Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе "Тұлғаны рухани - адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі"

Эссе "Тұлғаны рухани - адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі"

Скачать материал

 

«Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі»       

                                                 «Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы...»

                                                                                    Әбу-Насыр Әль Фараби      

          Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытынан бері қазақ ұлтына рухани тәрбие беру  маңызды бағыт. Рухани адамгершілік-білім беру жас ұрпақтың бойына руханият пен бірге сыйластық, төзімділік, татулық, бақыт, құндылықтарын дарыту арқылы оқушының келешекте өз орнын таба білуіне ықпал етеді. 

        Қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық жағдайдың шиеленісуі, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың өршуі, рухани-адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің белең алуы, жеке адамның қоғамнан, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеуі жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.

Бұл мәселелер қазіргі таңда мектептерден бастау алуда. Қазіргі мектептердің негізгі міндеттерінің бірі – кез келген оқушының білімді меңгеруі ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиетін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен дамуына жол көрсету. Мектептердегі оқу-тәрбие ісінде негізгі мәселе оқушылардың тұлғааралық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелігін, сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу.

Ал, бүгінгі күні мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.

Қоғамның негізгі бағыты білімді де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептің негізге көкейкесті мәселелерінің бірі білім мен қатар тәрбие беру, яғни рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту. Жас ұрпақ бойына батылдық, әділдік, мейірім мен қайырымдылық, ізеттілік пен қамқорлық сезімдерін сіңіруді әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргізуі қажет.

           Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. А.Құнанбаев рухани-адамгершілікте бірінші қоятын талабы ұстамды таза болу, сыпайы мінезді, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынды. Екінші қоятын талабы-тұрақтылық «Қылам деген қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. Үшінші талабы-әділетшілдік. Әлеуметтік міндетіне келгенде ол дүниені белсене құрушы адамның бірі болу керек, халқы үшін, отаны үшін қызмет істеуі керек, сонда ғана ол адамгершілік міндетін ақтайды. Абай мейірімділік қасиетке терең мән береді, ол төртінші сөзінде «Рақымдылық, мейірбандық та әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды, оларда да болса игі десе, бұлар онда жүрек ісі болады, тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» адамдардың айтатын асыл сөзі, осы мейірбанды жүректен ғана шығатынын сөз көңілдің айнасы екенін сезімталдықпен айтты.       

          

Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытуда мұғалім маңызды фактор болып табылады. Мұғалімнің тәрбие үрдісіндегі алатын орны  бүкіл тәрбие ісін өз қолына алуында емес, тәрбиелеуде елеулі жетістіктерге жетуде оның ұйымдастырушылық, бағыттаушылық күшінде және шығармашылығында. Егер бала мұғалімнің бойындағы қасиеттерінен ашық мінез бен шындықты сезінсе, ол нағыз адамгершілік пен ізгілік болып табылады. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, оған үлкен үміт арту – мұғалімнің негізгі ұстанымы.

Рухани кемелдену жалпы тәрбие үрдісінің қаншалықты мақсатты, жүйелі, ұйымдасқан түрде жүргізілуіне байланысты, қоғамдағы өзгерістерге тәуелді. Бүгінде мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні жүргізіледі. «Өзін-өзі тану» пәні - жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіндігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін білім беру үлгісі.

Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әрбір өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты ұл-қыздарымыздың жеке өзі мен өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге баулу. «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалім ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып, балаларға жылы шыраймен, әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.

 «Өзін - өзі тану пәні» арқылы жан - жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір - біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиеленеді. Сондықтан да, пәнді оқытатын әрбір мұғалім өзі де үнемі жетілу, іздену, даму үстінде болса көздеген мақсатқа қол жеткізетініміз анық.

          Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиып, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып көпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз.

 

 

ПятимарЖОББМ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Кымбат Байзуллиновна

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Тұлғаны рухани - адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2017 2863
    • DOCX 18.3 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шукирова Кымбат Байзуллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шукирова Кымбат Байзуллиновна
    Шукирова Кымбат Байзуллиновна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28066
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой