Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Белсенді оқыту стратегиясын пайдалана отырып пәнаралық байланыс негізінде сабақ жоспарын құру."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Белсенді оқыту стратегиясын пайдалана отырып пәнаралық байланыс негізінде сабақ жоспарын құру."

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ филиалы ШҚО ПҚ БАЙ


 «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың

ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын  арттыру»















Белсенді оқыту стратегиясын пайдалана отырып пәнаралық байланыс негізінде сабақ жоспарын құру.





Куратор:Оразбаева.А.К

Орындаған: Жумагулова.Г.О









Өскемен 2015 жыл





«Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-

Бүгінгі мектеп оқушылары.Мұғалім

Оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан

сол деңгейде болады»

Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Бар нәрсенің бастауы білімде жатыр.Біліммен  ғылым да көптеген жетістіктерге жетеді,адамды ізденуге,кешегіден бүгін,бүгінгіден-ертеңге ілгері басуға жетелейді

«Педагогикалық сөздікте» пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анықталған. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін жүйелендіруге көмек жасап және оларды нақты әлемнің толық жағындағы диалектиканың өзара байланыс құбылысын танып білуге қалыптастырады.
Пәнаралық қатынастардың әзірленуі оқушылардың білімінің ұтымды жағдайын, тәрбиеленуін және дамуының пайда болуына көмек көрсетеді.
Мынадай ғылым аралық қызметтердің түрлерін ажыратуға болады:

1. Бір объектті әр түрлі ғылымдарды кешендік оқытуда.
2. Әр түрлі объектті оқытудағы бір ғылымның әдісін басқа ғылымда қолдануы.
3. Әр түрлі объектті оқытудағы бір теорияны әр түрлі ғылымдарда қолданылуы.
Білім мазмұнын жаңарту пәндердің циклі үшін оқу материалы мазмұнының жоғары ғылыми, әрі оқушыға түсінікті деңгеймен оның ғылыми логикасына сәйкес баяндалуын қамтамасыз ететіндей жүйесін анықтау міндетін жүктейді. Бұл міндет циклдегі әр пән бағдарламасымен оқулықтың цикл пәндерінің терең өзара байланысын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы арқылы шешілмек.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Жаратылыстану-
ғылымдарының цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды белгісі болып табылады.

Пәнаралық байланыстар дегеніміз жаратылыстану-
ғылымының цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт.
Оқу мазмұнын қалыптастыру барысында негізгі салмақ орта оқу орындарының барлық түрлеріне бағытталып, солардың әлеуметтік сұраныстарынан құралады. Оқу мазмұны педагогикалық категория ретінде әлеуметтік сұраныстың жай ғана көшірмесі болмауы қажет. Ол осы сұраныстың педагогикалық моделі болуы тиіс. Оқу мазмұнының қалыптасуының алғашқы сатыларында пәнаралық байланысты анықтау оқу мазмұнының құрылысында пәндік құрылымға дейінгі жалпы теориялық ой деңгейінде қарастырылады.

Физикалық ерекшеліктердің арқасында ол үшін пәнаралық қатынастардың жүзеге асырылуы өмірмен тәжірибенің, оқытудың байланысының қағидасы талаптарының бірі болып саналады.
Физиканы оқытудың мақсаттарының бірі, бұл оқушыларды диалектика - материалистік дүниетанымының қалыптасуы, мұнда оқушылардың нақты әлемді, диалектикалық өзара байланыс құбылысын түсінуге мүмкіншілік берудегі пәнаралық қатынас басты рөл атқарады.
Оқушыларды диалектика - материалистік дүниетанымға тәрбиелеуіне
физика сабағында күнделікті өмірмен байланысты есептер шығаруы көп көмек көрсетеді. Мұндай есептерді таңдағанда және шешкенде сабақта оқушылардың физикалық дайындығын ескеру қажет.
Пәнаралық қағидаларды жүзеге асыру оқу бағдарламаларынан басталады. Сондықтан алдағы уақытта осы теориялық зерттеулерді іс жүзіне асыру бағытында жұмыс жүргізілуі керек, ол үшін:

• оқу пәндерінің жаңарған мазмұнындағы байланыстыра оқытуға болатын неғұрлым маңызды, өзекті тақырыпты айқындау;
• оқу пәндерінің құрылымдық логикаларын осы пәндердің өзара байланысы тұрғысынан қарап, қажетті түзетулер енгізу;
• курстардағы өзара байланыстыра өтілетін тақырыптарды уақыт бойынша жүйелеу қажет.
Енді атап айтқанда
физика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыратын болсақ, қазіргі заманда кез келген пәнді тиімді оқыту үшін компьютерлік техника маңызды рөл атқарады және физика курсы жаратылыстану бағытымен тығыз байланыста. Пәнаралық байланыс әр пәннің оқу процессінде үйретуші компьютерлік бағдарламалармен жабдықтандырылғадығынан оқу құралдарын пайдалануды байқалады.
Пәнаралық байланысты былай да көрсетуге болады:

1. Есептерді шешу барысында алгоритмді сипаттау және құрастыру, оларды іске асыруда математикамен байланысты.
2. Электронды - есептеу машынасының құрылымы, техникалық құрылымдарының өзіндік жұмыс режимі олардың сипаттамасы және параметрлерін оқып үйренуде физикамен байланысы.

3. Алгоритмдік тілдерді және электронды-есептеу машынасының тілдік жабдықталуы – лингвистикалық аспектімен байланысы, мәтіндерді шифрлау, мәтінді аппараттарды өңдеу және синтаксистік талдау, аударма жасау, сөздікті ұйымдастыру және сөзді іздестіру.
4. Бағдарламалау негізінен үйренудегі байланыс: лингвистикалық мәдениеттің қалыптасуы, ол ойдың қысқа және логикалық бейнеленуі, мәтіндердің негізгі және құрама бөліктерін көрсету, талдау жүргізу, бақылау, анықтамалық ақпараттармен жұмыс істеу.
5. Электронды-есептеу машынасын пайдалану заңдылықтары басқа пәндеріне компьютерді техникалық оқу құралы ретінде тиімді пайдалану қадамдары болып табылады.

Математика мен физиканың байланысына тоқталатын болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
1. Физика алдына шешімі математикалық ілімдер мен әдістер арқылы ізделінетін есептер қояды. Сол арқылы математикалық теориялық негізінің дамуына жағдай жасайды. Мысалы, Ньютон динамикасы.

2. Математикалық есептеулері, математикалық теориялық ілімдері физикалық құбылыстарға талдау жасауға қолданылады, бұл әлемнің физикалық бейнесін дамытуға және физикалық проблемалардың шығуына септігін тигізеді. Мысалы, Лоренц түрлендірулері салыстырмалы теориясының шығуына және салыстырмалықтың инварианттылығын дәлелдеуге себепкер болады.

3. Физикалық кейбір теорияның дамуы математикаға негізделеді, ал кейін бұл теория физика арқылы дамыды. Мысалы, Максвел теңдеулері.
Осы айтылғандардан математика мен физиканың арасындағы табиғи байланыстың бар екенін көреміз.
 
Қорыта келе, пәнаралық байланыс педагогикалық деңгей секілді кешендік түйінді мәселені құрайды, оның шешуіне көп аспектілі білім қажет. Оқытудың мақсатымен есебінен шыға, ол оның мазмұнының пәндік құрылымы мен органикалық байланысы бар әдістерінде, формасында және оқытудың құралында да осыдан шығады.

Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «.ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі замандағы ғылымының, ғылымдардың бірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын анықтаудың басты шарты болып табылады.

Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін қалаушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пән ішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.


Білім беру жүйесінің жаңа құрылымы мен мазмұны айқындалып жатқан тарихи кезеңдегі маңызды мақсаттардың орындалуына бірге ат салысайық,бірге ізденіп,биік жетістіктерге бірге ұмтылайық !




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров254
Номер материала ДБ-000503
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх