Инфоурок География Другие методич. материалыКіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Скачать материал

6-сынып

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Мақсаты:

Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі

3.     Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі

4.     Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

5.     Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

6.     Сабақты қорытындылау кезеңі

7.     Бағалау кезеңі

8.     Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйым-дастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10 мин)

1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:

1) Жер туралы не білесіңдер?

2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?

3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.

4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.

5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

 

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:

1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.

2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта  физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.

 

1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:

1) Жер – күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.

2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник…

3) Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.

4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.

5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.

2. 1) 6 материк – Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.

2) 4 – Тынық, Атлант, Үнді, СММ

Аталған атауларды картадан көрсетеді.

 

3. Жаңа материалға көшу кезеңі

(2 мин)

                    География

 
ФГ                         ЭӘГ

 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.

4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)

1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.

 География ғылымы және оның салалары. Физикалық география.  Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.

 Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.

2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

 Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.

Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.

Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы.  XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.

 Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд.

Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы  әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.

Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы.  XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (9 мин)

Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру.

Оқушылар өз немесе мұғалімнің  қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

1. География ғылымы нені зерттейді?

2. Физикалық география немен шұғылданады?

3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?

4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?

5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.

6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

7. Бағалау кезеңі

(1 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1239
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альхожаева Сандугаш Серкиовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альхожаева Сандугаш Серкиовна
    Альхожаева Сандугаш Серкиовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14432
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 431 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек