Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Курстық жұмыс "Патриоттық тәрбие"

Курстық жұмыс "Патриоттық тәрбие"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ.

Патриотизм (грек тілінен аударғанда – отандас, патриот – атамекен) – Отанға деген махаббатпен, жеке мүддені ел мүддесіне бағындырумен мазмұндалатын өнегелі және саяси қағида, әлеуметтік сезім.

Патриотизм өз еліне және азаматтығына, тіліне, дәстүріне тиесілігін сезінетін ерекше құбылысы. Патриртизм ұғымын Отанға деген жүректі тулатар қатынаспен байланысты, бірақ патриотизмнің ішкі мәні туралы ойы әр адамда әр түрлі. Сол себепті адамдардың бірі өздерін патриотпын деп ойласа, екіншілер олай ойламайды. Қазақстан өзін егеменді мемлекет деп жариялағаннан бері патриотизм сұрағы Елбасын үнемі толғандыруда. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты осы жылғы Жолдауында «Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне қз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды» деп атап көрсетті. Қазіргі жастардың бойында ұлттық сана қалыптастыру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар жасалуда. Ю.Бромлейдің «Ұлттық сана – – адамның өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен құндылықтарын және басқа ұлттарға көзқарасын сезініп, түсіну, бір сөзбен өзінің кешенді ұлттық ұғымын қалыптастыру» деген сөздерінде үлкен ой жатыр. «Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» . Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші – танымдық, екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.

Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. “Патриотизм” - гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:

Туған жерге туың тік”.

Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне”.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.

Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.

Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. [1, 23]

Зерттеудің мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.

Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: жаһандану заманындағы патриоттық тәрбиеде жастардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын қарастыру.


Зерттеу жұмысының болжамы: Егер рухани дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту патриоттық тәрбиені қалыптастыру негізінде және оны патриоттық құндылықтарды оқушыларға игерту арқылы жүзеге асып, ал патриоттық тәрбиені дамытудың қайнар көздері сан алуан екендігіне біз ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көз жеткізсек, онда ұлттық тәрбиені дұрыс насихаттап, жан-жақты дамыған өз елінің жанашыр патриотын тәрбиелей аламыз.


Зерттеудің міндеттері:

  • Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындау;

  • Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру;

  • Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыру;

  • Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындау;


Зерттеу әдістері: топтық және жеке әңгімелесу; сауалнама (сыныптар арасында патриоттық тәрбие жайлы сұрақтар қою); тест;


Зерттеудің практикалық мәнділігі: Электронды әдістемелік нұсқау арқылы мектеп оқушыларының бойына ұлттық сананы, патриотизмді қалыптастыру жолдарын анықтауға талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері әдістемелік нұсқау арқылы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбиені жетілдіру мақсатында үлесін қосады деп санаймын.


Зерттеу базасы: Астана қаласының № 24 орта мектебінің 7 «Б» және 7 «Ә» сыныптары.


Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, глоссарий және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.










1. Патриоттық тәрбиенің маңызы

1.1 Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны


Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда­ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз­дың бойындағы отансүйгіштік құндылық­тарды ұрпақтан-ұрпақ­қа беріліп отыр­ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама­нынан бастау алған патриоттық құн­ды­лық Күлтегін жазбаларын­да былай деп суреттеледі: “Елте­ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио­тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын­дығын көрсетеді. Күлте­гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:

Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым…

Түркі иелігінен

айырылған халықты

Ата-баба мекеніне орнатты…

делінген.

Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо­лып отыру жолында жан ая­мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.

Туған жерге деген ыстық сезім, ата­мекенге деген құрмет пен қадір қа­сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор­қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала­сағұни, Мах­мұд Қашқари, т.б. айтқан бола­тын.

Ықылым заманнан бізге жет­кен “Қорқыт Ата кітабында” тә­лімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қы­лыш­тай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шыға­рып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірік­ші болғаннан жарық көріп, өмір сүр­ме­ген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақта­ныш сезімін тудырса керек.

Әл-Фараби өзінің “Азаматтық сая­сат”, “Поэзия өнері туралы”, “Ба­қытқа жол сілтеу”, “Рито­рика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактатта­рында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім кате­горияларының бетін ашып, олар­дың негізгісін дәлелдеп берген.

Ақын-жыраулар халыққа өне­ге­лі сөздерімен ықпал етіп, олар­ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық­тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

Жоңғар шапқыншылығы ке­зін­дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс­ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен­дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.

Бұқар жырау:

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы – деген екен.

Ал Ақтамберді жырау болса:

Жауға шықтым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлыққа,

Жалынды жүрек қан қайнап

Ел-жұртыңды қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа шақырған.

Қазақтың айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтеміс­ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман­дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі­гін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етті.

Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат­риоттық сезімін: “Менің патриот­тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасы­нан бастау алып әулет, тумалас­тарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.

Қазақта ең алғаш қазақ бала­лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала­сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Абай Құнанбаевтың еңбекте­рін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патрио­тизм­ге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиет­терін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жаула­су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақы­рады.

Қарап отырсақ, қай кезде бол­масын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақ­сат-мүддесі қазақ халқын тек бір­лікке, ынтымаққа шақыру, ешкім­мен жауласпау, оқу білімге уағыз­дау, адамгершілікті, адал шын­шыл болуға, өз Отанын сүюге, отан­шылдық, отансүйгіштік қасиет­терді әр адамның бойына дарыту­ға ұмтылған. Бұл бүгінде Қазақ­станның, Елбасымыз Н.Назар­баевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр.

Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.

Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.

М.Қозыбаев “Жауды шап­тым ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихы, оның кезеңдерін, халқымыздың ел басқарған көсем­дерін, қол бастаған батыр­ларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бос­тандығы, бірлік жолы, ұлтжан­ды­лық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының бе­лестері” атты бөлімінде, Қазақ­стандағы ұлт-азаттық қозғалыс­тарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-салдарын көрсеткен:

І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.

ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хан­дық­тарына қарсы ұлт-азаттық қоз­ғалыс. Бұл ұлт-азаттық қоз­ғалыс үш жүзді одан әрі қа­быстырды, кіріктірді, біріктірді, ұлттық дәрежеге көтерді.

ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.

ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұл­дарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.

V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.

Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалы­сы осындай асулардан өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс­пен­шілік­пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы­лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқы­мыздың баға жетпес мұрасы. [7, 32]

Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде былай деген:

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадымына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті, болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.






































1.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі


Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.

"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.

Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің , неміс философтарының да қосқан үлесі мол.

Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.

Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.

Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.

Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин , Абай шығармаларынан да байқауға болады.

Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.

Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.

Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.

Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.

Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет. [10, 2]












2 Ұлттық тәрбие және жаһандану

2.1. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары


Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ “Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- Президент.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.

«Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. [9, 1]

Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.

Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді (сурет 1).


hello_html_m242478de.gif












Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні


Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең”. Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі.

4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.

5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. ¤йткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.

Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.

Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.

Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу;

  • Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу

  • Оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту.

  • Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу;

  • Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу;

  • Мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихатау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру.

  • Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру;

  • Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.

  • Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, оқушылардың мінез –құлық ережелерін енгізу;

  • Құқықтық жаппай оқуды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу;

  • Оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс – тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу

  • Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа қарсы күресу.

  • Оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау .

Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыраттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс- шаралар жоспарлы түрде болуы тиіс .

Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы азаматы екендігін, олардың алған құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық- сенім бағытында тәрбиелеу- мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы — ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі- шаңырақ. Шаңырақ- мемлекеттің түп- негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар- қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол- өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, раухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран баейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста- ұлттық оюлармен кестелен-ген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою- өрнек- алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып- жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою- өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін- қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің белгісі. Әнұран- тек салтанатты музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялатады. Әнұранда қазақ халқының ерлігі, даңқы, намысы, еліміздің кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілуі тиіс екені айтылған.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»- дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.






2.2. Электронды әдістемелік нұсқау арқылы тұлғаның патриоттық құндылығын

қалыптастырудың әдістемелік жолдары


Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-әрекет (тұлғаның “Менi”) тұрғысынан көрiнiс береді.


hello_html_558b2058.gif










hello_html_589eff3b.gif







hello_html_m129f1988.gif



Біз, “Қазақстандық патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“, “жалпыадамзаттық патриотизм“ ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады: әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау. Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, әнұран,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, патриоттық және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, патриоттық сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.

Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі “ мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны“ кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта, мектептегi оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде ұжымдық және жеке-дара тәрбие, отбасы және әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жүргiзiлді. [20, 3]

hello_html_m52ee647a.gif

Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай “Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;

  • халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;

  • Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;

жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);

  • мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.

  • Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар.

  • Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда пән сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:

  • - пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;

  • пән сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;

  • сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;

  • пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;

  • сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;

  • сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.

  • Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және патриоттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында негізгі міндет. Осыған байланысты, мектеп оқушыларына оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтыңтәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу қашанда толастамаған. Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жаткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу, жан-жақты үйлесімді дамыған адам, тұлға тәрбиелеу, коммунистиік мораль қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді.
















Әдістемелік нұсқау арқылы мектеп оқушыларының бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижесі


Баланың «мен» деп ұғуынан бастап, патриот пен азаматтың жеке қасиеттерінің дамуы өмірінің соңына дейін қалыптасады. Бірақ патриоттық қасиет туғаннан немесе өз бетімен жетіле бермейді, олар өмірдің заңдылығы бойынша қалыптасады.

Жас жеткіншек оқушыларда өздерін дұрыстығын сезіну, қоғамда дұрыс қалыптасу, болып жатқан оқиғаларды ұғу талпынысы мен интеллектуалдық эмоционалдық және азаматтық сипаты қалыптасады. Жоғары сынып оқушылары терең және толық түрде оқытудың маңыздылығын түсініп, әлеуметтік жағдайлары әр түрлі адамдар арасында қарым – қатынасын ұғып олардың орнына өзін қоюға тырысады. Тәрбиенің ең маңызды талаптарының бірі өз Отанына, халқына, тіліне, ұлттық мәдениетіне, дәстүріне деген сыйластық пен махаббатына негізделген патриоттылық пен азаматтылықтың қалыптасуы болып табылады


Патриотизм» интерактивті ойыны

Сіздермен ойынды бастамас бұрын, «Сіздердің барлықтарыңыз айтуға тұрарлық, ақылды адамсыздар, бірақ даналардың айтуынша: «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» , - деп айтқым келеді ». Жұмыс барысындағы ең басты шарттардың бірі адамды түсіну емес, адамға түсінікті болу.

Сіздердің алдарыңызда «Менің Қазақстанымдағы шындық және өмір ағашы». Мен ол ағаштан бір жемістен үзіп алып, мына сұраққа шынайы жауап беруді ұсынамын: «Соңғы рет қашан мен...»

Өз елім үшін мақтаныш сезімде болдым;

Өз туған өлкем үшін ір жақсы әрекет жасадым;

Өз халқым үшін мақтаныш сезімде болдым;

Өз халқымның салт – дәстүрлерін сақтадым;

Өз Отанымның намысын қорғадым;

Қайырымдылық пен жанашырлық танытудың куәгері немесе қатысушысы болдым;

Өз жерімде бар жаныммен қуандым және күлдім;

Ағаш отырғыздым.

Міне, біз сіздермен шындығында өз елімізді мақтан тұтатынымызға, еліміздің гүлденуі тек қана бізге байланысты екеніне көзімізді жеткіздік.




hello_html_50b5a049.gif

Мемлекеттік практика барысында №24 орта мектебінің 9 – 10 сынып оқушыларына өткізілген тренинг нәтижесі.


Жас жеткіншек оқушыларда әдістемелік нұсқау арқылы өздерінің дұрыстығын сезіну, қоғамда дұрыс қалыптасу, болып жатқан оқиғаларды ұғу талпынысы мен интеллектуалдық эмоционалдық және азаматтық сипаты қалыптасады. Жоғары сынып оқушылары терең және толық түрде оқытудың маңыздылығын түсініп, әлеуметтік жағдайлары әр түрлі адамдар арасында қарым – қатынасын ұғып олардың орнына өзін қоюға тырысады. Тәрбиенің ең маңызды талаптарының бірі өз Отанына, халқына, тіліне, ұлттық мәдениетіне, дәстүріне деген сыйластық пен махаббатына негізделген патриоттылық пен азаматтылықтың қалыптасуы болып табылады.














Қорытынды

  • Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындалды;

  • Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастырылды;

  • Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты қалыптастырылды;

  • Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындалды;

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

1. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Патриоттық тәрбие”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді. Тұлғаның бойындағы патриотизм - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан қарастыралады.

2. Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері және патриоттық құндылықтар жүйесі, жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмi) тұрғыда қарастырылғанда патриот тұлғаны қалыптастыруға болады. бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.

Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады. Жүйеліы.

  1. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасай отырып, тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазіргі қоғамның әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленді.

  2. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруге арналған электронды әдісемелік нұсқау арқылы тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болатыны дәлелденді.

Қорыта келгенде, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тәрбие және патриоттық тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие тәрбиенің идеялық-саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б. элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана Отанды өркендету мен қорғауға ішкі даярлық пен қабілетті қалыптастыруға білгілі бір әлеуметтік- саяси бағыт береді. Сөйтіп, патриоттық тәрбие басқа тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту және қорғау жолындағы қызметті көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық дәстүрлер түзе отырып, олар кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады. . 
Патриоттық тәрбие қоғамдық-саяси қызметтің күрделі, салыстырмалы дербес жүйелерінің барлық белгілеріне ие болады.






































ГЛОССАРИЙ

Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).

Жиналыс —адамдар тобының белгілі бір оқиғаға наразылық немесе қолдау, ынтымақтастық, т.б. қоғамдық көңіл күйді жаппай білдіру тәсілі.

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Патриотизм - патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Педагогикалық зерттеу әдістері – педагог-зерттеушілердің өз пәні жөніндегі білімдерді жинақтау және топтастыру үшін қолданылатын жолдары мен тәсілдері.

Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері.

Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.

Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті.

Оқыту – білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруге, дүниетанымды қалыптастыруға, білім алушылардың ойлауы мен әлеуеттік мүмкіншіліктерін дамытуға, қойылған мақсаттарға сәйкес өз білімін жетілдіру дағдысын бекіту үшін арнайы ұйымдастырылған нысананы көздейтін, басқарылатын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет.

Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.

Ұстаз – жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші.

Эксперимент бұл нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.


Әдебиеттер тізімі:


  1. Назарбаев Н. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2014

  2. Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -Алматы: Жазушы, 1909-720 б.

  3. Қалиұлы С., Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). –Алматы: Білім, 2003-280 б.

  4. Бегалин С., Шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы,1966

  5. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. – 46-47 беттер.

  6. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы: Балауса, 2003..

  7. Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны. Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2003. - №4 (32)

  8. Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6.

  9. Назарбаев Н.Ә. “Тарих толқынында” Алматы 1999

  10. Боздақтар. Тараз. 2000

  11. Назарбаев Н.Ә.“Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”Алматы 2000

  12. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы Тараз 1999

  13. Педагогика тағылымы Алматы 2003

  14. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі. Алматы-2007.

  15. Ерлiк тағылымы. Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1998.

  16. Мектептегi тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдiстемесi. Алматы: Рауан, 1999. (С.Қалиев, Ш.Майғаранова, т.б. авторлық бірлестікте).

  17. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негiздерi. Оқу құралы. –Алматы: Бiлiм, 2001.

  18. С.Қалиев Адамгершiлiк сабақтары. Оқу құралы. –Алматы: Бiлiм, 2001.

  19. К.М.Алиева Тарихи ескерткiш мұралар тағылымы. Оқу құралы. –Алматы: “ХХІ ғасыр мектебi” баспасы, 2003

  20. Ұлттық патриотизм негiздерi. Оқу құралы. –Алматы: Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институты, 2004.

  21. Білім беру ұйымдарында салтанатты іс- шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы Ереже.

  22. Бастауыш мектеп- республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық журнал. № 9,10, 2005.

  23. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы. Астана, 2006.

  24. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200

  25. А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006.

  26. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004.

  27. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университетi, 1989.

  28. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тəжiрибелерi. -А., 1991.

  29. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тəрбиенiң жалпы əдiстерi. -А., 1991.

  30. Айғабылова Н. Бала мiнезiнiң қалыптасуы жəне оны тəрбиелеу жолдары А., өнер. 1972.

  31. Əбенбаев С. Мектептегi тəрбие жұмысының əдiстемесi. -А., 1999.

  32. Əбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.

  33. Болдырев Н. Мектептегi тəрбие жұмысының методикасы. –Алматы 2003.



32




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров452
Номер материала ДВ-427470
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх