Инфоурок Русский язык СтатьиМақала "Білім берудің жаңа сапасы- педагогтарды оқыту және олардың белсенділігін арттыру"

Мақала "Білім берудің жаңа сапасы- педагогтарды оқыту және олардың белсенділігін арттыру"

Скачать материал

Білім берудің жаңа сапасы – педагогтерді оқыту және олардың белсенділігін арттыру

          Уақыт ағыны мен заман талабына бағытталып болашақ үшін жүргізіліп жатқан игі қадамдардың бірі – білім саласындағы өзгерістер, нақты айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының енгізілуі. Сан ұрпақты білім мен тәрбиемен сусындатып келген, қалыптасып қалған дәстүрлі педагогиканың  арнасынан ауысып оқытудың жаңа бағдарламасына бет бұру ұстаз бен шәкірт үшін де, ата-аналар үшін де үлкен жаңалық болғаны рас. Кез-келген  жаңа бастамаға қай кезде де сенімсіздік пен түсінбеушіліктің болатыны заңды нәрсе. Алайда бугінгі күні білім ошақтарында бейімделу кезеңі жүріп жатқанымен ұстаз да, шәкірт те жаңалықты жатсынбай біраз төселіп қалғандығын айтуға болады.

Жаңаша оқыту үшін мұғалім бағдарламаның  мақсат, мазмұнын, ерекшеліктерін нақты біліп, әдістемесін шебер меңгеріп, тіпті өзінің кәсіби-тұлғалық сапаларын да жаңартуы керек. Жаңа ұстаз шәкіртке дайын білімді ұсынушы, үйретуші емес, бақылаушы, бағдарлаушы. Оқушы білімді өзі ізденіп табады, өз жетістігін өзі бағалайды, өзінің нені біліп, нені білуі керек екенін өзі анықтайды. Бұрын баланың мектепте алған білімі көп жағдайда оның  қажеттіліктерін өтемеген болса, қазір  өміріне пайдаға асыруы тиіс, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып шығуы басты мақсат. Сондықтан да ол әр сабақта біліп, түсініп, қолданып, талдап, жүйелеп, бағалап үйренеді, өмірде де өз керегін алуға дағдылары қалыптасады.

Қазіргі таңда  ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге Үкімет тарапынан мүмкіндік жасалып,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында облыс мұғалімдері білім берудің жаңа мазмұны бойынша біліктіліктерін арттырып, жаңартылған бағдарламаның мақсатын, оқушыны өз бетімен оқуға жұмылдыру үшін қажетті оқыту дағдыларын шыңдап,  жаңа бағытта сабақты ұйымдастыруды үйренеді. Бүгінгі таңда облысымыздың 4055 ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды, 2018 жылы тағы да 1817 ұстаз жаңартылған бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

Жаңа бағдарламаға сай қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні           1-сыныптан бастап оқытылады. Бұл пәнді оқытуда басымдылық коммуникативті тәсілге беріледі, оқушыларға өзге тілді үйретуде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту көзделген. Балалар алдымен тыңдау арқылы ақпаратты қабылдап, сөйлеп үйренеді, ақпаратты оқу арқылы оқылым дағдысын шыңдайды, тыңдау мен оқу арқылы алған ақпараты туралы айтып көреді, соңында ол туралы жазады. Тілдік дағдыларды дамытуда оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Басты рөлде оқушы тұлғасы, оны қызықтыру, зейінін шоғырландыру, білімді алуға дайындау, өмірлік тәжірибесімен байланыстыру, өз бетімен білімді іздеп табуға бағыттау, ойлату, білім мен білігін қаншалықты дамытқанын өзіне бағалату. Жаңа бағдарламамен бірге бағалаудың критериалды жүйесі енгізілді. Яғни, оқушы білімін белгіленген критерийлер негізінде тек мұғалім ғана емес, оқушының өзі де, сыныптасы бағалайтын болды. Бұл бағаның объективті болуын қамтамасыз етеді, оқушылардың жауабын немесе жұмысын бір бірімен салыстыруды болдырмайды, баға үшін емес білім үшін оқуды алға шығарады, оқушылар өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, алдағы білім алу жолын іздестіруді үйренеді, өзін-өзі, өзгені бағалау дағдыларын дамытады.

2017 жылдың мамыр айында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттім, қазіргі таңда  1,2,5,7-сыныптарға жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп келемін.

Сабақтың мақсаты бұрын мұғалімге арналып қойылып, сабақ соңында сабағым мақсатына жетті дейтінбіз, ал қазір мақсат оқушының қажеттілігіне бағытталады.Оқушылар сабақтың табыс критерийін анықтауды, жұптарда, үштіктерде, топтарда жұмыстануды үйреніп қалды.Әр сабақтан өзгеше бір жаңалық күтіп, құлшыныстық танытады. Мұғалімнің жаңа материалды айтып бергенінен гөрі оларға өз еңбектерімен нәтижеге қол жеткізулері қызығырақ.Бірі-бірінен үйренеді, үйретеді.Орыс тілі сабақтарында әсіресе мәтінмен жұмыстану барысында қолданылатын тәсілдер өте тиімді. «Ыстық орындық», «Коктейль таяқшасы», «Әткеншек», «Суреттер арқылы оқу», «Кейіпкерді қабырғада бейнелеу», «Венн диаграммасы», «Уақыт картасы», «Стоп-кадр» сияқты әдіс-тәсілдерді қолданып кереметтей өзгерістерге куә боп жүрмін.Орыс тілдік ортасы жоқ ауыл баласы үшін және тілдік кедергілерді қалай бағындырам деген қиналған мұғалім үшін де жаңаша тәсілдердің көмегі зор. Балалар баға үшін емес, білу үшін оқу керектігін түсіне бастады. Әр оқушы өз деңгейінде,өз мүмкіндігінше  жұмыстанатындықтан  сабақта бос зерігіп отыратын оқушы болмайды. Олар өздері үшін әр сабақта алған ақпараттарының жиынтық бағалау тапсырмаларын орындағанда қажет болатындығын түсінді. Сонымен бірге сабақ соңында рефлексия жасауды және өзін, сыныптастарын шынайы бағалауды үйреніп қалды. Әрине орыс тілінде жеткізуге қиналатын кездер де болып жатқанмен біздер қиындықтарды бірлесіп жеңуге тырысамыз.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында 2018 жылдың ақпан айында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында 5,7-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқыту ерекшеліктері» атты семинарға қатысып, оқыту барысы жөнінде сұрақтарымыз бен мәселелерімізді ортаға салып, бір бірімізбен тәжірибе алмастық. Әріптестеріміз семинардың уақытылы ұйымдастырылғанын, назар аударатын мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік бергенін, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап, алдағы жұмысына шабыт алғандарын атап өтті. Айта кету керек, курстан кейінгі мұғалімдерге өткізіліп жатқан оқыту семинарлары біздің оқыту дағдыларымызды шыңдап, әдістемелік қолдау берді, онлайн режимінде көрсетіліп отырған жүйелі қолдау, әрқайсымызбен орнатылған байланыс біздің одан әрі кәсіби жетілуімізге жол ашты. Осындай бірлескен ынтымақтастықтың арқасында еліміздегі білім беру саласындағы игі қадамдар  тиісті нәтижені жақындата түсетініне сенемін.

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

 арттыру институтының аға оқытушысы, тренер Зулкашева Ш.М.,

Казталов ауданы , Сатыбалды НЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сарбаева Г.Ф.    

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Білім берудің жаңа сапасы- педагогтарды оқыту және олардың белсенділігін арттыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Уақыт ағыны мен заман талабына бағытталып болашақ үшін жүргізіліп жатқан игі қадамдардың бірі – білім саласындағы өзгерістер, нақты айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының енгізілуі. Сан ұрпақты білім мен тәрбиемен сусындатып келген, қалыптасып қалған дәстүрлі педагогиканыңарнасынан ауысып оқытудың жаңа бағдарламасына бет бұру ұстаз бен шәкірт үшін де, ата-аналар үшін де үлкен жаңалық болғаны рас. Кез-келгенжаңа бастамаға қай кезде де сенімсіздік пен түсінбеушіліктің болатыны заңды нәрсе. Алайда бугінгі күні білім ошақтарында бейімделу кезеңі жүріп жатқанымен ұстаз да, шәкірт те жаңалықты жатсынбай біраз төселіп қалғандығын айтуға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 280 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2018 581
    • DOCX 15.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарбаева Гулжанат Фатиховна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарбаева Гулжанат Фатиховна
    Сарбаева Гулжанат Фатиховна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3879
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 316 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 232 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 341 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 714 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Управление производством и оптимизация затрат

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе