Инфоурок ОБЖ СтатьиБаяндама: «Қазақстандық патриотизм» аудандық әдістемелік бірлестік отырыс

Баяндама: «Қазақстандық патриотизм» аудандық әдістемелік бірлестік отырыс

Скачать материал

«Қазақстандық патриотизм»

 

«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының

отаншылдық сезімі мен өз еліне деген

сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз».

Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек. Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.           

         Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы  үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – азаматтық-патриоттық тәрбие болып табылады. Тәрбие тұжырымдамасында «Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс» - деп, нақты мазмұны айқындалған [1].

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді [2]. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» – деп анықталған. Педагогикалық сөздікте «…патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …пролетарлық интернационализммен берік байланысқан» – деп көрсетілген. Еліміздің егемендігінен кейін «Ұлттық патриотизм», «жалпыұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдары қолданысқа енді [3].

Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемалары мен патриоттық тәрбие мәселелерін бірқатар ғалымдар (А.Айталы, М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, К.Меңлібаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин және т.б.) жан-жақты талдап, зерттеп, зерделеген. Ұлттық патриотизм елін қорғауға даярлығы, туған жеріне, өз ұлтына, тіліне, табиғатына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік ұғымымен байланысты болса, жалпыұлттық патриотизм түрлі ұлт өкілдерінің тұрғылықты жерін, елін мақтан тұтуы, Отанына сүйіспеншілікпен қызмет етуін білдіреді.

Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде “қазақстандық патриотизм” ұғымы кеңінен қолданыс тауып келеді. Бұл көп ұлтты  еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады. Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші- ұлттық-этностық, екінші- жалпыадамзаттық және үшінші- әлеуметтік. Ұлттық- этностық - ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік. Патриоттық сана дегеніміз – Отанға деген ізгілікті қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен көзқарастардың, Отанды қорғау мен дамытуға бағытталған адамдардың, әлеуметтік немесе ұлттық топтардың сезімдері мен көңіл-күйлерінің басқарылатын күрделі жүйесі [4]. Патриоттық сана ұлттық, жалпыадамзаттық көзқарастар тұрғысынан қарағанда Отанның бейнесі болып табылатын құнды элементтердің жиынтығын береді. Тұтастай алғанда патриоттық сана деген Отан мен өткеннің игілікті дәстүрлері түсінігінің адамдар санасында құндылық түрінде бейнеленуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен, “Патриотизм - адамның  өз туған жеріне, еліне, тіліне, тарихына сүйіспеншілік танытып, мақтаныш етуі және құрметтеуі,  елдің тұғырын биіктетуге адал қызмет етуі, Отанының құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын,  елін қорғауға даярлығын танытатын қасиеті“.

Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. «Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» - деп  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атап өткен болатын [5].

Профессор Р.Б.Әбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «Қазақстандық патриотизм тәрбиесі – бұл адамға оның бойында белгілі бір патриоттық көзқарастарды, пікір-пайымдарды, нормалар мен принциптерді қалыптастыру, сондай-ақ, оны сол көзқарастар мен принциптерге сәйкес іс-әрекетке бағыттау мақсатымен әсер ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың беріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс ұстаным тұрғысынан қарауға және қарапайым адамды екіұдай күйге түсіретін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тәрбие жұмысының  міндеті – қазақстандық патриотизмді әрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру» [6].

Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан, олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен заматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіруі керек.

Жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі кепіл бола алады.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» екенін баса айта отырып, «Тарих толқынында» деген еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу.  Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-саттықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек» - деген болатын. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес [7].

Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті. Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам отансүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы  белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...». Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана Президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін XXI ғасырдың азаматын тәрбиелейміз. Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы жастардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Жастардың ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Қазақстандық патриотизмнің негізі - ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гумнаитарлық пәндердің мазмұны.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі тиіс. Әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: «Қазақстандық патриотизм» аудандық әдістемелік бірлестік отырыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 244 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2017 4205
    • DOCX 43.5 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожаков Ерлан Осербаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожаков Ерлан Осербаевич
    Кожаков Ерлан Осербаевич
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10612
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания ОБЖ в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 324 человека

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 037 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе