Инфоурок Другое Научные работыҚыз - өмірдің қызғалдағы.

Қыз - өмірдің қызғалдағы.

Скачать материал

 

 

Бекі бастауыш мектеп ММ

 

 

 

 

 

 

«Қыз – өмірдің қызғалдағы.»

 

 

 

 

 

 

                   Орындаған: А.Бердібекова

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жыл

 

Қыз – өмірдің қызғалдағы.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті арыттыру. Оқушылардың бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киімімен таныстыру.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Нақыл сөздер, гүлдер, шар.

Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.

Қыз – өмірдің гүлі.

Қыз – ауылдың көркі

Жігіт – ауылдың серісі.

Мұғалім.

Құрметті асыл аналар,

Қадірлі ұстаздар, оқушылар!

Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше ақ жаулықты асыл аналар бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаңды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп – өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш – ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән – мағына жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – «Ана» есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын – жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез – келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардың туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар!

Қадірлі аналар бүгінгі «Қыз – өмірдің қызғалдағы» атты сайысымызға хош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы аруларымызды қол соғып қошеметтеп қарсы алайық!

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Нақ аруды таңдап бүгін алуға – деп сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыс шартымен таныстыру.

1.Таныстыру

2. «Сыр сандық сұрақтары» (сұраққа жауап)

3.Қол өнері (ою-ойып көрсету)

4.Сән думан (ұлттық – киім үлгісін көрсету)

5. Салт – дәстүр (айтыс)

6. Өнерліге өріс кең  (өз өнерін көрсету)

Ұлтымыздың салт – дәстүрін қадірлейік, тәрбие мен білімді тең игерген болашағы қазақтың деп тілейік, - деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысқа мектебіміздің мақтаныштары, он саусағынан өнер тамған сері жігіттеріміз бен ару қыздарымыз қатысып отыр.

1.Таныстыру.

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын.

Құрметтеп ата – баба, салт - дәстүрін.

Тыңдайық кезекпенен аруларды

Сызылып ортамызға келген бүгін, -

деп кезекті өзін-өзі таныстыруға береміз.

2.Сыр сандық сұрақтары.

(Салт – дәстүрге байланысты сұрақтар)

Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

3.Қол өнері (ою-ойып жапсыру)

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата – баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, - деп келесі кезекті ою оюға береміз. Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын, қазақ халқы тек өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен қөзге түседі. Соның бірі ою ойып жапсыру.

4. Ұлдар сайысы.

Халқымыз «жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деген. Мұның түп – төркіні жігіт барлық жерде де әр қырымен танылып, бірақ оның сыры біреу ғана деген сөз.

Жігіттерген өсиет.

Жақсы бол, жігіт болсаң ел көргендей

Досыңа қосылғанда дем бергендей.

Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке

Тұйғынға қапастағы жем бергендей.

Жігіт бол, жігіт болсаң бұлғақтамай,

Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.

Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі

Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай, - деп «Ұлға отыз үйден тыйым, он үйден сын» демекші ер жігітке де айтылатын сын көп, қойылар талап жоғары. Сондықтан сері жігіттерімізді де бір сынап көрейік.

А)Мақал жалғастыру.

Шебер болсақ, тіл айып,

Шешендіктер бір ғайып,

Мақал – мәтел үйреніп

Тізімізді шыңдайық – деп кезекті мақал – мәтел сайысына берейк.

5.Сән думан (ұлттық киім үлгіле)

Сұлулық табиғаттан басталады.

Көктеммен олар бірге шаттанады

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап

Сән думанға барлығы аттанады.

6.Салт – дәстүр. (Айтыс өнерін көрсету)

Кең өлке барма қазақ даласындай

Ал дана бар ма қазақ данасындай.

Айтыссын енді біздің нар ақындар,

Қазақтың Біржаны мен Сарасындай, - деп айтыс өнерін тамашалайық.

Мейірімділікті анадан үйрен

Әдептілікті данадан үйрен, деп ой түйген халқымыз от тілді, орақ ауызды ақындарды қастерлеп, олардың айтыстарына мән беріп, қадір тұтқан және өзінің ғасырлар бойғы рухани даналығы болып саналатын айтыс өнерін жас ұрпақты баулуға пайдаланып ұрпақтан – ұрпаққа үлгі етіп жеткізіп отырған. Халқымыздың асыл мұрасы айтыс өнері жас талғамайды.

7. Өнерліге өріс кең (өнер кезеңі)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Арулар аянбай – ақ жан салыпты.

Мұғалім.

Барына риза болсын көрермендер

Көрсетті өнерлерін жас өркендер

Осымен «Ару сыны» аяқталсын.

Қазылар берсін енді шын бағасын.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қыз - өмірдің қызғалдағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Анаға деген сүйіспеншілікті арыттыру. Оқушылардың бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киімімен таныстыру. Құрметті асыл аналар,

Қадірлі ұстаздар, оқушылар!

Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше ақ жаулықты асыл аналар бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаңды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп – өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш – ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән – мағына жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – «Ана» есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын – жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез – келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 568 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2018 581
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердибекова Акмарал Абжатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бердибекова Акмарал Абжатовна
    Бердибекова Акмарал Абжатовна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26835
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов