Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Бозбала мен бойжеткен" тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Бозбала мен бойжеткен" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

hello_html_m3775e66e.png














































«Сыр сандық» қыздар ұйымы



1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер

Халқымыз ежелден ер азамат тәрбиесіне бар ниетін салып, үміт артқан. «Ел азаматымен сыйлы», «Елдің атын ер шығарады» деп ұлдарына қашан да сенім артқан.

1-жүргізуші: Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартып тұрған жоқ па?!

2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміз ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді сақтап, өнеге ұстаған ұл-қыздарымызға арналады.

1-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алды

Қобалжу бар, жүректе күдік барды.

Қазы алқасы атыңды ақта

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, - дей келе сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Мурсалимова М.Ә. – Музыка пәнінің мұғалімі

2. Болатбаева Н.Ә. – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Аяпов Қ.Е. – Технология пәнінің мұғалімі

2-жүргізуші: Махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі десек артық болмас.

1-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржаны сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді.

2-жүргізуші: Ендеше, осындай пәк махаббат иелерінің інілері мен сіңлілерін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: «Сүйген жарым, сүйенген жарым – сенсің»,

Деп Қалқаман Мамырмен серт етіскен.

Көкенайдың садағы екі айырып,

Қос ғашық амалсыздан «Хош!» десіскен.

Ортаға Қалқаман мен Мамырды шақырайық.

2-жүргізуші: Қалың қыпшақ қолы үшін,

Атқа мінген Қобыланды,

Бағалар адалдығы үшін

Сүйікті жары Құртқаны.

деп, Қобыланды мен Құртқаны шақырайық.

1-жүргізуші: Жыр жолдарын жадымызға жаттайық,

Осылардай сертке адал болайық.

Шынайы махаббаттың қос шынары,

Қозы менен Баянды қарсы алайық.

2-жүргізуші: Халқымыз ардақтаған хас батырды,

Мадақтап ұрпағына үлгі тұтты,

Шақырайық ортамызға Алпамыс пен

Батырдың жан серігі Гүлбаршынды.

1-жүргізуші: Жауына қарсы шапқанда қабағы тастай түйілген,

«Ақжүністей аруым» деп жүрегі езілген.

Шақырайық ортамызға зор ілтипат көрсетіп,

Ақжүніс пен Тарғынды батырлар жыры елінен.

2-жүргізуші: Жартас тауда кездесіп бір-біріне,

Сырласқан ғашық болып күнен күнге

Бүгінгі басқосудан қалмайық деп

Еңлік пен Кебек те келді міне.

1-жүргізуші: Ғашықтықтан айналған аты аңызға,

Ем бар ма екен жүректің жарасына.

Мұңды арман, пәк махаббат иелері

Төлеген мен Жібек келсін ортамызға.

2-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы шартына көшейік. Сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» деп аталады.

1-жүргізуші: Алдарыңызда өзінің музыкалық сәлемдемесімен 9 а класс оқушысы Дәулетова Әсемгүл. «Ертегілер» әні.

1-жүргізуші: Ата өнерінің ұрпағының қууы, оны мирас етуі – қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Ата-бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты өнерлерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнер де аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ас әзірлеу сияқты алуан түрлі өнерге баулып отырған.

2-жүргізуші: Ия, ата-бабаларымыздың айтуына қарағанда, қыз күйеуге шықпай тұрып, өнер мен біліктіліктің алпыс екі түрін меңгеруі керек екен.

1-жүргізуші: Ия, олай болса, сайысымыздың келесі шарты бойынша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап көрелік. (Көрініс)

2-жүргізуші: Алдарыңызда мектебіміздің жас әншілері, 9 б класс оқушыларының орындауында «Бозторғайым» әні.

2-жүргізуші: Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасса, дәстүр – атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі.

1-жүргізуші: Халқымызда «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

2-жүргізуші: Олай болса, сайыскерлеріміздің ... білімін байқап көрелік. (Сұрақ-жауап)

1. Әуеден ұшқан бұлдырық

Құбыладан соққан ызғырық

Жатқа кетіп барамын

Жаратқан соң қыз қылып.

Атасы жақсы құл болмас,

Анасы жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын,

Қыз еркелеп ұл болмас.

Қандай салт дәстүрден алынған үзінді?

(Қоштасу)

2. Есік ашар дәстүрі туралы айтып бер.

(Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш есік аша келуі дейді)

3. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Бұл дәстүр қалай аталады?

(Бауырына салу)

4. Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

(Байғазы)

5. Аузына түкірту қандай ырым?

(Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, т.б. елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан шыққан)

6. Кең байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «хабаршы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бұл қандай салт?

(Ақсақал-қарасақалдар аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.)

7. Ауызбастырық деген не?

(Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді.)

8. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлеген. Батаның қандай түрлерін білесіңдер?

(Жас талапкерге бата, дастарханға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы)

9. Сыралғы дегеніміз не?

(Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамаған)

10. Атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны қалай атайды?

(Қарашаңырақ)

11. А.Байтұрсыновтың

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы

өлең жолдарында қандай салт-дәстүр суреттелген?

(Наурыз күніне байланысты сөз. Аңызда әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?» деп тоқтатады екен)

12. Мінгені пайғампардың көк атан-ды,

Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.

Арқасында ақ атанның жауыры бар,

Баратын бұдан былай ауылым бар.

Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

үзіндісі қай өлеңнен алынған? Бұл өлең қай уақытта айтылады?

(Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір жарты шүберек, басқа да сол сияқты нәрселер береді).

1-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарып болғанша мектебіміздің жас әншісінің орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, -

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.

1-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

                                                                                                                                                                                  

Общая информация

Номер материала: 126396

Похожие материалы