Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудегі ағылшын тілі пәнінің рөлі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудегі ағылшын тілі пәнінің рөлі

библиотека
материалов





Бәсекеге қабілетті жеке

тұлға тәрбиелеудегі ағылшын тілі пәнінің рөлі





Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі : Баймухурова Алтынай

Бекеновна

Өскемен қаласы, « № 16 орта мектебі» КММ







Бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудегі ағылшын тілі пәнінің рөлі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарықтандыру саясатына жол ашылып, дүние жүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсті. Дамыған елдермен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде өркениетті ел болу үшін әлемдік білім кеңістігіне бет түзеу қажеттілігі туындады.

Бүгінгі таңда мектептің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2005-2010 жылға арналған Қазақстан Республикасының Білім дамыту мемлекеттік бағдарламасымен қоса 2015 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халықтың алдына үлкен мақсат қойды, сол мақсатқа жеткізетін міндеттерді анықтап берді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін »деген Қазақстан халқына жолдауында елімізде болашаққа құлаш сермейтін білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасы керек делінген.

Қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамдағы жариялылық, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы ағылшын тілін оқытуға деген сұраныстарды күшейтіп отыр. Осыдан 200 жыл бұрын француз тілі,300 жыл бұрын латын тілі, мың жыл бұрын араб тілі жер-жаһанды билесе қазіргі кезде ағылшын тілі дүниежүзілік маңызы бар тілге айналып отыр. Неліктен? Өйткені,біріншіден оның бәрі ғылымның дамуына байланысты.Қазіргі кезде ағылшын тілді елдердің экономикасының дүние жүзіне ықпалы артуда.Екіншіден, ағылшын тілі өнердің , әдебиет пен саясаттың , сауда-саттық және әр түрлі ресми қарым-қатынастар тілі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХХШ сессиясында сөйлеген сөзінде «ағылшын тілін кеңінен білмейінше ұлттың шынайы бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын болады.Мен бұл жерде еліміздің барлық азаматтары туралы айтып тұрмын. Тіпті төрт мың жылдық ұлттық тарихы мен мәдениеті бар бір жарым миллиардтық қытайдың өзі ағылшын тілін белсенді түрде меңгеруде. Жапония, Үндістан, Сингапур, Малайзия сияқты елдердің табысқа жетудегі маңызды факторларының бірі халықтың жаппай ағылшын тілін білуінде.

Еліміздің жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілін терең әрі қарқынды түрде оқытудың арнайы бағдарламасын жасаудың уақыты келді деп ойлаймын.Бұл бағдарламаға Ұлыбритания мен АҚШ-тың білім беретін ірі құрылымдарын тарту жөнінде ойлану қажет.

Мен барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырамын. Бұл олардың болашағы үшін маңызды »-деген болатын.

Елбасымыз өзінің жолдауларында да « ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады » деп атап өтті.

Сондықтан да бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу өте көкейтесті мәселе.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен ағымдағы ақпараттық материалдармен танысу барысында ғалым мұғалімдердің бұл мәселені зерттеу үстінде екенін білдік. Алайда ағылшын тілі пәні арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу әлі зерттеліп болмаған.

Бәсеке-конкуренция-латынша (concurrere) – қақтығысу деген мағына береді.

Бәсекелестік- жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрі. Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс ,тартыс түрінде көрінеді.Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет атқарады.(Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы,1999 жыл)

ХХШ ғасырдың бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеуде ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде мен алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

Оқу үрдісінде: оқушыларға жан-жақты сапалы білім беру,кәсіби шеберлікті дамыту.

Оқу-әдістемелік бағытта : Білім берудің озық, жаңа технологияларын білу,тиімді түрлерін ұтымды пайдалану, педагогикалық және ақпараттық жаңалықтардан хабардар болу,электрондық оқулықтарды пайдалану.

Тәрбиелік бағытта: ұлттық патриотизмге , өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі тануға, білім нарығында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Осы мақсаттарды шешу жолында Қазақстан Республикасының Білім Заңын, Қалалық Білім беру Басқармасының , мектептің және өзімнің өзекті тақырыбымды басшылыққа ала отырып жүргізілген зерттеулер барысында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін «Естідім-ұмыттым, оқыдым-есімде ,жасадым білемін» деген қытай мақалында айтылғандай жеке тұлға оқыту процесінде тек субьект қана емес , обьект болған кезде ғана нағыз білім беру жүзеге асатынына көзім жетті.

Зерттеу жұмысы ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылатын 10 г сыныбында жүргізілді. Зерттеу әдісі:бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу болды.

Өзімнің зерттеу жұмысымда мен мынадай болжам жасадым.Ол- ағылшын тілін оқушыларға өзінің ана тілімен салыстыра отырып үйрету.

Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде ағылшын тілінің өзіндік орыны бар екені баршамызға мәлім. Ағылшын тілін оқыта отырып оқушыларды елжандылыққа , интернационализм рухына тәрбиелеуге жол ашылады.Ағылшын тілі пәнінде әр түрлі мәтіндер, тақырыптарды оқи отырып, сол елдің тарихымен, өнерімен, мәдениетімен, ұлтымен жақынырақ танысады. Олар өз ұлтын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйренеді.Ағылшын тілін үйрету арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуға кең жол ашылады.Ағылшын тілін оқи отырып, оқушылар өз ана тілін терең меңгереді, сөйтіп ана тілі негізінде өзге тілді үйренеді.

Өйткені тілді үйрену кезінде ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек ұғынады. Бұдан бірнеше жылдар бұрын шетел тілін оқытуда ғалымдар шетел тіліндегі түрлі жаттығулар жасау арқылы тілді ана тілінсіз-ақ үйренуге болатындығын уағыздағаны мәлім. Алайда бұл үлкен қателік екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Оқушылардың бойындағы өз тіліне деген сүйіспеншілігі арқылы өзге ұлт тілдерін ұғындыруға, ол тілді құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік туады.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу үшін ағылшын тілі мұғалімдері сабақта және сабақтан тыс мынадай жұмыстар атқаруы тиіс:

1.Оқушыларға терең әрі жан-жақты білім беру және оны түсіндіріп, игерту.

2.Танымдық қабілеттерін дамыту,оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

3.Оқушыларды өмір бойы дербес оқуға, өз беттерімен ізденіп білім алуға дайындап, білімнен өздеріне қажеттерін ала білуге дағдыландыру.

4.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу.

5. Белгілі бір проблеманы шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, олардың өзіндік жұмыстарының ізденісті, зерттеу түрлерін ұйымдастыру.

6.Жұмыстың жұптық, топтық және ұжымдық түрлерін қолдану.

Осы мақсаттар негізінде бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның көрсеткіштері белгіленді.

1.Үш тілді жетік меңгерген.

2.Өзі тілін үйреніп жатқан ел мен оның мәдениетіне, біліміне,өнеріне,сол тілге деген қызығушылығы бар.

3.Өздерінің қабілеттеріне, мүдделеріне орай тілін үйреніп жатқан ел өкілдерімен байланыс орнату.( шетелдік волонтерлер жүргізетін курстарға қатысу,сол тілде хат жазысу,т.б)

4.Терең де тиянақты білім алуға өзінің бойындағы бар күш жігерін жұмсайтын.

5.Қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын.

6.Білім нарығындағы сайысқа үнемі әзір тұратын білімді де ойшыл жас.

Осы көрсеткіштер негізінде бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейлерін белгіледік. Тәрбиелік деңгейлерді 4 -бөлдік.

1-жоғары;2- орташа; 3- нашар; 4- өте нашар.

Ал тәжірибе –сынақ жұмысы эксперименттік 10 «Г» және 10 «М» бақылау сыныптары арасында жүргізілді. Барлық 6 көрсеткіштер бойында бар оқушыларды жоғары деңгейге , жартылай барларын орташа деңгейге жатқыздық .

Сонымен қоса осы екі сыныптардан мынадай мазмұндағы сауалнамалар алынды.

1.Ағылшын тілі пәнінің сенің өміріңдегі алатын орны?.

2.Ағылшын тілі оқу бағдарламасын меңгеру деңгейіңізді қалай бағалайсыз?

3.Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін ағылшын тілін білу міндетті деп ойлайсыз ба?

4.Ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны сізді қанағаттандыра ма?

5.Бұл пәннің сіздің болашағыңыз үшін қажеттілігі бар ма?

Бұл сауалнама қорытындысында 10 сынып оқушыларының 35% ағылшын тілін өздерінің болашақ мамандықтарымен байланыстыратынын білдік.

Осы мәселе практикада қаншалықты шешіледі екен деген оймен қаламыздың алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің сабақтарына қатысып ой бөлістім. Осының нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім.Оқытудың жаңа технологияларының бірі ақпараттық технологияны қолданып өткізген сабақтар қазіргі заман талабына сай болуымен қоса, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білім алуға деген қызығушылығын арттырады екен.

Осындай жұмыстармен қоса бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жұмыс бағдарламасын құрып, осы эксперименттің нәтижесін 10 «Г»сыныбында тексерудемін.

Жұмысымның негізгі бағдарламасы сабақтарымда оқытудың алдыңғы қатарлы, озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану болып табылады.

Ағылшын тілі мұғалімдері қызметінің түпкі нәтижесі оқушылардың ойлау, сөйлеу, жазу, пікірлесу қабілеттерін дамыту, сондықтан мен өз сабақтарымда осы мәселені шешу жолдарын қарастыруға тырысамын. Сабақтарымда оқытудың жаңа технологиясы жобалау әдістемесін жүйелі түрде қолданудамын. Бұл технологиямен жұмыс атқарудың маңыздылығы проблемалық ситуациялар туғызуда.

Проблемалық ситуациялар сабақты қызықты өткізуге ,оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс атқару дағдыларын дамытуға да пайдасын тигізеді. Тапсырмаларды іріктеген кезде сабақтың тақырыбын, мақсатын, оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін,қабілеттерін де ескеремін. Бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп берілген күрделі ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында олар түрлі жағдайларды салыстыру, қорытынды жасау процестерінен өтеді.Проблемалық ситуациялармен үнемі, жүйелі түрде жұмыс жүргізудің нәтижесінде ғана оқушылардың білім сапасын көтеру бағытында жақсы жетістіктерге жетуге болады.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану заман талабы болып отыр.Ағылшын тілі сабақтарында ақпаратты технологияларды қолдана отырып жүргізу оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген күдігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Оқу-тәрбие үрдісінде мынадай мүмкіндіктерге жеткізеді:

1.Оқу-тәрбие ісінің қарқыны жоғарылайды.

2.Оқытудың сапасы артады.

3.Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.

4.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, білімге құштарлығын арттырады.

Сондай-ақ сабақтарымда қолданып жүрген электронды оқулықтардың да мүмкіншіліктері аса зор болды. Бұл оқулықтардың көмегімен:

1.Оқушылардың пәнге қызығушылықтары артты.

2.Деңгейлік тапсырмалар орындауға мүмкіншіліктер зор болды.

3.Тестік тапсырмалар орындалды.

4.Алған білімдерін өздері тексерді.

5. Ойлау қабілеттері дамытылды.

6. Білім, білік дағдылары қалыптасты.

7. Анықтамалық ақпараттар алады.

Қорыта келе айтарым, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелейтін ұстаз ұлы ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтқанда «Айтқанын екі еткізбейтін, үстінен ешкім шағым айтуға батылы бармайтын білімі телегей теңіз, ақыл-ой парасатына да, ерік жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана оқушысына үлгі-өнеге көрсете алады. Ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, палап тілегін орындай алатын адам болуы керек» - деген екен.

Олай болса мемлекетіміздің мәртебесін өзге де өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін білім сапасын көтеріп, бәсекеге қабілетті білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелей берейік демекпін.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров268
Номер материала ДВ-268228
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх