Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час на тему "Шынықсаң шымыр боласың"

Классный час на тему "Шынықсаң шымыр боласың"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқын байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру;

Дамытушылық: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету;

Тәрбиелік: жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау), күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Сабақ түрі: салауаттылық сағаты

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ барысы

«Тазалық денсаулық негізі, саулық-байлық негізі»-деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріп отыр. Өйткені дамыған экономика жағдайында-ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғаны баршамызға мәлім. Денсаулық үшін күрес әр адамның өз міндеті, соны жас кезден түсіну қажет. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз сайыс сабағы ретінде өткелі отыр. Екі топ болып сайысады. Сайыстың кезеңдері:

1. Ой шақыру

2. Ассоциациялау әдісі бойынша «Зиянды заттар» толтыру

3. Ситуациялық сұрақ

4. Мақал-мәтел сайысы

5. Денсаулық тесті. Сұрақ-жауап       

6. П. К. Ивановтың 12 өсиеті

7. «5 минуттық эссе»

8. Қорытынды

І. Ой шақыру

            «Шынықсаң шымыр боласың» жайлы өз ойларын айту

            ІІ. Ассоциациялау әдісі бойынша  (әр бір сөз жазған үшін бір ұпай)

 

 

            ІІІ. Ситуациялық сұрақтар

І топ. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал. Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасын асырау үшін «арақ заводына» жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейінен ол аз-аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Ситуациядан қалай шығуға болады?

ІІ топ. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алады. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сендердің пікірлерің?

 

    ІV. Мақал-мәтел сайысы

1. Жарлының байлығы- (саулығы)

2. Ас қадірің білмесең

    (Ашаршылықта көрерсің)

3. Елемеген (ауру) жаман

    Ескермеген жау жаман

4. Ауруын жасырған (өледі)

5. Тазалық- (денсаулық) кепілі

6. Дана көптен шығады, дәрі (шөптен) шығады

            V. Денсаулық тесті. Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап (1-5 ұпай аралығында)

1. Сезім мүшелеріне не жатады? (көз, құлақ, мұрын)

2. Темекіден туындайтын ауруларды ата (қолқа демікпесі, өкпе ауруы т.б.)

3. Денсаулыққа зиян келтіретін не? (күн тәртібін бұзу, жеке бас тазалығын сақтамау, аз қозғалу, артық тамақтану, уақытты бос өткізу)

4. Еуропада темекіні не дейді? (Табаго)

5. Гигиена деген не? (грек тілінен аударғанда денсаулық әкелуші деген мағына береді)

(екі топтың да ұпай сандары есептелінеді, жеңген топ анықталынады)

Денсаулық тесті

1. Сен жыл бойы тіс дәрігеріне неше рет барасың?

-1 рет-0 ұпай

-тіс ауырған кезде -1 ұпай

-ешқашан барған емеспін -15 ұпай

2. Тырнағыңды жиі күтесің бе?

-аптасына 1 рет немесе ешкім айтпай-ақ жиі-10 ұпай

-анам айтқан кезде-5 ұпай

-айына 1 рет-10 ұпай

3. Сен басыңды жиі жуасың ба?

-аптасына 1 рет немесе ешкім айтпай-ақ жиі-10 ұпай

-анам айтқан кезде-5 ұпай

-айына 1 рет-10 ұпай

4. Бет қимылмен жұмыс істейсің бе?

-күн сайын-1 ұпай

-кейде-2 ұпай

-ұмытып кетемін-10 ұпай

5. Стресті, жүйке қажуын қалай кетіресің?

-бәрін сындырамын, айқайлаймын, жылаймын-10 ұпай

-жағымды музыка тыңдаймын-2 ұпай

-билеймін-3 ұпай

6-7 ұпай. Денсаулықты сақтай ережелерін бұлжытпай орындайды екенсің, денсаулығын жақсы болады

7-20 ұпай. Салауатты өмір салты ережелерін орындап, аурулардан сақтануға көңіл бөл.

20-55 ұпай. Саған гигена ережелерін, яғни аурулардан сақтандыру жолдары жайлы ойлану керек.

VІ.  П. К. Ивановтың 12 өсиеті

1. Күніне екі рет табиғи суға шомыл. Қалай шомыласың оны жағдайың біледі: көлге, өзенге, ваннаға түс, болмаса душ қабылда, үстіңе су құй. Реті қалай келеді, солай істе. Жылы сумен жуынсаң, соңынан үстіңе суық су құй.

2. Шомылар алдында немесе одан кейін, ал егер мүмкін болса, табиғатқа шығып, шомылу кезінде жалаңаяқ жерді басып тұрып, қыста ең болмаса, 1-2 минут қар бас. Аузыңмен бірнеше рет ішке дем алып, ойша өзіңе және барлық адамдарға денсаулық тіле.

3. Арақ ішпе, темекі тартпа.

4. Аптасына, тым болмаса, бір рет ас пен судан толық тыйылуға тыры-жұма күнгі сағат 18-20-дан жексенбі күнгі сағат 12-ге дейін. Бұл сенің еңбегің мен тынымың. Егер қиын тисе, қайткенде де бір тәулікке шыда.

5. Жексенбі күнгі сағат 12-де табиғатқа шық та, жалаңаяқ жер басып тұрып, бірнеше рет тыныс ал. Бұл сенің ісінің мейрамы. Бұдан кейін тәбетің тартқан дәмнің бәрін тартынбай жей беруіңе болады.

6. Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірегіне түкірме, жалпы қақырынып-түкірінбе. Осыған әдеттен.

7. Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығының жақсы болсын десең, өзгелердің де саулығың сұрап амандас.

8. Қолыңнан келгенше адамдарға, әсіресе қаріп-қасер, ауру-сырқау кісілерге көмектес. Олардың мұқтажын орындауға жаныңмен, жүрегіңмен ұмтыл, жәрдеміңді қуана жаса. Сонда сен өзіңе дос табасың және бейбітшілік ісіне үлес қосасың!

9. Өз бойындағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем, есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй.

10. Ауру, сырқау, өлім туралы ойларды миыңнан шығар. Бұл сенің жемісің.

11. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы-істеу керек.

12. Бұл іс туралы өзгелерге де айтып, тәжірибеңді бөліс, бірақ бұған мақтанба. Қарапайым бол.

VІІ. «5 минуттық эссе». Оқушылар тәрбие сағатынан алған әсерлерін, не білдік, не үйрендік деген сұрақтарға дәптерлеріна жауап жазады.

VІІІ. Қорытынды. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қалықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Шынықсаң шымыр боласың

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Сыныбы: 10-сынып

                                                        Орындаған: Сабешова Нурзила Ермековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Шынықсаң шымыр боласың""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 694 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2017 1780
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабешова Нурзила Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабешова Нурзила Ермековна
    Сабешова Нурзила Ермековна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2368
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой