Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыБаяндама: Ақпараттық технология мен электрондық оқулықтарды қазақ әдебиеті сабағында пайдалану

Баяндама: Ақпараттық технология мен электрондық оқулықтарды қазақ әдебиеті сабағында пайдалану

Скачать материал

Ақпараттық технология мен электрондық оқулықтарды қазақ әдебиеті сабағында пайдалану

                                                                               Б.Б.Құрманғалиева

                                                 Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық

                                                        колледжі                                                

  Оқушыны жан-жақты дамыту үшін барлық пән қажет, бірақ оның рухани байлығын, адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейтін яғни оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін – әдебиет пәні. Әдебиет сөзінің шығу төркініне үңілсек, арабтың «адаб – сөз» деген сөзінен шыққан, ол «үлгілі сөз», «асыл сөз» деген мағына білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесінде «Филология» білім саласына кіретін «Қазақ әдебиеті» пәні сөз өнерін таныту құралы ретінде мынадай компетенцияларды қалыптастыруды көздейді: қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде елжандылықпен меңгере алу, алған білімдерін әлемнің ғылыми бейнесін түсіне білуде, әлеуметтік мәні бар мәселелер мен әр түрлі жағдайларда пайдалана алу, көркем әдебиетті оқытудың негізгі түрлерін ажырата алу, көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық тақырыптық мәнін аша отырып, өз көзқарасын білдіре алу, көркем шығарма кейіпкерлерінің бейнесін тани алу. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеруіміз керек. Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің көздеп отырған мақсаты.

   Инновациялық технологиялардың көркем әдебиетте қолданылып жүрген көптеген түрлері бар. Атап айтсам, сын тұрғысынан ойлау, модульдік технология, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы, ақпараттық – компьютерлік технологиялар.

   Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды тағы да басқа таным әрекеттерін жасайды. Сонымен қатар, оқу үрдісінде түрлі үн, бейнетаспаларды, мультимедиялық бағдарламаларды, интернеттер мен лингофондық ақпараттарды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятып, пәнаралық байланыс мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөзді ескере отырып, сабақта мүмкіншілігіне қарай ақпараттық технология бойынша мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Қазіргі кезде оқу орындарында білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану әдісі қалыптасып, қолданысқа енді. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары өте көп. Соның бір әдісі – интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл әдіс оқушыларды ынталандыра қызықтырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, көзбен көруге түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Веб –сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар, кез-келген қосымшалардың әрі веб – ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған жазуларды сақтауға, басып шығаруға болады. Сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды қолдануды, бір-бірімен материал алмасуын жеңілдетеді. Сабақтың қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Оқушылар белсенді жұмыс істейді, деректерді естерінде жақсы сақтайды. Оқыту үрдісін жаңа сапалы деңгейге шығарады. Шығармашылық жұмыс үшін уақыт үнемделеді. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

   Басқа пәндермен қатар қазақ әдебиеті сабағында да электрондық оқулық, кино үзінділерін, қажетті слайдтар қолданып отырсақ, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. 2012 жылы Астана қаласында «Білім және кәсіби даярлауға арналған халықаралық технологиялар көрмесі болғаны бәрімізге белгілі. Сол көрмеде әдебиет сабағына қатысты жасалған жаңа технология қалам арқылы сөйлейтін кітап үлгісі көрсетілген. Яғни, мұнда Абай атамыздың бірнеше томдық кітабы қалам ұшымен түрту арқылы дауыстап оқылады. Электрондық оқулықтың бұл жаңа тәсілі оқушыларды қатты қызықтырары сөзсіз және оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, көркем әдебиетті түсініп оқуға, тіл байлығын, жеке тұлғаның рухани байлығын арттыруға жетелейді деп ойлаймын. Білім беру үрдісінде ақпараттық-комьпютерлік технологияны қолданудың нәтижесінде оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне жол ашылады.  Сабақта бірнеше тапсырмалар жүйесін орындауға мүмкіндік туады. Ғаламтор және арнайы дискілер қолдану арқылы әр түрлі ақпараттар алуға болады. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Әр түрлі үлгіде ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушылардың көңіл- күйлерін көтеріп, жұмыс істеу қабілеттері артады.

Әдебиеттер:

1.      «Қазақ тілі мен әдебиеті», №5, 2012

2.      М.Нағымжанова «Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің педагогикалық-психологиялық негіздері»

3.      Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі- сапалы білім. (Қазақстан мектебі,№4,2008)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Ақпараттық технология мен электрондық оқулықтарды қазақ әдебиеті сабағында пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Оқушыны жан-жақты дамыту үшін барлық пән қажет, бірақ оның рухани байлығын, адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейтін яғни оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін – әдебиет пәні. Әдебиет сөзінің шығу төркініне үңілсек, арабтың «адаб – сөз» деген сөзінен шыққан, ол «үлгілі сөз», «асыл сөз» деген мағына білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесінде «Филология» білім саласына кіретін «Қазақ әдебиеті» пәні сөз өнерін таныту құралы ретінде мынадай компетенцияларды қалыптастыруды көздейді: қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде елжандылықпен меңгере алу, алған білімдерін әлемнің ғылыми бейнесін түсіне білуде, әлеуметтік мәні бар мәселелер мен әр түрлі жағдайларда пайдалана алу, көркем әдебиетті оқытудың негізгі түрлерін ажырата алу, көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық тақырыптық мәнін аша отырып, өз көзқарасын білдіре алу, көркем шығарма кейіпкерлерінің бейнесін тани алу. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеруіміз керек. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2015 1102
    • DOCX 16.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмангалиева Баян Бериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмангалиева Баян Бериковна
    Курмангалиева Баян Бериковна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40320
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека