Инфоурок Физика Другие методич. материалыФизика 8 сынып. Ультрадыбыс. Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдвну

Физика 8 сынып. Ультрадыбыс. Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдвну

Скачать материал

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3В Магнит өрісі

Күні: 20.02.2016ж.

Сынып: 8 «b»

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Алдигулова Н.Ж., Амангельдиева А.

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Ультрадыбыс. Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ 9 Электромагниттік  толқындардың  жұтылу  нәтижесін  сипаттау,  мысалы,  қыздыру,  ионизация  және  тірі  клеткалар  мен  тканьдардың  зақымдануы;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ультрадыбыс мағынасын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі:

«Күннің шамадан тыс әсерінің қауіптілігі» тақырыбына эссе жазады

Кейбір оқушылар:

Электромагниттік толқынның физикалық және биологиялық әсерлерін салыстырады

Жетістік критерийлері

Сыни тұрғыда ойлау

Терінің өзіне қабылдайтын УК сәулелердің әсерін сипаттайды;

Коммуникативтік дағдылар Зерттеу дағдылары

· тері ұлпаларының зақымдану қауіптілігін;

· зақымданудың тері обырына әкеліп соғу мүмкіндігін көрсетеді; «қыздыру», «ионизация», «ұлпа» сөздерін эссе жазғанда дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ультрадыбыс туралы ұғымға ие болады.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ультрадыбыс

Ультразвук

Ultrasound

Диапозон

Диапозон

Range

Жиілік

Частота

Frequency

Жасуша

Клетка

Cell

Ұлпа

Ткань

the cloth

Ағза

Орган

Organ

Тері

Кожа

Leather

Ультракүлгін

Ультрафиолетовый

UV

Күн сәулесі

Сольнечный свет

sunlight

Иондану

Ионизация

Ionization

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Ультрадыбыс  (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімдітолқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.

Құндылықтарды дарыту

-                     Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар  тәрбиелеу.

-                     Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Биология

АКТ қолдану дағдылары

тапсырмаларды АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Электромагниттік шкала

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

 

 

 

8 мин

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару

"Білімін шыңдау"

Оқушылар сұраққа жауап береді

1.Ультракүлгін сәулелердің қасиеттері қандай? (ауыру тудырушы бактерияларды жояды)

2.Күн сәулесінің адам ағзасына әсері қандай?

 

 

 

 

 

Оқушылар хабарламасы

Сабақтың ортасы

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі:

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімдітолқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.

Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.

Спектрдің күлгін бөлігінің сыртында байқалатын, толқын ұзындығы күлгін жарықтың толқын ұзындығынан (l<3,9*10-7м) қысқа болып келетін сәулелер ультракүлгін сәулелер деп аталады. Ультракүлгін сәулелердің химиялық активтігі жоғары.

Ультракүлгін сәуле – көзге көрінбейтін электромагниттік сәуле, ол электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін сәуле мен рентген сәулесі аралығын алып жатыр.
         Ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы - 100 ден 400 нм (1 нм = 10 м) аралығында. Жарықтандырудың Халықаралық комиссиясының (CIE) классификациясы бойынша ультракүлгін сәуле  үш диапазонға бөлінеді:

             UV-A – ұзын толқынды (315 - 400 нм)
                   UV-B – орта толқынды (280 - 315 нм)
                   UV-C -  қысқа толқынды (100 - 280 нм)
     Ультракүлгін сәуленің барлық облысы шарты түрде былайша бөлінеді:
-           жақын (400-200нм);
-           алыс немесе вакуумды (200-10 нм).

  • Жақын ультракүлгін сәулені 1801 жылы неміс физигі Н.Риттер мен  ағылшын ғалымы У.Волластон  бұл сәуленің күміс хлоридіне фотохимиялық әсерін зерттеу барысында ашылды.
  • Вакуумдағы ультракүлгін сәулені неміс физигі В.Шуман құрастырған флюоритті призма мен желатинсіз фотопластинкасы бар ваккумді спектрографтің көмегімен ашылды. Құрал 130 нм. қысқа толқынды сәулені тіркеді.
  • Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта ең алғаш рет 1890 жылы Россияда П.В.Эвальд атты дәрігер қолданды.

Қасиеті:Химиялық белсенділігі жоғары, көзге көрінбейді, өтімділік қабілеті жоғары, микроағзаларды өлтіреді, аз дозада адам ағзасына пайдалы (загар), бірақ үлкен дозада кері биологиялық әсер көрсетеді: жасушаның дамуы және зат алмасу өзгереді, көзге әсері жоғары.

Ультракүлгін сәуле спектрі:

·         сызықтық (атомдары, иондары және жеңіл молекулалары);

·         жолақ (ауыр молекулалары);

·         үздіксіз (электрондардың тежелуі кезінде және рекомбинациясы кезінде туындайды).

Ультракүлгін сәуле көздері:

·         Температурасы t>10000С болатын барлық қатты денелер, сондай-ақ сынап буында

·         Жұлдыздар (соның ішінде Күн)

·         Лазерлі құрылғылар;

·         Трубкасы кварцтан (кварцты лампа), сынапты болып келген газ разрядты лампа.

Ғарыштан келетін  жарықтың 40%-і көрінетін жарықты, 50%-ы инфрақызыл сәулені, 10%-ы ультракүлгін сәулені құрайды. Озон қабаты ультракүлгін сәуледен жер бетін қорғайды.

 

Тақырыбы: Ультрадыбыс. Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдану

Ал енді тақтада не бейнеленген? Оқушылардан тақтадан түстерді таңдайды

 

 

Биология мұғалімі:

Қазіргі таңда ультрадыбыс – ең маңызды әрі кеңінен қолданылатын медицина өнертабыстарының бірі.

Ультрадыбыс, әдетте, жатырдағы нәрестенің жағдайын бақылау мақсатында қолданылады. Дәрігерлер өсу үстіндегі ұрықтың өлшемдерін алып, оның дамуындағы ауытқуларды пайда болғаннан-ақ анықтай алады.

Сондай-ақ, ультрадыбыс ата-анаға өзінің әлі дүниеге келмеген сәбиін көруге мүмкіндік береді.Тіпті, оның жынысын да анықтай алады! Бұл бейнелер тіпті бір-бірінің үстіне орналасып, жатырдағы ұрықтың таңғаларлық үш өлшемді бейнесін де жасай алады.Ультрадыбыс жүктілік кезіндегі зерттеулермен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, ол өт қабындағы тастарды анықтау және жүректі зерттеу мақсатында қолданылады.Ультрадыбыс қолданудың қарапайымдылығы, кең таралуы және зиянды әсерінің аздығы, оны медициналық диагностика құралдарының ең маңыздысы етіп көрсетеді.

Күннен қашып, көлеңкені саяласаңыз да ультракүлгін сәуледен пайда болған тері жарақаты ұзақ уақыт жазылмайды. Күн ваннасын, сондай-ақ, соляри қабылдағаннан кейін ультракүлгін сәулелену терінің түсін кіргізетін мелани затын түзетін меланоциттің арнайы жасушасындағы ДНК-ны зақымдайды. Ал бұл өз кезегінде тері обырының  пайда болуына себепкер болады.
Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, терінің зат алмасуы, қан айналысы жақсарады. Терідегі минерал заттарының алмасуын қалыптастыратын «Д» дәрумені көбейеді. Сондай-ақ күнге күю әр түрлі тері ауруларын (терлегіштік, безеу тағы басқа) емдеуге пайдалы. Сәуледегі Д витамині сынғыш, әлсіз сүйектің жетілуіне, қатаюына, өзіне қажетті дәруменді сіңіруіне сеп болады. Сонымен бірге «Д» дәрумені тіс, тырнақ, шашқа ең қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Ал ең бастысы, күн сәулесі терінің саңырауқұлақты ауруларының микробтарын жоюға қабілетті.

Инфрақызыл сәулелер тері, артрит, ревматизм тәрізді ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Инфрақызыл сәулелер денеге енгеннен кейін температураны көтеріп, ол жерде ылғал бар болса, оны кептіріп жібере алады. Әсересе күйген жерде ылығалданып тұратын тері ауруларын емдеуде таптырмас құрал. Жалпы ифрақызыл сәулелерімен емдегенде олардың әсер еткен жеріндегі температураны көтеретін қасиеті пайдаланылады.

"Миға шабуыл"

(оқушы қолындағы термин сөздердің анықтамаларын іздеп табу керек)

Жасуша

 тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.

Ұлпа

өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі

Ағза

белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе.

Тері

адам денесінің сыртқы жабыны

ДНК

тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі.

Иондану

электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер әсерінен жүзеге асуы мүмкін

Ультракүлгін

жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. 

Қыздыру, инфрақызыл сәуле

кез-келген қызған дене шығарады

Радиация

иондану сәуле шығаруы; электромагнитты және корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi;

Электромагниттік сәулелену

электромагниттік өрістердің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі.

 

Оқушыларға видео алдында сұрақтар таратылады. Олар видео арқылы жауаптарын ізденеді.

 

Диалогті оқыту сұрақ бойынша

«Ақпарат алмасу»

1.Қатерлі ісікте қолданылатын сәуле түрі?

Гамма сәулелер – электромагниттік спектрдегі толқын ұзындығы ең қысқа және энергиясы ең көп сәулелер.Оның иондаушы күші қатерлі ісікті емдеуде қолданылады.

2. Қазіргі таңда диагностикалық медицинада Рентген сәулелерінің маңызы қандай?

Қазіргі таңда сүйек емес, ұлпадан өтетін рентген сәулелері адамның ішкі құрылысының дәл кескінін алу үшін медициналық диагностикада кең таралған

3.Иондану процесі дегеніміз не?

Басты қауіп - олардың атомдар мен молекулалар арқылы өткенде ондағы электрондарды жылжыта алуында. Бұл "иондану процесі" деп аталады.Иондану тірі жасушаларды зақымдайды, тіпті жойып жібере алады.

4.Гамма сәулелерінің көмегімен қатерлі ісік ауруын қалай емдейді?

Гамма сәулелер ісікке әр түрлі бұрышпен бағытталады.Олар тек нақты бір жерді көздейтіндіктен, айналасындағы ұлпаларға зиян тигізбей, зақымданған жасушаларды жоя алады.

5.Дәрігерлер рентген мен гамма сәулелерінен қорғану үшін нені пайдаланады?

Экрандауды пайдаланады.Экрандау оларды емделушілер үшін өмірлік маңызы зор аса қатерлі сәулелерден қорғайды.

6.Көрінетін жарық қасиеті қандай?

Адамдарда көру қабілетін туғызады

7.Электромагниттік толқын дегеніміз не?

Бір-біріне перпендикуляр бағытта таралатын магнит өрісі де, электр өрісі де бар толқынды айтамыз

8.Электромагниттік спектр деген не?

 Электромагниттік толқындарының барлық диапазондарының жиынтығы

9. Рентген  сәулесі

Өту қабілеті өте жоғары және барлық тірі организмдерге ең көп зиян келтіретін сәуле

10. Ультрадыбыс  дегеніміз не?

Адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімдітолқындар

 

Кері байланыс

1. Гамма сәулелер – электромагниттік спектрдегі толқын ұзындығы ең қысқа және энергиясы ең көп сәулелер.Оның иондаушы күші қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Қатерлі ісікте қолданылатын сәуле түрі?

2. Қазіргі таңда сүйек емес, ұлпадан өтетін рентген сәулелері адамның ішкі құрылысының дәл кескінін алу үшін медициналық диагностикада кең таралған Қазіргі таңда диагностикалық медицинада Рентген сәулелерінің маңызы қандай?

3. Гамма сәулелер ісікке әр түрлі бұрышпен бағытталады.Олар тек нақты бір жерді көздейтіндіктен, айналасындағы ұлпаларға зиян тигізбей, зақымданған жасушаларды жоя алады. Гамма сәулелерінің көмегімен қатерлі ісік ауруын қалай емдейді?

4. Басты қауіп - олардың атомдар мен молекулалар арқылы өткенде ондағы электрондарды жылжыта алуында. Бұл "иондану процесі" деп аталады.Иондану тірі жасушаларды зақымдайды, тіпті жойып жібере алады. Иондану процесі дегеніміз не?

5. Экрандауды пайдаланады.Экрандау оларды емделушілер үшін өмірлік маңызы зор аса қатерлі сәулелерден қорғайды Дәрігерлер рентген мен гамма сәулелерінен қорғану үшін нені пайдаланады?

 

Мұғалім сөзі: бүгін сабақтың маңызын түсінікті болса, тақырыпқа байланысты Күннің шамадан тыс әсерінің қауіптілігі эссе жазамыз. Келесі сөздерді өз эсселерінде қолдануды тапсырыңыз: «қыздыру», «ионизация», «ұлпа». Оқушылар өз бетінше жұмыс жасауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикум

30 мин

Оқу мақсатына жетуге арналған тапсырмалар

 

 

 

 

 

ОМ 9

Тапсырма

 

 

 

 

 

 

Таратпа қағаздар

Сабақтын соңы

5 мин

 

 

 

 

Үйге тапсырма

2 мин

 

Рефлексия

3 мин

Мұғалім бүгінгі сабақта оқушылардың «Күннің шамадан тыс әсерінің қауіптілігі» тақырыбына жазған эсселеріне қосымша ақпарат көздерін айтып және Ультрадыбыстың медицинада қолданылуына бейнероликтерді ұсынып қорытындылайды.

Электромагниттік сәулелену тақырыбын қорытындылау

 

 

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

 

Оқушылар

хабарламасы

 

 

Физика

8 сынып

 

 

 

Рефлексия паракшалары

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

«Күннің шамадан тыс әсерінің қауіптілігі» тақырыбына эссе жазады

Оқушылардың көпшілігі:

Ультрадыбыстың таралуын біледі

Кейбір оқушылар:

Ультрадыбыстың медицинада кеңінен қолданылатына оқып біледі

Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

 Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медицина: бактерицидті, мутагенді, терапевтикалық (емдік), профилактикалық әсері бар,  дезинфекция; лазерлі биомедицинада қолданылады. Ультракүлгін сәуленің ағзада жеіспеушілігі  авитаминозға, иммунитеттің төмендеуіне, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне, психикалық тұрақсыздыққа әкеп соғады.

    Ультракүлгін сәуле фосфорлы -
кальцийлі алмасуға жақсы әсер етеді, теріде D витаминінің пайда болуын реттейді, ағзадағы барлық  метаболиялық процесстерге көмектеседі. Ультракүлгін сәуле ағзаның қорғаныс механизмінің белсенділігін жоғарылатады. Май алмасу көрсетіші жақсартады, тыныс алу функциясы жақсарады және т.б.

Адамға әсері:

Оң әсері:

    - Ультракүлгін сәуле ағзада кальциийдің түзілуін қамтамасыз ететін Д витаминінің пайда болуын реттейді және қаңқа сүйегінің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.

    - ультракүлгін сәуле күндік биологиялық ритмге әсер ететін гармондар талдамасына белсенді әсер етеді.

    - бактерицидті функция

   - зерттеулер қанды ульракүлгін жарықпен сәулелендіргенде қандағыадамның эмоциялық үйіне әсер ететін “сергектік гармоны ” – серотониннің 7%-ға көбейгенін көресетті, оның ағзада жетіспеуі депрессияға, көңіл-күйдің құбылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай ақ ульракүлгін сәуле эндокринді және оралық нерв жүйесінің тежелуіне әкеп соғатын – мелатониннің 28%-ға төмендеті.

 Кері әсері:

     — аз уақытта алынған үлкен дозадағы сәулелену (мысалы, күн сәулесінің әсерінен болған күйік).

    — көзге әсері.

Қолданылуы:

Тамақ өндірісінде: Суды, ауаны, ғимаратты, қаптаманы залалсыздандыруға ульракүлгін сәулені қолданады. Ультракүлгін сәуле физикалық фактор ретінде микроағзалардың өмір сүру ортасын залалсыздандыруға өте үлкен дәрежеде әсер етеді, мысалы 99,9% пайызға дейін.

Косметологияда: Косметологияда әдемі, тегіс загар алу үшін қолданылады.

Криминалистикада: Ғалымдар өте аз дозадағы жарылғыш заттарды анықтап, табатын технология ойлап шығарды.  Құрал ауадағы, судағы, қылмысқа қатысы бар адамның киіміндегі, терісіндегі жарылғыш заттардың мөлшерін анықтайды. 

Шоу-бизнесте:  Жарықтандыру, жарық эффектісі

Полиграфияда:  мөр мен штамп дайындауда қолданылады

1877 жылы ағылшын ғалымдары Даун және Блант бактериялар күн сәулесінің әсерінен көбейе алмай қалатынын айтты. Кейін зерттеу барысында микроағзалардың көрінетін жарық, сонымен бірге ультракүлгін сәулеге өте сезімтал екендігі анықталыды.

Ультракүлгін сәуледен қорғану:

Күнге қарсы экран қолдану:

                   - химиялық (химиялық заттар және кремдер);

                   - физикалық (сәулені жұтатын, шағылдыратын түрлі кедергілер).

 Арнайы киім (мысалы, поплиннен дайындалған).

Көзді қорғауға көзәйнек, шлемдер қолданылады.

 Ультракүлгін сәуленің барлық толқын ұзындығынан толығымен қорғану үшін қалыңдығы 2 мм. флинтглаз (қорғасыны бар әйнек) қолданылады.

Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта қолдану барысында белгілі дозада пайдалану көптеген ауру түрлерінде жақсы терапевтикалық эффект береді. Ультракүлгін сәуле ауырғандық сезімін басуға, қабынуғу қарсы, иммунитетті жоғарылатуға және т.б. көмекеседі. Оны қолдану терідегі беткі жарақаттың тез жазылуына және жүйке және сүйек ұлпаларын регенерациялауға септігін тигізеді. Ультракүлгін сәулені төмендегі ауру түрлеріне қолдануға болады: буын, тыныс алу, әйелдердің жыныс мүшелерінің, жүйке жүйесі, түрлі жараларға және т.б. Алдын алу мақсатында: рахит, сүйе туберкулезі, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсылығын нығайтуға.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика 8 сынып. Ультрадыбыс. Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдвну"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

  • 02.06.2019
  • 459
  • 12
«Физика (базовый и профильный уровни)», Тихомирова С.А., Яворский Б.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2019 2172
    • DOCX 429.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдигулова Назерке Жаскайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60200
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
Сейчас в эфире

Консультация иммунолога-аллерголога. Индивидуальный подход к вакцинопрофилактике детей: кому, когда, как и зачем?

Перейти к трансляции