Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час по казахскому языку на тему "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы"

Классный час по казахскому языку на тему "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы"

Скачать материал

 

Қазақстан  Республикасы  Білім

және ғылым Министрлігі

№ 28 Ақбай жалпы орта мектебі

 

Ашық тәрбие сағат

Тақырып:

«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»

 

 

 

 

              Сынып жетекшісі:       Д.Убайдуллаева

Мақсаты:

1. Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақтың жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру, экстремистік көзқарастардың орын алуына жол ашатын саңылауды жабу;

2. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарынының көркем мәтіндеріндегі яғни Абай сынды ғұламаларымыздың өлең, қарасөздері арқылы мән – маңызын саралау, түсіндіру.

3. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіру.

М. Бесбаевтың «Иман» әні орындалады. слайд №3

1.      Мұғалімнің кіріспе сөзі: слайд №4

«Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ» — дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Алайда, жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек білімде деп айтсақ жеткіліксіз.

Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Біз өркендеп өскен өскелең ұрпақты жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «дүния үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.

3.      слайд № 5 Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемдіұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез –құлқының айнасы.

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп ат береді:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жол осы деп әділетті, — дейді

 

 «Ана тілі» көркемсөз оқылады.

Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті.

4.      слайд № 6 — 7 Аталарымыз осындан мың жылдай бұрын тек қана Исламды таңдаған. олай болса сол асыл діннен бізді ешкім ажырата алмайды. ол біздің қанымызда, жанымызда. Ислам діні – біздің өмір салтымыз. Мәдениетіміздің терең тамыры. Біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «тегіміз – түрік, дініміз — Ислам» екенін ешқашан ұмытпаймыз.

Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептейміз. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу – бүгінгі біздің міндетіміз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей, — деп Абай атамыз айтқандай, біз бүгін үлкен бір мәселені әңгімелемекпіз. Бұл мәселе – Иман мәселесі.

 Көзінен басқа ойы жоқ,

Адамның надан әуресі.

Сонда да көңілі тым-ақ тоқ,

Жайқаң-қайқаң әр несі.

      Білмейсің десе, жел өкпе,

Дейді дағы – тәңірі ісі.

Бірінен бірі бөлек пе

Иемнің әділ пендесі?

Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі,

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.

 

Наданның көңілін басып тұр

Қараңғылық пердесі.

Ақылдан бойы қашық тұр,

Ойында бір-ақ шаруасы.

 

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай боп сәлдесі.

Мал құмар көңілі – бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі?

 

Жүректе айна жоқ болса,

Сөз болмайды өңгесі.

Тыңдағыш қанша көп болса,

Сөз ұғарлық кем кісі.

         Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

 

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол — ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі —надан,

Бұл жұрттың, сөз танымас бір парасы.

 

Әуелі аят, хадис — сөздің басы,

Қосарлы бәйітсымал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

 

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,

Мүнәжәт уалилердің зар наласы,

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

слайд № 10 Қ.Нұртастың әні «Аллаға шүкір»

11.  слайд № 13 Ел болуға Ислам дінің керек,

Екінші ардақты Ана тілің керек,

Шындық және адал иман керек,

Мейірімділік және терең білім керек.

Еңбек керек адамды адам еткен

Еш шүбәсіз осылардың бәрі болса,

Аю да, айдаһар да дірілдер ед, — деп «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час по казахскому языку на тему "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2020 256
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Полякова Наталья Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Полякова Наталья Викторовна
    Полякова Наталья Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74532
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека