Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰлт тілі ұлының үні

Ұлт тілі ұлының үні

Скачать материал

 

Жамбыл мектеп-балабақшасы

 

 

 

«Өз тілің бірлік үшін,өзге тілің тірлік үшін» тақырыбындағы тілдер

айлығының төртінші аптасы

 

 

 Ұлт тілі-ұлының үні

/әдеби кеш/

 

 

                                                                      Өткізген:Магдеева И.М.

                                                       Күні:13.10.2016

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

Мақсаты:Бабаларымыздың,ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін,өлеңдерін насихаттау;ана тілдің өміршеңдігін,адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру,оқушылардың тілін,білімін,сөздік қорын,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыра отырып тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үй үлгісіндегі сахна

Барысы:

1-ж.Ана тілі –адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі-жүректің терең сырларын,халық тарихының барлық кезеңдерін,жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

2-ж. Қазақ тілі -аса бай ,икемді тіл.Қалай исең,солай иіле береді.Орамын, бұрамын, тауып қисынын орайын келтіріп пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға , тас қашап,ағаш,текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамар деседе сыйар халықтың тіліне ,жырына құлақ салсаң,небір алуан шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймассың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса,сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.?!


1-ж:

Ана тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.

Тілім өссе менде бірге өсемін

Тілім өшсе,менде бірге өшемін

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

2-ж:

Туған тілім –бабам тілім,өз тілім,

Туған тілім-анам тілі,өз тілім

Туған тілім –далам тілі ,өз тілім

Туған тілім-адам тілі,өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнімменен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып ақ алыңдар!


Ақмарал:

Ана тілім-шежірем,өсиетім,

Аз ба,көп пе,білмеймін,қасіретің

Ата-баба түгілі кейінгілер

Анасының білмейді қасиетін.

Темірлан:

Ана тілім-бәрін айтар шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сөзінен

О,адамдар қадіріне жетіңдер

Ана тілің-анаң,сыйлап өтіңдер.

Айша:

Тілімді арымдай сақтаймын

Ділімді тексіз боп шатпаймын,

Құқымның пәктігін дәлелдеп

Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

Көркемай:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.


Ән: «Анамның тілі –аяулы үні» орындайтын 5-6 сынып

Келесі кезекте назарларыңызға «Абай мен әбіштің сырласуы» көрінісін ұсынамыз:

Абай:(Арман)

-Қалқам,Әбіш,осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма,қара зат асыл ма?

Әбіш: (Нұржігіт) Ақ зат асыл ғой.

Абай: (Арман)-Неге,қара зат асыл емес пе?

(Әбіш Абайдың бетіне қарап күлімсіреп)

Әбіш:( Нұржігіт)-Қараны қалай асыл дейсіз?

Абай: (Арман)-Біріншіден адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе,бірақ көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы ғана көреді.Қараның асылдығына осы дәлел.Екіншіден,қағаз ақ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне жазған қара сиядан өнер –білім алады.Үшіншіден,жас шақта адамның сақал ,шашы қара болады.Осыған байланысты адамда ақыл,білім қайрат көп болады.Қартайғанда сақал,шаш ағарады.Ол адамда қайрат та азаяды.сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын.

Әбіш: (Нұржігіт)-Оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай: (Арман)Ақылмен білдім.

Әбіш: (Нұржігіт)Ал ақыл мида болмайма,ал ми ақ зат емеспе ?

Абай: (Арман) Екіншіден ,ақыл-нұр,жарық зат.Ол да аққа ұқсамайма?

1-ж:

Бұлт сейілді төніп тұрған тіліме

Шуақ шашсын күн күлімдеп көгімде

Қанат жайып қалыптағым келеді

Баба тілін қастерлегенжерімде.

Тіл тұғырын ұмытуың керек пе

Халық сөзі рух береді жүрекке,

Ана тілді бағаламай өтсеңіз

Өзге тілің ұлтымызға тірек пе?

Сан ғасырдың тарихы бар тілімде

Белестерден өте берсін сүрінбей

Қазақ тілін арнасына толтырып

Шығарайық келер ғасыр төріне.

2-ж:

Халқымыздың тарихында елі үшін,ұрпағынығ болашағы үшін алысып өткен кеменгерлері,ойшылдары,қайраткерлері аз болмаған.Солардың қатарында от ауызды,ортақ тілді,ақылы асып туған билер-Төле,Қазыбек,Әйтеке.

1-ж:

Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп,арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан теңіз.Ендеше сол билерімізді ортаға шақырайық.

(Ұлттық үлгіде киінген үш би кіреді)

2-ж:

Қош келдіңіздер,бабалар!

Үш кемеңгер дүлділім

Сақтаған ел бірлігін

Қалың елім пір тұтар

Қасиетті үш баба ,тілім туралы не айтар?


Төле би:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Қазыбек би:

Жетер енді ,әркімге бір ермейік,

Қазақ болып құлашты кең сермейік.

Қанға сіңген ана тілін ,халқым ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік!

Әйтеке би:

Қазақ,қазақ болғалы

Тіл үшін күрес –көргені

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі.


1-ж:

Балалар, үш кемеңгер аталарымыз сауал қояды,бәріміз дұрыс жауабын берейік.

Төле би:Балалар тіл мерекесіне дайындаған өлеңдеріңді тыңдайық.


Руслан:

Сүйесің өз тіліңді,

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді,ғылымды

Ардақта тіліңді.

Бағдаулет:

Ана тілім-қазақ тілі ,туған тіл

Қасиетті тілімнің мәнін біл

Ана тілді құрметтеңдер, адамдар

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл

Наргиза:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Ислам:

Қазақ тілім туын биік ұстаған

Қазақ тілім кең далама ұқсаған

Қазақ тілім мәртебелі ,еңселі

Құрметтеп отыр ел сені.

Нұржігіт:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Айсара:

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Құнды сөзін тыңдап

Үлгі өнеге алам

Рамазан:

Ана тілім –анам

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным

Дәулет:

Ана-тілім елдігім,

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін.

Ералы:

Ана тілім –тірегім

Ана тілім –жүрегім

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін

Айдос:

Ана тілім-дана тілім ,бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім ,шаттығым

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.


Әйтеке би:Балалар ,Отан ,туған жер,тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Мақал-мәтел айту.

1.Өнер алды-қызыл тіл.

2.Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ.

3.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

4.Қол шешпегенді тіл шешеді.

5.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.

Қазыбек би:Балалар сендердің шешендік өнерлеріңді сынап «Ұйқасын тап ойынын ойнайық».

Би:Ана тілін білмеген адам.....

Ештеңе сезбейтін надан

Би:Жүйрік тілді ақын бол

Жақсылыққа жақын бол.

Би:Ақындардың бірі бол....

Туған елдің ұлы бол.

Би: Туған жердің гүлі бол

Азамат бол ірі бол.

Би: Достарыңмен тату бол....

Дұшпаныңа қату бол.

2-ж:

Бәрекелді,балалар,билердің алдында болар елдің ұрпақтары екендеріңді көрсеттіңдер.Енді аталарымыздың батасын тыңдайық.

Бата: 11-класс оқушысы Ғабит

Айтқан сөзің аталы болсын,

Жүрген жерлерің бәтуалы болсын

Дуалы ауыз,әділ жан атаныңдар

Осы сендерге берер батам.Әумин!

1-ж:Келесі кезекте назарларыңызға «Сөз қадірі» көрінісін ұсынамы.

Автор: (Жанбота)

Өте ерте заманда бір қадірлі шешен кісі дүниеден көз жұмарында баласына:

-Балам,мен көп ұзамай дүниеден өтемін. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме.Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар.Соны іздеп тап,қадірле,қастерле-дейді.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылады,таба алмайды.Ойы сан саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: (Рамазан)Ата,әкем маған қандай қазына қалдырды?Мен іздеп таба алмадым.Мүмкін  сіз білетін шығарсыз,айтыңызшы!

Қария:(Нұржігіт)  Әкеңнің сөзі рас балам.Оның саған қалдырған мұрасы –тіл.Ол шешен адам еді ғой.Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік.Тілден қымбат қазына,байлық жоқ.

Автор: (Жанбота)Осылай деп аталы сөздің шешуін айтыпты.

1-ж:

Тілім менің,

Тілім үшін мың өліп тірілді елім!

Аралыммен ,арыммен қатар қойып

Тілді қорғау парызым бүгін менің.

«Бабалардан қалған асыл сөз»

(Әуен ойнап тұрады)

Қария: (Ислам)Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала: (Айша)Ана тілі ғой ақыл беретін

Қария: (Ислам)Жоқ балам ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін ата-ана,ұстаз,досы екенін ұмытпа.Ата-ана ақылын  баласы мен қызына айтады , ұстаз шәкіртіне айтады.Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.Адамға ақыл беретін адал дос.Адал дос ақылшың,ақылшы дос жақының.Досы көптің табысы көп,табысы көптің жақыны көп.Достықтың көзі ақылдан басталады.Балам,тіл-ақылдың айнасы,ақыл-істің пайдасы.Есіңде болсын:ханның ақылы тағында,әкімнің ақылы жанында,ғалымның ақылы басында,ананың ақылы жасында,жігіттің ақылы жақсылығында,ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қасында.

2-ж:

Иә,тіл қай ұлтта болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.

Исатай:

Біз ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұлымыз!

Ариназ:

Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

Нұрай:

Біз кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз!

Назерке:

Біз атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

Айдана:

Ана тілі біздің ар-ождан,адамгершілігіміздің айнасы!

Диас:

Адам ана тілімен асқақ!

Хормен:

Қазақстан-біздің болашағымыз!

Қазақстан-соғып тұрған жүрегіміз.

Ән: «Көк тудың желбірегені» 4-сынып

Қорытынды:

1-ж:Қазіргі заман –білімдінің заманы.Елімізде жастарға білім алу үшін көп жағдай жасалып отыр.Сондықтан оқы,білім ал,еліңе адал қызмет ет.

2-ж: «Асулардан асады  жастар әлі,Зор болашақ бүгіннен басталады.»

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

 

 

«Өз тілің бірлік үшін,өзге тілің тірлік үшін»

                                      тақырыбындағы тілдер айлығында

                                                  ұйымдастырылған «Ұлт тілі-ұлының үні»

      әдеби кештің

 

                                                  өзіндік талдауы.

 

Жамбыл мектеп-балабақшасында қазан айының он үшінде «Ұлт тілі –ұлының үні» әдеби кеші өтті.Кештің мақсаты: бабаларымыздың,ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін,өлеңдерін насихаттау;ана тілдің өміршеңдігін,адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру,оқушылардың тілін,білімін,сөздік қорын,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыра отырып тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.Бұл шараға 2-6 сынып оқушылары қатысты.Сахна үй үлгісінде безендірілді.Кешті 11 класс оқушысы Тулеубай Жанбота мен әлеуметтік педагог Магдеева Ильмира жүргізді.Кеш барысында «Абай мен Әбіштің сырласуы», «Қазақтың даналары», «Бабалардан қалған асыл сөз», «Сөз қадірі» сынды көріністер қойылды.Сонымен қатар тіл туралы жыр шумақтары айтылып, «Анамның тілі,аяулы үні» әні аудиокасетадан және Наркенженің орындауындағы «Ана тілі» бейнебаяны көрермендер назарына ұсынылды. Көрермендермен «Жалғасын тап» ойыны ойналды.Әдеби кеш «Көк тудың» желбірегені әнімен аяқталды.

Ұсыныс: «Анамның тілі,аяулы үні» әні аудиокасетадан тыңдатқаннан, оқушыларды музыка пәнінің жетекшісімен бірге орындатуға болар еді.

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы:Магдеева И.М.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлт тілі ұлының үні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 221 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 1433
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магдеева Ильмира Маликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магдеева Ильмира Маликовна
    Магдеева Ильмира Маликовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9341
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе