Инфоурок Другое Другие методич. материалыКайталау сабагы 1 сынып

Кайталау сабагы 1 сынып

Скачать материал

1 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Кел,қайталайық!

Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Модуль бойынша сөздерді бекіту.Ойын түрлері арқылы ой-өрісін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Түрлі тапсырмаларды орындау барысында танымдылық қабілеттерін арттыру. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін  сахналау барысында кейіпкерлердің сөз мәнерін, мінез - құлқын жеткізе білуге,  қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы

Әдісі: Ойын, ертегі айту, сахналау, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: әріптер, суреттер, ертегі мазмұнына сәйкес сурет – таблицалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Балаларды сабаққа ынталандыру  мақсатында,  

шаттық шеңберінен басталады:
                                                  Қайырлы  таң алтын күн!

Қайырлы таң көк аспан!

                                                   Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Дыбыстарды анық айту үшін артикуляциялық аппаратты ретке келтірейік, ол үшін жаттығулар жасайық:

 «Күлімсіреу», «Түтікше», «Есік ашылды» - ерінге арналған жаттығулар.

«Құймақ», «Тәтті тосап», «Мысық ашуланды», «Әткеншек» - тілге арналған жаттығулар.

Тыныс пен жұмыс: «Көбелекті ұшыр» - мұрынмен терең тыныс аламыз, екі ұртқа ауа жинамай, ерін сәл алға созып, үрлеп, көбелекті ұшырамыз.

-         Балалар көбелек неге келіп  қонды? бұл не?- Гүл.

-         Гүлдің түсі қандай?

-         Бұл гүлдер жәй гүлдер емес екен, бұл гүлге жасырынған  әріп  бар екен.

-         Бұл қандай әріп?

-         «Ә» әріпіне қандай сөздерді білеміз? Қане есімізге түсірейік.

Көбелегіміз келесі гүлге қоныпты. Қане көрейік, келесі тапсырма «Артығын алып таста» әдісі бойынша суретті ретімен қойып,қандай ертегі екенін тауып, айтып беріңдер.

 

 

 

 

-         Бұл ертегі қалай аталады?

-         «Мақта қыз бен мысық»

-         Ендеше біз қонақтарға осы ертегіні сахналап көрсетейік (топпен жұмыс)

-         Автор Әділхан: Ерте, ерте, ертеде,
                             Мақта қыз бен мысық.

-                                      Екеуі дос болыпты.

-         Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп мейіз тауып алады да, мысығын шақырады.

-         Мақта қыз Милана: - Мысық, мысық қайдасың?
- Мысығым  менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.

-         Автор Әділхан: мысық келмейді. Мақта қыз мейізді жеп қояды.

-         Мақта қыз – Милана - Мысығым-ау, мысығым,
                                          Таңертең де, кеште де,
                                          Бетін жуған пысығым.
                                         Айтқаныма көне ғой.
                                         Шақырғанда піш-піш деп,
                                        «Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

-         Автор Әділхан:  Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық - Адемі. Менің атым мысық,
                                 Екі көзім қысық.
                                Тышқан аулап отырамын
                                 Сүт-көжемді ішіп.
Мысық - Адемі.: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық - Адемі. Ендеше, мен сенің сүтіңді төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Мысық - Адемі. Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Сүт әкеліп бер!

-         Автор Әділхан:   Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Ариша Менің атым сиыр,
                            Өрісім алыс қиыр.
                            Етім үшін, сүтім үшін,
                            Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық - Адемі. Мяу, сиыр, сиыр, маған сүт берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ бер. Сонда мен саған сүт беремін.

-         Автор Әділхан: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш – Эмир- Мен жасыл ағашпын,
                           Күтсеңдер гүл ашам,
                            Жолыңа нұр шашам,
                           Жапырағым азық,
                           Бұтағым қазық.
                           Саяма сағаларсың,
                           Салқындап дем аларсың.
Мысық - Адемі. Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш- Эмир: Маған су бер,сонда мен саған жапырақ беремін.
Автор Әділхан:  Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады
Қыздар: Даша Б., Карина ,Есения-(девочки хором)  Су - тіршілік негізі,        

-         Онсыз өмір сүрмейсің. Тазалықтың негізі,Су деп және білгейсің .            
Мысық - Адемі.  Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар- Даша Б., Карина, Есения: Сен бізге сағыз бер. Сонда біз саған су береміз.

-         Автор Әділхан:  Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық - Адемі. Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - София - Маған жұмыртқа бер, мен саған сағыз берем.

-         Автор Әділхан:  Мысық  жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Эвелина Мен тауықпын-
                                Өзім қақсауықпын.
                                Күніне бір жұмыртқа табам,
                                Осыған жетеді шамам

-         Мысық - Адемі. Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық:  Сен маған дән бер, сонда мен саған жұмыртқа беремін. Мұғалім: Мысық не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде тышқан жүгіріп шығады.
Тышқан –Талап- Мен тышқанмын,

-                                         Өзім дән екпеймін.
                                Егістен ұзап кетпеймін,
                               Айналам толы ән,
                               Қоймам толы дән,
                               Дәнді тастап кетпеймін –

-         Автор Әділхан:  - тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
Мысық - Адемі. Мяу, тышқан,тышқан  маған жұмыртқа берші.

-         Тышқан: Міне, ал.

-         Мысық - Адемі. – рахмет тышқан.

-         Автор Әділхан:    мысық дәнді тауыққа береді,тауық жұмыртқа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған сүт береді, сүтті мысық Мақта қызға береді.

-         Мысық - Адемі.  Мақта қыз, міне сүт айтқаныңды тыңдаймын. .

-         Мұғалім: Сөйтіп Мақта қыз сүтін ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

-         Балалар  бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-         Балалар бас бармақ арқылы бағалайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кайталау сабагы 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2017 1263
    • DOCX 184 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еримбетова Шамсия Мубараковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Еримбетова Шамсия Мубараковна
    Еримбетова Шамсия Мубараковна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 1396
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой