Инфоурок Другое Статьи"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін" эссе

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін" эссе

Скачать материал

«Мен саған есірткі  жайлы  айтып беремін...»

     Есірткі - грек тіліндегі "narke” сөзі «ұйқы» мағынасын, ағылшынша "narkotik”  сөзі «ұйықтату», «жансыздандыру», «сезімсіздендіру» деген мағына береді екен.  Ендеше, өзі аты айтып тұрғандай, «сезімсіздендіретін» затқа неге сонша үйір болушылар саны күн санап өсуде?

     Сезімсіз болу – кеудесінде тынымсыз соғып тұрар жүрегі бар ақыл-ой, парасат иесіне жат нәрсе, дауасыз індет емес пе? Тіпті, қай жануарды алып қарасақ та, олар жұбымен өмір сүреді және өз отбасына жанашырлық танытады. Осыған қарап,  жан-жануарда сезім жоқ деп айтуға ауыз бармайды.

     Алла Тағала бізді ерекше сана мен парасат иесі етіп жаратса, сонда саналылығымыз тек сезімсіз болуға талпынумен шектеле ме?

     Бұл есірткі - қазіргі дағдарыс заманында заңсыз жолмен болатын табысты бизнес көзі. Сонымен бірге біздің еліміздің қазба байлықтарына сұқтана қарайтындарға таптырмас қару десек те болады. Себебі, осы есірткі - халықтың ұлттық санасын жойып, отарға айналдыруға таптырмас құрал. Есірткі заттары ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік-күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қалыпты мінез-құлықтар мен әрекеттерден айырылады. Есірткіге тәуелді адамдар ашушаң болып, кейде өз анасын, болмаса отбасын танымайтындай хәлге түседі. Арты қылмысқа ұласып, орны толмас қайғыға әкеп соқтырады.

      Есірткінің құрығына қалай түсіп қалғаныңды да сезбей қалуың мүмкін.

Жас дос, мынаны есіңе ұста:

- достарыңның адал, жаман әдеттен аулақ болуын қадағала;

- мода екен деп айналадағы адамдарға еліктеме;

- бір рет көрейін, сосын тастармын деген ойды ойлаушы да болма;

- есірткінің қаншалықты қауіпті екенін есіңнен шығарма.

     Абай атамыз айтқандай, қашық болатын әдеттеріміздің саны бесеумен емес, онмен толықты десем де болады. Олардың қатарын  нашақорлық, темекі, арақ, теріс ағым және террроризм толықтыруда.  

     Әйтсе де, бес асыл ісімізді, ұлттық құндылығымызды барынша дәріптеп, ата-баба  үмітін ақтап, Қазақстанымыздың болашағын жарқын қылайық. 

Болашақта Қазақ елін әлемге паш етуді т а л а п  қылып,

Осы жолда аянбай  е ң б е к  етіп,

Қай істі бастарда  т е р е ң і н е н   о й л а п, саралап,

Барымызға  қ а н а ғ а т  етіп,

Алланың  р а қ ы м ы н а  бөленейік!

Нұрмұхаммед Сабрина

№264 мектеп-лицейінің 5 «А» сынып оқушысы

(Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған  сайысына)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен саған есірткі жайлы айтып беремін" эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 665 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2017 2394
    • DOCX 13.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмаханова Шара Хамзина. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альмаханова Шара Хамзина
    Альмаханова Шара Хамзина
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96582
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой