Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест
жұмыстары
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының құрылысы.
1. Затты 3-5 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш
әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы
ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру
қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр
ә)айна б)объектив в)көру
түтігі
4. Микроскоптың
барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық
үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың
бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру
түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін
қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда
ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі
тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі
зат:
а )цитоплазма
ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік
жасаушасында болатын органоид:
а)ядро
ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға
белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма
ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша
ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын
және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма
ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11.
Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль
ә)цитоплазма б)ядро
в)пластидтер
12. Өсімдік
тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар
ә)лейкопластар б)хлоропластар
13. Фотосинтез
процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар
ә)хромопластар б)лейкопластар
14.
Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар
ә)лейкопластар б)хромопластар
Өсімдік ұлпалары.
І-нұсқа
1.Өсімдіктерді
әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші
ә)негізгі б)жабын
2.Тамырдың
топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне
жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және
бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) өткізгіш ә)негізгі
б)түзуші
4. Өсімдіктердің
жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын
ұлпа:
а)негізгі
ә)түзуші б)өткізгіш
5. Өсімдікті
ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан
сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы
6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына
келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш
7. Жасушалары
қатты, қиыршықты ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
8. Хлоропластары
бар тірі жасушалы ұлпа:
а)түзуші ә)бөліп
шығарушы б)негізгі
9. Жасушалары
ұзын, түтік тәрізді ұлпа:
а) өткізгіш
ә)тірек б)негізгі
10. Судың
артық булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)жабын б)түзуші.
11. Сабаққа ,
жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек
ә)негізгі б)өткізгіш
12. Сүт жолы
мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:
а)жабын ә)бөліп
шығарушы б)негізгі
Өсімдік ұлпалары.
ІІ-нұсқа
1. Жасушалары
арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:
а)тірек
ә)негізгі б)түзуші
2. Сабақ
пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:
а)түзуші
ә)жабын б)өткізгіш
3. Хош иіс,
тәтті шырын бөлетін ұлпа:
а)түзуші
ә)тірек б)бөліп шығарушы
4. Көмірсулар,
нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі
ә)түзуші б) жабын
5. Жаңғақ,
алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:
а )түзуші
ә)тірек б)бөліп шығарушы
6. Су мен улы
газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат
түзетін ұлпа:
а)өткізгіш ә)негізгі
б)жабын
7.Қоректік заттар
қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:
а)өткізгіш ә)тірек
б)негізгі
8. Өсімдіктің
ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) түзуші
ә)негізгі б)бөліп шығарушы
9. Жасушалары
алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға
айналатын ұлпа:
а)тірек
ә)өткізгіш б)жабын
10. Тін талшығы жасы
жетілген ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)тірек б)негізгі
11. Жасуша
қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы болатын ұлпа:
а)өткізгіш
ә)жабын б)бөліп шығарушы
12. Безді жасушаларда
тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:
а)түзуші
ә)тірек б)бөліп шығарушы
Тамыр.
І-нұсқа
1.Өсімдіктің
вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл
б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
2. Вегетативті
мүшелердің тамырлар жүйесі:
а)сабақ ә)тамыр
б)жапырақ
3. Тұқымның
ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)қосалқы
ә)жанама б)негізгі
4. Негізгі
тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар
ә)қосалқы тамырлар
5. Сабақ пен
жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:
а)қосалқы
тамырлар ә)жанама тамырлар
6. Негізгі
тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:
а)шашақ тамыр
ә)кіндік тамыр б)жем тамыр
7. Негізгі
тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін
тамыр:
а)жем тамыр
ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр
8. Жасушалары
тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп,
зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә)
өсу б)бөліну в)сору
9. Жасушалары
дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр
бөлімі:
а)өткізу
ә)сору б)бөліну в)өсу
10. Жас
жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:
а)сору ә)өсу
б)өткізу в)бөліну
11. Қалың
түктері бар тамыр бөлімі:
а) өткізу
ә)бөліну б)өсу в)сору
12. Су мен
онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне
өткізетін тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору
б)өсу в)бөліну
13. Кіндік
тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а)арпа ә)орамжапырақ
б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ
14. Шашақ тамыр
жүйесіне жататын өсімдіктер:
а) күріш ә)
асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз
Тамыр.
ІІ-нұсқа
1. Өсімдіктің
вегетативті (өсімді) мүшелері :
а)тұқым
ә)жапырақ б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр
2. Тұқымның
ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)негізгі
ә)жанама б)қосалқы
3. Негізгі
тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:
а)қосалқы
тамырлар ә)жанама тамырлар
4. Сабақ пен
жапырақтан өсіп шығатын тамыр:
а)жанама тамыр
ә)қосалқы тамыр
5. Негізгі тамыры
болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:
а)кіндік тамыр
ә)жем тамыр б)шашақ тамыр
6. Тамырдың
бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы
ә)сору б)өсу в)бөліну
7. Атқаратын
қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору
б)бөліну в)өсу
8. Тамыр ұшының
топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:
а)бөліну ә)өсу
б)сору в)өткізу
9. Топырақ
түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды
соратын тамыр бөлімі:
а) өсу ә)бөліну
б)өткізу в)сору
10. Тамыр
түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)өсу
б)сору в)бөліну
11. Органикалық
тыңайтқыштар:
а)қи ә)күл
б)қарашірік в)құс саңғырығы г)азот ғ)шымтезек
12. Минералды
тыңайтқыштар:
а)шымтезек ә)азот
селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны
13. Жем тамырлы
өсімдіктер:
а)сәбіз
ә)қызылша б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан
14. Түйнек
тамырлы өсімдіктер:
а)орхидея
ә)нарғызгүл б)кипарис в)батат г)шырыш ғ)таушымылдық
Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
І-нұсқа
1. Тыныштық
күйге ауысқан бүршік:
а)төбе
ә)бұйыққан б)жанама в)қолтық
2. Өркеннің ең
ұшына орналасқан бүршік:
а)қолтық
ә)қосалқы б)жанама в)төбе
3. Өсімдіктің
кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:
а)қосалқы
ә)төбе б)бұйыққан в)жанама
4. Төбе
бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:
а)жуандап өседі
ә)ұзарып өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады
5. Тік сабақты
өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім
б)бидай в)қауын
6. Шырмалған
сабақты өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық
б)бақбақ в)құлмақ
7. Қысқарған
сабақты өсімдіктер:
а)жолжелкен
ә)пияз б)жүзім в)жүгері
8. Сабақты
жуандатып өсіретін қабат:
а)камбий
ә)сүрек б)қабық в)өзек
9. Органикалық
заттар қорға жиналатын қабат:
а)сүрек ә)қабық
б)өзек в)тін талшығы
10. Су мен
минералды заттар қозғалатын қабат:
а)қабық ә)сүрек
б)тоз жасушалары в)тін талшықтары
11. Сабақтың
барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:
а) өзек
ә)камбий б)сүрек в)қабық
12. Сабақ тыныс
алатын, жасымықша жасушалары орналасатын
қабат:
а) камбий
ә)сүрек б)өзек в)тоз қабаты
13. Буын және
буынаралығынан тұрады:
а)тамыр
ә)тамырсабақ б)түйнек
14. Сыртында
жапырақ іздері (көзшелері) бар:
а)түйнек
ә)тамыр б)тамыр
Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
ІІ-нұсқа
1. Жапырақ
қолтығына орналасқан бүршік:
а)төбе ә)жанама
б)қолтық в)қосалқы
2. Өсімдіктің
төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:
а)қосалқы ә)бұйыққан
б)төбе в)қолтық
3. Гүл
бүршігінің орналасқан орны:
а)қысқарған өркен
ә)ұзарған өркен б)төбе бүршігінде в)қолтық бүршігінде
4. Өсу бүршігінің
орналасқан орны:
а)қосалқы бүршік
ә)қысқарған өркен б)қолтық бүршік в)ұзарған өркен
5. Жатаған
сабақты өсімдіктер:
а)құлпынай
ә)құлмақ б)пияз в)қияр
6. Өрмелегіш
сабақты өсімдіктер:
а)тырбық аңдыз
ә)қарағаш б)асбұршақ в)жүзім
7. Тін
талшықтары орналасқан қабат:
а)камбий
ә)қабық б)сүрек в)өзек
8. Қабық пен
сүректің арасындағы қабат:
а)сүрек
ә)камбий б)өзек в)қабық
9. Сабақтың
органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:
а)өзек ә)камбий
б)қабық в)тін талшығы
10. Жарыққа
байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:
а)түйнек
ә)тамырсабақ б)тамыр
11. Буынында
жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:
а)тамырсабақ
ә)пиязшық в)түйнек
12. Пиязшықты
өсімдіктер:
а)сарымсақ
ә)картоп б)лалагүл в)бетеге
13. Түйнекті
өсімдіктер:
а)орамжапырақ
ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз
14. Тамырсабақты
өсімдіктер:
а) бидайық
ә)қызанақ б)бетеге в)қызғалдақ
Жапырақ
1. Қылқанды (ине
тәрізді) жапырақты өсімдіктер:
а)қарағай
ә)жүгері б)емен в)шырша
2. Бір ғана
тақтасы бар жапырақ:
а)күрделі жапырақ
ә)жай жапырақ
3. Бір сағақта
бірнеше жапырақшалардың болуы:
а)күрделі жапырақ
ә)жай жапырақ
4. Жүйкелердің
жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:
а)қауырсын тәрізді
торлы жүйкелену ә)параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену в)саусақ
салалы жүйкелену
5. Негізгі
орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:
а)параллель
жүйкелену ә)доғалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену
в)саусақ салалы жүйкелену
6. Орталық
жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:
а)саусақ салалы
жүйкелену ә)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену б)параллель жүйкелену
в)доғалы жүйкелену
7. Жапырақ
тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі:
а)параллель
жүйкелеу ә)саусақ салалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену
в)доғалы жүйкелену
8. Қоректік
заттар қорға жиналатын жапырақ:
а)шырынды
ә)тікенді б)мұртша в)қабыршақ
9. Өсімдіктің
қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін
жапырақ:
а)қабыршақ
ә)шырынды б)тікенді в)мұртша
10. Өсімдіктің
жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:
а)тікенді ә)мұртша
б)қабыршақ в)шырынды
11. Бүршіктердің
нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:
а)мұртша
ә)тікенді б)шырынды в)қабыршақ
12. Өсімдіктің
құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:
а)қабыршақ
ә)шырынды б)тікенді в)мұртша
13. Ылғалды
үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:
а)қабыршақ
ә)тікенді б)мұртша в)шырынды
14. Тікенді
жапырақты өсімдіктер:
а)қарлыған
ә)асбұршақ б)кәріқыз в)ақ қараған
15. Мұртшалы
жапырақты өсімдіктер:
а)үрмебұршақ
ә)жабайы бұршақ б)асбұршақ в)сарыаға
Гүл. Гүлшоғырлар.
І-нұсқа
1. Гүлдің дәл
ортасында орналасқан гүл бөлігі:
а)гүлтабан ә)аналық б)күлте в)аталық
2. Өркеннің түрі
өзгерген жапырағы:
а)тостағанша
ә)гүлсағақ б)күлте в)аналық
3. Тозаң ұясы бар
гүл бөлігі:
а)аналық
ә)күлте б)аталық в)гүлтабан
4. Гүлсеріктің
ішкі бөлігі :
а)аналық
ә)аталық б)тостағанша в)күлте
5. Екі қабат
қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:
а)аналық ә)гүлсағақ
б)күлте в)тостағанша
6. Бір гүлде
аталық пен аналықтың болуы:
а)қос жынысты
ә)дара жынысты
7. Аталық гүлдер
мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:
а)екі немесе қос
үйлі ә)бір үйлі
8. Гүлдің жеміс
түзілетін бөлімі:
а)күлте
ә)аналық б)тостағанша в)аталық
9. Аталықтың
бөлімдері:
а)жіпше , аузы
ә)тозаңқап, тостағанша б)мойны, жіпше в)жіпше, тозаңқап
10. Жеке
гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп
орналасқан гүлшоғыр:
а)жай масақ
ә)жай шашақ б)собық в)күрделі шатыр
11. Орталық сабаққа
бірнеше жай масақша гүлдер топтанып орналасқан гүлшоғыр:
а)күрделі
қалқанша ә)күрделі шатыр б)күрделі масак в)күрделі шашақ
12. Собық
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бидай
ә)күнбағыс б)калла в)жүгері
13. Күрделі
шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)кербезгүл
ә)сәбіз б)көктерек в)аскөк
14. Жай масақ
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)жолжелкен
ә)тары б)сүйсін в)гүлшетен
15. Сырға
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)қарағаш
ә)алмұрт б)қайың в)тал
Гүл. Гүлшоғыр.
ІІ-нұсқа
1. Гүлдің
барлық бөлімдері бекінетін орын:
а)тостағанша
ә)гүлсағақ б)күлте в)гүлтабан
2. Мойны бар
гүл бөлігі:
а)күлте
ә)аналық б)гүлтабан в)аталық
3. Жіпшеден
және тозаңқаптан тұрады:
а )гүлсағақ
ә)күлте б)аталық в)аналық
4. Гүлсеріктің
сыртқы бөлігі:
а)гүлтабан
ә)тостағанша б)аналық в) күлте
5. Ұрықтану
процесі жүретін орын:
а)аталық
ә)гүлсағақ б)жатын в)күлте
6. Гүлде тек
аталық немесе аналықтың болуы:
а)дара жынысты
ә)қос жынысты
7. Аталық
гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:
а)бір үйлі ә)екі
немесе қос үйлі
8. Аталық
тозаңдары жетілетін орын:
а)жіпше ә)жатын
б)тозаңқап в)күлте
9. Аналықтың
тозаң қабылдайтын бөлімі:
а)мойны
ә)жатыны б)жіпше в)аузы
10. Жеке
гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасқан
гүлшоғыр:
а)жай масақ
ә)жай шашақ б)себет в)шоғырбас
11. Жай
шатырдағы жеке гүл сағақтарына бірнеше гүлден топтанып шоғырланған
гүлшоғыр:
а)күрделі шашақ
ә)күрделі қалқанша б)күрделі шатыр в)күрделі масақ
12. Себет гүлшоғырлы
өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)мойыл
б)күнбағыс в)бақбақ
13. Күрделі
масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)балдырған
ә)орамжапырақ б)қарабидай в)бидайық
14. Жай шатыр
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)пияз ә)қайың
б)адамтамыр в)інжугүл
15. Жай шашақ
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бақбақ
ә)қарақат б)аскөк в)орамжапырақ
Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
І-нұсқа
1. Бір гүлдің өз
аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің
аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)өздігінен
тозаңдану ә)айқас тозаңдану
3. Гүлдері өте
ұсақ , реңсіз өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы
ә)бунақденелілер арқылы б)өздігінен тозаңдану
4. Тозаңдары ірі
өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
тозаңдану ә)жел арқылы б)бунақденелілер арқылы
5. Бітеу гүлдің
тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер арқылы
ә)өздігінен тозаңдану б)жел арқылы
6. Гүлдері ашық
реңді, ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер
арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен тозаңдану
7 Аналығының
аузы үлпек қауырсынды өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы
ә)өздігінен тозаңдану б)бунақденелілер арқылы
8. Шырыны мол,
жұмсақ жеміс:
а)құрғақ жеміс
ә)шырынды жеміс
9. Сыртқы
қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп жеміс:
а)жидек жеміс
ә)жидек тәрізді б)сүйекті
10. Бір ұялы,
тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын жеміс:
а)қауашақ
ә)бұршаққын б)бұршаққап в)тұқымша
11. Бір
тұқымды, тұқымы жеміс серігімен тұтасып біріккен жеміс:
а)жаңғақ
ә)тұқымша б)қауашақ в) дәнек
12. Сыртында су
жұқпайтын түктері бар өсімдіктердің тұқымдарының таралу жолы:
а)бунақденелілер
арқылы ә)су арқылы б)жел арқылы в)өздігінен
13. Сыртында
ілмешектер, тікенектер, желімтек түктері бар тұқымдардың таралу жолдары:
а)жануар,
бунақденелілер, адам арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен в)су арқылы
14. Жел арқылы
таралатын өсімдіктер:
а)қамыс, қияқ,
жалбыз, қоға ә)шытырлақ, жауқазын, қараған, шегіргүл
б)қарағаш, бақбақ,
үйеңкі, орхидея в)шоңайна, долана, бүлдірген, кәріқыз
15. Құстар
арқылы таралатын өсімдіктер:
а)жауқазын,
қараған, шытырлақ, бөрібұршақ ә)шие, таңқурай, бүлдірген, мойыл
б)бөденешөп, қоға, түкті күреңот, қамыс в)қайың, тал, терек,
үйеңкі
Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
ІІ-нұсқа
1. Бір гүлдің
аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің
өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
3. Гүлдерінде
шірнесі бар өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақдене
арқылы ә)өздігінен б)жел арқылы
4. Тозаңдары
майда, жеңіл өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
тозаңдану ә)бунақденелілер арқылы б)жел арқылы
5. Тозаңдануы
бір гүлдің ішінде болатын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы
ә)өздігінен б)бунақдене арқылы
6. Аталық жіпшесі
ұзын, тербеліп тұратын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
ә)бунақдене арқылы б)жел арқылы
7. Гүлдері
аңқыған хош иісті өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
ә)бунақдене арқылы б)бунақдене арқылы
8. Қабығы
қатты, сүректенген жеміс:
а)шырынды жеміс
ә)құрғақ жеміс
9. Сыртқы
қабығы жұмсақ, жұқа, ішкі бөлімі сүйектенген жеміс:
а)жидек тәрізді
ә)жидек б)сүйекті
10. Қос ұялы,
ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар жеміс:
а)бұршаққап ә)бұршаққын
б)қауашақ в)дәнек
11. Жеміс
серігі тұқымымен бірікпеген жеміс:
а)жаңғақ
ә)бұршаққап б)дәнек в)тұқымша
12. Жемістері
қақырағыш, ширатылғыш өсімдіктердің таралу жолы:
а)жануар, құстар
арқылы ә)су арқылы б)өздігінен в)жел арқылы
13. Шырынды,
ашық реңді жемістердің таралу жолы:
а)жел арқылы
ә)құстар арқылы б)өздігінен в)су арқылы
14. Су арқылы
таралатын өсімдіктер:
а)жөке, үйеңкі,
бақбақ, шаған ә)шоңайна, итошаған, иттікен, кәріқыз
б)қараған,
шегіргүл, бөрібұршақ,ат талшын в)тұңғиық, жалбыз, қоға, қамыс
15. Адамдар,
жануарлар арқылы таралатын өсімдік:
а)шоңайна, иттікен,
кәріқыз, итошаған ә)ат талшын, қараған, шегіргүл,шытырлақ
б)жалбыз, қамыс, тұңғиық, қияқ в)бақбақ, орхидея,
жөке, қайың
Қос және дара жарнақты өсімдіктер.
1. Тұқым
бүршігінен дамитын көбею мүшесі:
а)гүл ә)жеміс
б)тұқым
2. Екі тұқым
жарнағы бар өсімдік:
а)дара жарнақты
ә)қос жарнақты
3. Бір тұқым
жарнағы бар өсімдік:
а)қос жарнақты
ә)дара жарнақты
4. Дара
жарнақты өсімдіктер:
а)бидай
ә)үрмебұршақ б)асқабақ в)арпа
5. Қос жарнақты
өсімдіктер:
а)сұлы ә)жүгері
б)асбұршақ в) қияр
6. Тұқым өнген
кезде бірінші шығатын өскін мүшесі:
а)сабақ ә)тамыр
б)жапырақ в)барлығы бір мезгілде шығады
7. Өніп келе
жатқан ұрықтың алғашқы кездегі қоректену заттары:
а)эндоспермдегі су
және минералды тұздар ә)су, ауа, органикалық заттар
б)эндосперм мен
тұқым жарнағындағы органикалық заттар қоры
8. Бидай
тұқымындағы қор заттар жиналатын бөлігі:
а)ұрық
ә)эндосперм б)қабығы в)жарнағы
9. Тұқым тыныс
алғанда болатын өзгеріс:
а)көмірқышқыл газын
сіңіріп, оттегін бөліп шығарады
ә) оттегін
сіңіріп, көмірқышқыл газы мен жылу бөледі
б) оттегін сіңіріп
, көмірқышқыл газ бөлінеді
10. Крахмал қоры көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс
ә)картоп б)жер жаңғағы
11. Нәруыз
қоры көп болатын өсімдік:
а)зығыр ә)мақта
б)бидай
12. Май қоры
көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс
ә)жүгері б)соя
Бір жасушалы жәндіктер.
1. Жануарлар
дүниесіндегі қарапайымдылардың жіктелуі:
а)көп жасушалы
ә)бір жасушалы
2.
Талшықтылардың топтасып тіршілік ететін түрі:
а)домалаңғы
ә)жасыл эвглена б)кірпікшелі кебісше
3. Кірпікшелердің
мекен ететін сулы ортасы:
а)тұщы су ә)ащы
су
4. Көзшесі бар
жәндік:
а)амеба
ә)кірпікшелі кебісше б)эвглена
5. Жануар
және өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік:
а)эвглена
ә)кірпікшелі кебісше б)амеба
6. Кірпікшелі
кебісшедегі кіші ядроның атқаратын қызметі:
а)қоректену
ә)көбею б)қозғалу
7. Хлоропластары
бар жәндік:
а)амеба
ә)эвглена б)трипаносома
8. Қарапайымдыларда
қолайсыз жағдай туғанда түзілетін қабат:
а)эктодерма
ә)энтодерма б)циста
9. Амебаның
көбею жолы:
а)жыныссыз
ә)жынысты
10. Қылаулатқышы
бір жасушалы жәндік:
а)эвглена
ә)амеба б)кірпікшелі кебісше
11. Қантышқақ
ауруын тудыратын жәндік:
а)дизентерия
амебасы ә)амеба б)лейшмания
12. Тері
лейшманиозы ауруын тудыратын жәндік:
а)құртамыш
ә)лейшмания б)лямблия
13. Кокцидоз
ауруын тудыратын жәндік:
а)лейшмания
ә)лямблия б)құртамыш
14. Лямблиоз
ауруын тудыратын жәндік:
а)трипаносома
ә)құртамыш б)лямблия
Көп жасушалы жануарлар және олардың
құрылысы мен тіршілігі.
1. Денесінің
белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын тізбектің бірі:
а)жасуша ә)ұлпа
б)мүшелер жүйесі в)мүше г)организм
2. Дененің
сыртқы жамылғысын түзетін ұлпа:
а)жүйке ә)дәнекер
б)эпителий в)бұлшықет
3. Сүйек,
шеміршек, май, сіңір, қан, ұлпа сұйықтығын түзетін ұлпа:
а)бұлшықет
ә)дәнекер б)жүйке в)эпителий
4. Көлденең
жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттерінен түзілген ұлпа:
а)эпителий
ә)жүйке б)дәнекер в)бұлшықет
5. Жүйке ұлпасының
жасушасы:
а)нейрон ә)дендрит
б)аксон
6. Шаян,
өрмекші, бунақденелілердің сыртқы жабыны:
а)хитин ә)түк
б)қабыршақ в)қауырсын
7. Балық,
кесіртке, жылан денелерінің сыртқы жабыны:
а)қауырсын
ә)хитин б)қабыршақ в)түк
8. Құрылыс
материалын, ферменттер мен гормондар түзетін зат:
а)көмірсу
ә)нәруыз б)май
9. Организмдегі
негізгі энергия көзі:
а)нәруыз ә)май
б)көмірсу
10. Құрылыс материалы,
қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат:
а)май ә)көмірсу
б)нәруыз
Омыртқасыз жәндіктер және омыртқалы
жануарлардың асқорыту жүйелері және астың қорытылуы.
1. Гидраның
асқорыту жасушасының орналасқан қабаты:
а)эктодерма
ә)энтодерма
2. Гидраны
жауынан қорғайтын және жемін аулауға қатысатын жасушасы:
а)жүйке жасушасы
ә)апта жасушасы б)тері-бұлшықет жасушасы
в)асқорыту жасушасы
3. Ауыз → жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын → ішек
тәрізді асқорыту жүйесіне тән жәндік:
а)ақ сұлама
ә)зауза қоңызы б)шұбалшаң
4. Өңештің
соңғы бөлімі кеңейіп жемсауға айналған құстар тобы:
а)дәнмен
қоректенетін ә)бунақденелілермен қоректенетін б)ұсақ кемірушілермен
қоректенетін
5. Құстар қарынының
бөлім саны:
а)1 ә)2 б)3
6.
Сүтқоректілердегі тіс түрінің саны:
а)2 ә)4 б)3
7. Үй қояның жақсы
дамыған тістері:
а)азу тістер
ә)күрек тістер б)сойдақ тістер
8. Иттің жақсы
дамыған тістері:
а)сойдақ тістер
ә)азу тістер б)күрек тістер
9. Етпен,
дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)2 ә)1 б)4
10. Өсімдіктекті
азықпен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)4 ә)2 б)1
Омыртқасыз жәндіктер және омыртқалы
жануарлардың тыныс алу жүйелерінің құрылысы.
1. Оттегін
сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын организмдер:
а)анаэробты
организмдер ә)аэробты организмдер
2. Оттегінсіз
тыныс алатын организмдер:
а)аэробты
организмдер ә)анаэробты организмдер
3. Гидраның тыныс
алуын қамтамасыз ететін мүшелер:
а)өкпе
қапшықтары ә)тыныс саңылауы б)бүкіл денесімен сіңіру арқылы
4. Шұбалшаңның
тыныс алуын жүзеге асыратын мүше:
а)сыртқы тері
жабыны ә)өкпе қапшықтары б)желбезек
5. Шаршылы өрмекшінің
тыныс алу мүшесі:
а)өкпе қапшығы
ә)демтүтік б)тері жабыны
6. Балықтардың
тынысалу мүшесі:
а)өкпе
ә)демтүтік б)желбезек
7. Ересектері
өкпе, дернәсілдері желбезек арқылы тыныс алатын жануарлар:
а)құстар
ә)балықтар б)жорғалаушылар в)қосмекенділер
8.
Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі:
а)желбезек ә)тері
б)ауа қапшығы
9.
Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі:
а)тері
ә)өкпе б)желбезек
10. Қосарлы
тыныс алатын омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар
ә)сүтқоректілер б)құстар в)жорғалаушылар
Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы
жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйелерінің құрылысы.
1. Денедегі
артық, зиянды заттардың сыртқа шығарылуын жүзеге асыратын мүшелер:
а)асқорыту
мүшелері ә)зәршығару мүшелері б)тыныс алу мүшелері
2.
Қарапайымдардың зиянды қалдық заттарды сыртқа шығару мүшесі:
а)жұлдызша
түтікше ә)мальпигий түтікшесі б)жиырылғыш вакуоль
3. Көпжасушалы
жануарлар организмінде түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттар:
а)көмірқышқыл
газы ә)несеп б)оттегі в)қанның қызыл түйіршіктері
г)нәжіс
4. Құрттардың
зиянды заттарды шығару мүшесі:
а)мальпигий
түтікшесі ә)жұлдызша түтікшесі б)жасыл түсті бір жұп
бездер
5.
Шаянтектестердің зәршығару мүшесі:
а)бүйрек ә)бездер
б)жасыл түсті бір жұп бездер в)мальпигий түтікшесі.
6. Бүйрек
және мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығаратын жәндік:
а)өрмекшілер
ә)құрттар б)бунақденелілер в)шаянтектестер
7.
Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі:
а)жұлдызды
түтікшелер ә)мальпигий түтікшелер б)бүйрек
в)жиырылған вакуоль
8. Бүйрек →несепағар →қуық арқылы зәр
шығаратын жануарлар:
а)омыртқасыз
жануарлар ә)омыртқалы жануарлар
9. Қуық болмайтын
омыртқалы жануарлар:
а)балықтар
ә)сүтқоректілер б)қосмекенділер в)құстар г)жорғалаушылар
Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың
қанайналым
жүйелерінің құрылысы .
1. Дене қуысына
тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым
жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
2. Қанның
жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылатын
қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым
жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
3. Ұлудың
жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша және екі
құлақша ә)екі қарынша және екі құлақша
б)құлақша және
қарынша
4. Түсі қызыл -
қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан:
а)вена қаны
ә)артерия қаны
5. Түсі
алқызыл, оттегіне қаныққан қан:
а)вена қаны
ә)артерия қаны
6. Балықтың
жүрегінің бөлімдері:
а)1
ә)2 б)3 в)4
7.
Қосмекенділердің жүрегінің бөлімдері:
а) 4 ә) 3 б)
2 в) 1
8. Қанның өкпе
мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы:
а)кіші қанайналым
шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
9. Қанды
жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден
жүрекке оралатын вена қантамырлар тармағы:
а)кіші қанайналым
шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
10.
Жорғалаушылар жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен
құлақша ә)екі қарынша мен екі құлақша б)қарынша мен екі құлақша
11. Жүрек
қарыншасы жартылай пердемен бөлінген омыртқалы жануарлар:
а)құстар
ә)қосмекенділер б)сүтқоректілер в)жорғалаушылар
12. Дене
температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді
жануарлар:
а)жылықанды
жануарлар ә)салқынқанды жануарлар
13. Дене
температурасы тұрақты, қоршаған орта температурасына тәуелді емес жануарлар:
а)салқынқанды
жануарлар ә)жылықанды жануарлар
14. Құстар жүрегінің
бөлімдері:
а) 1 ә)3 б)2
в)4
15.
Сүтқоректілер жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен екі
құлақша ә)қарынша мен құлақша б)екі қарынша мен екі құлақша
16. Жылықанды
омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар
ә)құстар б)қосмекенділер в)сүтқоректілер г)балықтар
Омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы
жануарлардың қозғалуы.
1. Жалғанаяқтары
арқылы қозғалатын жәндік:
а)эвглена
ә)кірпікшелі кебісше б)амеба
2. Жасыл
эвгленаның қозғалу мүшесі:
а) талшық
ә)жалғанаяқ б)кірпікше
3. Кірпікшелері
арқылы қозғалатын жәндік:
а)кебісше ә)амеба б)шұбалшаң
4. Қармалауыштары арқылы «адымдап» , «төңкеріліп»
қозғалатын жәндік:
а) шұбалшаң ә)айқұлақ б)гидра в)жүзім
ұлуы
5. Денесі
ұзарып-қысқарып , жіңішкеріп-жуандау арқылы қозғалатын жәндік:
а)шұбалшаң
ә)гидра б)айқұлақ в)ұлу
6. Реактивті
тәсілмен қозғалатын жәндіктер:
а) сегізаяқ
ә)жүзім ұлуы б)кальмар в)айқұлақ
7. Өзен
шаянының жүру аяқтары орналасқан дене бөлімі:
а)құрсақ ә)баскөкірек
8. Балықтың
суда төменгі қабатқа түсу, беткі қабатқа көтерілу, денесінің
тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын жүзбеқанаттары:
а)құйрық
жүзбеқанаты ә)көкірек, құйрық
жүзбеқанаты
б)екі арқа
жүзбеқанаты в)аналь жүзбеқанаты
9. Сазанның
торсылдағының атқаратын қызметі:
а) жүзуін реттеу
ә)дыбыс толқынын күшейтетін резонатор б)дыбыс шығару
10. Балықтың
алға қарай жүзуін реттейтін жүзбеқанаты:
а)көкірек
жүзбеқанаты ә)құйрық жүзбеқанаты
б)арқа
жүзбеқанаты в)құрсақ жүзбе қанаты
11. Аяқтары
болмағандықтан ирелендеп қозғалатын жорғалаушы:
а)кесіртке
ә)тасбақа б)жылан в)құбылғы
12. Алдыңғы
аяқтары қанатқа айналған омыртқалы жануарлар:
а)балықтар
ә)құстар б)жорғалаушылар в)сүтқоректілер
Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы
жануарлардың көбеюі.
1. Амебаның
көбею жолы:
а)жынысты жолмен
ә)жыныссыз жолмен б)бүршіктену арқылы
2. Бүршіктену
арқылы көбейетін жәндік:
а)кірпікшелі
кебісше ә)амеба б)жасыл эвглена в)гидра
3. Жынысты
жолмен көбеюге қатысатын жасушалар:
а)аталық жыныс
жасушасы ә)аналық жыныс жасушасы
б)аталық және
аналық жыныс жасушалары
4. Аналық
жыныс жасушасы:
а)жұмыртқа
жасушасы ә)сперматозоид
5. Аталық
жыныс жасушасы:
а)сперматозоид
ә)жұмыртқа жасуша
6. Ұрықтанған
жұмыртқа жасушасы:
а)гамета
ә)гермафродит б)зигота
7. Шұбалшаң
қандай жынысты жәндік:
а)дара жынысты
ә)қос жынысты немесе гермафродит
8. Жұмыртқа → дернәсіл
→қуыршақ→ ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:
а)шала түрленіп
даму сатысы ә)толық түрленіп даму сатысы
9. Жұмыртқа →дернәсіл→
ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:
а)шала
түрленіп даму сатысы ә)толық түрленіп даму
сатысы
10. Толық
түрленіп дамитын бунақденелілер:
а)көбелек
ә)шегіртке б)шыбын в)тарақан
11. Шала
түрленіп дамитын бунақденелілер:
а) маса
ә)инелік б)дәуіт в)қоңыз
12. Жорғалаушылардың
көбею жолы:
а)уылдырықтау
ә)жұмыртқалау б)баласын тірідей туу арқылы
13. Ширақ
балапан шығаратын құстар:
а)тауық ә)торғай
б)саңырау құр в)көгершін
14. Қызылшақа
балапан шығаратын құстар:
а)үйрек
ә)бозторғай б)бүркіт в)қарлығаш
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.