Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:





А.Тайманов атындағы № 34 мектеп - гимназия









Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.»



(7 сынып.)









Физика пәні мұғалімі: Шамғонова Д.Н.











2016-2017 оқу жылы





Күні:

Сыныбы: 7  

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және оның бірліктері  туралы түсінік  беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс   туралы білімдерді жетілдіру.

б) Тәрбиелік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, белсенділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты түсіндіру сабағы

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Бағалау. АКТ  қолдану.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, электронды оқулық, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, география, тарих

Сабақтың барысы:

I.Үйымдастыру кезең: а) Сәлемдесу. ә) Оқушыларды түгендеу.  

- Оқушылар , өткен сабақта қандай  ұғымдармен таныстыңыздар , қане естерімізге түсірейік:  Материалдық нүкте .  Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол  және орын ауыстыру. Траектория.

II.Үй тапсырмасын тексеру (5мин) 1. Сұрақ – жауап.

Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір  оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1.   Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)

2.   Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)

3.   Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

4.    Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).

5.   Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)

6.   Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан,  оны нұсқама  қойып, S әрпімен белгілейді)

Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , екінші бағанада уақыт  .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік  тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)

 2. Теңдікті түрлендір: (2 мин)

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = .......  м

12сағ = .......с

65см = ......м

45мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с




Жол (м)

Уақыт (с)

7км = 7000м

12сағ = 43200с

65см = 0,65м

45мин = 2700с

300мм = 0,3м

0,5сағ= 1800с

Тапсырма орындалды. Бүгін сіздермен  «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» -  туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.

ІІІ.  Жаңа сабақ. (10 мин). 

  Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады.   

Бірқалыпты қозғалыс

  Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

  Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады. Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалыс.  

Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс. Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып, бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.

Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін, немесе әрі бірқалыпты, әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін. Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.

Бірқалыпты емес  қозғалыс

  Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз. Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де  бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының  бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады. Мысалы жазық  бетте  домалаған  шардың бірте - бірте  тоқтауы  да  бірқалыпты емес қозғалыс болады. 

Оқушылар! Бірқалыпты емес қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.

Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене  өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын. Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы  мүмкін.  Ал бірдей  орын  ауыстыру  үшін   олар  әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса,  атты  кісі 1 сағат  ішінде  18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді.  Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде,  әртүрлі жол жүреді.    Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес. Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

  Жылдамдық -  физикалық шама.

Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Енді жылдамдықты  әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты  t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:  

S  орын ауыстыру, t - уақыт.

 Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген  жолын анықтауға болады: 
 

  Егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы  мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:

 

   Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни ол векторлық шама болып табылады.   Физикалық шамалардың векторлық қасиетін көрсету үшін сол шама белгісінің үстіне сызықша қойылады.

Оқушылар өз бойларының ұзындығын метрмен, өлшейді.Дәптердегі жазу жолдарының аралығын миллиметр, сантиметрмен өлшейді. Екі ауылдың арасын километрмен өлшейді.Бұл келтірілген өлшемдер ұзындықтың өлшемі.Дәл сол сияқты , жылдамдықтың өз өлшем бірліктері бар: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин;  см/с

Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)  деп атайды,ол м/с 

Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз?

 Жылдамдықты басқа бірліктермен , мысалы, секундына метр есебімен өрнектеуге болады.Ол  үшін  километрді  метрге, сағатты секундқа айналдырамыз.

Мысалы:  72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с

 Сонда  72 км /сағ = 72х1000/3600с =20 м/с.

Мысалы:   ұшақтың жылдамдығы 400 м/с, жарықтың таралу жылдамдығы   300 000 000 м/с,

жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ, дыбыс жылдамдығы 340 м/с,  тасбақаның жылдамдығы  0,05 м/с.

 Сіз  білесіз бе?

1.   60 км/сағ жылдамдықпен  қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.

2.    Спортшы 100 м қашықтыққа  жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

  ІV. Сабақты пысықтау. Ендеше келесі кезекті есепке берейік.

Әрбір топ берілген есептерді  орындайды. Әрбір топ өздеріне берілген есептерді  тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.

Есептер шығару

  № 1. Теңдікті түрлендір:

36 км /сағ =  10  м/с ; 6 км/мин =  100м/с ;

   54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с  = 1 м/с ; 

   250см/с  =  2,5м/ с ;  7,9 км/с = 7900м/с

  № 2

1 есеп

а)   Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.

 Берілгені: Формуласы: Шешуі:

S = 150 км

t  =  2,5 сағ V = S / t V = 150 км / 2,5 сағ = 60 км / сағ

табу керек :V-? Ж:  Жеңіл машинаның жылдамдығы сағатына  64 км/сағ

2 есеп

б)   Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

  Берілгені: ХБЖ   Формуласы:   Шешуі :

  t  =  30 мин   t=1800 V = S / t   V= 9 000м / 1 800 =5м/с  м/с

S =  9 км S = 9000 м 

  Жауабы: V = 5 м/с

 табу керек : V-?

3 есеп

в)  750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

 Берілгені:

= 750км/сағ 

 t   =  6 сағ     S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км 

  т/к :  S=?

V. « Кім жылдам?»


Қатысушы

Жылдамдық

Жылдамдық м/с

Орын

Акула

8,3 м/с



Қарға

47 км/сағ



Жираф

14,6 м/с



Қоян

60 км/сағ





Қатысушы

Жылдамдық

Жылдамдық м/с

Орын

Акула

8,3 м/с

8,3 м/с

ынталандыру

Қарға

47 км/сағ

13 м/с

3

Жираф

14,6 м/с

14,6 м/с

2

Қоян

60 км/сағ

16,7 м/с

1



VІ. Сабақты қорыту, бағалау.

Кластер құру:   Топтастыру әдісімен жылдамдық сөзіне анықтама  берейік.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4 Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

 VІІ.Үйге тапсырма беру

§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

§18.   Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

  5  жаттығу ( 4  )

 Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілу тапсырылады

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер жазады





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.11.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров24
Номер материала ДБ-394672
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх