Инфоурок Всеобщая история КонспектыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Скачать материал

11 сынып.

Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде –Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту және жүйелі ойлау, өздігінен жеке топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін сүюге, қандай да болмасын өктемділікке, күш көрсетуге қарсы тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру.

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың әдісі: ізденіс, зерттеу, пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кенесары, Махамбет, Сырым Датұлының сүреттері, карта.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе: Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы сүреттері бойынша әңгімелеу.

ІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалім:

Тәуелсіздік жолында күрескен батырлар Кенесары, Сырым, Исатай, Махамбет батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Жаужүрек батыр, жерім деп, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ –кенесары Қасымұлы. Оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.

1.      Тарихшылар тобы: тақырыпты түсіндіреді.

Көтерілістің себептері: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинауы. Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.

Көтерілістің қозғаушы күштері- қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты.

Көтерілістің барысы, негізгі оқиғалар- 1836 жылдан бастап, ағалары мен әкесі өлгеннен кейін Кенесары көтерілістің басшысы болады. Көтеріліске Кенесарының туыс-інілері-Ержан, Құдайменді, Иса, Қошқарбай, және басқалары белсене араласады. Олардың ішінде Наурызбай, Бопай және Әбілғазылар ерекше ерлік көрсетеді. Кенесары Қасымұлы өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Кей кездері оның сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Соғыс қимылдары 1838 жылы Ақмола бекінісіне шабуыл жасаудан басталды. Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жібереді. Көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды.  1838 жылы Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Ташкентке аттанған Кенесары көтерілісшілері арасында жұқпалы ауру тарағандықтан, жорықты тоқтатады.   

2.      Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгілермен белгілейді.

3.      Әдебиетшілер тобы: Кенесары жайлы мағлұмат береді.

Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мәліметтер бере аласыздар?

1-оқушы:

-          Кенесары Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті ханы Абылайдың немересі болған. Ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.

2-оқушы:

-          Кенесары –жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, халықты ұйымдастырушы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан Кенесары Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған.

3-оқушы:

-          Кенесары-азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінің де әйгілі батырлары болды. Осы шайқастарда Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. Бұған оның Ақмола бекінісін қалай алғаны дәлел.

4-оқушы:

-          Кенесары Қасымұлының патша үкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, ол қару алып, күресуге бел байлайды. Ол өзінің соңғы хатында «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша үкіметінің әскерлері біздің ауылды 15 рет шауып кетті. Сондықтан, біздер мұндай қысымға, талан-таражға шыдай алмай басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсе де, тыныштық бермеді. Сол себерті мен Кенесары Қасымұлы қаруланып алып, күресті бастауға аттандым» депті.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Талапкерлер тобы: бүгінгі конференция сабағын қорытындылап, сұрақтар қояды.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: Бүгінгі конференция сабағында алған әсерім, мені ойлантатын жағдайлар, Кенесары менің идеалым, «Ер тұлғалы Кенесары» тарихи шығарма жазып келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары.1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде - Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің тарихи маңызын ашып көрсету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2014 2247
    • DOCX 16.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Назгуль Уалихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 92939
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе