Қазақтың ұлттық ою-өрнектері 8 класс

Предпросмотр материала:

Предпросмотр недоступен
Предпросмотр пока недоступен, но Вы можете скачать файл

 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ

 Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

 Білімділік: Қазақ халқының ою – өрнек түрлеріне сипаттама беру. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, шығу тарихы туралы түсінік беру, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.

 Дамытушылық мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас кіріктірілген сабақ

Күтілетін нәтиже: Өз ойларын ортаға салып, сыни тұрда талдау жасайды. «Ою-өрнек » туралы ойларын  кеңейтеді. Сарамандық жұмыста топпен жұмыс жасайды. Еркін сөйлеп ойын жеткізе алады.

Ұйымдастыру формалары: «Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасы стратиялары.

Пәнаралық байланыс:Экономика, сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті,

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, жұмбақтар, журналдар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

Дархан даламыздың кеңдігімен ұштасып ұлттық қолөнерімізді айқындайтын                    1-ші  БЕЙНЕБАЯН

Кіріспе:

 Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, біртін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет ретінде салған. Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою-өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Шеберлер ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтануымыз қажет.

Ою-өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Анамның киізінен

Ешкінің мүйізінен, – деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті.

Ою-өрнектің атауы мен түрі өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны – мүйіз тектес ою.

«Өнер – таусылмас азық, жұматас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлардан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі – ою-өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз.

Сондықтан біздер еңбек, қолөнер туралы өлеңдерімізді айтайық:

Қызығушылығын ояту.1.«Бұрыннан білемін» айдары

  «Тірек сөздер»

 1-топ                                                                                          

Мақтаныш сезімі,шеберлер,ұлт мұрасы,  келешек ұрпақ.                                                                             2-топ

               Қолөнербұйымдары, ата-әжелеріміз,тұрмыс салтымыз, үмітіміз.

2.Мағынаны тану.

“Қолөнер қалашығына саяхат” айдары.

2-ші Бейне ролик(қосымша материалдар ұсынылады )мәтін,ертегі,ою-өрнек түрлері суреттері, т.б)10-18 слайд

Топтық жұмыс. (сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс)19-20 слайд

3.Топтық жұмыс

1-топ

1.Ою-өрнек дегеніміз не?

2.Ою-өрнектің топтары.

Ертеде ою-өрнекті матағы түсіру үшін қандай тәсілді қолданған

. « … аузынан шөп алмайтын» момын теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі

5.Космогениялық ою-өрнектерге қандай өрнектер

            2-топ

1.«Гүл» оюы нені бейнелейді?

а) бейбітшілік б) қуаныш в) тоқшылық

2.Қазақ қолөнері-ғасырлар  шежіресі дегенге келісесіз бе?

3.3ооморфтық ою-өрнектерге қандай өрнектер жатады?

4.Ою-ханмен Жою хан ертегісінен ойыңа не түйдің?

5.Ә.Қастеев өнерді неден үйренді?

Өзіндік-топпен  жұмыс:

Тақырыбы: «Ою-өрнектің эскизін сызу, қию»

1. Сабаққа байланысты құралдарын дайындау.

2. Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3. Қағазды үш бүктеп ою.

4. Қошқармүйіз өрнегінің толық және жартылай үлгісі тақтаға ілінеді.

5. Сабақта түрлі-түсті қағаз бетіне қошқармүйіз өрнегінің жарты көрінісінің эскизін тез сызылып, оны қайшымен қиып көрсетіледі.

6. Алынған оюды басқа түсті қағазға желімдеп, үлгі оқушыларға көрсетіледі

Есіңде сақта!

Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.

Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.

Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.

Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі

Өзіндік  жұмыстың тиімділігі мен өзектілігі:

Бүгінгі таңда ұлттық қолөнеріміз  яғни ою-өрнекті жастықшалар мен көрпешелерге сұраныстар көбеюде. Осы тұрғыда біз осы өз қолымыздан шағын жастықшалар жасап үйренуіміз керек.

Тиімді және пайдалы болуы үшін бірінші экономикалық есеп құрастырып көрейік: Мысалы:

№Керек  материал   Шығатын шығын

соммасы

    Толық құны

1.Мата (0,5-метр)

Мата (0,5-метр)

200тг

200 тг

400

2Мақта 0,25 кг

Жіп  3 түрлі

250 тг

150тг

400

3Уақыт

Жұмсалған еңбек

200

500

700

4Дайын жастық1500тг

Мінекей, өздерің бағалаған заттың құны өте қымбат емес, біз үшін өте 

қиын емес әрі тиімді еңбек түрі.Жастықша жасау үшін асқан 

жауапкершілік пен еңбек,шыдамдылық қасиеттер керек.

Шығармашылыққа жетелеу

Ойы ұшқыр ою құрастырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз

 

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері 8 класс

Файл будет скачан в формате:

Автор материала

Бисенгулова Фатима Абуталиповна

Педогог

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 53376
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 24
  • 53376
    просмотров
  • 24
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгулова Фатима Абуталиповна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~110

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: