттері.

Сабақтың барысы:

Зат есім туралы білімдері пысықталады.

Зат есім жалқы және жалпы есім болып бөлінетіндігі, жалқы есім туралы мәлімет беріліп, олардың бас әріппен жазылатындығы түсіндіріледі. 1-жаттығу бойынша оқушыларды мұғалім өлеңнің ішінен жалқы есімді өз бетінше табуға жетелейді. Өлең ішіндегі батырлар туралы не білетіндігі сұралады. Адам аттары бас әріппен жазылатындығын естеріне түсіреді. Содан кейін осы жаттығудың негізінде оқушылар ережені өздері қорытып шығады. 2-жаттығу оқушыларды жаңа сабақты қалай меңгергендіктерін тексеруге, білімдерін жаттықтыруға арналған. 3-жаттығуда жалқы есімді тауып қана қоймай, кісі аттарынан басқа жер-су аттарының да жалқы есімге жататындығын байқайды. Жер-су аттары туралы алған түсініктерін нақтылау үшін 4-жаттығуды өз беттерінше орындауға беруге болады. Өздері білетін қала аттарын естеріне түсіреді.

Сөйлемдердің ішінен зат есімдерді тауып, олардың бас әріппен жазылғандары жалқы есім екенін айтады да, ал кіші әріппен жазылған зат есімдердің жалпы есім деп аталатындығын біледі.

1-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Адам аттарын тауып, сұрақ қой. Олар қандай әріппен жазылған? Аталған батырлар туралы не білесің? Әңгімеле.

-Батырларды аташы, -

Деді Бекке атасы.

Сосын сайрай жөнелді:

- Талғат,

Мәншүк,

Төлеген,

Тарғын,

Қамбар,

Өтеген,

Нұркен,

Мәлік,

Қабанбай,

Бауыржан мен Бөгенбай ...

Соның бәрін құп алып,

Атасы тұр қуанып.

Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады: Астана, Айгүл, Ақтау, Құлагер, Ақтөс.

2- жаттығу. 

Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді теріп жаз.

Маңғыстау – мұнайлы өңір. Ол «Мың қыстау» сөзінен шыққан. Академик Қаныш Сәтбаев бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеген. Мұнда Қарақия ойпаты бар. Ол мұхит деңгейінен 132 метрдей төмен орналасқан.

Сөздік диктант алуға болады.

Көлеңке, жұлдыз, Жамбыл, көрме, Семей. ірімшік, шаңғы.

Осы сөздердің ішінен жалпы есімдердің астын сызады.

Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма ретінде 6-жаттығуды ұсынуға болады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім

Мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Қазакстан картасы, батырлардың портреттері.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Жаңылтпашты көшіріп жазып, жалқы есімдерді тап. Жаңылтпашты жаттап ал.

- Айдарбек

Бұзауды байлар, - деп

Айтып кетті

Айбар мен Жайнар кеп.

2- жаттығу. 

Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жаз.

Жетісу – Қазақстанның оңтүстігіндегі жеті өзеннің аты. Олар – іле, шу, тентек, қаратал, ақсу, лепсі, көксу.

3- жаттығу. 

Сөздерді оқы. Жалқы есімдер мен жалпы  есімдерді  екі  бөліп жаз. Өзің қалаған төрт сөзді пайдаланып сөйлем құрастыр.

Ержан, терезе, күрек, Ақтөбе, айна, Болат, көше, қаймақ, Шымкент, қарындаш.

4- жаттығу. 

Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді теріп жаз.

Бөрте мен Нұржан

Нұржанның әкесі Қаратау бойынан тауешкі лағын тауып әкелді. Лақ Нұржанға қатты ұнады. Әкесі Нұржаннан:

·        Мұның атын кім қоямыз? – деп сұрады.

·        Бөрте қояйық, - деді Нұржан.

Содан бастап Нұржан Бөртемен достасып алды. Жем, су береді, кейде қант та береді. Бөрте тәттіні қатты ұнатады.

5- жаттығу. 

Өлеңді жатқа жаз. Жалқы есімнің астын бір рет, жалпы есімнің астын екі рет сыз.

Астанамыз көрікті,

Қонақ таң боп көріпті.

Есіл ағар еркелеп,

Шамдар нұрын төгіпті.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім

Мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Қазакстан картасы, батырлардың портреттері.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Сөйлемдерді оқы. Жақы есімдер мен жалпы есімдерді екі бағанға бөліп жаз.

Назым хат жазды. Бейсен апасына көмектесті. Гүлнұр тамақ пісірді. Анар кесте тікті. Бұлбұл сайрады. Қарға қарқылдады.

2- жаттығу. 

Мақалдарды көшіріп жаз. Жалпы есімдерді тауып, астын сыз.

Бабасы еккенді баласы орады.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

3- жаттығу. 

Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Сөйлемдердегі жалқы есімдер мен жалпы есімдерді тап.

4- жаттығу. 

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақтың шешуі қандай зат есім?

Тентек сәби шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды.

5- жаттығу. 

Дәулет сөйлемдегі сөздерді дұрыс жазды ма? Неден қателесті?

Су Арықпен ақты. Кішкентай арман апасымен саябаққа барды. Биік тау көрінді. Ағасы әсемге әдемі көйлек сатып әкелді.

  Бақытты сәт” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойында екі команда қатысады: 3 “в” сынып командасы және 3”а” сынып командасы.

          Капитандардан өз командаларымен таныстыруын өтінеміз. Бір команда екінші команданың қалай аталатынын шешеді.

1-ші капитан:         Біз заттың атын білдіреміз Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береміз.

3”в” командасы “Зат есім”.

2-ші капитан:       Біз заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, пішінін білдіреміз. Қай?Қандай? деген сұраққа жауап береміз.

3”Сын есім”

3.  “Бақытты сәт” ойыны

1 тур “Сен- маған, мен саған”.

3 “в” сынып командасы зат есімдер айтады, ал 3 “а” сынып командасы оған қатысты сын есімді тауып айтады.

          Әр оқушы бір- бір сөзден айтады.

Мысалы: қайың- ақ

Тату- балалар

2 тур “Алға, алға, алға”

(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 15 сұрақ)

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Сабақтың мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.

Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Сурет бойынша жұмыс. Оқушыларға суреттегі заттардың санын анықтату. Олардың бір-бірінен айырмашылығын тапқызу. Осыдан кейін ереже оқушылардың қатысуымен түсіндіріледі.

Зат есім жекеше,  көпше түрде айтылады. Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен.

Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.

Оқулықтағы осы сабақтарда берілген жаттығулар арқылы зат есімнің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны тиянақтала түседі. Көптік жалғаулары, оны сөздерге дұрыс жалғау жайлы түсінік беріледі. Сонымен қатар мәтіндерден, сөздердің ішінен зат есімнің жекеше, көпше түрін тапқыздырып, білімдері бекітіледі.

Осы сабақтарда шығармашылық, сөздік диктанттарын алуға болады.

Шығармашылық диктант

Аю, қасқыр, жолбарыс,

Арыстан мен піл, барыс

- Ойыншықтар, тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар.

Сөздік диктанты.

Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық.

Төмендегі тапсырмалар орындалады.

1. Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық.

2. Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр.

«Көптік жалғауын дұрыс жалға» ойынын жүргізуге болады. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.

гүлдар                               оюдар

Оқушылардың білімін бекіту мақсатында үлестірмелі қима қағаздар таратылып, онымен жұмыс жүргізіледі.

Мұғалім үйге тапсырманы өз қалауынша береді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Сабақтың мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.

Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.

Інілер, қарындаштар, терезелер, ағаштар, жіптер, жүзімдер.

2- жаттығу. 

Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз.

Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?

Шығармашылық диктант

Аю, қасқыр, жолбарыс,

Арыстан мен піл, барыс

- Ойыншықтар, тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар.

Сөздік диктанты.

Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық.

Төмендегі тапсырмалар орындалады.

1. Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық.

2. Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр.

«Көптік жалғауын дұрыс жалға» ойынын жүргізуге болады. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.

гүлдар                               оюдар

Оқушылардың білімін бекіту мақсатында үлестірмелі қима қағаздар таратылып, онымен жұмыс жүргізіледі.

Мұғалім үйге тапсырманы өз қалауынша береді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Сабақтың мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.

Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Мәтінді оқы. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жаз.

Қайың – сымбатты ағаш. Ол биік бойлап өседі. Оның гүлдері қарапайым сырға секілді болады. қайыңның бүршіктерінен дәрілер әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан шеберлер жеміс-жидек теретін себеттер, ыдыстар тоқиды.

2- жаттығу. 

Өлеңді оқы. Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын анықта.

Ардақтайды ел

Жылқыны,

Қасиеті мұның көп.

Жібектей жал-құйрығы,

Төлі аталған құлын деп.

Түйе – түздің кемесі,

Мінсең, болсын

Жолыңыз.

Төлі – төлдің төресі,

Бота дейміз оны біз.

3- жаттығу. 

Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Ай бетінен із кескен,

Жұлдыздармен тілдескен.

Кең әлемнің қойнынан

Құпиялы іздескен

Астроном ағамыз!

4- жаттығу. 

Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғаулы сөздерді теріп жаз.

Құрылыс заттарын тиеген жүк машиналары келе бастады. Ұзын бетон діңгектерді автокрандар орындарына қойып жатыр.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні..........................қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.

Сабақтың барысы:

1) Кіріспе бөлім.

«Пресс-конференңия» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгіде сұрақтар қояды.

Етістік дегеніміз не?

Етістік нені білдіреді?

Етістіктің сұрақтарын атаңыз?

Дара және күрделі етістік туралы не айтасыз?

«Ғалымдар» мысалдар келтіре отырып жауап берулері тиіс.

Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.

2. Негізгі бөлім.

1-жаттығуда   берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қойылады.

Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысатындығы еске түсіріледі.

2-жаттығу да жазбаша орындалады. Сол сияқты 3-4-жаттығулар да тапсырмаларымен орындалады.

Дара, күрделі етістік

1-жаттығу.      Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктерді табады. Екі бағандағы етістіктер салыстырылады.

Ереже талқыланады.

2-жаттығу.      Дара етістіктердің астын бір сызықпен, күрделі етістіктердің астын екі сызықпен сыздырту.

3-жаттығуда   күрделі етістіктерді бір бөлек, дара етістіктерді бір бөлек жазады. Оларға сұрақ қойғызу.

Өздік жұмыс.

4-жаттығуды орындайды. Етістіктерді тапқызып, сұрақ қойғызу.

Сабақты қорытындылау.

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәліметтерге қосу белгісін қояды.

Заттың

Заттың

Дара

Заттың

Зат

Сұрақ-

Қанша?

атын

қимы-

және

санын

есіммен

тары: не

Неше?

білдіреді.

лын, іс-

күрделі

білдіреді.

байла-

істеді?

Не қылды?

Нешінші?

әрекетін

болып

нысады.

білдіреді.

бөлінеді.

қайтті?

+

+

+

+

-    Неліктен бұл бөліктерге «қосу» белгісін қойдыңдар? Әрқайсысың мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер.

Оқушылардың етістік туралы алған білімдері пысықталады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы. Етістіктерді теріп жаз.

Құндыз өздеріне үйшіктер жасайды. Үйшіктің іші кең әрі жылы болады. Онда олар күндіз демалады. Ал түнде «ағаш дайындау» жұмысына шығады. Сөйтіп, құндыз тал не теректі кеміре бастайды. Ақыры ағаш құлайды. Сол түбірден құндыздың еңбегі байқалады.

2-жаттығу.  

Жұмбақты көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, сұрақ  қой.  Жұмбақты шешіп, жаттап ал.

Күні бойы тыңбайды,

Дәмді тағам жинайды.

3-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.

              Суретші.

Біздің Ержан суретші,

Көп салады суретті.

Кіп-кішкентай тайларды

Айнытпастан жасайды.

Қозы мен қойларды

Ағаштан да қашайды.

Көк аспанға салады

Көгершіннің суретін.

4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді тауып жаз.

Керекті сөздер: құттықтады, көмектесті, шығарып салды, жазды, қатысты.

Мәди компьютермен ... . үсен ағасын мерекемен ... . дәурен дойбыдан жарысқа ... . айнұр әжесін  ... . бектұр досына ... .

Сабақты қорытындылау.

-    Неліктен бұл бөліктерге «қосу» белгісін қойдыңдар? Әрқайсысың мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер.

Оқушылардың етістік туралы алған білімдері пысықталады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні................................қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.

Құстан аумайды,

Көкте зулайды.

2-жаттығу.  

Берілген сөздерден етістіктерді тауып көшір.

Қуаныш, қуанды, түзу, түзелді, дүрсілдеді, әңгіме, әңгімеледі, жинады, көкшіл, көктеді.

3-жаттығу

Мақалды оқы. Етістіктерді тап.

Жаңбырмен жер көгереді,

Алғыспен ел көгере.

4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Керекті сөздер: пісірді, оқыды, көтерілді, жазды.

Оқушылар сабақта мазмұндама ... . Ұшақ биікке ... . Дариға қызық кітап ... . Зейнептің апасы тәтті бауырсақ  ... .

5-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Етістіктерді дауып, теріп жаз. Етістіктерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. Ертегі мазмұнын әңгімеле.

Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты. Ол аңдармен де дұрыс сөйлеспейді. Тек Тотықұспен сөйлеседі. Тотықұстың үстінде жақсы киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс Әтешке келіп:

·        Достым, мен бүгін қонаққа баратын едім. Маған үстіндегі әдемі киіміңдеріңді бере тұршы? – деп жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сенеді. Үстіндегі әдемі киімдерін шешіп береді. Тотықұс қай уақытта келетінін айтады.

·        Егер де мен кешіксем, дауыстап шақыр, - дейді. Бірақ Тотықұс содан қайта оралмайды. Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп, үш мезгіл айқайлайды екен.

Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні................................қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік.

Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.

Алдыңғы сабақтарда етістік жайлы алған білімдері пысықталып, дара, күрделі етістік туралы жалпы мағлұмат беріледі. Дара етістіктерді күрделі етістіктермен салыстыра отырып, меңгертуге болады.

Оқушылар мектепке келді. Оқушылар мектепке барып келді.

Осы сөйлемдерден етістіктерді табыңдар. Оларды өзара салыстыр.

Жаттығуларды орындату барысында «келді - барып келді» деген сияқты жұптарды салыстырып, оларға қойылатын сұрақ та бірдей екенін түсіндіріп, айырмашылығы тек сөз санында екеніне назарлары аударылады. Мұндай екі немесе үш сөзден құралған етістік бір қимылдық ұғымды білдіретіндігі түсіндіріледі.

1-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Екі бағандағы етістіктерді тауып, сұрақ қой. Оларды өзара салыстыр.

Жаңбыр жауды.                                           Жаңбыр жауып тұр.

Әли достарымен доп ойнады.                    Әли достарымен доп ойнап жүр.

Айман әжесінің әңгімесін тыңдады.         Айман әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.

Серік күйсандықта ойнады.                       Серік күйсандықта ойнап отыр.

2-жаттығу.  

Жаңылтпаштарды оқы. Дара, күрделі етістіктерді тап.

Жатта тақпақ,                                        Далада Дана да ойнап жүр,

Жатта тақ-тақ.                                       Далада Сана да ойнап жүр.

Адасқан сөздер» ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.

Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар «адасқан етістіктерді» орнына қояды.

Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.

Бұлар етістіктің қай түріне жатады?

Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.

-   Осы сөздердің ішіндегі «артық» сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.

-   Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.

-   Екі сабақтың соңында да оқушылардың етістік жайлы алған білімдері пысықталып отырылады. Үйге тапсырманы мұғалім өз қалауымен береді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Күні..........................қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік.

Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз. Өзің қалаған төрт етістікке сөйлем құрастырып жаз.

Ойнады, кіріп келді, алғызды, апарып тастады, көгерді, жинап алды, еркеледі, ойлап лтыр, достасты.

2-жаттығу.  

Сөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.

·        Айдос ауылдан келді.

·        Алыстан тау көрінді.

·        Малшылар жайлауға көшті.

·        Бек кассаға ақша төледі.

·        Мұғалім әдемі жазуға үйретті.

·        Аян інісіне көмектесті.

3-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

Керекті сөздер: ұнатады, сағынып жүр, айтамыз, көрді, шуылдайды, келіп тұрады.

Салтанатты жиындарда Әнұранымызды ... . Астанаға шетелден қонақтар ... . Қалың орманда ағаш жапырақтары ... . Әсел ән айтқанды ... . Асқар әжесін ... . Дәурен хайуанаттар бағынан аңдарды.

Адасқан сөздер» ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.

Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар «адасқан етістіктерді» орнына қояды.

Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.

Бұлар етістіктің қай түріне жатады?

Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.

-   Осы сөздердің ішіндегі «артық» сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.

-   Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.

-   Екі сабақтың соңында да оқушылардың етістік жайлы алған білімдері пысықталып отырылады. Үйге тапсырманы мұғалім өз қалауымен береді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні..................................қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік.

Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.

Бекіту сабағы.

Адасқан сөздер» ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.

Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар «адасқан етістіктерді» орнына қояды.

Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.

Бұлар етістіктің қай түріне жатады?

Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.

-   Осы сөздердің ішіндегі «артық» сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.

-   Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.

1-жаттығу.

Өлеңді көшіріп жаз. Дара, күрделі етстіктерді тауып, астын сыз.

Мәншүк апай – батыр қыз!

Ардақтаймыз атын біз,

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.

2-жаттығу.  

Берілген етістіктерге сөйлемдер құрастырып жаз.

Көмектесті, қайтып келді, ұшып жүр, дайындалып отыр, жақындады.

3-жаттығу

Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Етістіктерді теріп жаз.

Көк ала киім киеді,

Күннің көзін сүйеді.

Көрсетеді,

Сөйлейді,

Өзі ешкімді көрмейді.

4-жаттығу

Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. Құрастырған сөйлемдеріңдегі етістіктерді тап.

5-жаттығу

-   Екі сабақтың соңында да оқушылардың етістік жайлы алған білімдері пысықталып отырылады. Үйге тапсырманы мұғалім өз қалауымен береді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: Дара, күрделі етістік.

Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.

Бекіту сабағы.

«Адасқан сөздер» ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.

Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар «адасқан етістіктерді» орнына қояды.

Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.

Бұлар етістіктің қай түріне жатады?

Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.

-   Осы сөздердің ішіндегі «артық» сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.

-   Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.

1-жаттығу.

Етістіктердің алдына зат есім қойып, сөйлем құрап жаз.

Үлгі: Бұлбұл тамылжыта сайрайды.

Сайрайды, өсіп тұр, ұғып алды, жылынды, себелеп тұр, тарады.

2-жаттығу.  

Көп нүктенің орнына екінші бағандағы етістіктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Әсет фломастармен суреттер ... .                                       шығарды

Ақын өлең ... .                                                                      салды

Оқушы есеп ... .                                                                    емдеді

Пеш үстіндегі сүт ... .                                                          жазады

3-жаттығу

Сөйлемдерді оқы. Дара, күрделі етістіктерді екі топқа бөліп жаз.

Аспалы бесік өз екпінімен тербеліп тұр. Ернарға әжесі түбіттен қолғап тоқып берді. Қалада үлкен стадион салынып жатыр. Алыстан сылдырлай аққан бұлақ үні естіледі. Кешеден соққан жел бәсеңдеді. Берік бүгін ағасымен мұражайға барды.

4-жаттығу

Мәтінді оқы. Етістіктерді теріп жаз.

Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аздық етті. Енді есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есепшоттың бір түрі еді.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Бұған дейін сын есімді заттың сынын білдіретін сөздер деп оқып келді, сын есімдердің сұрақтарымен танысты. Енді сол ұғымдары кеңейтіліп, заттың сынын білдіретін сөздердің сын есім деп аталатынын, оның сөз табына жататынын біледі. Сын есімдердің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем ішінде орнымен қолдана білу дағдыларын арттыратын жаттығулар орындайды.

1-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап. Ол сөздер нені білдіреді? Тағы қандай түстерді білесің?

Көкшіл бояу әкелші,

Көк теңізді салайын.

Ақшыл бояу іперші,

Ақ теңізді салайын.

Жасыл бояу әкелші,

Жапырақтар салайын.

Қоңыр бояу әперші,

Топырақты салайын.

2-жаттығу.  

Жанылтпашты көшіріп жаз.

Жасыл көктем,

Жасыл жіптен

Жақсы тіккен.

Оқулықта бірінші сыныпта берілген ұғымдарды еске түсіріп, толықтыра түсу мақсатындағы жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады. Сын есімді мағынасына (түсі, дәмі, көлемі, сапасы) қарай топтауды үйренеді. Одан әрі мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру көзделеді. Сол сияқты оларға мағынасы жуық сын есімдерді тапқызуға да жаттығу жұмыстары беріледі. Бұл тақырыптарды оқытудағы негізгі мақсат - сын есімдердің мағыналарын дұрыс түсінуін, оларды сөйлеу кезінде орынды пайдалануын қамтамасыз ету, оқушылардың сөздік корын байыту.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Күні..............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.

Құшағы кең теңізден,

Аясындай гүл бақтың.

Аппақ сүтін емізген,

Қымбаттысы қымбаттың

Анам қандай жақсы адам!

2-жаттығу.  

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Көп нүктенің орнына қойған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер қай заттың сынын білдіріп тұр?

Керекті сөздер:аласа, бұралаң, қызыл, жазық, жап-жасыл.

Тауға апаратын ... жолмен келе жатырмыз. ... төбелерден асып, ... жерге жеттік. ... гүлдер жайқалып өсіп тұр. ... дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!

3-жаттығу.

Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай үлгі бойынша топтап жаз.

Ащы, ала, үлкен, кіші, дәмді, күрең, қатты, жуан, қызғылт, мықты, сұр, тәтті, жіңішке, тұзды, жұмсақ.

Түсі: ала, ...

Дәмі: тұзды, ...

Көлемі: жуан, ...

Сапасы: жұмсақ, ...  

4-жаттығу.

Сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөз тауып жаз. Сын есімдерге сұрақ қой. Сөздердің қасына заттың сынын білдіретін сөз тауып жаз.

Үлгі: қара (қандай?) бояу, ...

Қара, жирен, сұр, лас, таяз, жазық, биік, аласа, қызық, жүйрік, өткір, жаңа, мөлдір.

Дала, құлын, тоңазытқыш, балапан, оқушы, дәптер, сурет.     

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Күні...........................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

1-жаттығу.

Мәтінді оқы. Автор құстарды қандай белгісі бойынша салыстырады? Балықтарды ше? Салыстыру үшін қолданылған сөздерге сұрақ қой.

Ең ауыр құстар – дуадақ пен аққу. Олар 12-16 килограмм тартады. Ал ең жеңіл құс – шымшық. Ол бар болғаны 6 грамм тартады.

Ең үлкен балық – акула. Оның ұзындығы 20 метрге жетеді. Ал ең кішкентай балық – филиппин бұзаубасы деген балық. Ол шыбынның мөлшеріндей ғана болады.

2-жаттығу.  

Берілген сөздерге мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді тап.

Үлгі: кең – тар (бөлме), ...

Кең

Ыстық

Биік

Шабан

Жарық

Тауға апаратын ... жолмен келе жатырмыз. ... төбелерден асып, ... жерге жеттік. ... гүлдер жайқалып өсіп тұр. ... дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!

3-жаттығу.

Көп нүктенің орнына сұрақ бойынша қарсы мағынадағы сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдардың мазмұнын түсіндір. Қарсы мағынадағы сын есімдері бар тағы қандай мақалдарды білесің?

Әдепті бала – арлы бала, (қандай?) ... бала – сорлы бала. Жақсы бала – қуаныш, (қандай?) ... бала – өкініш. Үлкен кісі бастар, (қандай?) ... кісі қостар.

4-жаттығу.

Қара, жирен, сұр, лас, таяз, жазық, биік, аласа, қызық, жүйрік, өткір, жаңа, мөлдір.

Дала, құлын, тоңазытқыш, балапан, оқушы, дәптер, сурет.     

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Қадірлі сөзін буынға бөл. Буындардың жуан не жіңішке  айтылуы неге байланысты?

  Аппақ пен сатпақ

Анау бала аппақ қой,

Мынау бала сатпақ қой!

Аппақ бала сабырлы,

Ұқыпты ғой қадірлі.

2-жаттығу.  

Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.

Қандай?                             Не?

...                                        қасқыр

...                                        қарға

...                                        аю

...                                        сауысқан

...                                        торғай

3-жаттығу.

Мәтінді оқы. Сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жаз. Зеңгір деген сөзді қалай түсінесің?

Біздің ауыл табиғаты сұлу жерге орналасқан. Ауыл сыртында шағын көл бар. Ауылды зеңгір таулар мен жасыл баулар көмкеріп тұрады. жаз шыға ауылдың бар баласы көл жағасынан табылады. Балалардың көңілді даусы күні бойы тынбайды.

4-жаттығу.

Жылқының түстері қандай болатынын айт. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.

Үлгі: жирен, ...

«Ат – адамның қанаты» деген мақалды қалай түсінесің?

5-жаттығу.

Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.  ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Төртінші сөйлемнің мағынасын түсіндір. Соңғы сөйлемдегі көк сөзі зат есім бе, сын есім бе? Ол қандай сөздің орнына қолданылып тұр?

Қазақ жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өндірдің бәрі – тіршіліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдайды.

2-жаттығу.  

Жұмбақтарды оқы, шешуін тап. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Сын есімдер қандай зат есімдерге қатысты айтылып тұр?

Мөлдір моншақ,

Өзі жұмсақ.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Жөлге шыдап бағады.

3-жаттығу.

Суреттегі заттардың атын өзіне қатысты сын есіммен бірге жаз. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

4-жаттығу.

Көп нүктенің орнына мағынасы бойынша сәйкес келетін бірнеше сын есім қойып жаз. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетіп тұр?

Тиін (қандай?) жирен, кішкентай, жылдам. Қасқыр (қандай?) ... . Түлкі (қандай?) ... .  Піл (қандай?) ... .

5-жаттығу.

Мәтінді көшіріп жаз. Қай? Сұрағына жауап беріп тұрған сын есімді тауып, астын сыз.

Сол Қол шай құйып отырды. Ол тым икемсіз еді.

·        Әкел, мен құяйын, - деді көршісі оң Қол.

Сол қол тыңдаған жоқ. Шай толы шәйнекті құлатып алды...

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні................................... қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Сұрақ бойынша қоянды сипатта.

Қоян қайда жүреді?

Қоянның түсі қандай?

Қоянның құлағы қандай?

Қоянның терісі қандай?

Ол неден қорқады?

Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

2-жаттығу.  

Тіркескен екі созді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас.

Бұл тіркескен сөздердегі заттың атын және сынын білдіріп тұрған сөздерді ата.

3-жаттығу.

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.

Арша ағаштың бір түріне жатады. Ол ... жерде өседі. Бойы ... болады. Оның өзіне тән ... иісі бар. Аршаның ... қасиеті бар.

Керекті сөздер: емдік, таулы, хош, аласа.

Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

4-жаттығу. Әр зат есімге бірнеше сын есім жаз.

...                                    ...                                     ...

...                  оқушы      ...                   бөлме        ...                  мал

...                                    ...                                     ...            

5-жаттығу.

Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Ақ терек пе,

Көк терек пе?

Көк терек пе,

Көп терек пе?

Көп теректер

Көк тіреп пе?

Көкті тіреп,

Көктемек пе?

                  К. Құмарұлы

Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Көк сөзі қай жерде зат есім, қай жерде сын есім болып тұр? Зат есім болып тұрған көк сөзін тағы қалай айтуға болады?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқы.

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығыңа тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

                                   О. Асқар

Сын есімді өзіне қатысты зат есіммен бірге теріп жаз. Сын есімдерді қатыстырып, Наурыз мерекесі туралы екі-үш сөйлем жаз.

2-жаттығу.

 Берілген сын есімдерге мәндес сөздер жаз.

Әдемі, күшті, ақылды, ашулы, мөлдір, үркек.

Үлгі: Ашулы, ызалы;...

Мәндес сөздерге сұрақ қой.

3-жаттығу.

 Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын жаз.

Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қой. Астын ирек сызықпен сыз.

Сын есімдер заттың қандай белгілерін білдіріп тұр?

4-жаттығу.  

Сөйлемдерді оқы.

1. Аулада қызыл гүлдер жайнап өсіп тұр. 2. Қоңыр аю балды жақсы көреді. 3. Арыстан -ірі аң. 4. Бәйгеден жирен ат бірінші келді. 5. Метро үлқен қалаларда салынады. 6. Биік төбенің басына шықсаң, ауыл алақандадағыдай көрінеді.

Алдымен заттың түсін білдіретін сөздері бар, содан соң заттың көлемін білдіретін сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

5-жаттығу.  

Өлеңді оқы. Сын есімдерді тауып, сұрақ қой. Қай зат есіммен байланысып тұрғанын айт.

         Абай атам

Жатқа айтып беремін,

Абай ата өлеңін.

Ол - асқар тау, биігім,

Ол - шалқар көл, тереңім.

Қалады елдің өскенін.

Жырлады қыс, көктемін.

Абай жыры сияқты

Шуақ төгер көкте күн.

                                    Қ. Омарұлы

6-жаттығу. Заттардың пішіні қандай? Заттың пішінін білдіріп тұрған сөзге сұрақ қой.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Өкенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Суретте берілген заттардың аттарын көшіріп жаз. Олардың әр тобын бір сөзбен қалай атауға болатынын айт.

Бұл сөздерге қандай сұрақ қоюға болады? Олар қай сөз табы?

2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Алматыда Мәншүк Мәметова атында мектеп бар. Мәншүк сол мектепті бітірген. Оның әкесі Ахмет дәрігер болған. Анасы Әмина ұстаздық қызмет атқарды. Мәншүк тәртіпті, ұқыпты еді. Майданда ол жүректі, батыл жауынгер болды.

Жалқы есімдердің астын сыз. Бас әріппен жазылу себебін түсіндір.

3-жаттығу. Зат есімдердің жекеше түрін көпше түрге айналдырып жаз.

қыз - ...                                                           көл - …

гүл - ...                                                            тігінші - …

тау - ...                                                            оқушы - …

сызғыш - …                                                   қала - …

Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін айт. Туынды сөздердің астын сыз.

4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

                         не істеді?

.. тұрды. .. соқты. .. жүзді. .. ұшты. .. басты.

Керекті сөздер: кеме, шағала, толқын, дауыл, бұлт.

Не істеді? деген сұраққа жауап беріп тұрған сөздер қай сөз табы болады? Көп нүктенің орнына қойған сөздер ше?

5-жаттығу. Сөйлемдерді оқы.

1. Аспанда жұлдыз жарқырады. 2. Айдос кітапты қызыға оқыды. 3.Көктемде малдар төлдейді. 3. Балалар құстарға ұя жасады. 5. Көл баяу толқыды.

Етістіктерді тап. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Байқоңыр - қазақ даласындағы халықаралық ғарышжай. Байқоңырдан бірінші рет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Содан бері әр елден екі жүздей ғарышкер аспан әлеміне самғады. Тоқтар Әубәкіров - бірінші қазақстандық ғарышкер. Екінші қазақстандық ғарышкер - Талғат Мұсабаев. Т. Мұсабаев ғарышта үш рет болып қайтты.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді?

Халықаралық ғарышжай деп аталу себебін білесің бе?

2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы, жаз.

ш қап жаңғақ көп пе?

Бес қап жаңғақ көп пе?

ш қап жаңғақ көп емес,

Бес қап жаңғақ көп.

                          Б. Кірісбайұлы

Заттың санын білдіретін сөздерді тап, оларға сұрақ қой.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: жеті, жетінші, елу, он тоғызыншы.

3-жаттығу.   Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Алматы қаласындағы республикалық мұражай төрт залдан тұрады. 2. Жексенбі - аптаның жетінші күні. 3. Қоқиқаздың балапаны жұмыртқадан жиырма сегіз күннен кейін шығады. 4. Асқардың сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. 5. Құнан деп үш жастағы жылқыны айтады.

Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

4-жаттығу.   Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдың тиістісін сөзбен жаз.

1. ... (7, 0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. 2. Болат ... (1, 100) сыныпты үздік бітірді. 3. Құстың ... (4, 2) қанаты бар. 4. ... (2, 3) аяқты велосипедке бүлдіршіндер мінеді. 5. Біздің ауыл мен аудан орталығының арасы ... (15,1) шақырым жер болады.

Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен  көрсет.

5-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.

Ынтымақ күні

Ортақ - дәстүр,

Ғұрып бай.

Ынтымағын суытпай:

Шаңырақты көтерген,

Жүз түрлі ұлт –

Жүз уықтай!..

Шыңға тартса салып жол,

Қиналмайды талып бел:

Жүз иыққа сүйенген,

Қазақстан - Алып ел!..

                            Ө. Ақыпбекұлы

Өлеңнің мазмұны не жайында? Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын тауып айт. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр. Жүз сөзіне мағынасы жуық бірнеше сөз ойла.

I мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Плутон

Күн жүйесінің тоғызыншы ғаламшары - Плутон. Оның бір ғана серігі бар. Плутон екі жүз елу жылда Күнді бір рет айналып шығады. Өйткені ол өте қашықта орналасқан.

Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сыз. Күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшарды ата.

2-жаттығу. Берілген зат есімдердің алдына сан есімдерді қойып жаз.

. ата,... мезгіл,... көз,... саусақ,... қазына,... ғаламшар.

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

3-жаттығу. Берілген сан есімдерге -ыншы, -інші, -ншы  жұрнақтарының тиістісін қойып жаз.

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

Осы сөздерге сұрақ қой. Олар заттың санын білдіре ме, әлди білдіре ме?

 4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Заттың санын білдіретін сан есімдерді бір бөлек, ретін білдір сан есімдерді бір бөлек көшіріп жаз.

 5-жаттығу. Меңзердің бағытымен оқысаң, ақын Қ. Омарұлының өлең жолдары шығады.

8

4,

8

ғ

а

д

2

ж

а

м

е

н

а

а

ы

г

е

с

т

з

Өлеңнен сан есімдерді тап. Оларды заттың ретін білдіре есімдерге айналдырып жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу. екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты ... деп жүреміз.

                                     Қ. Омарүлы

Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді теріп жаз.

1-жаттығу. Санамақты оқы. Сұрақтарға жауап бер.

-   Адамда канша бауыр бар?

-   Біреу.

-   Қанша өкпе бар?

-   Екеу.

-   Бір тоқсанда қанша ай бар?

-   Үшеу.

-   Есеп шығаратын амал қанша?

-   Төртеу.

-   Күнде оқитын намаз қанша?

-   Бесеу.

-   Өлемде қанша қүрлық бар?

-   Алтау.

-   Бір аптада қанша күн бар?

-   Жетеу.

-   Малда қанша жілік бар?

-   Сегіз.

-   Домбыраның пернесі қанша?

-   Тоғыз.

-   Цифрлар қанша?

-   Он.

-   Міне, өстіп жаңалап,

Айтып шықтың санамақ.

                                               Е. Елубай

Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жаз. Осындай сұрақтар ойластырып, басқалардың жауап беруін сұра.

3-жаттығу.   Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.

1. Біздің сыныптағы үздіктер саны ... болды. 2. Қорадағы малдың ... сыртқа шығып кетіпті. 3. Өрмекшінің ...  аяғы бар. 4. Қазақ әліпбиінде ... ... әріп бар. 5. Кібісе жылдың ақпан айы ... ... күнге толады. 6. Үстел үстіндегі кітап - ... .

Керекті сөздер: бесеуі, жетеу, қырық екі, сегіз, алтау, жиырма тоғыз.

Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді бір сызықпен неше? сұрағына жауап беретін сан есімдерді екі сызықпен сыз.

4-жаттығу.   Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір.

Ел ішінде 50 ел бар.

12 мүшең сау болса, жарлымын деме,

10 саусағың сау болса, дәулет емей немене.

Цифрларды сөзбен жазып, мақалдарды көшіріп жаз. Сан есімнің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Бір таңбалы сандарды бір бөлек, екі таңбалы сандарды бір бөлек сөзбен жаз.

8, 21, 5,101, 7, 77, 4,10,19.

Екі таңбалы сандар қалай жазылады?

Екі таңбалы сандардың ішінде бір сөзбен ғана берілген қандай сан?

2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Құрастырған әңгімеңнен сан есімдерді тап. Оларға сұрақ қой.

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.

Отбасыңдағы адам саны нешеу? Сен нешінші баласың? Неше әпкең бар?

Неше інің (сіңлің, қарындасың) бар?

4-жаттығу. Өлеңді оқып, мағынасын түсіндір.

Қос жастыққа шынтақтап,

Қонақ төрде көсілер.

 Орден, медаль жүр топтап,

Екі-екіден төсіне ер.

                                    О. Асқар

Қос деген сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады? Оған сұрақ қой. Сан

есімдерге сұрақ қой

5-жаттығу. Ребусты шеш.

.

        Ребустың шешуін білдіретін сөзге сұрақ қой. Ол сөз қай сөз табына жатады?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................қазақ тіл

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Сен білесің бе?

Дронт - Жер бетінен жойылып кеткен құс. Олардың 3 түрі болды. Салмағы - 20 кг. Олар ұша алмайтын. Өсімдіктермен қоректенген. Ұясына 1 ғана жұмыртқа салатын. Оны кезекпен 49 күн басып отырған.

Сөйлемдердегі цифрларды сөзге ауыстырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Екі сөзден тұратын сан есімнің астын сыз.

2-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастыр.

Мәтінге ат қой. Құрастырған мәтінің мәтіннің қай түріне жатады?

Сан есімдерді тап. Оларға сұрақ қой. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

3-жаттығу. Берілген сан есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Жеті, үш, отыз, төрт, мың, тоқсан, жиырма бір.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

4-жаттығу.  Цифрларды сөздерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Балқарағай 400-500 жыл өмір сүреді. 2. Тасбақа 100 жылдан астам өмір сүреді. 3. Көк киттің ұзындығы 30 метрден асады. Оның салмағы 160 тонна болады.

Сан есімдердің астын сыз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.   Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жаз.

Сегізбай, сегіз, алтын, алты, тоқсандық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.

Сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

2-жаттығу.   Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

3-жаттығу.   Жүмбақты оқып, шешуін тап.

Қатар өскен дос құсап,

Екі жақта қос бұтақ. Әрқайсысында

Біреуі қысқа,

Біреуі ұзын

Бес бұтақ.                                        

Жүмбақты көшіріп жазып, сан есімдердің астын сыз.

Қарамен жазылған сөздің орнына қандай санды қоюға болады?

Сан есімдерге сұрақ қой.

4-жаттығу.   Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Әлемнің ... кереметінің бірі - Мысырдағы пирамида. 2. Ит ... қазынаның бірі болып саналады. 3. Ғарышқа ... қазақ ғарышкері ұшты. 4. Бір минута ... секунд бар. 5. Он бес пен он бестің қосындысы ... болады. 6. Домбырашы ... ішегі, ... пернесі бар. 7. Еліміз ...  мамырда Жеңіс күнін тойлайды.

Сан есімдерғе сұрақ қой.

5-жаттығу. Ребусты шешсең, еліміздің бір аймағының аты шығады.

Ребустың шешуі болған жер туралы не білесің? Сол тақырыпта мәтін құрастыр.

Құрастырған мәтініңде сан есімдер болсын.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.

1.  Сан есімнің сұрақтарын жаз.

2.  Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

3.  Мың, алпыс, бір, екі, алты сөздеріне -ыншы, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғап жаз. Оларға сұрақ қой.

2-жаттығу. Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Қырғауыл, елу, күйші, жеті, шәкірт, қобдиша, төрт, сексен екі, планета, тоғыз.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

3-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Қырық қабат жейде,

Осыны да жейді ел.

Сан есім қай сөз табымен байланысып тұр?

4-жаттығу.   Өлеңді түсініп оңы.

         Маймылдар мен банандар

Маймылдарға түскі астың кезінде,

Дәл бір буда бананы бар өзінде

Зообақтың күзетшісі келді де,

Үлестірді бір бананнан берді де.

Бір будада он бананнан болғанда,

Қанша маймыл жүрген еді сол маңда?..

                                                             Л. Яхнин

                                                             Аударған Е. Елубай

Сүраққа жауап бер.

Өлеңнен сан есімді тап. Сан есімдерге -інші, -ыншы жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

5-жаттығу.   Мәтінді түсініп оқы.

Тиін мен Қарға

-   Қарға атай, екі жердегі екі қанша болады?

-   Саған оның қажеті не, Тиінжан?

-   Мен екі рет екіден саңырауқұлақ тауып алдым. Оны ағаш түбіріне кептіріп қойдым. Азық қорымның қанша болғанын білгім келеді.

-   Төрт болады.

-   Қарғатай, үш жердегі үш қанша болады?

-   Әй, Тиін, сен тағы келдің бе?

-   Мен ағаш түбіріне үш рет үш саңырауқұлақтан апардым. Қанша болды?

-   Тоғыз.

·        I і, і-і... Қарға атай, бір жерде бір қанша болады?

·        Ту-у, сен де жабысып қоймадың ғой... Бір болады!

·        I і, і-і... Өтірік! Бір жерде бір - ештеңе болмайды.

·        Қалайша өтірік? Қалай ештеңе болмайды?

·        Солай... Бір Аю бір-ақ рет келіп, менің барлық саңырауқұлақтарымды жеп кетті. Енді түк те қалған жоқ!

                                                                                Э.Ю. Шим, орыс жазушысы

Сан есімдерді тауып, сұрақ кой.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақалды жатқа жаз.

Сөз анасы - ...,

Су анасы - ...,

Жол анасы - ....

Керекті сөздер: тұяқ, бұлақ, құлак. Мақалды оқып, мағынасын аш.

2-жаттығу. Бөгде адам, туысқан жөне сыныптасыңмен қалай сәлемдесесің? Сөлемдесуге сөйлем құрастыр және жаз.

Сөйлеу мәдениеті - бұл қазақ тілінде сөздерді орынды және шебер пайдалана білу. «Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа ұғымды, ойға қонымды келеді» деген Б. Момышүлы. Сондықтан адамның сөздік қоры жеткілікті болса, ол өз пікірін айтады. Басқа адамның сөзін дұрыс ұғады.

3-жаттығу. Сурет астында жазылған сөздердің қатесін тап.

Көңілін сұрау                               Көмек                                    Дүкенде

Кезектің соңын                   Алдымен хал-                          Алдымен алғысымды

сұраймын.                           жағдайын сұраймын.               білдіремін.

 «Дүкенде», «Көмек», «Көңілін сұрау» тақырыптарына екі адамның сөйлесуі түрінде әңгіме құрастыр.

4-жаттығу. Қазақ ертегілерінен амандасқан, алғыс білдірген жөне өтініп сұраған үш сөйлем көшіріп жаз.

5-жаттығу.   Мәтінді түсініп оқы.

Айгүл кітапханаға барды. Кітапхананың оқу залына кірді. Онда оқушылар көп отыр екен. Айгүл бос орынның біріне келіп отырды. Қолындағы кітабыпн судылатып ақтара бастады. Жан-жағына алақтап қарай берді. Айналасындағылардың мазасын алып болды. Жанында отырған қыз:

·        Айгүл, тыныш отыршы, - деді.

·        Қазір тыныш отырамын! - деп, Айгүл айғай салды.

Айгүл кітапханада өзін дұрыс ұстады ма? Неге?

Айгүлдің сөзін көрші қыз ренжімейтіндей айт.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.  ҮІІ.Бағалау.

Күні................................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Сурет бойынша «Аялдамада» тақырыбына әңгіме құрастыр.             

Тірек сөздер: сәлеметсіз бе, мазалағаным үшін кешірім сұраймын, көп күттіңіз бе, сау болыңыз.

2-жаттығу.Адасқан сөздерді орнына қойып, нақыл сөзді көшіріп жаз.

Шешен кісі ел бастар,

Адал кісі сөз бастар.

                       Ж. Жабаев

Нақыл сөздің мағынасын түсіндір.

3-жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.

Өмірлі бол!

Отын жарып берсең де:

«Өмірлі бол!» дейді ана.

Суын алып келсең де:

«Өмірлі бол!» дейді ана.

Ана деген не деген

Ақ тілеулі жан еді.

Алғысын ап оның мен,

Өсе бергім келеді.

                                  О. Бөрібасов

Өлеңді қандай дауыс ырғағымен оқу керек?  Қандай алғыс сөздерді білесің? Дәптеріңе жаз.

4-жаттығу. Ертегіні түсініп оқып, аяқта.

Әдепті піл

Бірде пілдің баласы серуенге шықты. Ол алаңқайға келді. Айналасында ешкім көрінбейді. Қонжық та, көжек те ойынға шықпапты. Зеріге бастады. Тұмсығымен жерде жатқан ағаш бұтағын бір жерден екінші жерге қойды. Одан соң бөрененің үстімен әрі-бері жүрді. Сөйтіп жүріп Піл бір дән тістеген Құмырсқаның аяғын басып кетті. Құмырсқа баж ете түсті.

- Енді сен менің аяғымды бас, - деді әдеппен піл.

Пілдің орнында болсаң, сен не айтар едің?

5 жаттығу. Сөйлеу мәдениеті ережелерін түсініп оқы.

1.  Сұхбаттасыңның сөзін мұқият тыңдай біл.

2.  Өз пікіріңді артық сөз қоспай, дәл жеткіз.

3. Орнымен сөйлеп, жауабын күт.

4.   Қатты сөйлеме.

5.  Тіл тазалығын сақта.

Сөйлеу мөдениетіне ережелер ойлап жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні............................... қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Мәтіндерді оқып, мәтін мазмұнына сай келетін мақалдарды таңда.

Телефонмен сөйлесу

-   Алло! Бұл кім?

-   М-м.

-   Айжан, сенбісің?

-   Иә.

-   Менің не айтайын дегенімді білесің бе?

-   Білу керек пе?

Айжанның орнында болсаң, қалай жауап берер едің?

Дүкенде

Меруерт әжесімен дүкенге келді.

Әже, нанды мен алып, дүкеншіге ақшаны мен төлейінші,- деп Меруерт өтінді.

Жарайды, жаным, сауда жасап үйрене ғой, - деді әжесі.

·        Маған бір нан беріңізші.

·        Алыңыз. Нан алпыс теңге тұрады.

·        Рақмет.

Мақалдар

Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

2-жаттығу. Екі баланың айтысын түсініп оқы.

Менің атам

1-бала:

Менің атам сұрасаң, лашын салып жырғаған,

Сенің атаң сұрасаң, оқтау алып жырлаған...

2-бала:

Сен өзіңді жақтама,

Жаман атаңды өтірік айтып мақтама!

Сонда бірін-бірі қолтықтап, екі баланың аталары келіпті.

Немерелеріне:

- Қарақтарым, не әңгіме айтып жатырсыңдар? – деген сұрақ беріпті.

Немерелері не дерін білмей ұялып қалыпты.

Халық ауыз әдебиеті

Балалар не үшін ұялды? «Менің атам» тақырыбында бір-біріңмен сөйлесіңдер.

3-жаттығу. Сөйлемдерде жіберілген қателіктерді тап.

1. Әй, қыз, мында кел! 2. Сен мені тыңдап тұрсың ба, дәубас? 3. Әже, жол бер! 4. Апай, ары тұрыңызшы!

4 - жаттығу. Ғибрат өлеңді түсініп оқы.

Жақсы сөз - бейне шамшырақ

Орнаған мықты көңілге.

                                      Ж. Жабаев

Өлеңді көшіріп жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.................................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

Дыбыс пен әріп

1-жаттығу.Өлеңді оқып, көшіріп жаз.

Сәуір

Алдап-сулап келді сәуір айы,

«Сәуір тумай, оңбайды ауа райы».

Сәуір келмей, тәуір болмас,

Күн жылынбай, жауын болмас.

Жер көгеріп, көктегенше –

Ауыл көшіп, ауыл қонбас!

                                          М. Неталиев

У дыбысы бар сөздердің астын сыз. Ол сөздерді буынға бөліп айт. У дыбысының дауысты, дауыссыз екенін анықта. Неге «Сәуір келмей тәуір болмас» деп айтады?

2-жаттығу.Сөздерді оқы. Олардың мағынасын түсін. Жуан естілетін сөздерді бір жолға, жіңішке естілетін сөздерді екінші жолға жаз.

Киім, қиын, үю, құю, ою, Әлия, сая, жеу, бау, түю, сия, сыю, тыю, үлкею.

И, у, ю, я дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке болу себебін айт.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің бірін қойып жаз. Олардың алдында жазылып тұрған әріптердің астын сыз.

О...ла, ж...налыс, сы...ла, ...нелік, бә...ге, оқ...ды, а...на, ...е, к...ім, тү...ме.

И, й қандай дыбыстарға жатады?

4-жаттығу. Сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыр. Дәрі атының жазылуына қара.

Й әрпі қандай дыбыстан кейін жазылады? Й әрпі сөздің басында келетін тағы қандай сөздерді білесің?

5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Жая, мая, сая,

Аяз, пияз, сия.

Аяқ, таяқ, қия,

Шаян, қоян, ұя,

Бәрінде бар я.

Иә?!

И әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыр. Я әрпінен кейін жазылған сөздердің астын сыз.

6-жаттығу.Өлеңді көшіріп жаз.

Юбкасын көрсетіп,

Юля пілге мақтанды.

Юнкер торғай қорс етіп,

Юпитерге аттанды.

Ю әрпі бар сөздердің астын сыз.

Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні...........................қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Сурет бойынша Қазақстан халықтарының достығы мерекесіне орай әңгіме құрастыр.

Құрастырған әңгімеңнің алғашқы үш сөйлемін жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар?

2 жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

            Мектеп-Ана

Анамдай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда осіп көктедім.

Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті дарқан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн!

                           М. Хакімжанова

-ы, -і дыбыстарының түбірге жалғануына байланысты өзгерген дыбысы бар сөздердің астын сыз.

3-жаттығу. Соңында п дыбысы бар сөздерге -у қосымшасын жалғап жаз.

Қандай дыбыс өзгерді? Неге өзгерді?

Бірінші және екінші бағандағы сөздерді салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын айт.

4 -жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Лас суда балық болмайды. 2. Ол алдымен әкесінен рұқсат сұрады. 3. Пештегі от лапылдап жанды. 4. Рақыш досының қылығына ренжімеді. 5. Оның ағасы мақтауға лайық.

Сөздің басында келген л, р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Құлпыра берші, кең дала,

Гүлі...ді күнде терейі...

Жапырағы...мен жасыршы,

Қойны...а мен енейін.

                                         Ж. Саин

Үнді дауыссыз дыбыстарды еске түсір. Өзің р, л, ң дыбыстары бар бірнеше сөз жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні.............................. қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:                              

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Оқы және қайсысы мәтін екенін анықта. Мәтінге ат қой.

 Ит адамның досы. Ас ішер алдында қолыңды жу. Жылғалардан су ақты. Жазда орман іші көңілді.

5. Хайуанаттар бағында түрлі аңдар бар.

Әлемнің әр бұрышында тіршілік ететін аңдарды тек қана хайуанаттар бағынан көруге болады. Үлкен пілдер Үнді жерінен келген. Ал аң патшасы арыстанды Африка шөлдерінен әкелген. Қоңыр аюды өзіміздің биік таулардан ұстап әкелді.

Мына сөйлемді жалғастырып жаз: «Бұл - мәтін, өйткені...».

2-жаттығу. Мәтін «Айжанның қамқорлығы» деп аталады. Ол мынадай сөйлеммен басталады:

Демалыс күні болатын.

Ары қарай не туралы айтуға болады?  Мәтінді жалғастырып айт.

3-жаттығу. Мәтін мынадай сөйлеммен аяқталады:

Піл өзінің қылығына қатты ұялып, кешірім сұрады.

Мәтінді толықтырып айт.

Мәтіннің басталуы және аяқталуы туралы не білесің?

4-жаттығу.Мәтінді оқы. Оның үш бөлімін анықта.

Жазғы шалғын өте әдемі! Жасыл шөп баяу желмен ырғалып тұр. Қызыл-жасыл гүлдер жайқалып өскен. Мұқият қарасаң, шалғында тіршілік қызып тұр. Міне, аралар гүлден гүлге ұшып жүр. Ол өте асығыс. Күн батқанша гүлдің нәрін жинап, оны балға айналдыру керек. Ал мына құмырсқа өзінен екі есе үлкен қамысты сүйреп барады. Құмырсқалар бір сәт те тыным таппайды. Сондықтан оларды еңбекқор деп атайды.

Мәтіннің әр бөлімін абзацтан бастап көшіріп жаз.

Мәтіннің түрлерін есіңе түсір. Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр. Олардың айырмашылығын айт.

Сөздер: қауырсын, қалам, білім, кітап, ақылды.

Сөйлемдер: Ертеде адамдар құстың қауырсынымен жазды. Көбінесе қаздың қауырсынын пайдаланды. Кейінірек құстың қауырсынын қаламұшпен ауыстырды.

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Сөйлем дегеніміз не?

1-жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемді қарамен жазылған сөзден баста.

Адамдар, ертеде, сиямен, тек, жазды, қара

Майдан, күйеден, жасады, оны, және

Бояулар, қазір, алады, сиядан

Сияның, бар, түстері, әртүрлі

Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылады? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

3-жаттығу.  Сөйлемдердің ара жігін ажыратып жаз. Тиісті тыныс белгісін қой.

Сен күнде қолыңа қарындаш аласың ал қарындашты қалай жасайтынын білесің бе фабрикада алдымен графит пен сазбалшықтан жіңішке өзектерін жасайды оның сыртына ағаштан жасалған «жейде» кигізеді ішіндегі өзегінің түсіне қарай «жейдесін» де сол түске бояйды міне, қарындаштар сендерге қызмет етуге дайын.

Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Оны сен қалай анықтадың? Сөйлемнің қандай түрлері бар?

4-жаттығу.    Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырып жаз.

Әр сөйлемде не туралы айтылған

5-жаттығу.Мөтінді оқы. Сөйлемді бастап және аяқтап тұрған сөзді тап.

     Қалам мен қарындаштарды сақтайтын кішкентай жәшікті адамдар ертеде ойлап тапты. Оған пенал деген атау берді. Латын тілінен аударғанда «пенна» деген сөз «қаламұш» деген ұғымды білдіреді. Қазір біз оны қаламсауыт деп атаймыз.

Мәтіннің әр сөйлемінде не туралы хабарлайды? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылған?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғагымен оқы. Қандай сөйлем екенін айт.

Сөзге жеделхат келді.

Сөзге жеделхат келді!

Сізге жеделхат келді ме?

2-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы. Ондағы сұраулы, лепті сөйлемдерді тап.

Жеңіс күні                                 

Ойлап-ойлап тұрдым көп,                               

Қуанышты мереке -                                      

Жеңіс күні қай күн? - деп.                                

Тосты бәрі құлағын:                                         

Дұрыс, - десті сұрағың!                                 

Бейбіт күннің бәрі де                                    

Жеңіс күні, шырағым!                                     

Сурет бойынша Жеңіс күні туралы лепті сөйлемдер құрастырып жаз.

4-жаттығу.  Мәтінді түсініп оқы.

Ерке

Еркін дейтін ерке Төкен дейтін баламен жөнсіз ерегісті. Екеуі төбелесіп, Еркін жеңіліп қалды.

Үйіне еңіреп жылап келсе де: «Не болды?» деушілер болмады. Ешкім есіркемегенге ыза болған Еркін:

- Сендер неге сұрамайсыңдар? Ойбай! Ойбай! – деп бақырып жіберді.

                                                                   М. Төрежанов

Сұраулы және лепті сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Лепті сөйлемде баланың қандай көңіл күйі беріліп тұр? Ерке баланың қылығына баға бер. Оның неге жылағанын не себептен ешкім сұрамады?

5-жаттығу.  Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Күн бұлттанды. Жауын жауды. Балалардың үсті су болды. Олар үйге қарай жүгірді. Жауын басылған соң, далаға қайта шықты. Даланың шаңы басылып қалыпты.

Үлгі: Күн бұлттанды. - Күн бұлттанды ма?

Сұраулы сөйлем жасауға қажетті ма, ме, ба, бе, па, пе қалай жазылады?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні..............................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1 жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді мағынасы жуық сөздермен алмастырып жаз.

1. Жуырда біздің үйдің қасына жаңа көрші көшіп келді. Анам ертерек кешкі ас қамына кірісті. 3. Қалада зәулім үйлер көптеп бой көтерді. Қорқақ қоян қашуға дайын тұр. 5. Атасы жас кезінде ірі денелі, батыр тұлғалы жігіт болған екен.

Керекті сөздер: үлкен, үркек, биік, алып, тамақ, жақында.

Осы сөздерді тағы қалай айтуға болады?

2-жаттығу.Берілген мөндес сөздерді мағынасына қарай топқа бөліп  жаз.

Ақсақал, әдепті, сулы, тұнық, инабатты, дымқыл, қария, ізетті, таза, қарт, мөлдір, ылғалды.

Бұл сөздерді қалай топтағаныңды дәлелде. Сөздердің мағынасын түсіндір.

3-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тауып, астын сыз.

Нәйім-нәйім, бауырсақ!

Ағын суға шомылсақ!

Жаман бала - ойынсақ!

Жақсы бала - малсақ!

Халық ауыз әдебиетінен

Ойынсақ, малсақ деген сөздердің мағынасын түсіндір.

4- жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

Мынау қада,

Жерге оны қада.

Үйге кір,

Жуамыз кір.

Бұтарлап талды,

Қолымыз талды.

Үйіне көрші,

Келді ме екен, көрші.

                                      Е. Елубаев

Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Отбасы мүшелерірне сипаттама бер. Өз әңгімеңде қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдан.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

   Мұғалім - оқушылардың тәрбиешісі. 2. Саяхатшылар көлде жүзіп жүрген аққуларға қызыға қарады. Айлакер түлкі туралы ертегі көп. 4. Мектепте айтыскер ақындармен кездесу өтті. 5. Құрылысшылар зәулім үйлер тұрғызады.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

2-життығу. Өлеңді мөнерлеп оқы.

      Мұғалім апай

Ақылды, сабырлы,

Ардақты, қадірлі,

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні.

Әбесті кешірген,

Мәпелеп өсірген.

Үйретіп санауды,

Есепке төселткен...

Кім, атын атай ғой?

- Мұғалім апай ғой!

                            А. Бақтыгереева

Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құрастыр, сөз құрамына талда.

Өлеңді әнімен айтып көр.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

...Бірде парк қоршауының ашық қалған есігінен қара-құйрық сыртқа шығып кетті. Қарақұйрық кең жерде әрлі- берлі ойнақтап, бой жаза бастады. Оның мұнысын қызметшілер «қашқындық» деп ойлады. Күзетші итті шынжырдан босатып жіберді. Ит жүйрік аңды қуып жете алмады. Ал абыр-сабыр боғаннан кейін қарақүйрық қоршауға өзі келіп кірді.

                                                                                        А. Синявскийден

Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Осы сөздерді сөз құрамына талда.

Жануарлар тіршілігінен қандай қызықты жағдайларға куә болдың?

4-жаттығу. Жұрнақтар арқылы туынды сөз жаса.

-шы                         -ші                                                                           

Туынды сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.

Кесе

      Кесе - ыдыс. Оны шай, сұйық тамақ ішуге қолданады. Кесенің беті ашық, дөңгелек етіп жасалады. Ағаштан жасалған мұндай ыдыстар кесеге жатпайды. Оны тостаған дейді. Кесе фарфордан ғана жасалады. Сыртына түрлі ою-өрнектер салынады.

          «Қазақстан» үлттық энциклопедиясынан

Мәтіннен зат есімді тап.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

Кесел - кесірткеге жататын бауырымен жорғалаушы. Зергер сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды айшықтар жасайды. Түнгі аспанда жұлдыздар самсап көрінеді. Кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде мекендейді. Өнерпаздар жұмысшыларға концерт қойды. Суретші Әбілхан Қастеев мұражайы бар екенін білесің бе?

Өзің кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып,  екі-үш сөйлем құрастырып жаз.

3-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.

Төбешік, қоңыраугүл, жұлдызшы, кітаптар, күнтізбе, зейнеткер, құмыралар, жаңылтпаш, бөдене, жылғалар, ошақ, құмырсқалар.

4-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз.

Мәтін сөйлемдеріндегі зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қой. Сен өзің үйде қандай еңбек түрімен айналысасың?

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Күні..........................................қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалпы есім және жалқы есім

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Томарды Омар қопарды.

Омар томарды қопарды.

                                 М. Өлімбай

Жалқы есімді тауып, астын сыз. Жалқы есімге бірнеше мысал көлтір.

2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Бүгін мектепте ертеңгілік өтті. Ертеңгілік халықтар достығына арналды. Өйткені біздің елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті тұрады.

Мерекеде оқушылар өнерлерін көрсетті. Асқар қазақ тілінде өлең оқыды. Иван орыс тілінде ән шырқады. Хасан Әзиза өзбек биін биледі. Ертеңгілік қызық болды.

Мәтіннен жалпы есімдерді бір бөлек, жалқы есімдерді бір бөлек жаз.

Сенің сыныбыңда қандай ұлт өкілдері оқиды?

3-жаттығу. Суреттегі заттардың атын жаз.

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

Зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қой. Олар зат есімнің қай түріне жатады?

4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз.

Дәрігер

Дәрігерлер - абзал жанды адамдар. Олар ауруханада, емханада еңбек етеді. Дәрігер науқас адамдарға көмекке келеді. Тісі ауырған адам тіс дәрігеріне барады. Балаларды олар дәрігері емдейді.

Мәтіннен кімдер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Жаздыгүні піл балалары төбесі ашық қоршаудың ішінде тұрады. Бір күні жаңбыр жауды. Піл балаларын далада қалдыруға болмайды. Парк қызметшісі екі пілді жылы қораға кіргізді.

Қызметші таңертең мынандай қызыққа тап болды. Қораның есігі жұлынып жатыр. Бұл, әрине, піл баларының ісі. Сірә, таңертең далаға шыққылары келген. Терезені сындырыпты. Одан соң есікті жұлып алыпты.

Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, олардың астын екі сызықпен сыз.

Етістіктің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

2-жаттығу.  Көпнүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Менің анам әрбір алған жақсы бағама ... . 2. Көктемде қүстар ... . 3. Темір екеуіміз көлден шабақ ... . Сырым тауықтарға жем ... . 5. Атасы немересіне ақыл ... . Оқушылар отан туралы шығарма ... . 7. Әселдің қолындағы көгілдір жалау....

Керекті сөздер: ұшып келеді, қуанады, шашты, ауладық, айтты, желбірейді, жазды.

Етістіктерді тауып,оларға сұрақ қой.

3-жаттығу. Жануарлардың қалай дыбыстайтынын білдіретін етістіктердің астын сыз.

Бөдене бытпылдайды,

Бүркіт шаңқылдайды.

Қарға қарқылдайды,

Сүңқар саңқылдайды.

Қой маңырайды,

Қозы жамырайды.

Жылан ысылдайды,

Кейбір аң пысылдайды.

Халық ауыз әдебиетінен етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт.

4-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.

Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды.

Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерге сұрақ қой.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жануарлар қалай дауыстайды?

. ... бақырады. .... қорсылдайды. .... мөңірейді. .... шиқылдайды. .... ызылдаиды. .... шақылдайды.

Зат есімнің астын бір, етістіктің астын екі сызықпен сыз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Бекіту сабағы.

1-жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер кұрастырып, оларды көшіріп жаз.

Құрастырған сөйлемдеріңнен етістіктерді тауып, олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айт.

2-жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

Жазды, отырды, ұшты, биледі.

Үлгі: келді - келе жатыр, келе бастады, келе алады, келетін болды.

Күрделі етістіктерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

33-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Омартаға барғанда

Бірде омартаға келдім. Атай екеуіміз ұялардың жанына жақындадық. Кенет аралардың гуілінің арасынан тауықтардың балапандарының даусы шықты. Атай ұялардың аузын ашты. Міне, қызық, ұяның ішінде үлпілдек жүнді балапандар шиқ-шиқ етеді.

Араның ұясына тауықтың жұмыртқасын бастыру атайдың ойында бұрыннан жүретін. Сәті енді келді. Міне, осыдан үш апта бұрын жиырма шақты жұмыртқаны шайқауға жеткілікті жылылық бар еді. Осы жылылық жұмыртқаны дер кезінде жарып шығаруға көмектесті. Алғашқы балапандар жұмыртқадан шықты.

Мәтіннің бірінші бөліміндегі сөйлемдердің дара етістіктерін күрделі етістіктерге айналдыр. Оларды көшіріп жаз.

4-жаттығу. Берілген зат есімдердің тұсына не істейді? қайтеді? сұрақтарға жауап беретін сөздердің бірнешеуін тап.

Су .... 2. Жүлдыз .... 3. Сәуле .... 4. Жел .... 5. Гүл.... Күшік .... 7. Жидек .... 8. Оқушы .... 9. Шегіртке ....

Үлгі: Су ағады. Су тамшылайды. Су жайылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Қайталау сабағы.

1-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағын сақтап оқы.

        Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы - әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі - әжем.

                                 Қ. Мырза Әли

Сын есімдерді тап. Сын есімдер қандай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

2-жаттығу.  Сұрақтарға жауап бер.

1. Алмас қай үйде тұрады? 2. Еліктің жанында қандай лақ еріп жүр? 3. Қандай баланың ертеңі таусылмайды?  4. Қандай еңбекпен тапқан нан тәтті? 5. Қай бала жарыста жеңімпаз атанды?

Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

3-жаттығу.  Мәтінді түсініп оқы.

Мейірімділік сынығы

Демалыс күнін Жарастың отбасы көл жағасында өткізді. Балалар мөлдір суға түсті. Жағалаудағы ыстық құммен ойнады. Кенет алыстан кішкентай әжей кәрі. Оның ақ шаштары желге қобырап кетіпті. Әжей кір және жамау киім киінген. Ол қолындағы сөмкесіне құмда жатқан бір заттарды теріп салып жүр. Ата-аналары балалары жандарына шақырып алды. Әжей Жарастарға күлемсіреп қарады. Бірақ қарт кісіге ешкім жауап қатпады.

       Жарастың анасы бірнеше күннен кейін әжейдің сол жағалаудың жанында тұратындығын білді. Ол балалардың аяқтарын кесіп кетпесін деп, құмдағы шынылардың сынықтарын жинайды екен.

                                                                            «Ақылдылық бастауы» кітабынан

Мәтіннен сын есімдер кездесетін сөйлемдерді көшіріп жаз. Үлкендер дұрыс істеді ме?

Осындай жағдай сенің басыңнан өтсе, сен не істер едің?

4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы.

Жақсы атты әп-сәтте Асқаттар ақсатты,

Ақсатса жақсы атты, кім болар жақсы атты?

Сын есімді тауып, сұрақ қой.           

5-жаттығу.  Адасқан сын есімдерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Ақ параққа аппақ сиямен жазды. 2. Арманның жаман қылықтарынан зәулім қылықтары көп. 3. Марат қалың киімін әсем киімге ауыстырды. 4. Көл бетінде көк тұңғиықтар қалқып тұр. 5. Бишілер жұқа билерімен көрермендерді бір қуантты. 6. Астана қаласында жақсы үйлер көп салынды.

Сын есімдерге сұрақ қой.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Қайталау сабағы.

1-жаттығу.  Цифрларды сөзбен жазып, мәтінді көшіріп жас. Сан есімдердің астын сыз.

Абай Қүнанбаев

Абай (Ибраһим) - казақтың ұлы ақыны. Ол Семейдегі медреседе 4 жыл мұсылманша оқыды. Сонда жүргенде өз бетімен 3 айдай оқып, орыс тілін үйренеді. Абай 12 жастан бастап өлең жаза бастайды. Ол 20-дан астам өлеңіне тамаша ән шығарған.

Абай араб, парсы, түрік тілдеріндегі кітаптарды оқыған.

Екі таңбалы сандарды қалай жаздың? Бір сөзбен берілген екі таңбалы санды ата.

2-жаттығу. Неше? деген сұраққа жауап беретін сөздерді нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерге айналдырып, қатарына жаз.

Екі вагон. Жеті бригада. Он мектеп. Сегіз парта. Алты пәтер. Төрт үй.

Сан есімдерді салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

3-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.

Мақалдың мағынасын түсіндір. Ішінде сан есімдері бар мақалдар айт.

4-жаттығу. Суреттер бойынша сөйлем құрастырып жаз. Сан есімдердің астын сыз.

5-жаттығу. Цифрмен берілген сандарды сөзбен жазып, мәтінді көшір.

Ұшатын бақа

Бұл бақаның ұзындығы 1 метрге жетеді. Бақалар жұбы көпіршіген шырышты ұяға 60-70 уылдырық салады. Бұл көпіршікті ұяларын су қоймаларына салбырап тұрған ағаштың бұталарына бекітеді. Бақа бұтақтан бұтаққа секіріп, ауада 10-12 метрге дейін ұша алады.

Сын есімнің қай зат есіммен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 

ҮІІ. Бағалау.

Біліміңді тексер

Тест тапсырмаларын орында.

1.   Барлығы жуан дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет.

а)   ә, ө, ы, е, и, т.

ә)   ә, ө, ү, і.

б)   а, о, ұ, ы.

2.   Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап.

а) Жуан.

ә) Жіңішке.

б) Қатаң, ұяң, үнді.

3. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар қатарды белгіле.

а) ө, б, в, г, ғ, д, ж.

ә) к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

б) а, о, ұ, ы.

4. Мәтіндерді оқып, пайымдау мәтінін тап.

1.

Аққу гүлдер

Бір көлшіктің айдынында таңғажайып аппақ гүлдер ашылып тұр. Бір ғажабы - жаны бар, тірі... Көз алдыңда ашылып, жазылады да, лезде ғайып болады. Бұл - жай гүл емес, гүлге айналып, құбылып тұрған кәдімгі аққу. Аққу өзінің аппақ мамығын қобыратып, дөңгелене түседі. Содан көз алдыңда өте әдемі гүл пайда болады.      ^

«Табиғат таңғажайыптары» кітабынан

2.

Арыстан

Арыстан - өте күшті аң. Ол қорқуды білмейді. Сондықтан       жұрт оны «аң патшасы» дейді.

«Табиғат таңғажайыптары» кітабынан

з

Нәркес гүлі

Нәркес гүлі ақ және сары түсті. Шеттері тегіс немесе қатпарланып тұрады.

«Өсімдіктер өлемінен» кітабынан

5.  Сөйлемдерді оқып, лепті сөйлемді көрсет.

а)  Ардақ тоғайда құмырсқаның илеуіне кезікті

ә) Мынау не төбешік

б) Алақай, жадырап жаз шықты

6.  Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

а)  тасбақа

ә) балалардың

б) жұмыскер

7.  Етістіктің сұрақтарын көрсет.

а)  не істеді? не қылды? қайтті?

ә) кім? нелер?

б) қандай? қай?

8.  Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап.

а)  Жаз мезгілі суық балалар.

ә) Болат допты екі қолымен қағып алды.

б) Трамплиннен бала секірді.

9.  Жуас сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді көр.

а)  ержүрек

ә) момын

б)асау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөзді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: сөйлем және сөз тақырыбы  бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру

Дамытушылық мақсаты:  сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру                                                             

Тәрбиелік мақсаты: байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға қажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап, жаттығу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

 Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Қайталау сабағы.

·        Алғашқы сабақт ы мектеп, білім, сыныптас оқушылар, жазғы демалыс тақырыбына арнаймыз. Оқулықта берілген жаттығулар да осы тақырыптың мазмұнын ашуға арналған. Сендермен әңгімелесе отырып, сөздің заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын еске түсіреміз.

      ІV. 1-жаттығу. Суретте бейнеленген заттардың атауын сұрау. (гүл, мұғалім, оқулық, оқушы, мектеп, т.б.). содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алу. Жауапты сөйлем құрастырып береді. Оқушыларға сұрақ қою арқылы әңгіме құрастыру.

2-жаттығу. «Жазғы демалысты қалай өткіздім» тақырыбына әңгіме жүргізу. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. Өлеңді бірнеше рет іштей қайталап, жатқа жазу.

3-жаттығу. Берілген сөздерді оқу, жеке сөйлем құрастыру. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.

4-жаттығу. Сөйлемдердің ара жігін ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы  балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатынын еске түсіреді.

5-жаттығу.  Мақалдың жалғасын іздеп табу, түгел көшіру міндетті емес. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған. Осы мақалдардың мазмұны арқылы білімнің қажеттілігі туралы ой-пікірлер қорытындылайды.

6-жаттығу. Әр сөйлемге бір сөзден қосылып оытрады. Оқушылар әр сөз қосылған сайын сөйлемнің мағынасы кеңірек ашыла түсетінін байқайды. Үйге берілген жаттығуды мұғалім сынып оқушыларының деңгейін ескере отырып, өзі таңдайды.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қойылады:

·        Сөйлем дегеніміз не?

·        Сөйлемнің қандай түрлері бар?

·        Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар?

·        Сөйлем неден құралады?

·        Сөз дегеніміз не?

·        Сөз неден құралады?

·        Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріппен жазылады?

·        Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

Ү. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.06.2015 2813
    • DOCX 4.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махулбекова Каракоз Муратхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8375
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Постановка базовых звуков раннего онтогенеза

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе