Инфоурок Другое Другие методич. материалыКөңілді жарыс "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"

Көңілді жарыс "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"

Скачать материал

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

  Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік  құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Өтілетін орны:  Спорт зал

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар т.б құрал жабдықтар.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді ұстаздар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты көңілді жарысымызға қош келдіңіздер.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік –ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!

(Әнұран шырқалады)

Жарысқа  «Ақбота» және «Толағай» топтарының оқушылары қатысады.
Жарысқа  қатысушы командаларды ортаға шақырайық.
Көңілді сайысымыз 2 командадан тұрады

Екі топ өздерін таныстырады.

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.     Мектеп директоры Серкенов Жомарт Амантайұлы.

2.    Мектеп психологы Омарова Алмагүл Қайыпқызы.

3.    Математика пән мұғалімі Кабылова Алия Кенжебайқызы

4.    Мәдениет үйінің меңгерушісі Ахметова Асмемгүл Жұбанышқызы.

 

Жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

 

 

 

 

Бүгінгі спорттық сайыс 8  кезеңнен  тұрады.

 

1.     «Мұртты кенгуру» сайысы.

2.     «Пингвин» сайысы.

3.    « Көңілді секіртпелер» сайысы

4.     «Қаңбақ шар» сайысы.

5.     «Доп лақтыру» сайысы.

6.     «Теннис шарымен жүру»  сайысы.

7.     «Қаппен секіру» сайысы

8.     «Әтештер» сайысы

 

 

1.«Мұртты кенгуру» сайысы.

 

 Шарты: Балалар  қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа партаның бетінде тұрған параққа Тәуелсіздікке қатысты сөздер жазады. Қайтарда жүгіріп келеді.

 

2.«Пингвин» сайысы.

    Шарты: Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

 

3. «Көңілді секіртпелер» сайысы.
  Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі межеге дейін жетіп, жалаушаны алып кері жүгіріп келіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.

4.«Қаңбақ шар» сайысы. 

Шарты:  Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.

 

5. «Доп лақтыру» сайысы.

Шарты: Баскетбол добын жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу.

 

6. «Теннис шарымен жүру» сайысы.

Шарты: Оқушы тенис шарымен жүгіріп, жалаудан айналып, кері қайтадан жүгіреді. Келесі оқушы ойын жалғастырады.

 

7. «Қаппен секіру» сайысы

Шарты: Оқушылар қапты киіп, секіріп барып, алда тұрған орындықты айналып кері секіріп қайту. Келесі оқушылар ойынды жалғастырады.

 

8. « Әтештер » сайысы

Шарты: Әр топтан  1 ұл баладан шығып шеңбер ішінде бір аяқтарын ұстап бір – бірін итеріп шеңберден шығарады.

 

Жүргізуші: Енді сайысымыздың  жеңімпазарын таныстыру үшін  сөзді  әділ-қазылар алқасына береміз.

Мұғалім:

Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін  қорғайтын!

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

 

 Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбымен өткізілген көңілді жарысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңілді жарыс

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

 

 

SUPER097

 

 

            Дене шынықтыру пән мұғалімі:                           Буханов Н:Е.

          «Жас Ұлан » балалар  мен  жасөспірімдер

           ұйымының тәлімгері:                                               Буханова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көңілді жарыс "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 329 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 524
    • DOCX 43.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буханов Нуржан Есказыевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Буханов Нуржан Есказыевич
    Буханов Нуржан Есказыевич
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1398
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой