Пән
мұғалімі___________________________________________________
Сыныбы_______________________________________________________
Пәні___________________________________________________________
Күні___________________________________________________________
Тексерген______________________________________________________
Сабақтың
тақырыбы: Тапсырыс қабылдаңызшы ...
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сөйлеу тілін қалыптастыру
Сабақтың
міндеттері:
а) білімділік: тақырыпқа
қатысты сөздерді меңгерте отырып, екеуара сөйле-
суге, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру;
ә) дамытушылық: білім
алушының сөздік қорын, білім, білік, дағдысын да-
мыту, тілін ширату;
б) тәрбиелік: әдептілікке,
адамгершілікке, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу,
эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: білім мен білік дағдыларын қалыптастыру
сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, рөлге бөліп оқу, диалог,
талдау
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
·
Оқушылармен
сәлемдесу, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
·
Оқу-құралдарының
болуын қадағалау.
·
Сынып
оқушыларын 3 топқа бөлу
·
Психологиялық
дайындық
Күн
жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме
басып ұстап қаламын
Ізгі, әрі
жарық, әрі мейірімді
Болып
кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
2-тапсырма,
53-бет
ІІІ. Жаңа сабақ
1.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру
2.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін мазмұнына сұрақтар дайындаңдар.
Біздің мектебіміздің асханасы екінші қабатта орналасқан. Біз түскі
тамақты үнемі асханадан іше-міз. Асхананың тамақтары өте дәмді. Асханада:
шырындар, сусындар, салаттар, қой етінен, сиыр еті-нен, тауық етінен, балықтан
жасалған тағамдар бар. Тәтті тағамдар да көп. Маған әсіресе балықтан
пісірілген тамақтар қатты ұнайды. Міне, бүгін де достарыммен түстену үшін
асханамызға келдік. Мен әдеттегідей қуырылған балық, тауық сорпасын
алдым. Досым Ажар тәтті тағамдарды ұнатады. Ол бүгін де әдеттегісінше
тәттілерді көбірек алды. Тамақтарды ұсынып жатып аспаз Әлия тәте бізге
«тамақтарыңыз дәмді болсын!» деді.
3.
2-тапсырма. Сұрақтарға
жауап беріңдер.
¾
Сіз
асханадан қандай тамақтар аласыз?
¾
......................................................................
¾
Қандай
сусындар ішесіз?
¾
.......................................................................
¾
Біріншіге
не аласыз?
¾
.......................................................................
¾
Екіншіге
не аласыз?
¾
........................................................................
4.
3-тапсырма. Диалогты
оқыңдар. Рөлге бөліп оқыңдар. Диалогты әңгіме түрінде жазыңдар.
Біз түсте
асханада тамақтанамыз. Бүгін де асханаға бардық. Даяшы мәзірді берді. Біз тамақ
таңдай бастадық.
Даяшы: Қандай
тамақ әкелейін?
Мен: Қазы,
кеспе, қуырдақ, шай, шайға жет беріңіз.
Досым: Жая,
сорпа, қазақша ет, шай, шайға шәкшәк әкеліңіз.
Даяшы: Басқа
ештеңе керек емес пе?
Біз: Қымыз,
шұбат болса, ішер едік.
Даяшы: Қымыз
да, шұбат та бар, қайсысын әкелейін?
Мен: Маған
қымыз әкеліңіз.
Досым: Маған
шұбат беріңіз.
Даяшы: Қазір
бәрін әкелейін, аз ғана күтіңіздер.
Лезде даяшы қымыз
бен шұбат әкелді.
Мен: Мына
қымыз нағыз ауылдың қымызындай дәмді екен.
Досым: Шұбат
та өте жақсы.
Біз қымыз бен шұбатқа риза болып отырғанда, даяшы тамақ әкелді. Біз
тамақтарымызды ішіп, ақшасын төлеп, даяшыға дәмді тамақ үшін рахмет айтып, үйге
қайттық.
5.
4-тапсырма. Төмендегі
сөздерге фонетикалық (сатылай кешенді талдау) жасаңыздар.
Қымыз, шұбат, дәмді, асхана.
6.
5-тапсырма. Біліміңді тексеріңдер. Сөздердің аудармасын жазып, сөйлем
құрастырыңдар.
Сорпа _______
Тауық _______ Ірімшік ______ Қымыз _________
Картоп _______ Бал ________
Шырын
_______ Балық ______ Айран _______ Көже
_________ Палау ________ Тосап
7.
7-тапсырма. Диалогты
оқы, жауап беріңдер.
-Үсен, таңғы асқа
не жедің?
-
.........................................................
- Түскі асқа не
ішкің келіп тұр?
-
.........................................................
- Кешке не жегенді
қалайсың?
-
..........................................................
8.
8-тапсырма. Бағандағы
сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.
Таңертең
Ет
Же.....
Мен
Түсте
Сорпа
Іш....
Кешке
Май
Ұйықтар
алдында
Шай
Нан
Айран
Картоп
Шұбат
Қымыз
Шырын
Көже
Жұмыртқа
Сүтті шай
9.
9-тапсырма. Сөздерді
сәйкестендіріңдер.
1.
Ас
қою
2.
Сусын
кесу
3.
Жұмыртқа
жасау
4.
Тамақ
асу
5.
Дастарханға пісіру
6.
Кеспе
қуыру
7.
Ет
ішу
ІІІ.
Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру.
1. Сабақтан қандай
әсер алыңыз?
2.Сабақ барысында
қандай қиындықтар туындады?
3.Қай тапсырма орындауда
қызықты болды?
4.Біліміңізді қай
тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?
ІҮ.
Үйге тапсырма
«Біздің асхана»
презентация дайындау, газет шығару.
Ү.
Бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.