Инфоурок География Другие методич. материалыДоклад по географии на тему "География пәнінде электрондық оқулықтарды қолдану ерекшеліктері"

Доклад по географии на тему "География пәнінде электрондық оқулықтарды қолдану ерекшеліктері"

Скачать материал

География пәнінде электрондық оқулықтарды қолдану

Ерекшеліктері



Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғарғы кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғарғы технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген.

Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту алға қойылған.

Қазіргі мектептерде географияны оқытуда электронды оқыту ресурстарын пайдаланылуда. Дана аталарымыздың «Не ексең – соны орасың» деген нақыл сөзінде қай заманда болсын мән-мағынасын жоймайтын үлкен ой жатыр. Олай дейтінім, білім саласында еңбек етіп жүрген барлық азаматтардың мойнында әр жанұяның абыройы, өз халқының болашағы, ұлтының тағдыры үшін арқалаған жауапкершілік жүгі бар. Яғни, мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі жанұя тірегі, ел азаматы, ұлтының болашағы. Бүгін оны сапалы біліммен сусындатып, жан-жақты тәрбиелеуге қаншалықты күш салсақ, ертең оған сондай дәрежеде салмақ арта аламыз. Бұл менің ғана ойым емес, бұл қалыптасқан тарихи ақиқат.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс...» деп батыл ойларын айтты.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жаңа заман талаптарына сай білім жүйесін жасап жатыр. Оның негізінде отандық ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге деген талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді азаматтарын дайындау міндеті жатыр. Сондықтан да біздің елімізде негізгі басымдылық ретінде білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау мәселелері өз шешімін табу керек, яғни білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты екендігін ұдайы назардан тыс қалдырмауымыз керек.

Қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қажет. Қазіргі таңда компьютердің ролі үлкен, ол күрделі география ғылымын барынша қолжетімді етіп береді.

Электронды білім беру ресурстары 3 түрге бөлініп жіктеледі:

  1. Сандық білім беру ресурстары – қазіргі кездегі мектептегі оқулықтарға қосымша электрондық компонент. СБР мұғалімдерді АКТ-ды ұдайы қолдануға дағдыландырады, қазіргі озық білім беру технологияларын пайдалануға ынталандырады.

  2. Күрделі құрылымдық ақпараттық көздер.

  3. Инновациялық оқу-әдістемелік кешендер. Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі, нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, мұғалым «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып, сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Оқушылардың барлық санатына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе, жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал басқа бір оқушылар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады.

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал – компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды. Ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

  • Шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

  • Дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

  • Гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

  • Қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды (мультимедия-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

  • Әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

  • Белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Географияда әрбір тарауды оқып-үйрену – оқушылар үшін үлкен қадам болып саналады. Ал кейбір оқушылар үшін география мектептегі ең қиын пәндердің бірі болып табылатыны да өтірік емес. Бұл орайда география пәні мұғалімдері жаңа білімнің игерілуін барлық уақытта жеңілдету мақсатында жұмыс жасап, дәстүрлі емес әдістерді көбірек пайдалануға тырысатыны ешкімге де құпия емес.

География пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. География адамзаттың жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. География оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Қазіргі жаңа әлемдік технологияны толық меңгеретін дәуір талабына сай мамандар дайындау басты міндет болып тұр, ал бұл мәселені шешуде география пәнінің алар орны ерекше. Сол себепті, география пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазіргі дамыған экономика, бәрінен бұрын, интеллектуалдық ресурстардың әлеуетәне арқа сүйейді. Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға ғана емес, осынау технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады. Сондықтан заманауи оқыту негізінде, балалардың шығармашылық тұрғыда, өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне айрықша назар аударуымыз қажет.

Бүгінде әрбір баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру керек. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман. Осы тұрғыдан алғанда, біздер – білім беру ісінің қызметкерлері, шәкірттердің қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар оқу сапасын жақсартуда нәтижелі жұмыстар жүргізуіміз қажет. Елімізде білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – дүниетанымы жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеп өсіру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по географии на тему "География пәнінде электрондық оқулықтарды қолдану ерекшеліктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 785
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азильханова Гульмира Азильхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 28639
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 981 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 380 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек