Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / ОБЖ / Рабочие программы / Калашников автоматы мен пулеметі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Калашников автоматы мен пулеметі

библиотека
материалов

Бекітемін:______________

мектеп директоры Салқынбаев Т А

Пәні: алғашқы әскери дайындық

Сабақ өтетін сынып:10

1.Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсінуде өз бетімен және топпен оқу арқылы теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушының алдына сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетілдіру.Танымдық дағдысын дамытып,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әскери жарғы ережелерді құрметтеуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

-өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып Калашников автоматы (қаруы) туралы жан-жақты түсінік алып, қаруды қолдану ережелерін үйренеді.

3. Уақыты: 45 минут.

  1. Өткізілетін орны: 10 сынып, № 9 БӘД кабинеті

  2. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,интер белсенді тақта,оқу қаруы,қару-жарақ столы,презентация,бейне үзіктер,бағалау парағы

  3. Сабақтың әдіс-тәсілдері:бөлімшелік ,деңгейлік

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

-оқушылардың сапқа тұруы

-взвод командирінің баяндауы

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушылардың сырт келбетін тексеру

-оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақтың ұраны:



Бірінші және екінші санау арқылы бөлімшеге бөлінеді

Бөлімше командиріне бағалау парағын беру



Бөлімше ережесімен танысу.

1.Ұйымшылдық

2 Бөлімшемен бірге болу

3.Уақытты үнемдеу

4.Бірін бірі тыңдай білу

5.Пікір алмасу

6.Белсенділік көрсету.

7.Өзара көмек

8.Әскери кішіпейілділік қарым-қатынаста болу

9.Сынды қабылдай білу

10 Бөлімше командирін,өзімізді-өзіміз әділ бағалау

  1. Сабақтың құрылымы:

Сабақ төрт бөлімнен тұрады: үй тапсырмасы,жаңа сабақты өзіміз меңгереміз,сабақты бекіту,және қорытынды

ІІІ .Үй тапсырмасын сұрау

-Алдыңғы тақырыпта оқылған материалды еске түсіру

-Белсенді әрекетке жұмылдыру

-Ойлау жұмысына ынталандыру

Жаңа тақырып

Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.

1Атыс қаруларына шолу

2.М.Т. Калашников кім

3.АК-47 туралы бейнеүзік тамашалау

4.АК-47 атылу процессі

5.Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді.

Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді.

Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.

Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар.

Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондармен атуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуінен сақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі – пышақты қосатын тірек болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршеніне арналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келте түтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.

Қосқыш - жалғастырғыш шетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігі болады.

Ұңғы қорабы автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққыш - ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.

Ұңғы қорапшасының:

а) ішінде – бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тірулер болып табылады;

ә) артында үстіне қарай саңылаулар (с

б) бүйірлі қабырғаларында – төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқыш механизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.

в) астыңғы жағында – оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналған терезелер болады.

Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.

Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.

Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.

Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).

Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.

Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған.

Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.

Соққышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмет етеді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді.

Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.

Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.

Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сым қию ұшін пайдаланылады.


6.Жалпы автомат құрлысына шолу

7.Калашников автоматының жанұясы

8.Калашников автоматы туралы деректер

9.Калашников туралы бейне үзік

10.Калашниковтың әлемге таралуы

11.АК-74 М-16 ға қарсы


12. Сабақты бекіту

13.Үй тапсырмасы



Краткое описание документа:

1.  Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсінуде өз бетімен және топпен оқу арқылы теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушының  алдына сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетілдіру.Танымдық дағдысын дамытып,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әскери жарғы ережелерді құрметтеуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

-өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып Калашников автоматы (қаруы) туралы жан-жақты түсінік алып, қаруды қолдану ережелерін үйренеді.

Автор
Дата добавления 07.12.2014
Раздел ОБЖ
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1001
Номер материала 176868
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх