Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіруде жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлауын дамыту"

"Мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіруде жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлауын дамыту"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m54caf81f.png


Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Ақтөбе обл,Шалқар қаласы

5 орта мектеп, география пәні мұғалімі


Мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіруде жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» Қытай мақалы

Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Үзінді түрінде келтірілген дәйексөзден ұғатынымыз, егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Сыныптағы барынша белсенді және демократиялық атмосфераның дамуы мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа қатысты белгілі бір принциптерді қабылдауды білдіреді.

Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын үнемі сабақта қолданып келемін.бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы,ойлануды қажет етеді.Оқушы сондай сұраққа өз ойын,өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.Жаңа материалды талдауға үйренеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасын ұсынған американдық педагог-ғалымдар-Ж.Пиаже,Л.С.Выготскиий,Чарльз Темпл,Куртис Мередит және Джинни Стилл.Белгілі ғалым Дайана Халперн: «Ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану»-деген пікір білдіреді.Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен біреуді не бірдеңені сынап-мінеу деген мағынада емес,бұл шыңдалған ойлау үлгісі.Сыни ойлау-өзіндік және жеке ойлау.Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады.Мәселені өз бетінше шешуді қамтамасыз етеді.Мысалы: өз пікірін еркін айту,өзгенің пікірін сынамай есепке алу,шыдамдылық сақтап айтылған ойдан қажеттілікті табуға ұмтылу,бірлесе ойланып,ортақ шешім қабылдау,т.б.Сол себепті бұл бағдарлама өздерінің кәсіби әрекетіне өзгеріс енгізуге ұмтылатын және білім беру жолын әртүрлі тәжірибе тұрғысынан талдай алатын мұғалімдерге арналады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі.Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей,оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,жауапкершілігін арттыру.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып,оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып,естіп,көріп,білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап,болжам жасатып,мақсат қойып,іс қылуға сұрақ беріп,жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді жақтары:

  1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

  2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

  3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

  4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.

«Ойталқы», «Ойға шабуыл», «Идеялар көзі», «Сыншылар» мен «Сарапшылардың» қатысуымен шешім қабылдаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа идеяларды табуды көздейтін тәсілдер қолданылуы тиіс.Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын және оның теориялық,шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.Аталған оқыту технологиялары төмендегідей ортақ ұстанымдарды басшылыққа алады:

  • Білім алушының танымдық белсенділігін артыру;

  • Пәнге қызығушылығын ояту;

  • Өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

  • Зерттеуге икемділігін дамыту;

  • Сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Қызығушылықты ояту.

2-кезең. Мағынаны тану.

3-кезең. Ой толғаныс.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

1-кезең. Қызығушылықты ояту.

Аты айтып тұрғандай қызығушылық иірімдерін іске қосып,бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастыру мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыратын кезеңдерден тұрады.Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып,жаңа ұғымдарды,түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.



  1. Сабаққа кіріспе қарастырылғалы тұрған тақырып,мәселе жайлы оқушының не біліп,не айта алатындығын анықтау,зейінін бір бағытқа бұрып,алдағы үдеріс кезеңдеріне ұйымдастырудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асырылады.

2. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастыртырады.


Бұл кезеңге қызмет ететін «Миға шабуыл», «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б әдістер жинақталған.



2-кезең. Мағынаны тану

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану

( түсіне білу) деп аталады.Мағынаны ашып,мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен жұмыс істейді,тапсырмала орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. (арнайы мәтіндер,тапсырмаларды түрлі амалдарды қолдана беру,сәйкестендіру).Оқушылар тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі-INSERT.Бұл әдіс бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында төмендегідей жұмыс үлгісі ұсынылып,берілген белгілерді қоя отырып оқуға бағдар беріледі.

Білемін

Мен үшін түсініксіз

Мен үшін жаңа ақпарат

Мені таң қалдырды





Үйретушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға,яғни байланыстар құруға дағдыландырады.Сурет арқылы бейнелесек:

Жаңа ақпаратты қабылдау







Зерделей қарау,тану

Түсініксізді анықтау

Бұрынғы білетін нәрсе

ББбб



Бұл кезеңде ЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен бекіту,ойлауға ықпал етеді.Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты-жалпы мәселені алдымен жұпта,сосын ұжымда талқылау.Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәтін өзін мұғалім ретінде сезінеді,оқуға деген жауапкершілігі артады.Топтар тұтас мәтінде емес,тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп,бүге-шүгейсіне дейін талдайды,пікір алмасады,ойын нақтылайды.

Бұл стратегия мазмұны жан-жақты меңгеру,оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу,оқуға қызығушылығын арттырады.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі . Оқушылардан дәптердің бетін ортасына тік сызықпен бөлу сұралады.Мәтінді оқу барысында олар :

Бөліктің оң жағына

Бөліктің сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазды

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,себебі қандай,қандай сұрақ бар,т.б)



Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып болған соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырады.Топтар бір-біріне сұрақтар қойып,жауаптар алынады.Ол сұрақтар баға беру,пікірін,көзқарасын білдіруге бағытталғаны дұрыс.

Бұл әдіс те ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сондай-ақ әдістің тиімділігі-сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған мәтінді түсіну,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

3-кезең. Ой толғаныс

Бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде оқушы өзіндік толғаныс,дағды-машықтарын ұйымдастыру,өзіне де,өзгеге де сын көзбен қарап,баға беруге үйренеді.Оқушылар өз ойларын,өз байқаған ақпаратты салмақтап,салыстырып,түйіндеп,өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі ой-пікірлерін алмастыра алады. Бұл үйрену сатысы-ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең болып табылады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы» «Еркін жазу» , «Семантикалық карта», « Т кестесі»және т.б стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықтала таңдалып,қолданылады.

Еркін жазу. Мен көбіне үшінші кезеңде осы әдісті кең түрде қолданамын.Оқушылар қызу дайындықпен келеді,қарсы топтар бір-біріне пікірлерін «Екі жұлдыз,бір тілекпен» жеткізеді. Бұл әдіс ой толғаныс кезінде қолданылатын лайықты тиім.Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы,одан алған әсерлерін,не үйренгендерін,әлі де не білу керек екендерін ,өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт беріледі,уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға,оған сын көзбен қарап,ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе,оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі, ,әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Яғни,оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, ,бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау. Мақсаты-барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір айтуға,саналы шешім қабылдауға үйрету. «Сорос-Қазақстан»қоры арқылы келген бұл технология қазір мектеп тәжірибесінде қөптеп қолданылуда.


Краткое описание документа:

“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»                                                           Қытай мақалы                                                                                         

Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Үзінді түрінде келтірілген дәйексөзден ұғатынымыз, егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Сыныптағы барынша белсенді және демократиялық атмосфераның дамуы мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа қатысты белгілі бір принциптерді қабылдауды білдіреді.

      Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.

   Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін  туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

  «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын үнемі сабақта қолданып келемін.бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы,ойлануды қажет етеді.Оқушы сондай сұраққа өз ойын,өз пікірін білдіре  жауап беруге дағдыланады.Жаңа материалды талдауға үйренеді. 

   «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасын ұсынған американдық педагог-ғалымдар-Ж.Пиаже,Л.С.Выготскиий,Чарльз Темпл

 

Автор
Дата добавления 26.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров371
Номер материала 460627
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх