Инфоурок Физика Рабочие программыФизикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№59 Жалпы білім беретін орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

Тақырыбы: §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

7  – сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Есембекова Ж.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

§2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника.

Қазiргi әлемдегi физика.

Өткізілген күні:________________________

 

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

 

Сабақтың  тақырыбы:  §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

 

 Сабақтың мақсаты:

Табиғат ұғымына анықтама беру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру. Физика – табиғат туралы ғылым екендігін дәлелдеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео материал

 

Сабақтың жоспары:

а)Ұйымдастыру кезеңіне – 2 минут

ә) Үй жұмысын тексеру – 5 минут

б)Жаңа сабақты түсіндіру – 15 минут

в) Бекіту тапсырмаларын орындау – 15 минут

г) Қорытындылау – 5 минут

д)Үйге тапсырма беру – 2 минут

е)Оқушыларды бағалау – 1 минут

 

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және сабаққа көңіл бөлу.

ә) Үй жұмысын тексеру: үйге берілген тапсырманы тексеру.

б)Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақтың тақырыбын жазу, физика мен техника арасындағы байланысты түсіндіру, ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканын айтулы жетістіктерін баяндау.

в)Сабақты бекіту кезеңі: оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап алу.

д) рефлексия:

г)Үйге тапсырма беру: §2 оқу мазмұндау.

е) Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

§2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника.

Қазiргi әлемдегi физика.

Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады.

Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады.

Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды. 

Физика және техника 20ғ.  ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.

Біріншіденғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.

Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.

Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.

20 ғ. ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне»парапар, 20 ғ. физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

·  Физиктер атом ядросындаеы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмірмұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.

·  20 ғ. адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымыз - Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев-тар да аса күрделі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.

Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты борыш.

·  20 ғ. ғажайыптарының бірі - лазердің өмірге келуі. 60 жж. басында осындай айтулы жаңалықты ашып бергені үшін Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г. Басов пен A.M. Прохоровқа және АҚШ-тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді.

Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең қолданыс табуда.

·  Адамзат ақыл-ойының 20 ғ. қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электпрондық есептеуіш техникасы.

Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық(информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.

Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, 20 ғ. ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. 20 ғ. үлесіне тиетін басқа да тамаша физикалық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қатарында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтарды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын, т. б. атауға болады.

Физика мен техниканың дамуына басқа ғылымдар да игі әсерін тигізуде. Соның ішінде астрономияматематикахимиябиология сияқты жаратылыстану пәндерінің орны мен қызметі айрықша зор.

 

в)Сабақты бекіту кезеңі:

1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран).

2. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам).

3. Керек санды тересің,

Елге сәлем бересің. (Телефон).

4. Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды,

Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды. (Ұшақ).

5. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі – бері көшіп (Поезд).

6. Сымға асылып, жүр асығып,

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді.

Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус).

7. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай).

8. Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта. (Электр шамы).

9. Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп, айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (Космос кораблі).

10. Баласының саны жоқ,

Ал  өзінің жаны жоқ. (Инкубатор).

д) рефлексия:

г)Үйге тапсырма беру: §2 оқу мазмұндау.

е) Бағалау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

 

Сабақтың  тақырыбы:  §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

 

 Сабақтың мақсаты:

Табиғат ұғымына анықтама беру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру. Физика – табиғат туралы ғылым екендігін дәлелдеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео материал

 

Сабақтың жоспары:

а)Ұйымдастыру кезеңіне – 2 минут

ә) Үй жұмысын тексеру – 5 минут

б)Жаңа сабақты түсіндіру – 15 минут

в) Бекіту тапсырмаларын орындау – 15 минут

г) Қорытындылау – 5 минут

д)Үйге тапсырма беру – 2 минут

 

е)Оқушыларды бағалау – 1 минут

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2015 2602
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есембекова Жулдыз Жуанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есембекова Жулдыз Жуанышевна
    Есембекова Жулдыз Жуанышевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19825
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе