Инфоурок Классному руководителю Презентации«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»

«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»

Скачать материал
Скачать материал "«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Бауыржан Момышұлы



Қазақтың қарапайым бір ұлымын, 
Жанымды арым үшін құрбан...

    1 слайд

    Бауыржан Момышұлы





    Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
    Жанымды арым үшін құрбан еткен

  • М а қ с а т ы :

Еліміздің намысы үшін басын оққа да,
отқа да тіккен біртуар...

    2 слайд

    М а қ с а т ы :


    Еліміздің намысы үшін басын оққа да,
    отқа да тіккен біртуар тұлғасын қастерлеу.


    Артына өшпейтін із қалдырған тұлғаны еске алу , Бауыржанға
    және оның рухына тағзым ету,ел жүрегіне ұялаған аты
    аңызға айналған батырдың аманатын жандандыру.


    Ата салтты ардақ тұтқан батырдың шешендік сөздерін ұғыну.

  • (4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алмат...

    3 слайд

    (4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.

  • 4 слайд

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • Бітірген оқу орындары1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген ....

    7 слайд

    Бітірген оқу орындары
    1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген .
    1936 жылы Ленинград финанс Академиясы жанындағы курсты бітірген.
    1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.

  • Атқарған қызметтері1928 жылы бастауыш мектеп мұғалімі, милиция бастығы болға...

    8 слайд

    Атқарған қызметтері
    1928 жылы бастауыш мектеп мұғалімі, милиция бастығы болған.

    1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.

    1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі қызметін атқарады.

    1950-1956 жж. әскери академияда сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады.

  • Соғыс жылдарында

    9 слайд

    Соғыс жылдарында

  • 10 слайд

  • 11 слайд

  • 12 слайд

  • 13 слайд

  • 14 слайд

  • Ата тілегі

    15 слайд

    Ата тілегі

  • Соғыстан кейінгі жылдарыСоғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас шт...

    16 слайд

    Соғыстан кейінгі жылдары
    Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

  • 17 слайд

  • 18 слайд

  • 19 слайд

  •      Бауыржан шығармашылығы

    20 слайд

    Бауыржан шығармашылығы

  • ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығ...

    21 слайд

    ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталған

  • Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры а...

    22 слайд

    Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді

  • 23 слайд

  • Бауыржан Момышұлының                          қанатты сөздер...

    24 слайд

    Бауыржан Момышұлының
    қанатты сөздері
    Ердің туы - намыс

    Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті

    Жауды    өлтірсең — өлімнен    қүтылдың,    өлтірмесең — өлімге тұтылдың

    Атақ - ерге сауға, олжа  - елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін

    Қорқақ қаққа шөгіп өледі

    Белдескеннің белін сындыр,  Тірескеннің тізесін бүктір

    Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

    Әдіссіздік — әлсіздік, Ептілік те — ерлік.

    Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық!

    Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер...

  • Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығын...

    25 слайд

    Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.
    Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков.
    Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев.

    Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлы тұлға, айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбынды батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған

  • Міне, бүгін батырды жырлап жатыр,
Сол атамның нақылымен таңынды атыр,
Cол бат...

    26 слайд

    Міне, бүгін батырды жырлап жатыр,
    Сол атамның нақылымен таңынды атыр,
    Cол батырды жырлау керек қашанда,
    Себебі, ол айбарлы нағыз БАТЫР!

  • 27 слайд

  • 28 слайд

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»

Мақсаты: Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған,Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі , Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары,ерлік күресі халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге ,оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слаидтар, проектор.

Жүрісі:

1-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін  Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлына арналған «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты  сынып сағатын ашуға рұқсат етіңіздір.

 2-жүргізуші: Бүгінгі біздің сынып сағатымыз аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.

                                Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

                                Дүниеге ерлігімен танылған,

                                Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

                                Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

                                Қалтыраған атынан жау ордасы,

                               Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

                               Даңқ туын майдандағы көтерген

                               Гвардия бөлімінің қолбасы.                                      

 

1-жүргізуші.  Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Қазақта: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. 

1-оқушы. 

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 4 желтоқсанда  Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары да көрсетсе керек. Бауыржан атамыздың  зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан. 

2-жүргізуші: Иә, соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.

2-оқушы. 

Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Бұдан әрі қарай өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтерімен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынады. Онда жүріп взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған ұрыстарға қатысып, ерлік істер жасады. Әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Екі рет жаудың қоршауынан аман-есен өз қарамағындағы әскерін алып шыққан.  Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген. 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында да жазылған. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында  ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, атақ-даңқы аңызға айналған.

Көрініс.  (Музыка ойнап тұрады. Ортаға Бауыржан Момышұлы шығады).

         Бауыржан Момышұлы: Мен  немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көтерген адаммын. 

Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,

Арым бар, намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

       Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!

1-жүргізуші.Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты.Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді,взвод,батальон,полк және дивизия басқарды.

2-жүргізуші.Соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы.Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр,ең ащы азап.Осы соғыста Кеңес Одағының миллиондаған адамы болды.

3-оқушы.  

                          Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

                          Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

                          Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

                          Кім сүймес Бауыржандай азаматын.                                                          

1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.                                                                                       

4-оқушы. 

Армиямен қоштасқаннан кейін 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгімелері, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

5-оқушы. 

Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981) т.б. кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Жауынгерлердің сом тұлғасын бейнелей білді. Сонымен қатар 37 дәптер күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.  

6-оқушы..

Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі оқылады.

Ән: Ағаларым

1-жүргізуші:      Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

                          Тапты ол тар қыспақта не бір шешім – деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.

7-оқушы. 

 Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

2-жүргізуші.

8-оқушы.

С.Мұқанов «Батыр iнiм Бауыржанға». 

«Советтің саналы ер еркегi» деп, 

жiгiттiң қыз қызығар көркемi деп, 

Бауыржан Момышұлы жер жүзiнде 

Тарапты барлық елге ертегi боп. 

Барсам да қай кұрылық, қай аралга, 

Заманнан аз хабары бар адамда, 

Бiлмейтiн Бауыржанды жан көргем жоқ, 

Мен бұған куанам да, таңданам да.

9-оқушы.

Әбішұлы «Абзал аға»

Оқып көр Москваның шежіресін, 

Кетірген кердең жаудың кежіресін. 

Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен, 

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім. 

Оқып көр Москваның шежіресін, 

Көз алдыңа елестер не бір есім. 

Оның бірі Сізге аға, Сізге іні, 

Еске алшы, ет бауырың елжіресін. 

Мол тартқан қан майданның ғаламатын, 

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын. 

Жан аға, жақсы аға – бетпес баға, 

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.

10- оқушы.

 Қасым Аманжолов     «Бауыржан» 

Бір дауыл сыпырды көп өрт теңізін ,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін.

Атағы алдын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

«Батырым-Бауыржаным»,- дейді халқым,

Алып ұл ,ақын жүрек жүрек ердің даңқын.

10- оқушы.

Аға даңқы. 

Тар жолда оттан, оқтан тартынбаған, 

Тар жолда сенген еді халкың саған . 

Содағы батыр тұлғаң қөз адымда, 

Майданда ак семсердей жарқылдаған

2-жүргізуші. Қазақ халқының хас батыры Бауыржан Момышұлының жүрек жұтқан батырлығын, оның соғыс өнеріне енгізген жаңалығын бұрынғы КСРО-ны былай қойғанда, дүние жүзі әскерінің мойындағаны рас. Бұған мысал ретінде Бәукеңнің соғыс тактикасын еврей жұрты өздерінің маңдайалды әскери мектептерінде ерекше пән ретінде оқытып жатқандығын, сонымен бірге, кезінде кубалықтардың соғыста дәл осы қазақтың батыр ұлының соғысу тәсілін пайдаланып, жеңіске жеткендігін айтса да жеткілікті. Егер ақылы кемел саналатын жұрттың өзі қазақ баласының ойлап тапқан өнеріне сүйеніп жатса, бұл-ұлтымыздың асқан даналығын тағы бір мәрте дәлелдей түсетіні ақиқат. Бір сөзбен айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ баласы қарапайым лейтенант, полковник шенінде жүріп-ақ «мен» деген мүйізі қарағайдай маршалдар мен генералдардың қолынан келмеген әлемдік әскер тарихында өзіндік жол салды.

11-оқушы: 

Ата біз сені ұмытпақ емеспіз, біз сіздің адами қасиетініз бен ерлігіңізді, еңбегіңізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырамыз!(портретке қарап тұрады).

12- оқушы.  «Батыр Бауыржан»

 

Ақ боранда азынап, қақаған, 

Жаудың қолы Москваға тақаған. 

Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ 

Мирас еткен батырлықты атадан. 

Әрқашан аты ауызда, 

Ықпаған батыр дауылдан 

Айналған аты аңызға 

Момыштың ұлы Бауыржан. 

Ән.«Қазақ жігіттері»

Жаудың оғын қағып құрыш төсімен 

Туған елі шыққан емес есінен. 

Қашты жаулар Москваның түбінен, 

Қашты жаулар Бауыржандар сесінен. 

Ерен сүйген өзі туған Отанын 

Халық берген оған батыр атағын. 

Ауыр жылдың арқалаған азабын, 

Ерлігіңді әнмен алаулатамын.  

 

1-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.Ендігі кезекті Бауыржан атамыздың нақыл сөздеріне береміз.

1.Ердің   туы - намыс 

Ерлік - елдің қасиеті,  жүректілік  -жігіттің қасиеті 

 

2.Жауды    өлтірсең — өлімнен    қүтылдың,    өлтірмесең — өлімге тұтылдың 

Атақ - ерге сауға, олжа  - елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін .

 

3.Қырағының өзі де , көзі де батыр.

Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің ең шырын рахаты.

 

4.Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.

Ежелден ел тілегі – ер тілегі.

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

 

5.Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір.

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Ер бақыты – ел қолында, ел бақыты – ерлер қолында.

 

6.Өз қадірін білмеген  - ер қадірін білмейді,ер қадірін білмеген  - ел қадірін білмейді.

Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер...

2-жүргізуші: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

  Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

                        Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

  Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

  Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

 Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!

1-жүргізуші.  Арпалысып өмір үшін өлімменен

    Өмірдің өткені кеш көрінбеген

                         Өмір деген бір орында тұрып қалмас

                         Қайда кетеді , қайда кетеді өмір деген.

     Міне бүгін батырды жырлап жатыр

     Сол атамның нақылымен таңыңды атыр

    Сол батырды жырлау керек әрқашанда,

    Себебі ол айбарлы нағыз батыр!

Хор.

Қорытындылау.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2015 3250
    • PPTX 2 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азигали Шолпан Себепкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азигали Шолпан Себепкалиевна
    Азигали Шолпан Себепкалиевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33882
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе