Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Мектепте функционалдық сауаттылықты қалымтастыру

Скачать материал

Мектепте функционалдық сауаттылықты қалымтастыру

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл  Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.

Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағ-дайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Олар:

-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;

-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;

-коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;

-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;

-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;

-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/

-технологиялық/ ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;

Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзырет-тіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты,  міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауатты-лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.

Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натура-листер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді.

Баяндамамның соңында информатика пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:

1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу

2.    Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;

3.Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;

4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

  1. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;
  2. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
  3. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;
  4. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады.  Елбасының тапсырмасы бо­йын­­ша  оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Оның негізгі мақсаты – оқу­шылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Со­нымен қатар, ол орта білім жүйесін  түбе­гейлі өзгертудің негізі болып табылады. Осы стратегиялық маңызды мәселенің басты негізі тұлғаның  функционалдық сауатттылығы: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және мәселенің шешімін, даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. PISA  15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әр түрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлға аралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды. Қазақстанда өткізілген алғашқы зерттеу нәтижелері аса күрделі емес мәтіндерін қолданатын және пайдаланатын оқушылар саны төмен екендігін көрсетуі-жалпы білім беретін мектептерде пәндік білім беру жақсы болса да,ол білімді өмірде  кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейдіндігіміз анықталып отыр. Қалалық жерде  әр түрлі сервистік қызмет көрсету орталықтары, әр түрлі мекемелерде қарым- қатынас ,үнемі байланыс мүмкіндігі бар, ал ауылдан қыр асып шықпаған ,ғаламтор мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердегі оқитын оқушыда ондай құзіреттілік  қайдан болсын?! Сондықтан  ұстаздардың алдында  табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру міндеті  тұр. Ал тұлға құзыреттілігін дамытуда   ұстаздың   кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттырудың маңыздылығы жоғары. Осы ретте PISA бағдарламасы бойынша Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында кәсіби біліктілігімізді  арттырдық. Ғылыми негізде ұғынып, курс тыңдаушыларымен іс- тәжірибеде қолданудың әдіс- тәсілдерін қарастырдық. Қазіргі заманауи ағымдағы Кембридж тәсілі, ақпараттық коммуникативті технологиялар, СТО, т.б. технологиялар және интербелсенді әдістерді қолдану арқылы  оқыту үрдісін жандандыруға, танымдық ынталарын дамытуға  және осының әсерінен білім сапаларын  арттыруға үлкен әсері болады және осының бәрі оқушылардың түрлі салаларда ең жоғарғы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік береді деген  ой түйіндедік. Мәтінді оқу сауаттылығы –жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу, оларға рефлексия жүргізу, мәтіндерді өз мақсаттарына қолдана білу, қоғам өміріне белсене араласу үшін білімі мен мүмкіндіктерін қолдана білу қабілетінің деңгейі. Осы ретте сыныптарда мәтінді оқу сауаттылығын дамыту мақсатында берілген  тапсырмаларды орындауда оқушылар әр түрлі нысандардағы сұрақтарға еркін жауап жазу қиындық келтірді. Негізігі  ойды анықтауда да қайта- қайта оқуды қажетсінді. Мұғалімдер арасында өткізілген семинар- тренингте математика, жаратылыстану, тіл пәндерінің мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықтың үш саласы бойынша тапсырмаларды шешу тапсырылған кезде, математика пән мұғалімдері  мәтін мазмұнына дұрыс мән бермегендіктен логикалық ойдың дұрыс шешімін таба алмады. Ал, тіл пәндерінің мұғалімдері «Телефон» мәтініндегі сервистік қызметті пайдалануда мәтіндегі мазмұнды мұқият оқымағандықтан дәл шешімін таба алмады. Яғни мәтінде  поезд билетіне бронь жасаудың орнына, тас жол қызметіне сүйенетін телефон нөмірін теруі мәтіндегі негізгі ойды түсінбеуінен болған қателік. Жаратылыстану пәні мұғалімдері «Темекінің зияны», «Нанға арналған қамыр» мәтіндеріне терең талдау жасап, тәжірибелік зерттеулерге сүйеніп, дұрыс жауабын тапты. Бұның өзі  алдымен, мұғалімнен  жоғары құзыреттілікті танытуды талап етеді. Бүгінгі таңда  математика, жаратылыстану, тіл пәндерінің мұғалімдері өз сабақтарында алған білімді оқу және практикалық жағдайларда қолдана білуі үшін лайықталған түрлі логикалық және құзыреттілік тапсырмаларды даярлап машықтануда. Мектебімізде өткен жаратылыстану пәндерінің апталығында жас мұғалімдер мен оқушылар арасында өткізілген зияткерлік сайыста оқушылар тобы  функционалдық сауаттылықты арттыру бағытында берілген  тапсырмадағы негізгі  түйінді, ойды шеше білді. Теориялық білімді іс жүзінде қолдана білетіндіктерін танытты. Бұдан  оқушылардың  логикалық тапсырмаларды орындауда ізденісі, іскерлігі, өмір сүруге бейімділігі артатынын, жоғары қабілеттілігі байқалатындығын көрдік.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

Функционалдық сауаттылықты арттырудың негізгі бағыттарын  жүзеге асыруда оқытудың мазмұнын түбегейлі жаңартып, елімізде мемлекеттік білім стандарты жасалуда және мұғалімдердің кәсіби даярлығына аса көңіл бөлінуде.Жеке тұлғаға бағытталған оқы­туды қамтамасыз ете­тін жаңа  оқу­лықтар­­, әдістемелік құралдар әзірлеу қажеттігі туындап отыр.

Сонымен қатар оқу нә­ти­же­ле­рін бағалау жүйесін жа­ңар­туда, яғни  функционалдық сауат­тылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бо­йынша оқу жетістіктерін ба­ға­­лаудың жаңа тәсілдерін бір­тін­деп мектеп өміріне енгізу қолға алына бастады.  Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функционалдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингілеу мен кешенді ба­ға­лау   ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.     Функционалдық сауат­ты­лықты дамытуда  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың бел­сенді қатысуы қарастырылған. Болашақта ата-аналармен түрлі тақырыптарда   семинар- тренингтер, сауалнамалар  жүргізу іс- шаралары жоспарланды.

Елі­міз­дің Президенті Н.Назар­баев ерекше көңіл бөліп отыр­ған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік деңгейдегі білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделін қалыптастыру білім саласының алға қойған негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Мұғалімнің де кәсіби даярлығы да соған сай болуы  және оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерге қол жеткізуге бағытталуы керек деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
  3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.
  4. Интернет желіліерінен
Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 1831
    • DOCX 30.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ЖУМАГУЛОВ СЕРИК БАКЫТБЕКОВИЧ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ЖУМАГУЛОВ СЕРИК БАКЫТБЕКОВИЧ
    ЖУМАГУЛОВ СЕРИК БАКЫТБЕКОВИЧ
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 26233
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов