Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБаяндама "Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану"

Баяндама "Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану"

Скачать материал

Қазақстан  Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облыстық Білім Басқармасы

Жалпақтал аграрлық және салалық

технологиялар колледжі

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

 

Тақырыбы: «Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану»

 

 

 

Баяндаушы: М.А.Айтжанов

 

Ақпараттық технологиялар бойынша циклдік комиссия отырысының № 2 хаттамасымен мақұлданған: «24» желтоқсан 2013 жылы

 

Циклдік комиссияның жетекшісі:     ___________          Д.Ж.Имашев

 

 

 

Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының – ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Ал, бұл сабақтастық бүгін өз жалғасын табуда, «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін... біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло­гияларды енгізудің маңызы зор»,- деп атап көрсетті ҚР Президенті Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Даму – дау жүрмейтін шындық, дамыған озық тәжірибелер мен оқыту технологияларын қолдану заманның негізгі талабы. Ал, жақсы ұстаз үлгілі әдіс амалдар мен өз ісіне пайдасын тигізер, шакіртін биікке жетелер озық әрекеттерге белсене баратыны ақиқат.

Ал, оқытудағы бақылау жүйесі мен оқушыларды бағалау жүйсі өте маңызды басқыш. Бұл екі басқыштың жаңаша формасын бірлестіре отырып, ғылым техникасы озық елдердің оқыту тәжірибесінен ала отырып сіздерге пайдасы тисін деген ниетпен кешенді бақылау жүргізу және пайыздық бағалауды қолдану туралы ұсыныс тастар едім.

Себебі, бұл жүйе оқушыларды шабыттандырып, еңбекке баули отырып, оқушылардың арасындағы әділетті бәсекелестікті қалыптастырып білім сапасының артуына және оқушылардың сан-қырлы дарынын арттыруға көмегі тиеді. Төменде біз екі түрлі бақылау формасын бірге ала отырып саралайық.

Дәстүрлі бақылау формасының бүгінгі күні анық кемшіліктері байқала бастады. Айталық:

Біріншіден: бұл бақылау формасы оқушыларға жеңіл әрі оқушыларды 45 минутты тиімді пайдалануға үйреттпейді. Тек асықпай әдемілеп жазып беруді бақылау жұмысын тапсыру деп қрастырады оқушылар. Бір күндік үй жұмысынан айырмашылығы шамалы. Ал, Ұлттық біріңғай тест және олимпиядаларда уақытты үнемді пайдалану табыстың маңызды бір бөлшегі.

Еіншіден: сұрақтар жалаң бір немесе екі түрлі формаға ғана негізделген жалаң. Ол оқушы қабілетін толық ашып көрсете алмайды.

Үшіншіден: мекмлекеттің бір тұтас бағалау жүйесіне (ҰБТ) сәйкес емес. еліміз 2004 жылдан бері Ұлттық біріңғай тестті қолданып келе жатыр, сол үшін оқушыларды ерте бастан, әр пәнді бастаған сәттен осы түрғыда жетелеу керек.

Төртіншіден: оқушылардың арасында бәсекелестік, өзера ізденушілік қалыптастырмайды. Баға ұстаз үшін де салыстырмалы дүние, алдындағы оқушының деңгейіне сай ең мықтысы бес, орташасы төрт, ал әлсізі үш алады, бұл қатып қалған стандарт, ал оқушы өзін сыныптасымен салыстырады да,

Сен мықты, мен орташа, анау осал,

бәріміз бір аспанның астындамыз – деп бір сыныпта, артық білім үшін ойланбайды да жүре береді, бірақ өзге сыныптың баласы ше, өзге мектеп ше? Содан барып бір мектептің үздігі екінші мектептің орташасымен, кейде тіпті нашарының деңгейін де көрсетіп жүр.

Ал бағаның көлемінің тарлығы бұған басты себеп болуда, айталық, алдыңызда 30 оқушы бар егер де білім стандартына салар болса соның 2-3 оқушысы ғана беске толық жауап береді, ал әйтеуір жақсыларын талдап төрт оқушыға бес деген баға (бұның бір екеуі көтермеленген, басқа сабақтағы бағасы ескерілген бес) қойған ұстаз амалсыздан қалған 26 оқушыны теңдей жарып жартысына 4, (оның жартысы сабаққа келмейтін, әйтпесе келіп-кетіп қана жүретіндерге қарағанда салыстырылған, әйтпесе, сабақ оқымаса да белсенді оқушы) ал, соңғы жартысына 3 (бұның ішінде сабақта кейде бер кейде жоқ, келседе ұйықтап қайтатын, иіс алмас та бар) қояды. Сіз енді қараңыз, біреу келіп кетіп жүрсе болды үш алады, ал, біреу талпынады, бірақ шамасы жетпеген соң үш алады. Содан бірте-бірте, қойшы бәрібір үш алам одан да сол үшті ұйықтап жүріп алайыншы деген күйге жетіп бала бағын тең қойылған бағамен байлайды. Ал, оның ұстаз талпынысына төрт қояйын десе төрттегі одан жақсыларын беске, ал бесті алтыға шығаруы керек, бірақ амалы не алты деген баға жоқ.

Ал бес алған бала жұлдыз бәрін біледі, ол оқушыда әрі қарай білген үстіне біле түсейін деген талпыныс жоқ, бес деген ең жоғары өзінен басқа ешкім жоқ. Ал шындық білім деңгейі шынайы ма, ол жағы белгісіз. Әрі бар бақылауды толық дұырыс бес деген бағаға жазатын бала кемде кем.

Ұрпақ – ұлт болашағы, сол үшін де ұрпақ үшін істелер әрбір іс мінсіз болса игі еді. Ұстаз – сол ұлттың болашағын тәрбиелеуші, сондықтан мен бақылау және баға төңірегінде мынадай ойларымды ортаға салар едім:

Бақылау тұрғысында кешенді бақылау формасы дәстүрлі бақылауда көрінген кемшіліктерді шешеді, әрі оқушылардың қабілетін жан-жақты танып біліп оның зяткерлік дағдыларын арттыруымызға көмегі тиер еді.

Ал баға тұрғысынан, біз бестік баға дегеннен құтылып әлем елдері көшіп үлгерген 100 пайыздық бағаға, біздің қазіргі жоғары оқу орнында қолданылып жүрген баға формасына көшкеніміз ең дұрыс еді. Өйткені алдыңызда жүз оқушы отырсада жүз түрлі баға қоюға мүмкіндік алып, балада дәл деңгейі бойынша бағаланар еді. Әрі бала да дәл өз орнын бағалар рейтингісінен жоғарылатуға, бір саты жоғарылату үшін де білімге талпынар еді, қазірдегідей елдің бәрі төрт деп алаңсыз жүрмес еді.

Баланың мінезі бәсекеге жақын біз соны дұрыс жақтан пайдалана білуіміз керек, егер бақылау жұмысын кешенді, жүйелі жасап, оқушылардың әр бір ұпайға жоғарлауын нәтижеге баласақ оқушылар өз орнын жоғарлатып отыруға тырысады. Сонымен бірге, оқушылардың бақылаудан кейін ретинісін жасап тұрған абзал.

Сол үшін оқу-ағартуымызға әлі де біраз өзгерістер керек-ақ. Баға баланың бағын байламаса, бала жерге қарамаса деген бізден тілек. Сол үшін біз химия пәнінен кешенді бақылау жүргізу және пайыздық бағалаудың формасын дәстүрмен салыстыра отырып үлгісін ұсындық. Әр кім өз керегіне жаратса біздің мақсаттың орындалғаны. Ұлт – ұрпағы білімді һам қуатты болғай!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының – ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 058 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2015 941
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтжанов Маулет Айдынгалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтжанов Маулет Айдынгалиевич
    Айтжанов Маулет Айдынгалиевич
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 33282
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 721 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов