Инфоурок Физика СтатьиФизика пәні критерий бойынша бағалау

Физика пәні критерий бойынша бағалау

Скачать материал

 

Алматы облысы

 Панфилов ауданы

Головацкий атындағы орта мектептің

физика пәнінің мұғалімі Ноғаев Б.Т

Физика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін  критерийлер бойынша бағалау әдісі

      Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады. Сондықтан  бүгінгі таңда  оқушылардың  оқу жетістігін  бағалау педогогикалық  үдерістің маңызды  кезеңіне айналуда. Оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті - бағалауда деп те айтуға да болады.   Педогогиканың негізгі талабы: бағалау объктивті болуы тиіс. Себебі бағаны көтеріп қою немесе  төмендету  баланың ынталандырушы  функциясының төмендеуіне алып келеді.

Баға белгілі  бір психологиялық-педогогикалық жағдайларда оқушылардың оқу іс- әрекетін белсендететін мотив болып табылады. Бұдан оқушы жетістігін бағалау үдерісінде  оның оқу іс-әрекетінде оң мотивациясын қалыптастыру  үшін  білім- білік дағдыларын игерудегі психикалық үдерісінің дамуына және де жеке тұлғалық білімінің қалыптасуындағы жетістіктеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажеттігі шығады. Алайда бүгінгі күні  бағалауда мұндай параметрлер ескерілмейді.

  Жалпы  «Бағалау» термині латын тіліндегі  «жақын отыру»  мағынасында  жұмсалады .  Бағалаудың негізгі сипаты - бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.  

Сондықтан  білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың  нақты критерийлерін жасай отырып бағалауды дұрыс деп есептеймін. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады.  Критерий бойынша бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі  бір  критерийлер  арқылы бағалау болып табылады

               Критерий бойынша бағалауды енгізудің мақсаты:

 1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату.

2. Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі үшін  оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда  оқушының өзін-өзі бағалауына  баса назар аударылады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту қажеттілігі:

1. Бес балдық жүйенің қазіргі заман талабына сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы.

2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан  қайшылықтар.   

 3. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.

Критерий бойынша бағалаудың ұстанымдары:

1.  Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.  2.  Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критерий бойынша бағалаудың басты ерекшелігі:

1.Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 

2. Анық, айқындылығы;

3. Бағаның әділдігі;  

4. Өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

     Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

-сабақтың  басында оқу мақсатымен таныстыру.

-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.

-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критерий бойынша бағалаудың функциялары:

                Ынталандыру .  Белсенділік .  Түзету .   Дамытушы.

Принциптері:  Нақтылық        Әділдік          Жүйелік

Критерий бойынша   бағаның  қойылуы:

Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.

Критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:

1.  Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау.

2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу. 

3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау .

 4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтайды.

Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы  оқушыларымның  өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасы, өзіндік ойы, пікірі қалыптасады, есте сақтау қабілеттерінің, пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түюі, жауапкершіліктері артады. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін  біліп отырды. Критерий бойынша бағалау арқылы  оқушылар  өз деңгейлерін анықтай алды.  Бұл олардың білім деңгейлерін  көтеруіне  ықпалын  тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.        Мен өз сабақтарымда критерий бойынша бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерақтивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр топқа сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыландым. Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені физика  сабақтарында кейбір түсінуге қиын заңдарды,  ұғымдарды  дамыту,  жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді.  Әр сабақта оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткелік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау, жобалауды жүзеге асыру мақсатында   сабақ критерийлерін құрамын. Мысалы оқушылардың теориялық білімін бағалағанда сабақта мынадай критерий бойынша бағалаймын.

 

Параметрлер

Критерийлер

Дескрипторлар

бағасы

1.     Үй тапсырмасы

Өткен  материалды  меңгеруі

1.    Физикалық құбылыстарды, ұғымдарды, шамаларды,  заңдарды  біледі,есептер шығарылған

2.    Тақырыпты меңгерген, практикалық есептер шығаруда қиналады

3.    Құбылыстар мен ұғымдарды   байланыстыра алмайды

5

 

 

4

 

3

2.      Жаңы сабақ

Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты салыстыру, талдау жасау

 1.  Нақты деректермен дәлелдейді, сұрақтар туындата алады

2.                 Кейбір сұрақтар қиындықтар туғызады.

3.     Бірлескен жұмысқа қатысады бірақ өз ойын еркін жеткізе алмайды

5

 

4

 

3

Тарау немесе бөлім бойынша игерген білімдерін саралауда оқушы жетістігі деңгейі арқылы  бағалуды пайдаландым.

 

Оқушы жетістігінің деңгейі

Критерийлер

дескриптор

бағасы

1.    Жоғары деңгей

Білімін таныс емес жағдаяттарда қолдана алуы

Оқушы теориялық білімін жаңа жағдаяттарда қолдана алады. Қиындығы жоғары есептерді шығарады. Есептерді шешудің жаңа алгоритмін құра алады, зерттеушілік жұмыстар орындайды

5

2.    Орта деңгей

Білімін таныс жағдаяттарда қолдана алуы

Теориялық білімнің толық көлемін меңгерген.Өзінің теориялық білімін стандартты шарттары бар, бірнеше жолмен шығарылатын есептерді шығаруға қолданады

4

3. Төменгі деңгей

Түсіну деңгейін қайта жаңғырту

Игерілген білімнің төменгі деңгейін меңгерген.Формуланы оған дайын күйінде ғана ұсынылғанда ғана, үлгі бойынша есептер шығарады

3

Бақылау жұмысы кезінде оқушыларды төмендегі критерий бойынша бағалаймын, және осы критерилерді оқушыға ескертемін. Барлық жауап дұрыс, формулалар дұрыс қолданылса, өлшем бірліктер толық көрсетілсе «5» деген баға, ал егер барлық есеп дұрыс, бір қате (арифметикалық қате, өлшем бірлік көрсетілмесе, жауап толық болмаса) болса «4», ал егер бір есеп шықпаса, өлшем бірлігі болмаса «3», егер бір-ақ есеп шықса басқа есептер шықпаса «2» деген баға қойылады.

Мысалы 7 сыныпта  «Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық Жылдамдық бірліктері» тақырыбындағы сабағымда Блум таксонмиясы негіздеріне сүйене отырып сабақтың табыс критерийлерін құрып , дескриптор бойынша ұпаймен бағаладым.

 

Параметрі

Табыс критерийі

дескрипторы

ұпай

1

Білу, түсіну

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстың анықтамасын біледі, ажырата алады

2

2

Қолдану

Бірқалапты және бірқалыпты емес қозғалысқа мысалдар келтір

Қозғалыстарға мысалдар келтіреді, қолданды және дәлелдей алады

2

3

Талдау

Егер жол мен жылдамдық белгілі болса уақытты қалай табуға болады?

Формулалар мен өлшем біріліктерді байланыстырады

2

4

Жинақтау

Күннен жерге дейін 150 млн км. Жарық жылдамдығы 300000 км/с болса, жарық Күннен жерге қанша уақытта жетеді?

Формулаларды пайдаланып қозғалыстарға есептер шығарады

2

5

Бағалау

Қозғалыстарды қандай тәжірибе жасап бақылауға болады?

Критерийлерге  сүйеніп тақырыптың маңыздылығын айқындайды

2

 

Барлық ұпай саны

 

 

Оқушылардың деңгейлері  шкала бойынша 10 ұпай-«5», 8 ұпай- «4», 6 ұпай-«3», 4 ұпай-«2», 2 ұпай-«1» бағаланды.

   Критериалды бағалау нәтижесінде сабақ соңында тақырып бойынша  сынып оқушыларының «басым бөлігі» , «барлығы», «кейбіреуі» қаншалықты қандай деңгейде меңгергендігін саралауға мүмкіндік береді. Келесі сабақта неге баса назар аудару керектігін айқындап отырамын.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалау оқушыларға:  нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;  бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.

Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; баласының оқу үрдісін бақылай алуға;баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп,  оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізе аламыз.  Ал оқушыларымыз  әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да,  мұғалім де  өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

«Физика сабағында  оқушылардың  оқу жетістіктерін  критерийлер бойынша  бағалау  әдісі»/педагогикалық идея/

 

 

Физика пәні мұғалімі  Б.Т.Ноғаев

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика пәні критерий бойынша бағалау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 3481
    • DOCX 57.3 кбайт
    • 71 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ногаев Бауыржан Турсынович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ногаев Бауыржан Турсынович
    Ногаев Бауыржан Турсынович
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9177
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека