№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырларда
қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы.
Сабақтаң мақсаты:
а) Білімділік: VI-XII
ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын
көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет
өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық:
Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.
б) Тәрбиелік:
Оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге, рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
жобасымен
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстанның ортағасырлар картасы, Әл-Фараби,М.Қашқари,Қожа Ахмет Йасауидің портреттері,
кесенелер суреттері, « Сөнбес жұлдыздар» кітабы т.б.
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті, география.
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту.
II. Мағынаны тану.
III. Толғаныс.
Сабақтың жоспары:
1. Орта ғасырлардың
ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары.
2.Ежелгі жазба
ескерткіштері.
3. Ғылым мен
әдебиеттің дамуы.
4. Сыр бойының
даналары.
I.
Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау
ә) Символды көрнекілік
II. Мағынаны тану.
а) Жигсо
Оқушылар төрт
топқа бөлініп берілген тапсырмалармен жұмыстанады.
ә)
Категориялық кесте
Категориялық кесте
Адамзат
тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры-адам баласының
ақыл-ойы мен қимыл-қаракеті дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық
құндылықтар.
Қай халықтың
болсын өзге ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше
тағдыр- талайын айқындайтын да, түптің түбінде, осы қымбат та құнды жауһар
жәдігерлер. Тарихтың терең қатпарларынан аманат болып жетіп, әлемдік
өркениеттің қазынасына енген мәдени байлығымыздың құндылығын әрбір
жеткіншегіміз білуі,бағалауы шарт.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
III.Мағынаны тану.
ББҮ –парағын толтыру.
«Жұлдызды сәт» ойыны
Бекіту
сұрақтары:
1.
Тарихта адам бейнесін
тастан жасау қалай аталады? (балбал тастар)
2.
Белгілі ғалым әл-Фараби
қай жылдары өмір сүрген? (870-950жж.)
3.
Шығыста Аристотельден
кейінгі екінші ұстаз? (Әл Фараби)
4.
Түрік тілінде алғаш еңбек
жазған ғалым кім? Ол еңбек қалай аталады? (Ж.Баласағұн «Құтадғу білік»)
5.
«Диуани лұғат-ат-түрк»
кімнің еңбегі? (Махмұт Қашғари)
6.
Кітапта қанша мақал-мәтел
бар? (400-ден астам)
7.
Қазақстанда поэзияның сопылық
бағытын кім дамытты? (А.Йасауи)
8.
Ахмет Йасауи неше жасында
өзінің ерлігін жасады? (63 жасында)
9.
Ахмет Йасауидің өлеңдер
жинағы? (Диуани хикмет)
10.
« Күлтегін» және « Тоныкөк»
жазбаларын кім жазған? (Йоллығтегін)
11.
« Қорқыт ата кітабы» шығармасы
қай ғасырда жазылған? (IXғ.)
12.
Қорқыт кім болды?
(қобызшы, күй өнерінің атасы)
13.
« Кодекс Куманикус»
нешінші ғасырда қандай жазумен жазылды?
(XIV ғ.басында,
готикалық көне жазумен)
14.
XI-XII ғасырдағы ерте
мұсылмандық ғимарат? (Айша бибі мазары)
15.
Кім Қожа Ахмет Йасауиға
арнап кесене салдырды? Ол қай жерде?
(Әмір Темір, Түркістанда)
16.
Діни наным-сенімге
байланысты дамыған қандай өнер? (мүсін өнері)
17.
«Ақиқат сыйы» атты әдеби
еңбектің авторы? (Ахмет Йүгінеки)
18.
« Жоғары математика
кітабына түсінектеме» атты трактат авторы?
(Жамал
ад-Дин Саид)
19.
Баршыкент қаласынан
шыққан әдебиетші, ақын, ойшыл ғалым кім?
(Хусам ад-Дин әл-Баршынлығы)
20.
Ел аузында аңыз болып,
XIII ғасырда жазу үлгісіне түскен тарихи шығарма?
( «Оғызнама»)
IV. Үй тапсырмасы: Жаңа тақырыпты оқу, өзі қалаған тұлғаға реферат
жазу,
« Қазақ даласының жұлдыздары» тақырыбына эссе жазып келу.
Тестілік тапсырмалар
1.
960 жылы Ислам
дінін Қарахандықтарда мемлекттік дін деп қай хан жариялады?
а) Сатұқ хан б) Күшлік хан
ә) Мұса хан в) Арслан хан
2.
Ертедегі діни наным
дәстүрлері қай аймақта кеңінен тараған?
а) Сырдария б) Жетісу
ә) Отырар в) Орталық Қазақстан
3.
«Түрік тілдерінің сөздігі»
еңбегінің авторы кім?
а) Ахмет Йүгінеки б) Махмұт Қашғари
ә) Жүсіп
Баласағұни в) Жамал Қарши
4.
«Қорқыт» ата кітабын
тұңғыш зерттеуші ғалым:
а) А.Левшин б) Н.Диц
ә)
Н.Ядринцев в) В.Рубрук
5.
Әл-Фарабидің еңбегін
атаңыз?
а) «Ғылымдар» энциклопедиясы б) «Дүниенің ақыры»
ә) «Шындық сыйы»
в) «Даналық кітабы»
6.
Түрік сына жазуының көне
ескерткіштері:
а) « Жүсіп-Зылиқа» б) «Күлтегін», «Тоныкөк»
ә) «Ақиқат сыйы» в) «Құт негізі-
білік»
7. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің
үлгісі:
а) Айша бибі
кесенесі б) Алаша хан кесенесі
ә) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі в)
Қара хан кесенесі
8. Тас мүсіндердің атауы:
а) Петроглиф б)
Сардоба
ә) Дың в)
Балбал
9. Әбунасыр әл-Фараби өз шығармаларын қай халықтың
әліпбиімен жазған?
а) Соғды б)
Түрік
ә) Араб в)
Сирия
10. «Құтадғу білік» поэмасын қай ғалым жазды?
а) М.Қашқари б)
Әл-Фараби
ә) А.Йасауи в)
Ж. Баласағұн
11. Ахмет Йасауидің тарихи шығармасы:
а) Құтадғу білік б)
Диуани хикмет
ә) Тарихи Рашиди в) Жамиғат
ат-тауарих
12. Баршыкент қаласынан шыққан әдебиетші, ақын, ғалым:
а) Жамал ад-Дин Саид б) Ғиас
ад-Дин Женди
ә) Әбу Абд әл-Баласағұни в) Хусам
ад-Дин әл-Баршынлығы
13. «Жоғары
математика кітабына түсініктеме» атты трактат еңбегінің авторы:
а) Жамал Қарши б) Жамал ад- Дин Саид
ә) Шамс
Тарази в) Таһир Мұхаммад ат-Тарази
14. Пайғамбардың
құрметіне 63 жастан кейін жер асты үйін салып,
өмірінің
соңына дейін сонда өмір сүрген әулиені атаңыз?
а)
Арыстанбаб б) Хакім ата
ә) Әбу
Бәкір в) Ахмет Йасауи
15.
Атақты «Кодекс Куманикс»
шығармасы қай тілде жазылған?
а) Араб б) Қыпшақ
ә) Түркі в) Парсы
16.
Айша бибі кесенесі қай
қалада орналасқан?
а) Тараз б) Түркістан
ә) Ақтөбе в) Алматы
17.
IX ғасырда жазылған ел
аузында ауызша тараған тарихи шығарма:
а) Қорқыт ата б) Оғызнама
ә) Кодекс
Куманикус в) Даналық кітабы
18. Кімнің еңбегі XII
ғасырда еуропа тілдеріне аударылған?
а)
А.Йасауидің б) М.Қашқаридің
ә)
Әл-Фарабидің в) Ж. Баласағұнның
19.
Әбунасыр әл-Фараби қай
жерлерде білім алды?
а) Шам,Египет, Александрия б) Отырар, Испиджаб
ә) Фараб,
Қашғар, Бұхара в) Қашғар, Нишапур
20.
«Ақиқат сыйы» дастанының
авторы:
а) Шамс Тарази б) Ахмет Йүгінеки
ә) Ахмет
Йасауи в) Жамал Қарши
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.