Инфоурок Другое КонспектыКонспект урока на тему: "Кірме сөздер"

Конспект урока на тему: "Кірме сөздер"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға  кірме сөздер туралы түсінік бере отырып, мысалдар арқылы түсіндіру,тапсырмалар орындау.
2. Дамытушылық
: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып,оқушылардың ойлау,есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын байыту.
3
Тәрбиелік:  Оқушы бойына   тіліне деген құрмет сезімін ұялату,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.                                                                   Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, ой қозғау, түрткі сұрақтар, ала доп, автор орындығы, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: кеуде гүлдері, слайд, ала доп .
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай?(Жақсы) Ендеше ,мен сендерге сәттілік тілеймін және де көңіл-күйлеріңнің  одан  да жақсы болуы үшін мен сендермен күн сәулесін шашады атты ойын өткізіп алмақпын. Ол үшін мен сендерді ортаға шақырамын.   

   Күн сәулесін шашады.(гүл -бәйшешек атады.)                                            2түсті гүлдерді оқушылар жинап алып ,түсіне қарай бөліне қояды.

Балалар, сабақты бастамас бұрын мен сендерге бағалау парақтарын таратып беремін. Бағалау парақтары бес бөлімнен тұрады.1-2 бөлімдерінде бағаны әрқайсыларың өз-өздеріңе қоясыңдар ,3 бөліміне жұптар бір-біріне баға қояды, 4 бөліміне топ баға қояды. Ал ең соңғы қорытынды бағаны алдыңғы бағалармен салыстыра келе, мен сендерге қоямын.  Балалар, мен сендерден үй тапсырмасын ала доп  арқылы сұрамақпын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  «Ала доп»  арқылы сұрау.

Жаңа сөздер тобы                                                   Кірме сөздер тобы

Мен  бір оқушыға  допты  лақтырып, үйге берілген тапсырманы сұраймын. Ол келесі оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қоя отырып, допты лақтырады.                                                                                            1) Жаңа сөздер сөздер дегеніміз не?                                                                              2) Жаңа сөздердің жасалуының  неше түрі бар?                                                           3) Лексикалық неологизмдер дегеніміз не?                                                                    4) Семантикалық неологизмдер дегеніміз не?                                                               5) Қазақ тілінің лексикасының бөліну түрлерін ата?                                                       6) Жалпылама лексика дегеніміз не?                                                                             7)  Жалпылама лексикада тұрған сөздер қандай мағынада тұрады?                             8) Қолданылу өрісі тар лексиканың түрлерін ата?

Жақсы ,балалар ,енді орнымызға отырайық та,бағалау парағының үй тапсырмасына  әрқайсыларың баға қойыңдар

Қызығушылықты ояту.                                                                     Қане,балалар ,бір сәт тақтаға қарайық. Интербелсенді тақтада қандай суреттер көріп тұрсыңдар? Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мына ребусты шеше қойыңдар. ( Кірме сөздер) Өте жақсы ,балалар.  Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Кірме сөздер.                                               Сабатың мақсаты: Оқылады.                                                                                  Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын  жазамыз.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру                                                                              Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара  бір -  бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз  я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.
Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.
Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль
 ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық т.б.                 
ІҮ Жеке оқушылармен жұмыс.                                       

Графикалық диктант (интерактивті тақтада орындалады)

 

Кірме сөздер

 

Көнерген сөз

 

Жаңа сөз

 

 


         адам          садақ          жылыжай       құжат       бесік құда      Нұра   Бағалау парақтарына баға қоямыз. 

 

                                 Сергіту сәті. Көңілді күн.

 

Ү Жұппен жұмыс                                                                                                       І Жұп Мына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып жаз.

Пұл-             ,адам-               ,сарбаз-        ғибрат-            ,ғұлама-         

 ІІ Жұп   Соңғы жылдары  орыс тілінен енген сөздердің баламасын  тап Самолет-             ,верталет-                коллектив-             ,кредит-       исскуство-   

ІІІ Жұп Оқулықтарыңның   174-жаттығуы  басқа тілден енген сөздерді тауып, мағынасын  сөздікке сүйене отырып анықта.

ІҮ Жұп  Тапсырма  (сөмке ,кәмпит)

Бағалау парақтарыңды бір-біріне беріңдер де бағалаңдар.

ҮІ Топпен жұмыс
І топ Мына кірме сөздерді қатыстырып сөйлем құр және қай тілден енгенін ата.                                                                                                                                   Құн,  сабақ,Толағай, самауыр,телефон                                                          (Автор орындығына» шығарып оқыту.)
ІІ топ 
Мына кірме сөздермен мақал-мәтелдер құр.                                        Адам, білім, мектеп, тәрбие,ас

Бағалау парақтарына топ боп ақылдасып, топ мүшелерінің әрқайсысына баға қойыңдар.

ҮІІ Сабақты қорыту 

                                                  Венн диаграммасы

Овал: Басқа тілден енген сөздер. Араб,парсы, монғол,орысНадпись: Сөздік құрамға жатады. Орыс тілінде баламалары бар.Овал: Сөздік қорға жаңадан енген сөздер.              Түрлері :лексикалық, семантикалық    Жаңа сөздер                                                                     Кірме сөздер

                                                                  

ҮІІІ. Бағалау  (Бағалау парақтары арқылы) Бағалау парақтарын жинап алып,бағаларың айту.( 2 минут)

 

ІХ Рефлексия. Егер кірме сөздерге қатысты сабақты  құнды деп тапсаң,   онда сандықшаға салып қой.

Егер кірме сөздерге қатысты сабақты әлі де ой елегінен өткізу керек деп тапсаң, ет турағыштан өткізуің керек.

Егер кірме сөздерге қатысты сабақ керексіз деп тапсаң, онда кәрзеңкеге    сала сал.

Х. Үйге тапсырма: 173 –жаттығу 77 бет  және  «Шайыр» сөзінің синонимін тап.

 

                                Өзіндік талдау

Сабақ өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қарағұлова Ә.Қ.

Күні: 18.12.2014ж. Сыныбы: 5 “А” сынып  Пәні: Қазақ тілі                   Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға  кірме сөздер туралы түсінік бере отырып, мысалдар арқылы түсіндіру,тапсырмалар орындау.
2. Дамытушылық
: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып,оқушылардың ойлау,есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын байыту.
3
Тәрбиелік:  Оқушы бойына   тіліне деген құрмет сезімін ұялату,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.
                                                                   Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, ой қозғау, түрткі сұрақтар, ала доп, автор орындығы, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: кеуде гүлдері, слайд, ала доп .
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақ қазақ тілінен ашық семинар сабағы.Сабаққа өз пәнін  жетік білетін нағыз қазақ тілінің майталмандары келді. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау үшін,көңіл күйлерінің көтерінкі болуы үшін  Күн сәулесін шашады атты тренинг өткіздім.Сабақ басталмас бұрын оқушыларға бағалау парақтарын таратып бердім. Бағалау парақтарына баға қою ретімен таныстырдым.                                                                                                                     Үй тапсырмасын алдынғы сабақта өткен жаңа сөздерді қайталатудан бастадым. Балаларға қызықты болу үшін ала доп ойыны арқылы балалар бір-біріне сұрақтар қойды. Орындарына отырып, оқушылар өздерінің берген жауаптарына қарай әрқайсысы баға қойды. Сабақтың тақырыбын балаларға ребус шешкізу арқылы өздеріне тапқыза отырып, олардың қызығушылығын ояттым. Біздің сабағымыз жаңа сабақ болғандықтан сабақты интерактивті тақта арқылы жан-жақты талдай отрып, түсіндірдім. Алдынғы сабақтарда өткен тақырыптармен жаңа тақырыпты байланыстыра келе,әр оқушымен жеке жұмыс түрі графикалық диктант сыздық. Осыдан кейін тағы бағалау парақтарына баға қояды.                                                                                        Жұппен жұмыс .Сыныпты 4 жұпқа бөлу арқылы әр жұпқа сабаққа қатысты түрлі тапсырмалар бердім. Жұптық жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарын алмастырып, бір-біріне баға қойды.                                                     Топпен жұмыс. Сыныпты екі топқа бөліп , топтық жұмыс бердім. Оқушылар бірігіп, талқылай отырып,топтасып жұмыс жасады. Бұл жұмыстың түрінен кейін оқушылар әр оқушының топта істеген жұмысына қарай бағалады.         Сабақты қорыту кезінде венн диограммасы бойынша жаңа сөздер мен кірме сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын айырып жазды.

Рефлексия жүргізу арқылы оқушылардың сабаққа деген ой-пікірлерін анықтадым.                                                                                                                 Үйге тапсырма: 173 –жаттығу 77 бет  және  «Шайыр» сөзінің синонимін тап.

        Жалпы қорытындылай келе, Сабақта жоспарлаған ісім жүзеге асты, оқушылармен жеке, жұптық,топтық жұмыстар жасау барысында сабақ жоғары дәрежеде өтіп, мен ойлаған мақсатыма жеттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока на тему: "Кірме сөздер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 244 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 769
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карагулова Асия Койшановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карагулова Асия Койшановна
    Карагулова Асия Койшановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3866
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Семантическое ядро: теория и практика сбора

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе