Инфоурок Технология Другие методич. материалыЭссе на тему: "Менің педагогикалық шығармашылығым"

Эссе на тему: "Менің педагогикалық шығармашылығым"

Скачать материал

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Сағашилі ауылы

Сағашилі орта мектебі

Технология пәнінің мұғалімі

Сексенбай Даметкен

Жолымбетқызы

 

Менің педагогикалық шығармашылығым.  (эссе)

 

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд

            Мектеп – бұл картада көрсетілмеген бір шағын мемлекет.  Бұл мемлекетте тек ең мықты, ең табанды, ең жауапты, ең төзімді, ең шынайы, ең шыдамды, ең шыншыл, ең, ең, ең...  адамдар ғана тұрақты тұрғыны бола алады.  Мен де осы мемлекеттің бір тұрғыны болуды армандағанмын.

            Мұғалім... . Бұл менің бала кезімдегі арманымның бірі болатын. Осы арманымның орындалғанына өте ризамын. «Ұстаз» деген атаққа толық ие болу үшін, ең алдымен ұстазды балалар мойындау керек.  Балалар біздің сыншымыз, сырттай бақылаушымыз. Солардың көңілінен шығудың жолын қарай жүріп, біз осындай дәрежеге жеттік. Мен оларға осы үшін де ризамын. Балараға дұрыс жолды бағытап, дұрыс тәрбие бере отырып, өзімізді өзгертеміз. Мен олардың қателіктеріне, кемшіліктеріне шыдамдылық танытып, кешіре отырып, өзіме талап қойғыш болдым.
            Мен шәкірттеріммен тығыз қарым – қатынаста байланыс жасағаннан үлкен ләззат аламын.

Өмір бір орнында тұрмайды, бәрі өзгереді, алдыға жылжиды. Мектепте артта қалар емес, ол балалармен бірге дамып, жаңарып келеді. Ал, ұстаз қанша жыл өтсе де, мәңгі ұстаз болып қала береді.

            Сабаққа келгенде мен балаларға шығармашылықпен жасаған жұмыстарының, өздерінің жеке басының қайталанбас қабілеттерін анықтауға, өзін – өзі ашуға, тануға үйреткім келеді. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, олардың өз –өзіне деген сенімділігін, танымдық белсенділіктерін дамыту керек.

            Оқытудың тиімді және нәтижелі болуы үшін оқушымен кері байланыста болу керек. Оқушыларды саралап, деңгейлеп оқыту барысында мектепішілік «Қолөнер» үйірмесін өткіземін. Оның мазмұны халықтың әдет – ғұрып, салт дәстүрлері мен қолөнерімен таныстырып, тереңдетіп таныстыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру болды.

            Оқуға деген мотивациясы жоғары, дарынды балалармен оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, қосымша сабақтар жүргіземін. Үнемі қолөнер көрмелеріне қатысып, шығармашылық қабілеттерін ашады

Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті.

Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ақпараттандырушы, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.

Жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көргіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе, ұстаз қауымы аянбай еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдер қоғам, қоғамдастықтар, ата-аналар мен оқушылар алдында олардың мектебі беретін білім сапасына ұжым болып жауап береді. Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандықты қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім.

 Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару,  қуанып қайту,  өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».  

 (Ахмет Байтұрсынов)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему: "Менің педагогикалық шығармашылығым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.06.2015 2457
    • DOCX 17.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сексенбай Даметкен Жолымбеткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11292
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 079 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 589 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе