Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыМұқағали - мәңгілік ғұмыр

Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

Скачать материал

Тақырыбы:  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

 

Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, ақын жырларының құдіретін сезіну, адам тіршілігіндегі мағызын, тіл шұрайын таныту;

ә) оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал болуға тәрбиелеу;

б) Мұқағалидың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, өлең жинақтары.

 

Кіріспе:

-         Қазақ поэзиясының Хантәңірінің мұзбалағы, қайталанбас құбылыстай жарқ етіп өте шыққан найзағай ақынның арда жырлары қазіргі кезде әр қазақтың жүрегінен ойып орын алады. Ақиық ақынымыз ХХ ғасыр аяқталар тұста ел құрметіне бөленіп, «Ғасыр ақыны» атанды. Мұқағали жырлары – ұлттың асыл мұрасы, өйткені, ақын өлеңдері қазақ жастарын отаншылдыққа, ата-бабаларын сүюге, өзін-өзі тануға, намысты болып ержетуге тәрбиелейді.

Халқыңның ақыны боп жаралғансың,

Қарасаз топырағынан нәр алғансың.

Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып,

Қайтарып, аңыз болып таралғансың.

-         Мұқағали өлеңдері көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілік саясат кедергі болды. Бүгінде ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында, азат даласында қыран құстай самғап жүр.

Интерактивті тақтада «Менің анкетам» өлеңі көрсетіліп, оқылады.

 

Сайыс төрт бөлімнен тұрады:

І бөлім: «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)

ІІ бөлім: «Ән сал, жаным» (ақынның әндерін орындау)

ІІІ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы ойтолғау)

ІҮ бөлім: «Мұқағали әлеміне саяхат» (білім мен парасат сыны)

 

Сайысқа түсетін топтармен таныстыру:

1)    «Болашақ» тобы – 8 «а» - сыныбы

2)    «Жас талаптар» тобы - 8 «ә» - сыныбы

 

Сайысқа қазылық ететін:

- Қарсақбаев Нұртас – тәрбие ісінің меңгерушісі;

- Қонақаева Жібек – қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі.

 

-         Сайысымызды бастамас бұрын мен сендерге ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы дайындалып келуге тапсырма бергенмін. Ендеше, кезекті топтарға береміз.

Ақынның өмірі жайлы деректермен ортаға 8 «а» - сыныбы «Болашақ» тобын шақырамыз.

Ақынның шығармашылығы жайлы деректермен ортаға 8 «ә» - сыныбы «Жас талаптар» тобын шақырамыз.

(Интерактивті тақтада ақын өміріне қатысты деректер, фото суреттер көрсетіледі.)

 

І бөлім:

Поэзия! Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім? – деп ақынның өзі жырлағандай кезекті бірінші сайысқа береміз.

Әр топ мүшелері ақынның екі өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

 

ІІ бөлім:

         Ән сал, жаным,

         Әніңмен тербет мені,

         Бір сәт тынсын тіршілік жер көктегі.

         Дала ұйысын,

         Дамылдап таулар жатсын,

         Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі!

Келесі кезекті ақынның әндеріне береміз.

 

ІІІ бөлім:

         Жазылар естеліктер мен туралы:

         Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,

         Біреулер тұлпар еді, дер де, мүмкін,

         Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Әр топ мүшелері үйден жазып келген ақынға арнаған ойтолғауларын оқиды.

 

ІҮ бөлім:

         Бұл кезеңде топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді:

«Болашақ» тобына

«Жас талаптар» тобына

1.      Ақынның азан шақырып қойған есімі кім? – Мұқаметқали

2.      Мұқағалидың неше баласы бар? – үшеу: тұңғышы-Жұлдыз, екіншісі-Айбар, кенже қызы-Шолпан.

3.      Мұқағалидың әкесінің аты? – Сүлеймен.

4.      «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты? – Жетімкөл.

5.      Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды? – 10 жасында.

6.      Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазған? - «Менің анкетам»

7.      Мұқағали Мақатаев атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты – Несіпбек Айтов.

 

1. Мұқағали Мақатаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді? – 1931 жылы 9 ақпанда (13 наурыз негізгі туған күні), Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында.

2        Мұқағалидың шешесінің аты кім? – Нағиман

3        Ақынның жарының есімі кім? – Лашын

4        Мұқағалидың тарихи тақырыпқа жазылған поэмасы?  - «Райымбек, Райымбек

5        Ақынның бауырларынан кімді білесіңдер? – Тоқтарбай, Көрпеш.

6        Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? – Нұрғиса Тілендиев.

7        Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан – Ғабит Мүсірепов.

 

 

-         Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

-         Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда,

Есіңе мені алғайсың! – деп Мұқағалидың өзі айтқандай, Мұқағали бүгін де, ертең де бізбен мәңгі бірге, әрқайсымыздың жүрегімізде.

 

-         Кешімізді Мұқағали Мақатаевтың тырнақалды туындыларының бірі – «Күрең күз» өлеңімен аяқтығым келіп отыр. Әнін жазған композитор - Гүлнар Дәукенова. Әннің алғашқы орындаушысы қазақтың әйгілі әнші қыздарының бірі – Мадина Ералиева апамыз болған. Бүгінгі күнде бұл әнді жас та болса, атағы шыққан «Жігіттер квартеті» орындап жүр. Ендеше әнді тыңдайық. 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, ақын жырларының құдіретін сезіну, адам тіршілігіндегі мағызын, тіл шұрайын таныту;

ә) оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал болуға тәрбиелеу;

б) Мұқағалидың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, өлең жинақтары.

Кіріспе:

-         Қазақ поэзиясының Хантәңірінің мұзбалағы, қайталанбас құбылыстай жарқ етіп өте шыққан найзағай ақынның арда жырлары қазіргі кезде әр қазақтың жүрегінен ойып орын алады. Ақиық ақынымыз ХХ ғасыр аяқталар тұста ел құрметіне бөленіп, «Ғасыр ақыны» атанды. Мұқағали жырлары – ұлттың асыл мұрасы, өйткені, ақын өлеңдері қазақ жастарын отаншылдыққа, ата-бабаларын сүюге, өзін-өзі тануға, намысты болып ержетуге тәрбиелейді.

 

-         Мұқағали өлеңдері көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілік саясат кедергі болды. Бүгінде ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында, азат даласында қыран құстай самғап жүр.

Интерактивті тақтада «Менің анкетам» өлеңі көрсетіліп, оқылады.

Сайыс төрт бөлімнен тұрады:

І бөлім: «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)

ІІ бөлім: «Ән сал, жаным» (ақынның әндерін орындау)

ІІІ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы ойтолғау)

ІҮ бөлім: «Мұқағали әлеміне саяхат» (білім мен парасат сыны)

 

Сайысқа түсетін топтармен таныстыру:

1)    «Болашақ» тобы – 8 «а» - сыныбы

2)    «Жас талаптар» тобы - 8 «ә» - сыныбы

Сайысқа қазылық ететін:

- Қарсақбаев Нұртас – тәрбие ісінің меңгерушісі;

- Қонақаева Жібек – қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі.

 

 

І бөлім:

Поэзия! Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім? – деп ақынның өзі жырлағандай кезекті бірінші сайысқа береміз.

Әр топ мүшелері ақынның екі өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

ІІ бөлім:

         Ән сал, жаным,

         Әніңмен тербет мені,

         Бір сәт тынсын тіршілік жер көктегі.

         Дала ұйысын,

         Дамылдап таулар жатсын,

         Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі!

Келесі кезекті ақынның әндеріне береміз.

 

ІІІ бөлім:

         Жазылар естеліктер мен туралы:

         Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,

         Біреулер тұлпар еді, дер де, мүмкін,

         Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Әр топ мүшелері үйден жазып келген ақынға арнаған ойтолғауларын оқиды.

 

ІҮ бөлім:

         Бұл кезеңде топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді:

«Болашақ» тобына

«Жас талаптар» тобына

1.      Ақынның азан шақырып қойған есімі кім? – Мұқаметқали

2.      Мұқағалидың неше баласы бар? – үшеу: тұңғышы-Жұлдыз, екіншісі-Айбар, кенже қызы-Шолпан.

3.      Мұқағалидың әкесінің аты? – Сүлеймен.

4.      «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты? – Жетімкөл.

5.      Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды? – 10 жасында.

6.      Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазған? - «Менің анкетам»

7.      Мұқағали Мақатаев атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты – Несіпбек Айтов.

 

1. Мұқағали Мақатаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді? – 1931 жылы 9 ақпанда (13 наурыз негізгі туған күні), Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында.

2        Мұқағалидың шешесінің аты кім? – Нағиман

3        Ақынның жарының есімі кім? – Лашын

4        Мұқағалидың тарихи тақырыпқа жазылған поэмасы?  - «Райымбек, Райымбек

5        Ақынның бауырларынан кімді білесіңдер? – Тоқтарбай, Көрпеш.

6        Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? – Нұрғиса Тілендиев.

7        Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан – Ғабит Мүсірепов.

 

-         Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік

-         Кешімізді Мұқағали Мақатаевтың тырнақалды туындыларының бірі – «Күрең күз» өлеңімен аяқтығым келіп отыр. Әнін жазған композитор - Гүлнар Дәукенова. Әннің алғашқы орындаушысы қазақтың әйгілі әнші қыздарының бірі – Мадина Ералиева апамыз болған. Бүгінгі күнде бұл әнді жас та болса, атағы шыққан «Жігіттер квартеті» орындап жүр. Ендеше әнді тыңдайық. 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 622 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2015 2405
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Желдибаева Альфира Актайлаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36720
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 557 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе