Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / ФИЗИКА ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

ФИЗИКА ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

библиотека
материалов

hello_html_m40aa9486.gifОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ,

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ


«№10 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны











http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRNsuhgmPXBqyPKZobxrlPP_dPWTCIkVePYPui4BMdylQuytwT5







2015 жылы әдістемелік кеңестің №2 бұйрығы негізінде колледж ішінде қолданылуына рұқсат етілді. Физика пәні мұғалімдері Пратова Ф., Кулметов А. іс-тәжірибесінен



Шымкент 2015 ж

Пратова Ф.

Кулметов А.



Оқу құралы физика пәнінен зертханалық жұмыстарды орындау үшін оқушылар тарапынан қолдан жасалған макеттер мен қаранғыланатын жасанды оптикалық скамья құралын

мүмкіншіліктері мен тиімділігін көрсетеді.



http://smallgames.ws/uploads/posts/2010-10/1286359989_smallgames.ws_4.jpg
















Шымкент 2015 ж

Алғы сөз

Әрбір педагогикалық технология жеке түлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін - өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Академик П.Л. Капица айтқандай; «Оқушы физикалық тәжірибені өзі жасағанда жақсы түсінеді. Тіпті жақсы түсініп ізденгені, оның құралды өзі қүрастырып жасағаны мұндайда әрдайым жемісті болады».

Жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді, виртуальды электрондық бағдарламаларды енгізе отырып, физиканың күре тамыры саналатын демонстрациялық және лабораториялық тәжірибелерді жаңарту, жетілдіру жолдарын қарастыру мәселесі күн тәртібінен алынған жоқ.

Физика-эксперименттік ғылым, ал тәжірибе - физикалық зерттеудің негізгі түрі. Мақсатына қарай тәжірибелер: жаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға, немесе тағайындалған физикалық заңның қолдану аймағын кеңейтуге арналған болады.


Физика кабинетінде сақталатын техника қауіпсіздік шаралары.

І. Электрлік жарақтардың себептері мен қасиеттері.

Физика кабинетіндегі электр желісі.

Электр тогы адам организмінен өткенде қыздыру, электр және биологиялық түрде әсер етеді.

Қыздыру әсері адам денесінің әр жерінде күйік түрінде, қан тамырларын және қанның өзін қыздыру сияқты әсер қалдырады. Бұлшық еттердің еріксіз тартылуы арқылы байқалатын тканьдердің тітіркенуі мен қозуы электр тоғының биологиялық әсеріне жатады.

Бұл айтылған әсерлер жарақаттануға апарып соғуы мүмкін. Жарақаттану түрінде электрлік күйік, электрлік белгі, терінің металдануы, электроофтальмия және механикалық зақымдану сияқты зардаптар жатады. Күйіктің тоқтан және доғадан пайда болған түрлерін ажыратады.

Тоқ күйігі адам денесі ток жүгіріп тұрған бөлшекке тікелей жанасқанда, ол арқылы ток өткенде пайда болады.

Доға күйігі – тканьнің күюін, көмірге айналуын және дененің көп жерін күйдіретін электр доғасының әсерінен туады.

Электрлік белгі дегеніміз электр әсерінен болатын тері бетіндегі сұр немесе сарғыш түсті айқын байқалатын таңба.

Металдану электр доғасымен бақыған металдың өте ұсақ бөлшектерінің адам терісіне енуі.

Электроофтальмия – көздің қасаң қабағының электр доғасынан бөлінетін ультракүлгін сәуле әсерінен ісінуі. Ондай сәулелер әр түрлі кернеудегі екі өткізгіштердің бір-біріне қысқа тұйықталу кезеңдерінде де пайда болады.

Механикалық зақымдануы – токтың әсерінен бұлшық еттердің еріксіз тартылуы. Бұл кезде адам құлап та қалуы немесе қолын, басын жақын тұрған заттарға соғып алып жарақаттануы мүмкін.

Электрлік соққылар токтың организмге әсеріне қарай төрт түрге бөлінеді:

  1. Адам есінен танбастан оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы

  2. Адамның есінен танып оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы, бірақ дем алысы тоқтамай, жүрегі соға береді.

  3. Естен танып, жүрек соғуы мен дем алысы өзгереді.

  4. Клиникалық өлім, яғни дем алуы мен қан айналысы тоқтайды.


Электрлік жарақаттанудың себептері – электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп , ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы, жұмыс орнын нашар даярлау салдары, қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер, сапасыз нұсқау, бағыттау материалдары.

Электр тогымен жарақаттану электрлік жарық жүйесінен де, күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы екі күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы екі жүйенің екеуінің де кіретін орындары бар. Әдетте жарық жүйесі – бір фазадан, ал күш жүйесі – үш фазадан тұрады.

Сымдарды тарту, бекіту, жөндеу және қабылдағыш құралдарға қосу оларды ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана жасалынады. Тартырған сым изоляциялы болуға тиіс те, оларды механикалық әсерден бүлінетін жерлерін сақтауға қосымша шаралар қолданылды. Оның үстіне операцияны жүргізгенде электрді токтан ажырату керек.

ІІ. Электр тогының организмге әсері.

Адамның денесі электр тогын жақсы өткізеді де, тері көбірек кедергі көрсетеді. 15-20 В кернеу үшін зақымдалған терісі құрғақ адам денесінің кедергісі 3-тен, 100-ге дейінгі кОм шамасында болады. Егер тері зақымдалған болса, кедергі 300-500 Ом-ға дейін төмендейді.

Адам денесінің кедергісі одан өтетін токтың мөлшеріне, өтетін мерзімінің ұзақтығына, жиілігіне байланысты. Осы параметрлер шамасы артұан сайын кедергі кеми түседі.

Қауіпсіз ток адам денесі арқылы ұзақ уақыт өткенімен адамға сезілмейді.

Сезілетін ток-өндірістік жиіліктегі 0,6 – 1,5 мА және тұрақты ток 5-7мА. Адам денесінен бұдан жоғары мөлшердегі токтардың бәрі сезілетін болғандықтан, осы шамалар токтың сезілу табалдырығы деп аталады.

Жібермеу табалдырығы тогының шамасы әр адам үшін әртүрлі.

Өндіріс жиілігі айнымалы ток тұрақты токтан 4-5 есе қауіптірек. Оны сезу және жібермеу табалдырықтарындағы ток мөлшерінен көруге болады.

Электр құралдарының ток жүретін бөліктерінің изоляциясыз болуы щиттер мен жүйелерде ток жүріп тұрған кезде жөндеу немесе профилактика жұмыстарын жүргізу, қорғаныс құрал-саймандардың дұрыс жұмыс жасамауы осылардың бәрі екі фазалық жанасуға апарып соғады.

Адам өмірі үшін қауіптірегі екі фазалық жанасу.

ІІІ. Зертханалық және демонстрациялық тәжірибелер жасаудағы жеке – дара қауіпсіздік шаралары.

Экспериментальдық электр қондырғыларды құрастыруға пайдаланатын өткізгіштердің бөлік изоляциясының көзге түсетіндей ақауы болмау керек. Изоляциясы жоқ өткізгіштерді пайдалануға мүлдем болмайды. Өткізгіштер ұшталып сақтандырғыш қаппен жабылуы тиіс, ал қысқыштарында пластмассаға престелген жиырылмайтын бүркеншегі болуы қажет. Өлшеу кезінде приборларға, конденсаторларға, трансформаторларға, резисторларға және өткізгіштерге тиісуге тиыс салынады.

Қондырғыны электр тізбегіне қосуда штепсельдік қосылыстар көп жағдайда бір фазалық және екі фазалық түйісуге мүмкіндік бермейді.

  1. Электр тізбегін құрастырған кезде өткізгіштердің қиылысуынан аулақ болыңдар, изоляциясы тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланыңыздар.

  2. Электр тізбегіне ток көзіне ең соңынан қосыңдар. Тізбектегі кернеуді тек приборлармен немесе кернеу көрсеткішінен тексеруге болады.

  3. Изоляциясы жоқ, кернеуі бар тізбек элементіне тиіспеңдер.

  4. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.

  5. Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.

  6. Жұмыс соңында электр көзін ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратындар.

  7. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса, дереу электр тогының көзінен ағытып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар.









Зертханалық жұмыстарға алдын ала 
дайындық.

Алдымен лабораториялық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар лабораториялық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқу керек. 
Зертханалық жұмысты орындау:

 Лабораториялық жұмыстың теориясын, негізгі мақсатын анықтап алған соң жұмысты орындауға кірісу керек. Бұл уақытта лабораториялық жұмыстың түсіндірмесінде көрсетілген приборларды жұмыс столында барма, бар болса, толық па осыны анықтап алу керек. Жетпейтін құралдарды сұрау керек. Енді құралдармен танысып оның бүлінген бүлінбегенін анықтау керек. Егер прибор бүлінген болса мұғалімге хабарлау керек. Осыдан кейін тәжірибе жоспарын жасап, оны мұғалімге көрсетіп алу керек. Жұмысты орындауға кіріскенде мына кеңесті есте ұстау керек. 

1. Жұмыс орны өлшеулер жүргізуге ыңғайлы болу керек. Жұмыс қондырғысының активті элементтері қол жетерлік жерге қойылған жөн, пассивті элементтерді активті элементтермен жұмыс істегенде бөгет жасамайтындай орналастырып техникалық қауіпсіздік жағын ескеріп жұмысқа кірісуге болады. 

2. Егер лабораториялық жұмыста электрлік схема болса, оларды жиып жалғастырып болған соң, мұғалімге көрсеткен соң ғана ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Мұғалімге көрсетпей, олардың рұқсатын алмай ток көзіне қосуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқушыны лабораториялық жұмысты орындауға жіберуге болмайды. 












1 Зертханалық жұмыс

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру

Құрал–жабдықтар׃ ток көзі‚ өткізгіш сымдар‚ қыздыру шамы‚ амперметр‚ вольтметр‚ кілт.

Жұмыс барысы:

1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер.

2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар

3. Тізбекті тұйықтаңдар.

4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.

І,А

U, B

R, Ом

1




2




3





5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.

6.Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

7.Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.

Тапсырма. Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділігінің графигін тұрғызып, сол функцияға сипаттама беріңдер.


Зертханалық жұмыстың макеті.

hello_html_63ca53a0.jpg






















2 Зертханалық жұмыс

Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау

Құрал-жабдықтар: меншікті кедергісі белгісіз материалдан жасалған өткізгіш сым, тұрақты кернеу көзі, амперметр, вольтметр, штангенциркуль, кілт, сызғыш, жалғастырушы сымдар.

Жұмысты орындауға нұскаулар :

1. Есепті шешіңдер : егер U кернеу кезінде үзындығы I және диаметрі d өткізгіш аркылы I ток өтетін болса, онда оның меншікті кедергісі неге тең болдады?

2. 1- суретте бейнеленген электр тізбегін жинастырыңдар және меншікті кедергіні анықтау үшін қажет шамалардың мәні өлшеңдер. Өлшеу нәтіжелерін кестеге жазыңдар.

3. Осы жұмыстың басында алынған формуланы пайдалана отырып, өткізгіштің меншікті кедергісін есептеңдер.


Өткізгіш сымның ұзындығы,

м

Сымның d диаметрі,

м

Сымның S

I

ток күші

А

U, кернеу

В

hello_html_m29eb0601.gif-меншікті кедергі

hello_html_141b5c34.gif








hello_html_m7e694665.gif; hello_html_m77690262.gif ; hello_html_609b2035.gif


hello_html_m64f7a2c7.gif; hello_html_m226ae789.gif; hello_html_m3c8a8ac4.gif

Зертханалық жұмыстың макеті.

hello_html_3c53ec1e.jpgC:\Users\4444\Desktop\Новая папка\20150214_143050.jpg








C:\Users\4444\Desktop\Новая папка\20150214_143115.jpg






C:\Users\4444\Desktop\Новая папка\20150214_143122.jpg







Оқушылар тәжірибе жасау кезіңде

16



Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров948
Номер материала ДВ-132552
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх